Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Б. Жақсылықова кəсіби қазақ тілі

Loading...


Pdf көрінісі
бет3/20
Дата02.04.2020
өлшемі1.41 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 67-тапсырмаМəтінді қайта оқып, жоспарын  жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
68-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Əр бөлікке тақырып беріп, мазмұнын  қосымша ақпарат-
пен толықтырыңыздар. Мəтінге түйіндеме жазыңыздар.
69-тапсырма. Төмендегі  сұрақтарды  қолдана  отырып, еліміз дегі 
білім    беру  жүйесінің  академиялық  ұтқырлық  жəне  ин новациалық 
білім беру саясаты туралы пікір алмасыңыздар.
1.  Еліміздегі  білім  беру  жүйесінің  академиялық  ұтқырлық 
бағдарламасы жайында не білесіздер? Оның маңызы неде?
2. Аталмыш бағдарлама немен айналысады? 
3.  Еліміздегі  білім  беру  жүйесінің  инновациалық  жəне  көптілді 
білім беру саясатына не жатады? 
4.  Студенттердің    интеллектуалды  əлеуетін  дамытуда  Халық-
аралық білім беру бағдарламаларының ықпалы бар ма?
5. Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы туралы не білесіздер?
6. Бағдарламаның негізгі мақсаты не?
7. Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелде білім 
алған  жастар қайда қызмет жасауда?
8.  Сіздер  осы  Бағдарлама  немесе  басқа  бағдарламалар  арқылы 
шетелде оқығыларыңыз келе ме? 
9. Тағы қандай халықаралық бағдарламаларды білесіздер?
  70-тапсырма.  Мəтіннің  негізгі  идеясына  байланысты  өз  ой-
ларыңызды айтып, шағын шығарма жазыңыздар.
  71-тапсырма.  Республикалық  «Халықаралық  білім  беру 
бағдарламалары»  Орталығының  қызметі  мен  бағыты,  талапта-
ры  жайындағы  материалдармен  танысыңыздар.  Еліміздегі  ада-
ми  капиталды  дамытудағы  оның  маңызы  жайында  дөңгелек  үстел 
ұйымдастырыңыздар.
 72-тапсырма. Төмендегі мақалдарды ұтымды қолдана отырып, 
«Бұлақ көрсең – көзін аш» тақырыбына эссе жазыңыздар.
 1. Жаңбырменен – жер көгерер, еріменен – ел көгерер. 2. Күшті 
бірді жығар, білімді мыңды жығар.

25
 
2 - Модуль. Ақпараттық технологиялар эволюциясы
 
2.1 Лексикалық тақырып: Алғашқы  есептеуіш техникалар
   Грамматикалық тақырып: Бұйрықты сөйлемдердің жасалу 
жолдары.
  Теориялық  блок.  Кəсіби  қарым - қатынаста  бұйрықты,  лепті 
сөйлемдер  де  жиі  қолданылады.  Бұйрықты  сөйлемдер  біреуге 
бұйыру,  талап  ету  мағынасында  көтеріңкі  дауыспен  айтылып, 
соңына  леп  белгісі  қойылады.  Бұйрықты  сөйлемдер  келесідей  жа-
салады: 1) баяндауышы  бұйрық  рай  арқылы; 2) баяндауышы  -шы, 
-ші жұрнақтары қосылған етістіктің екінші жағынан жасалады. Мы-
салы, Тезірек, кетіңіздер! Қазір бұл жерде жарылыс болады. Уақыт 
таяп қалды, қимылдасаңыздаршы! 
 
Тəжірибелік блок
73-тапсырма.  Берілген  сөйлемдердің  түрлерін  анықтап,  қалай 
жасалғанын түсіндіріңіздер.
Үлгі:  Балалар,  өндірістік  практикадан  өткен  күнделіктеріңізді 
кафедраға  тапсырсаңыздаршы!    бұйрықты  сөйлемнің  баяндауы-
шы –шы жұрнақты етістіктен жасалып отыр.
1.   Жолдарың  болсын,  жас  түлектер!  2. Пай - пай, біздің  студент-
тер дің өнерпаздығы-ай! 3. Жасасын, қазақстанның  дарын ды  жас-
тары! 4. Ғылыми-практикалық  конференцияға   қош  келдіңіз дер! 
5. Неткен керемет білімдарлық! 6. Кəне, тапсырманы айта қойыңыз-
даршы! 
74-тапсырма.  Баяндауышы  -шы, -ші  жұрнақты  етістіктерден 
жасалған бірнеше бұйрықты сөйлемдер құрастырыңыздар. 
Үлгі: Шетелде оқудың пайдасы бар ма? Ақыл қосыңызшы! 
75-тапсырма.  Бұйрық  райдың  жекеше,  көпше  түрін  қолдана 
отырып, бірнеше сөйлемдер құрастырыңыздар.
Үлгі: Тезірек цех бастығының кабинетіне жиналыңыздар! 

26
 76 - тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
Есепшот–счеты
Оқымыстылар–ученые
Жетілдіру–совершенствовать
Құрал– средство
Жүгіртпе–бегунок
Есептеулер –вычисление
Түсінігін–понятие
Сызғыш –линейка
  77-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар
           Алғашқы есептеуіш техникалар
  
      Ең ерте заманғы жəне бəрімізге белгілі есеп 
теу құралы есепшот болып табылады. Есепшот 
Ресейде  ХVI-XVII  ғасырларда  пайда  болған. 
XVII  ғасырдың  басында  шотландиялық  мате-
матик  Джон  Непер  логарифм  түсінігін  енгізді 
жəне өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы əр елдің 
оқымыстылары логарифм функциясының негізінде жасалған есеп-
теу  құралын  жетілдірумен  шұғылданды.  Тек 1761 жылы  ғана 
ағылшын  Д.  Робертсон  жүгіртпесі  бар  навигациялық  есептеулер 
жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жа-
сау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын.
  78-тапсырма.  Төмендегі  сан  есімдерді  сөзбен  жазыңыздар  да, 
олармен сөйлемдер құрастырыңыздар. 
 Үлгі: 1761 – бір мың жеті жүз алпыс бірінші жылы Д. Робертсон 
логарифм сызғышын жасады.
 1) 1660; 2) 1642; 3) 1846; 4) 1761; 5) 1880; 6) 1694; 7) 1944.
 79-тапсырма. Мəтіннен көптік жалғаулы сөздерді теріп жазып, 
жасалу жолын түсіндіріңіздер. 
  Үлгі:  жетектер – жетек+тер (-тер  көптік  жалғауы,  сөздің  негізі 
қатаң к дыбысына аяқталғандықтан, -тер жалғауы жалғанады).

27
 
80-тапсырма.  Төмендегі  сөз  тіркестерін  қолданып,  олармен 
сөйлемдер құрастырыңыздар. 
1. Есептеу құралы. 2. Логарифм кестесі. 3. Сандарды көбейту. 
4. Квадрат түбірі. 5. Қосу машинасы. 6. Арифмометр құрастыру.
81-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  тордағы  тиісті  сөздерді 
қойып, дəптерге жазыңыздар.
1. Көптеген адамдар оны қазіргі ... атасы деп атайды. 
2.  Екі  ғасыр  бойы    əр  елдің ... есептеу  құралын  жетілдірумен 
шұғылданды. 
3. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған ... қолданылды. 
4. Кейін ... бірнеше рет жетілдірілді.. 
5. Кейін ол дүние жүзіне ... компьютер шығаратын фирмаға ай-
налды. 
6.  Перфорациялық  машиналар  алуды,  қосуды  жəне  сандық 
кестелерді  ... шығаруды орындады.
Ɍɿɪɟɤ  ɫΫɡɞɟɪ:      Ʉɨɦɩɶɸɬɟɪɞɿԙ,  ɨԕɵɦɵɫɬɵɥɚɪɵ,   ɛɚɫɵɥɵɦԑɚ, 
ԥɣɝɿɥɿ,  ɚɪɢɮɦɨɦɟɬɪ,   ɰɢɥɢɧɞɪ. 
82-тапсырма.  Мəтін  мазмұнын  негізге  алып,  сұхбат  құрас  -
тырыңыздар. 
83 - тапсырма. Сөздікті  қолдана  отырып, мəтінде  кездес кен  кəсі-
би ұғымдар мен терминдердің түсіндірмесін дəптерге жазыңыздар.
84-тапсырмаМəтін мазмұны бойынша жоспар құрып, мазмұн-
даңыздар.
 
85-тапсырма. Мəтінді мұқият оқып, мағыналық бөліктерге бөл-
іңіз дер. Əр абзацқа тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
86-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып,  ал-
ғашқы есептеуіш техникалар жайында өзара əңгімелеcіңіздер.
1. Ең ерте заманғы жəне бəрімізге белгілі есептеу құралы не?
2. Логарифм кестесін кім жəне қашан ойлап тапты?

28
3. Логарифм сызғышын кім ойлап тапты?
4. Алғашқы есептеуіш техникалар туралы тағы не білесіздер?
87-тапсырма.  «Есептеуіш  техникалар  жəне  олардың  тұрмыс-
тіршілктегі мəні» тақырыбында өзара ой бөлісіңіздер.
88-тапсырма.  «Ақпараттық  технологиялар  эволюциясы»  та қы-
ры  бы на эссе жазыңыздар.
89-тапсырма. Алғашқы есептеуіш техникалар туралы қосымша 
мат ериалдармен  танысып,  тақырып  бойынша  терминологиялық 
сөз   дік жасаңыздар.
 2.2 Лексикалық тақырып: Алғашқы арифмометр
Грамматикалық  тақырып:  Лепті  сөйлемдердің  жасалу 
жолдары.
Теориялық  блок.  Тілдік  қарым-қатынаста  лепті  сөйлемдер  де 
жиі  қолданылады.  Лепті  сөйлемдер  тұлғаның  əр  түрлі  көңіл-күйін 
білдіре  келе,  көтеріңкі  интонациямен  айтылады  жəне  соңына  леп 
белгісі қойылады. Лепті сөйлемдердің жасалу жолы: 1) күшейткіш 
мəнді  сөздер  арқылы:  Мысалы,  Шіркін,  Қазмұнайгаздың  директо-
ры  болсам!  Қандай  өнерлі  студент! 2) одағай  сөздер  арқылы:  Мы-
салы, Əттеген-ай, мына баланың бірінші орынға екі ұпайы жетпей 
қалды! 3) интонация арқылы: Мысалы, Тыныш! 4) демеулік шыла-
улар арқылы: -ай, -ау, -ақ , -ды, -ді т.б. Мысалы, Бəрекелді -ай, жас 
келсе іске деген осы!
 
Тəжірибелік блок
90-тапсырма.  Берілген  сөйлемдердің  түрлерін  анықтап,  қалай 
жасалғанын түсіндіріңіздер.
1. Қадамдарыңыз құтты болсын, жас мамандар! 2. Міне, көгілдір 
көктем  де  келді-ау! 3. Жасасын,  Қазақстан! 4. Мына  ғажапты 
қараңыздар! 5. Қандай əсем табиғат! 6. Мына жерге отырыңыздаршы! 
91-тапсырма.  Одағай  сөздерді  қолдана  отырып,  бірнеше  лепті 
сөйлемдер құрастырыңыздар.

29
 
Үлгі: Қап, мына поезға үлгермейтін болдым-ау!
92-тапсырма.  Демеулік  шылауларды  қолдана  отырып,  бірнеше 
сөйлемдер құрастырыңыздар.
Үлгі: Жаңбырдың нөсерлеп жауғанын-ай! 
93-тапсырма.  Күшейткіш  мəнді  сөздерді  қолдана  отырып, 
бірнеше лепті сөйлемдер құрастырыңыздар.
Үлгі: Иə, не деген ғажап көрме! 
94-тапсырма. Сұхбатты мұқият оқып, өзара сөйлесіңіздер.
– Сəлеметсіз бе? Көрмеге қай ұйымнан келдіңіз?
– «Бэст» фирмасының жетекшісімін. Есімім Сұлтан.
–  Танысқаныма  қуаныштымын.  Мен  ұйымдастырушы  –
менеджермін. 
 Есімім Асыл. Бұл компанияда жұмыс істегеніңізге көп болды ма?
–  Үш  жыл  болды.  Өндірістік  практиканы  да  осы  фирмадан 
өткенмін.
– Ғажап, үш жыл ішінде-ақ жетекшілікке қол жеткізіпсіз! 
– Мен алғашында бағдарламашы-техник болып істедім.
– Алға қойған жоспарларыңыз қандай?
–  Инженер - бағдарламашы  ретінде  дүниежүзілік  дəрежеге  кө-
терілу.
– Па, шіркін! Талабыңызға нұр жаусын! Сізге үлкен сенім арта-
мыз!
– Рахмет! Сенімдеріңізді ақтауға тырысамын! 
95-тапсырма. Көп нүктенің орнына тірек сөздерді қойыңыздар.
1. Самат сіздердің жаңа ... . 2. Біздің ... өте  ұйымшыл. 3. Сеніміңізді 
...  тырысамын.4.  Көп ... болдыңыз  ғой. 5. Дүниежүзілік  жоғары ... 
көтерілу.
Тірек сөздер:   A.  Ақтауға.  B.  Əріптестеріңіз.  C.  Еңбектенген. 
D. Дə ре  жеге. E. Ұжымымыз. 
96-тапсырма. Сөйлемдерді аудармасымен сəйкестендіріңіздер.

30
1. Фирма жетекшісімін, есімім Сұл тан. A. Успехов в ваших начинаниях!
2. Талабыңызға нұр жаусын!
B. Самат 
– 
ваш новый коллега
3. Самат сіздердің жаңа əріп тес тері ңіз. C. Меня зовут Султан, руководи-
тель фирмы
4. Мен алғашында бағдарламашы-
техник болып істедім
D. Постараюсь оправдать ваше 
доверие!
5. Сенімдеріңізді ақтауға тырысамын
E. Сначала я работал програм мис-
том-техником
97-тапсырма. Сөйлемдегі сөздерді орын тəртібі бойынша дұрыс 
орналастырыңыздар.
1
2
3
4
A. Самат 
сіздердің
əріптестеріңіз
жаңа
B. табысып 
кететініме
тіл
сенемін.
C. сəттілік 
онда
ісіңізге
тілеймін
D. шығар
көп
болған
қиындықтар
E. болып 
жұмысқа
инженер
орналастым
98-тапсырмаБерілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
қосу – прибавить
өнертапқыш – изобретатель
түбір – корень
бөлу – деление
көбейту – умножение
құрастыру – конструрировать
алу – вычитание
күрделі – сложный
негіз – основа
дөңгелек – круг, колесо
амалдар – способы
күрделі – сложный
99-тапсырма.  Мəтінді    мұқият    оқып,  мағынасын    түсінуге 
ты  рысыңыздар.
Алғашқы арифмометр
1642  жылы  француз  математигі  Блез  Паскаль  он  тоғыз  жасын-
да  дүниежүзінде  бірінші  рет  қосу  машинасы  деген  атпен  белгілі 
механикалық  есептеу  машинасын  құрастырды. 1694 жылы  атақты 
неміс  математигі  Лейбниц  Паскальдың  идеясын  дамытып,  өзінің 
механикалық  есептеу  машинасын – арифмометрді  құрастырды. 
Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. 

31
 
Бұл  құрал  күрделі  қосу  мен  алу  есептеулерін  жүргізумен  қатар, 
сандарды  бөлу,  көбейту,  тіпті  квадрат  түбірін  табу  амалдарын  да 
орындайтын  болды.  Кейін  арифмометр  бірнеше  рет  жетілдірілді. 
Бұл  бағытта  орыс  өнертапқыштары  П.Л.  Чебышев  пен  В.Т.  Однер 
көп  еңбек  етті.  Арифмометр  қазір  əр  адамның  қолында  жүретін 
калькулятордың негізін салды.
100-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  қажетті  сөздерді  қойып, 
дəптерге жазып алыңыздар.
1. 1642 жылы  француз  математигі  Блез  Паскаль  белгілі 
механикалық  есептеу ... құрастырды. 2. 1694 жылы  атақты  неміс 
математигі  Лейбниц  Паскальдың  идеясын  дамытып,  өзінің 
механикалық  есептеу  машинасын – ... құрастырды. 3. Дөңгелектің 
орнына  мұнда  цифрлар  жазылған ... қолданылды. 4. Арифмометр 
қазіргі ... негізін салды.
 Тірек сөздер: 1. Машинасын. 2. Арифмометрді. 3. Калькулятордың. 
4. Цилиндр. 
101-тапсырма.  Берілген  сөздердің  орысша  баламасын  сəй кес-
тендіріңіздер. 
ашықтық
данные
заңсыз
открытость
деректер
незаконно
қасиет
важный
қабілет
свойства
маңызды
способность
102-тапсырма.  Берілген  тіркестерді  бір-біріне  сəйкестендіріп, 
дəптерге жазып алыңыздар.
Уақыты
Ойлап тапты/дамытты
Өнертапқыш
ХVI-XVII ғ.
Логарифм сызғышын
Ресейде
XVII ғ. басы
Механикалық ЕМ
Д. Непер
1846 ж.
ЕМ-арифмометр
Ада Лавлейс
1642 ж.
Есепшот
Б. Паскаль
1761 ж.
Марк-1 автоматтық ЕМ
Д. Робертсон
 

32
1694 ж.
Бірінші бағдарламашы
Лейбниц
ХІХ ғ.
Логарифм кестесін
Ч. Бэббидж
ХІХғ. соңында
Перфорациялық машина
Г. Холлерит
1944 ж.
Алғашқы автоматтық ЕМ
Г. Айкен
 
103-тапсырма.  Мəтін  мазмұны  бойынша  жоспар  құрып, 
мазмұндаңыздар. 
104-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
алғашқы арифмометрлер жайында өзара əңгімелеcіңіздер.
1.  Механикалық есептеу машинасы қашан құрастырылды?
2.  Арифмометрді кім жəне қашан құрастырды?
3.  Кейін арифмометр қанша рет жетілдірілді?
4.  Арифмометрді  жетілдіруге  үлес  қосқан  өнертапқыштарды 
атаңыздар?
5.  Арифмометр қазіргі қандай құралдың негізін салды.
105-тапсырма. Мəтін мазмұнын негізге алып, сұхбат 
құ         рас
     
тырыңыздар. 
106 - тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсі би  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
107-тапсырма.  Мəтінді  қайта  оқып,  жай  жоспар 
жасаңыздар.  Жоспар  бойынша  өз  сөздеріңізбен  мазмұнын 
айтып беріңіздер.
108-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Əр абзацқа тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпарат-
пен толықтырыңыздар.
109-тапсырма.  «Алғашқы  арифмометрлердің  пайда  болу  тари-
хы» тақырыбында өзара ой бөлісіңіздер.
110-тапсырма.  «ХХІ  ғасыр  арифмометрі  деп  нені  айтамыз?» 
тақырыбында эссе жазыңыздар.
 
 

33
 
2.3 Лексикалық тақырып: Есептеуіш техниканың 
қарқындап дамуы 
 
   Грамматикалық тақырып: Жақты, жақсыз сөйлемдер. 
 Теориялық блок. Тілдік қатынаста қолданылатын жай сөйлемдер 
өзінің бас мүшелерінің, яғни тұрлаулы мүшелерінің сипатына қарай 
жақты, жақсыз сөйлемдер болып бөлінеді. Жақты сөйлемдердің бас-
тауышы бар немесе баяндауышы арқылы жасырын бастауышын та-
уып алуға болады. Мысалы, Студенттер кеше тауға шықты. Атаның 
баласы болма, халықтың баласы бол!
 Жақсыз сөйлемдердің бастауышы мүлде жоқ жəне оны баянда-
уыш  арқылы  тауып  алуға  болмайды.  Мысалы,  Балқыту  цехына 
баруға болмайды. Басшылықтың пікірін естігісі келеді. Шындықты 
айтуға тура келеді. 
Тəжірибелік блок
111-тапсырма.  Берілген  сөйлемдердің  бастауышы  бар  немесе 
жасырын түрлерін анықтап, қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.
1. Көп тыңда, аз сөйле. 2. Астана – əсем қала. 3. Перфокарталар 
ақпараттарды  сақтайды. 4. Дарындыны  іс-əрекетінен  таниды. 
5. Дүние жүзіне əйгілі ІВМ фирмасына айналды. 6. Есептеуіш тех-
никалар ХІХ  ғасырда  қарқындап дамыды.
Үлгі:  Ректор  студенттермен    кездесті – бастауышы    бар  жақты 
сөй лем. 
112-тапсырма.  Берілген  сөйлемдерді  мұқият  оқып,  жақты 
сөйлемдерді  бір  бөлек,  жақсыз  сөйлемдерді  бір  бөлек  көшіріп 
жазыңыздар.
1. Əкем  үндеген  жоқ. 2. Бұл  мəжіліске  бармасқа  болмайды. 
3. Топ  та отыз студент отыр. 4. Есептеуіш автоматтың авторы Чарльз 
Бэббидж. 5. Ол 1880 жылы АҚШ-та жүргізілген халық санағының 
құжаттарын  өңдеуге  пайдаланды. 6. Ырыс  алды – ынтымақ.
113-тапсырма. Барыс септігіндегі  болымсыз   есімшеге  бол 
ет     іс     тігін тір    кестіру арқылы, бірнеше жақсыз сөйлемдер құрас тыр ы-
ң ыздар.

34
Үлгі: Балалар, сабақты босқа жіберуге болмайды. 
114 - тапсырма.  Сөйлемнің   баяндауышын -қы, -кі, -ғы, -гі  жұрнақ-
ты  етістіктің  тəуелденген  түріне  кел  көмекші  етістігін  тіркестіру 
арқылы жасап, бірнеше жақсыз сөйлемдер құрастырыңыздар.
Үлгі: Студенттердің де пікірін естігісі келеді.
115-тапсырма. Баяндауышы –у, -мақ, -мек тұлғалы тұйық етіс-
тік  пен  керек  сөзінің  тіркесуі  арқылы  жасалған  бірнеше  жақсыз 
сөйлемдер құрастырыңыздар.
Үлгі: Білмегенді сұраудан ұялмау керек. 
116 - тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
қарқынды – интенсивно
қатысуынсыз – без участия
қадам – шаг
тұңғыш – впервые
алдын ала – заранее
бағдарламашы – программист
көптеген – множество
басқарылатын – управляемый
саналады – считается
санақ – статистика, перепись
кесте – таблица
əйгілі – известный
117-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге  ты-
рысыңыздар.
Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы
Есептеуіш  техникалардың  қарқындап  дамуы  ХІХ  ғасырдан 
бас талады.  Оның  дамуындағы  келесі  қадам  алдын  ала  жасалған 
бағдарлама бойынша адамның қатысуынсыз  есептеулер орындайтын 
құрылғылар жасау болды. Мұндай алғашқы есептеуіш автоматтың 
авторы ағылшын  ғалымы Чарльз Бэббидж еді, сондықтан көптеген 
адамдар оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды. Дүниежүзі бо-
йынша 1846 жылы Бэббидж машинасына тұңғыш бағдарлама жазған 
Ада Лавлейс алғашқы бағдарламашы деп саналады. ХІХ ғасырдың 
соңында  американдық  Герман  Холлерит  есепші-перфорациялық 
машина  құрастырды.  Перфокарталар  бағдарламаны  көрсету  үшін 
емес,  сандық  ақпараттарды  сақтау  үшін  қолданылды.  Есепші-
перфорациялық машиналар перфорациялауды, сұрыптауды, қосуды 

35
 
жəне сандық кестелерді басып шығаруды орындады. Ол 1880 жылы 
АҚШ-та жүргізілген халық санағының құжаттарын өңдеуге пайда-
ланылды. Өз машинасының көмегімен Холлерит көп адамдар жеті 
жыл  бойы  есептейтін  есептеулерді  үш  жылда  орындап  шықты. 
Холлерит  есепші-перфорациялық  машиналарды  жасап  шығаратын 
фирманың  негізін  қалады.  Кейін  ол  дүниежүзіне  əйгілі  компьютер 
шығаратын ІВМ фирмасына айналды.
Біздің  ғасырдың 30-жылдары  релелік  автоматика  кеңінен 
дамыды. 1944 жылы  американ  математигі  Говард  Айкен  Гар-
вард  университетінде  бағдарламамен  басқарылатын,  релелік 
жəне  механикалық  элементтерге  негізделген  Марк-1  автоматтық 
есептеуіш машинасын құрастырды.
118-тапсырма. Мəтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, 
олармен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.
  Үлгі:  дөңгелектің – дөңгелек+тің (-тің-  ілік  септік  жалғауы, 
сөздің  негізі    қатаң  к  дыбысына  аяқталғандықтан, -тің  жалғауы  
жалғанады).
119-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, 
жазыңыздар. 
 1. Перфорациялық машиналар сұрыптауды ... қосуды орындады. 
2. Ч. Бэббидж алғашқы есептеуіш автоматтың авторы, … оны қазіргі 
компьютердің атасы деп атайды. 3. Д. Непер логарифм түсінігін … 
логарифм кестесін жариялады. 4. 1761 жылы Д. Робертсон логарифм 
сызғышын  жасады, … бұл  идеяны  ұсынған И.Ньютон  болатын.
120-тапсырма.  Сөздікті    қолдана    отырып,  мəтінде    кездес-
кен    кəсі би  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
121-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, тезистік  жоспарын  жаса   -
ң ыздар. Жоспар  бойынша  өз  сөздеріңізбен  мазмұнын айтып бері      -
ң іздер.
122-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер.  Əр  абзацқа  тақырып  беріп,  мазмұнын  қосымша  ақ-
паратпен толықтырыңыздар. Мəтінге аңдатпа жазыңыздар.

36
123-тапсырма.  Мəтін  мазмұнын  негізге  алып,  өзара  сұхбат 
құрастырыңыздар. 
124-тапсырма. Мəтіннен Сіз үшін бұрыннан белгілі жəне жаңа 
ақпараттар  берілген  абзацтарды  жеке-жеке  белгілеп,  əрқайсысына 
сұрақтар дайындаңыздар.
125-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
есеп  теуіш  техникалардың  қарқындап  даму  кезеңі  жайында  өзара 
əңгімелеcіңіздер.
1. Есептеуіш техникалардың қарқындап дамуы қай ғасырдан ба-
сталады?
2. Алғашқы есептеуіш автоматтың авторы кім?
3. Кімді алғашқы бағдарламашы деп атаймыз?
4. Есепші - перфорациялық машинаны құрастырған кім?
5. Марк - 1 автоматтық есептеуіш машинасын құрастырған кім?
 
126-тапсырма.  «Ақпараттық  технологиялардың  қоғамдық-
əлеуметтік саладағы мəні» тақырыбында өзара ой бөлісіңіздер.
127-тапсырма. Берілген сөзжұмбақты шешіңіздер

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...