Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Б. Жақсылықова кəсіби қазақ тілі

Loading...


Pdf көрінісі
бет2/20
Дата02.04.2020
өлшемі1.41 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

  19-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Əр бөлікке тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпарат-
пен толықтырыңыздар. Мəтінге аңдатпа жазыңыздар.
  20-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып,  елі-
міз  дегі  техникалық  кəсіптік  білім  беру  мəселесі  жайында  өзара 
əңгімелеcіңіздер.
1.  Елімізің  экономикасын  көтеру  үшін Үкімет  қандай  бағдар-
ла  ма  қабылдады? Оның мақсаты не?
2.  Еліміздің  индустриялдық-инновациалық  дамуын  қамтамасыз 
ету бағытында қандай іс-шаралар  өткізілуде?
3.  Республикада  қандай мамандарға мұқтаждық байқалады?
4.  Техникалық  сала  кадрларын  даярлаудың  сапасын  жетілдіру 
бағытында  қандай шаралар жүзеге асуда?
5.  Елімізде  қандай  бағдарлама  қабылданды? Оның мақсаты не?
6.  Елдің  тұрақты экономикалық  дамуының  негізі  неде?
7.  Өндіріс орындарына мамандар дайындау, инженер мамандар-
дың кəсіби біліктілігін арттыру үшін қандай жұмыстар атқарылуда?
  21-тапсырма.  «Қазақстанның  индустриялдық-инновациялық 
дамуын  қамтамасыз  ету  бағдарламасының  маңызы»  тақырыбында 
өзара ой бөлісіңіздер.
 22-тапсырма. «Еліміздің инженер мамандарын дайындау көш-
бас  шысы» тақырыбында эссе жазыңыздар.
1.2. Лексикалық тақырып: Мамандығым – мақтанышым
 Грамматикалық тақырып: Хабарлы сөйлемдер жəне олардың                                                    
жасалу жолдары.
Теориялық блок. Күнделікті  қарым - қатынаста    жиі  қолданыла-
тын сөйлемдердің бірі – хабарлы сөйлемдер.
Хабарлы сөйлемдер белгілі бір істің, құбылыстың  жайын  басқаға 
баяндау, ақпаратты жеткізу мақсатында айтылатын сөйлемдер. Ха-
барлы сөйлемнің баяндауыштары ашық рай формалы етістіктен не-
месе осы формаға сипаттас есімдерден жасалады. Хабарлы сөйлемге 
баяндау  сарынды  интонация  тəн.  Мысалы,  Оқу  жылы  да  бастал-

13
 
ды.  Төртінші  курс  студенттері  көктемде  өндірістік  практикаға 
шығады. Ертең болатын мəжіліске келерсің. 
  Тəжірибелік блок
  23-тапсырма.  Берілген  сөйлемдердің  түрлерін  анықтап,  қалай 
жасалғанын түсіндіріңіздер.
 1. Мен инженер-техник  мамандығын  таңдадым. 2. Қазіргі кезде 
инженер-техниктер  бар лық  салаға  қажетті  мамандар. 3. Инженер-
тех ник кадр ларын ақпараттық жəне телекоммуникациялық техноло-
гиялар  институты  дайындайды. 4. Институттың  мақсаты - əлемдік 
білім стандарттарына сай келетін, кəсібі білімі жоғары  инженерлерді 
дайындау. 5. Институтта инженер мамандарды дайындау екі бағытта: 
ақпараттық  жəне  телекоммуникациялық  технологиялар  салалары 
бойынша жүзеге асырылады. 
 Үлгі: Кəсіби біліктілігімді жетілдіру үшін келіп отырмын ха-
барлы  сөйлемнің  баяндауышы  келіп  отырмын  ашық  рай  формалы 
осы шақтағы етістіктен жасалып отыр.
24-тапсырма. Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналды-
рып, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
1. Мен ақпараттық жүйе мамандығын таңдадым. 2. Ақпараттық 
жүйе  мамандығын  таң даған  сту дент тер  əр  түрлі  деңгейдегі  бағ-
дарламалау  тілдерін,  жүйелік    жəне  клиент-серверлік  технология-
ларды, ақпаратты  қорғауды оқып-үйренеді. 3. Біздің институт шет-
ел     дік  оқу,  ғылыми  жəне  өндірістік  орталықтарымен  тығыз  қарым-
қатынас  жасайды. 4. Академиялық  ұтқырлық  аясында  жыл  сайын 
студенттер шетелге білім алуға жіберіледі. 
25-тапсырма. Берілген сөйлемдерді мұқият оқып, хабарлы сөй-
лемдер ді бір бөлек, сұрау  лы сөй лемдерді бір бөлек көші ріп жазыңыз -
дар.
 1. Инженер-техник кадрларын біздің университетте қай инс титут 
дайындайды? 2. Қазіргі заман – талабы  өндірістік, жобалау, ғылыми 
жəне оқу орындарының, компаниялар мен ұйымдардың сұранысына 
жауап бере алатын инженерлерді дайындау. 3. Институтта инженер 

14
мамандарды  дайындау  қандай  бағыттар  бойынша  жүзеге  асуда? 4. 
Студенттер  ақпаратты  түрлендіру  жəне  нысандарды  компьютерлік 
бас қару  жүйе  лерінің  қыр-сырын  тео рия лық  жəне  прак  тикалық 
сабақ    тарда  мең гереді. 5. Университетте  ғарыштық  технологиялар, 
меха троника жəне робо тотехника бағыттары бойынша да мамандар 
дайындалады. 
 26-тапсырма. Ашық рай тұлғасындағы дара етістіктерді  қолдана 
отырып, бірнеше хабарлы сөйлемдер құрастырыңыздар.
 Үлгі: Биыл академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Стам-
булға іссапарға барамын.
 27-тапсырмаАшық рай тұлғасындағы күрделі етістіктерді қол-
дана отырып, бірнеше хабарлы сөйлемдер құрастырыңыздар.
  Үлгі:  Шетелдік  ғалымдар  ҚазҰТУ-ға  ғылыми  конференцияға 
қатысу үшін келіп отыр.
 
 28-тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
əлеуметтік – социальный
ұйымдар – организаций
құзырлар – компетенция
ғарыштық – космический
жобалау – проектировать
ақпарат – информация
жасанды – искусственный
нысандар – объекты
көп арналы – многоканальный
аспапжасау – приборостроение
деректер – данные
жүйе – система
 29-тапсырма. Мəтінді мұқият оқып, мағынасын түсінуге тыры-
сыңыздар.
Мамандығым – мақтанышым
 Мен инженер-техник мамандығын таңдадым. Себебі қазіргі кез -
де  инженерлер  барлық  салаға  қажетті  мамандар.  Инженер-техник 
кадрларын  ақпараттық  жəне  телекоммуникациялық  технологиялар 
институты  дайындайды.  Бұл  институттың  миссиясы-əлемдік  білім 
стандарттарына  сай  келетін,  кəсіптік  жəне  əлеуметтік  құзырлары 
бойынша  қазіргі  заманғы  өндірістік,  жобалау,  ғылыми  жəне  оқу 

15
 
орындарының,  компаниялар  мен  ұйымдардың  сұранысына  жауап 
бере алатын инженерлерді дайындау. 
  Институтта    инженер    мамандарды    дайындау    екі    бағытта:  
ақпарат тық  жəне  телекоммуникациялық  технологиялар  сала-
лары  бойын  ша  жүзе    ге    асу да.  Мысалы,  оқу  үрдісінде  студент-
тер  көп    арналы    телекоммуникация  жүйелерін,  электрондық 
ақпаратты  түрлендіру  жəне  нысандарды  компьютерлік  басқару 
жүйелерін,  телекоммуникациялық  жүйелерде  ақпаратты  қорғау 
құралдарын  тəжірибеде  қолданудың  қыр-сырын  теориялық  жəне 
практикалық  тұрғыда  меңгереді.  Аспапжасау,  ғарыштық  техноло-
гиялар  мамандықтары  бойынша  студенттер  ғарыштық  аспаптар, 
биотехникалық жəне медициналық аппараттар мен жүйелер, меха-
троника жəне робототехника бағыттары бойынша білім алады. 
  Менің  мамандығым  ақпараттық  жүйелер  бағытына  жатады. 
Ақпараттық  жүйелер  мамандығын  таңдаған  студенттер  əр  түрлі 
деңгейдегі бағдарламалау тілдерін, жүйелік жəне клиент - серверлік 
технологияларды,  ақпаратты  қорғауды,  деректер  базасын,  компью-
термен модельдеуді, жасанды интеллект жүйесін, əр түрлі жүйелерді: 
экономикалық, банктік, мекемелік, өнеркəсіптік технологиялық жəне 
т.б. басқаруды оқып-үйренеді. Біздің  институт шетелдегі (Жапония, 
АҚШ, Ресей) оқу, ғылыми жəне өндірістік орталықтарымен тығыз 
қарым-қатынас жасайды. Академиялық ұтқырлық аясында жыл сай-
ын студенттермен алмасу шараларын жүзеге асырып отыра ды. 
 (www.kazntu.kz. )
  30-тапсырма.  Мəтіннен  есім  сөзден  жасалған  сын  есімдерді 
теріп жазып, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
 Үлгі: ақпараттық – ақпарат (з.е.) + -тық (сөз тудырушы жұрнақ). 
 31-тапсырма. Мəтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, олардың 
қалай  байланысқанын  жəне  қай  мүшеге  қатысты екенін тал-
даңыз дар.
  Үлгі:  Студенттер    ғарыштық    аспаптар  мен  жүйелерді  де  мең-
гереді.    аспаптар  мен  жүйелер – зат  есімнен  жасалған  бірыңғай 
толықтауыштардың  арасында  «мен»  ыңғайластық  жалғаулығы 
болғандықтан үтір қойылмайды.
 32-тапсырма. Мəтінді мұқият оқып, сөйлемдердің жасалу жо-
лын түсіндіріңіздер.

16
 33-тапсырма. Көп нүктенің орнына тірек сөздердің қажеттісін 
қойып, берілген сөйлемдерді толықтырыңыздар.
 1. Оқу  үрдісінде  студенттер  көп  арналы  телекоммуника-
ция ... мең гере ді. 2. Элек трондық  ақ паратты  түр лендіру  жəне 
нысандар  ды    ком пьютерлік  басқару  жүйелері ... болашақ  инженер 
-  бағдарламашылар  оқиды. 3. Білікті  оқытушылар  студенттерге 
телекоммуникациялық  жүйелерде  ақпаратты  қорғау ... тəжірибеде 
қолданудың  қыр-сырын  үйретеді. 4. Ғарыштық  технологиялар 
мамандықтары  бо йынша  студенттер  мехатроника  жəне  робототех-
ника ... бойынша білім алады. 5. Студенттер əр түрлі деңгейдегі про-
граммалау ... , ақпаратты  қорғауды,  компьютермен  модельдеуді 
оқып - үйренеді. 6. Академиялық  ұтқырлық  аясында  жыл  сайын 
студенттер шетелдік оқу ... тəжірибеден өтеді. 
  Тірек  сөздер:  1.  Бағыттары. 2. Орындарында. 3. Пəндерін. 
4. Құрал   дарын. 5.Тілдерін. 6. Жүйелерін.
 34-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін жазып, олармен 
жай сөйлемдер құрастырыңыздар.
1
Білім беру
оқыту
Еліміздің білім беру жүйесі жаңаша 
дамуда
2
Басқару
3
Меңгеру
4
Дайындау
6
Жасау
7
Алмасу 
  35-тапсырма.  Берілген  сөздердің  сыңарларын  тауып,  олармен 
сөйлемдер құрастырыңыздар.

17
 
1. 
Көп арналы
2. 
Электрондық
3. 
Ақпаратты 
4. 
Деректер
5. 
Жасанды
6. 
Өндірістік
А.ақпарат
В. жүйе
С. интеллект
D. қорғау
E. орталықтар
F. базасы
 36-тапсырма.  «Мамандығым – мақтанышым»  тақырыбына 
өзара сұхбат құрастырып, сөйлесіңіздер.
 37- тапсырма Сөздікті  қолдана  отырып, мəтінде кездес  кен  кəсі-
би ұғымдар мен терминдердің түсіндірмесін дəптерге жазыңыздар.
 
38-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жай жоспарын жасаңыздар. 
Жоспар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
  39-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Əр абзацқа тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпарат-
пен толықтырыңыздар. Мəтінге аңдатпа жазыңыздар.
 40-тапсырма. Төмендегі сұрақтарды  пайдалана  отырып, уни-
вер ситеттің  техникалық жоғары кəсіптік білім беру қызметі жайын-
да əңгімелесіңіздер.
 1. Мектеп түлектері Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды неліктен 
таңдайды?
 2. Бұл оқу орнының ерекшелігі неде деп ойлайсыздар? 
 3. ҚазҰТУ дың қалыптасып, даму тарихы жайында не біле-
сіз дер?
 4. Қазір университет құрамында қанша институт бар?
 5. Сіздер таңдаған мамандық қалай аталады? 
 6. Сіздер оқитын институттың мақсаты неде?
 7. Мұнда инженер мамандарды дайындау қалай жүзеге асуда?
 8. Сіздер нені оқып - үйренудесіздер?
 9. Сіздер оқитын институт шетелдік қандай оқу орындарымен 
қарым - қатынас жасайды?
 41-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын жəне жасалу жо-
лын түсіндіріңіздер.
 

18
1.  Құзырлары. 2. Жүйелері. 3. Сұранысы. 4. Нысандары. 
5. Құ рал  дары. 6. Шаралары.
  42-тапсырма.  Берілген  сөз  тіркестерімен  сөйлемдер  құрас-
тырыңыздар.
 1. Əлеуметтік  құзырлар. 2. Деректер  базасы. 3. Қорғау  құралдары. 
4.  Жасанды    интеллект. 5. Телекоммуникациялық    жүйелер. 6. Ро-
бото       техника бағыт  тары. 7. Ұтқыр лық аясында. 8. Инженер-тех ник. 
9.  Компьютермен  модельдеу. 10.Электрондық  ақпарат. 11. Био-
техникалық аппарат. 12. Деректер базасы. 
  43-тапсырма.  Қос  шеңбердегі  сөздерді  біріктіре  отырып,  сөз 
тіркестерін жасаңыздар.
 
 
 
 
 
 
 
ԕԝɡɵɪɥɚɪ 
         
ɛɟɪɭ 
ɫɬɚɧɞɚɪɬɬɚɪɵ 
ɬԛɪɥɟɧɞɿɪɭ      
ɚɫɩɚɩɬɚɪ 
ɛɿɥɿɦ 
ɤԥɫɿɩɬɿɤ 
     
ԧɧɞɿɪɿɫɬɿɤ        
ɧɵɫɚɧɞɚɪɞɵ         
    
ɚԕɩɚɪɚɬɬɵ 
 1. ______________________                4. ___________________ 
 2. ______________ _______                 5. ___________________ 
 3. ____________________ _                 6. ___________________ 
 44-тапсырма.  Төмендегі  мақалды  ұтымды  қолдана  отырып, 
«Кəсіп түбі – нəсіп» тақырыбына эссе жазыңыздар. 
 1. Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы. 2. Кəсібі бардың –
нəсібі бар.
  45-тапсырма.  Қ.И.Сəтбаев  атындағы  ҚазҰТУ-дың  инженер 
маман дарды      дайындаудағы  жетістіктері    жайында  БАҚ  мəлімет-
тері мен танысып, шағын  жарнамалық  ақпарат дайындаңыздар.
1.3 Лексикалық тақырып: Бұлақ  көрсең – көзін аш
Грамматикалық  тақырып: Сұраулы  сөйлемдер  жəне олар-
дың жасалу  жолдары

19
 
Теориялық  блок.  Сұраулы  сөйлемдер  тілдік  қарым-қатынаста, 
əсіресе,  бір  немесе  бірнеше  адамның  сұхбаттасу  жағдайында  жиі 
қолданылады. Сұраулы сөйлемдер белгілі бір мəселе, жағдай жөнін-
де  мəлімет  алу  үшін  жұмсалады  жəне  сөйлем  соңында ? бел гісі 
қойылады. Сұраулы  сөйлемдер бірнеше жолмен жасалады. Олар: 
1. Сұ  раулық (кім? не? қашан? қайдан? қайда? қалай? қанша? немен? 
жəне т.б ) есімдіктер арқылы: Мысалы, Сіз қайда оқисыз? Студенттер 
диплом қорғауға қашан шығады? 2. Сұраулық (ма, ме, ба, бе, па, пе, 
ше) шылаулар арқылы: Мысалы, Шетелдік ғалым бізге дəріс оқуға 
келген  бе?  Семинар  басталды  ма? 3.Интонация  арқылы  жасалады. 
Мысалы,  Телефон шалған кім?  Асыл ғой.  Асыл? 
– Профессор қайдан келіпті? – Америкадан. – Америкадан? 
4.  Кейде  оқшау,  көмекші  сөздер  арқылы:  Мысалы,  Қ.  Сəтбаев 
сияқты  ғұламалардан  дəріс  алған  инженер  мамандардың  арманы 
жоқ шығар? Биыл жоғары оқу орындарына оқуға түсетін талапкер-
лер саны азаятын болар, сірə? Ə, келіп қалғансың ба?
 
Тəжірибелік блок
46-тапсырма.  Берілген  сөйлемдердің  түрлерін  анықтап,  қалай 
жасалғанын түсіндіріңіздер.
 1. Менің  мамандығым    инженер-радиотехник. 2. Бұған  дейін 
қайда жұмыс істедіңіз? 3. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Измир 
қаласында кəсіби біліктілігімді жетілдіргенмін. 4. KCELL байланыс 
компаниясында  қызмет  істеймін. 5. Түркияның  байланыс  саласы 
қалай  екен? 6. Бізден  анағұрлым  жоғары  дəрежеде. 7. Жинақтаған 
тəжірибеңізді іске асыратын мүмкіндік туды. 
Үлгі: «Болашақ» бағдарламасы арқылы университеттен қанша 
оқытушы  шетелде  кəсіби  біліктіліктерін  жетілдірді?  –  сұраулы 
сөйлем, қанша сұраулық шылауы арқылы жасалып отыр.
47-тапсырма. Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналды-
рып, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
1. Қазақстанда  жастарға  сапалы  білім  беруге  жағдай  жасалған. 
2.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  Жар-
лығымен – Халықаралық  «Болашақ»  бағдарламасы  өз  жұмысын 
қайта  жандандырды. 3. Осы  Бағдарлама  аясында  еліміздің  дарын-

20
ды  жастары  шетелде  білім  ала  алады. 4. «Болашақ»  бағдарламасы 
бойынша  білім  алған  жастар  қазір  ел  экономикасының  дамуына 
атсалысып  жүр. 5. Бағдарлама  бойынша  байқауды  «Халықаралық 
бағдарламалар орталығы» ұйымдастырады. 
  48-тапсырма.  Берілген  сөйлемдерді  мұқият  оқып,  хабарлы 
сөй лемдерді  бір  бөлек,  сұраулы  сөйлемдерді  бір  бөлек  көшіріп 
жазыңыздар.
 49-тапсырма. Сұраулық есімдіктерді  қолдана отырып, бірнеше 
сөйлем  құрастырыңыздар.
Үлгі: Қысқы универсиядада нешінші орынға ие болдыңыздар? 
 50- тапсырмаСұраулық  шылауларды  қолдана  отырып, бірнеше 
сөйлем  құрастырыңыздар.
Үлгі:  Сіздің  университет  студенттері  «Мансап»  Халықаралық 
көрмесіне қатысты ма? 
 51-тапсырма. Сұхбатты мұқият оқып, өзара сөйлесіңіздер.
– Мен  хабарландыру бойынша келіп отырмын.
– Мамандығыңыз  кім?
– Инженер - радиотехникпін.
– Бұған дейін  қайда  жұмыс  істедіңіз?
– KCELL  байланыс  компаниясында. 
– Кəсіби біліктілігіңізді  қашан, қайда жетілдірдіңіз?
– «Болашақ»  бағдарламасы  бойынша  Измир  қаласында  кəсіби 
біліктілігімді  жетілдіргенмін.
– Түркияның байланыс саласы қалай екен?
– Бізден анағұрлым  жоғары  дəрежеде.
– Онда жинақтаған тəжірибеңізді іске асыратын мүмкіндік туды 
дей беріңіз.
– Рахмет. 
  52-тапсырма.  Берілген  сөздерді  дұрыс  тіркестіріп,  олармен 
сөйлемдер құрастырыңыздар. 
     1.     Жоғары 
              А. компаниясы
     2.     Байланыс 
              В. байланысшы
     3.     Инженер
              С. бабы
     4.     Жұмыс 
              D. білім

21
 
 53-тапсырма. Көп нүктенің  орнына  тірек сөздерді  қойып, сөй-
лемдерді дəптерге жазыңыздар.
1.  Жоғары ... бар  ма? 2. ... кім? 3. ... - байланысшымын. 4. Ма-
мандығыңыз  бойынша ... істейсіз бе? 5. KCELL ... компаниясында.
 Тірек сөздер: 1. Мамандығыңыз. 2. Біліміңіз. 3. Жұмыс. 4. Ин-
женер. 5. Байланыс.
 54-тапсырма.  Сұраулы  сөйлемдерді  аудармасымен  сəйкес
-
тендіріңіздер.
1. Жоғары біліміңіз бар ма?
A. Где вы работали до этого?
2. Бұған дейін қайда жұмыс істедіңіз?
B. Какова система связи в Турции?
3. Түркияның байланыс саласы қалай екен?
C. У вас есть высшее образование?
4. Жұмыс сізге ауыр емес пе?
D. Какие имеете успехи в работе?
5.Жұмыс бойынша қандай жетістіктеріңіз бар? Е. Не трудная ли для вас работа?
 55-тапсырма. Сөздерді  сөйлемдегі орын  тəртібі бойынша дұ-
рыс орналастырыңыздар.
         1
              2
         3 
         4
   A. тағы 
 жетістіктеріңіз
 қандай
 бар?
  B. анағұрлым   жоғары
 бізден
 дəрежеде.
  C. Түркияның   қалай?
 байланыс
 саласы
  D. асыратын 
 кез
 іске
 тəжірибеңізді
  E. еңбек 
 өтіліңіз
 жыл?
 қанша 
 56 - тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
сапалы 
– качественный
жандандыру 
– возобновить
саясат 
– политика
жарқын 
– светлый
басым 
– приоритетный, главный
дарынды 
– одаренный
қолдау 
– поддержка
байқау 
– конкурс
  57-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.
Бұлақ көрсең – көзін аш
  Қазақстанда  жастарға  сапалы  əлемдік  деңгейдегі  білім  беру-
ге  жағдай  жасау – мемлекеттік  жастар  саясатының  басым  бағыты 
болып табылады. Жастарымыз өмірде өз орны мен бағытын нақты 
анықтай  алатын  кəсіби  білікті  маман  болып  қалыптасуы  үшін 

22
–  мемлекет  тарапынан  жан-жақты  қолдау  көрсетілуде.  Биылғы 
жылы  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың 
Жарлығымен  Халықаралық  «Болашақ»  бағдарламасы  өз  жұмысын 
қайта жандандырды. 
 «Бұлақ көрсең –  көзін  аш» – деген  халқымыз.  Бұл  Бағдар-
ламаның  негізгі  мақсаты – дарынды    жастардың    сапалы    білім 
алуын қамтасыз етіп, шетелде алған білімдерін елдің жарқын бола-
шағы  үшін  жұмсауына  мүмкіндік  туғызу.  Бағдарлама  бойынша 
оқуын бітіріп келген дарынды да білімді мамандарымыз бұған дəлел 
бола  алады.  Бүгінде  олар  мемлекеттік  қызметте,  жергілікті  жəне 
орталық  қызмет  атқару  органдарында,  халықаралық  мекемелер 
мен  өкілдіктерде,  ұлттық  компанияларда,  білім  саласында  қызмет 
етіп, елдің дамуына атсалысып жүр. Бағдарлама бойынша байқауды 
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» ұйымдастырады. 
 (Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев)  
 
  58-тапсырма.  Мəтіннен  жатыс  септікте  тұрған  сөздерді  теріп 
жазып, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
  Үлгі:  органдарында – органдары + -нда  (ж.с) – тəуелдік 
жалғауының үшінші жағындағы сөзге жалғанғанда жатыс жалғауы 
алдына -н дыбысын қосып -нда болып жалғанады.
  59-тапсырма.  Мəтіннен  тəуелдік  жалғаулы  сөздерді  теріп  жа-
зып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.
 
  Үлгі:  Мақсаты  –  мақсат + -ы; «Болашақ»  Бағдарламасының 
мақсаты – еліміздегі дарынды  жастардың  əлемдік деңгейде сапалы 
білім алуларына жол ашу. 
  60-тапсырма.  Мəтіннен  бірыңғай  мүшелерді  көшіріп  алып, 
олардың  қалай  байланысқанын  жəне  қай  мүшеге  қатысты  екенін 
талдаңыздар.
 61-тапсырма. Көп  нүктенің орнына  қажетті жалғауын жалғап, 
сөз тіркестерімен  сөйлемдер құрастырыңыздар.
жастар саясаты… 
-де
дарынды жастар... -да

23
 
мемлекеттік қызмет... 
-ның 
атқару органдары ... 
-дың
ұлттық компаниялар... -те
халықаралық мекемелер... -нда
 62 - тапсырма. «Білім» сөзімен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.  
          сапалы
                                                    
                                             
ɛɿɥɿɦ 
63-тапсырма. Берілген сөздердің сыңарын сəйкестендіріңіздер.
1. Əлемдік
2. Басым
3. Өмірдегі 
4. Мемлекет
5. Жұмысын 
6. Дарынды
7. Жарқын
8. Елдің
- бағыт
- орны
- дамуы
- деңгей
- жастар
- тарапынан
- жандандырды
- болашағы
64-тапсырма  Сөздікті    қолдана    отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдерді  түсіндірмесімен  дəптерге 
жазыңыздар.
65-тапсырма.  Мəтін  мазмұнын  негізге  алып,  сұхбат  құрас-
тырыңыздар. 
  Тірек  сөздер:  1.  Мемлекеттік  саясат.  2.  Жарқын    болашақ. 
3. Кəсі би  білікті. 4. Халықаралық  бағдарлама. 5. Дарынды   жас тар.
6. Ел дің экономикасы. 7. Белсенді қызмет.
 66-тапсырма. Мəтінді мұқият оқып, жай сөйлемдердің жасалу 
жолын түсіндіріңіздер.
 

24

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...