Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Б. Жақсылықова кəсіби қазақ тілі


-Модуль Инновациалық технологиялар

Loading...


Pdf көрінісі
бет18/20
Дата02.04.2020
өлшемі1.41 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

15-Модуль Инновациалық технологиялар
 жаңалықтары
15.1. Лексикалық тақырып: Қалтаға салып жүретін сканер
Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлемдердің көп құрам-
ды түрлері. Көп құрамды салалас құрмалас сөйлемдер
Теориялық блок. Құрмалас сөйлемдердің көп құрамды түрлеріне 
көп  құрамды  салалас  құрмалас  жəне  көп  бағыныңқылы  сабақтас 
құрмалас  сөйлемдер  жатады.  Көп  құрамды  салалас  құрмалас 
сөйлемдердің  құрамы  кемінде  үш  жай  сөйлемнен  тұрады  жəне 
олардың  баяндауыштары  тиянақты  болып  келеді.  Мысалы,  Қазіргі 
уақытта MatLab – ең  қуатты  жəне  көп  пайдаланатын  пакет,  оның 
мүмкіндіктерін кеңейту үшін көп мамандар жұмыс істейді жəне ол 
үнемі  жаңа  программалармен  толықтырылып  отырады.  Есептеуіш 
математика  жəне  имитациялық  модельдеу  есептерін  шешу  үшін 
MatLab программалық жүйесі оңтайлы, ол цифрлық есептеулер мен 
алынған  нəтижелерді  көрсетуге  арналған  компьютерлік  орта  бо-
лып  саналады  жəне  цифрлық  талдау,  матрицалармен  операциялар 
жүргізу  үшін  тиімді  құрал  болып  табылады.  Антивирустың  соңғы 
моделі  компьютерді  толық  тексеруден  өткізіп,  вирустардың  шама-
сын анықтап, оларды толық жояды.
 Тəжірибелік блок
802-тапсырма.  Берілген  көп  құрамды  құрмалас  сөйлемдердің 
қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.
1.  Вирустың  көптеген  түрлері  ЭЕМ  жадында  ВОВ-ты  қайта 
жүктегенше  тұрақты  сақталып,  оқтын-оқтын  өзінің  зиянды  əсерін 
тигізеді,  бірақ  жұмыс  істеп  отырған  адамға  байқалмайды. 2. Ком-
пьютерде  «вирус  жұққан»  программалар  саны  көбеймей  тұрғанда, 
онда  вирустың  бар  екені  сырт  көзге  онша  білінбейді,  бірақ  біраз 
уақыттан соң компьютердің қызметі бұзыла бастайды. 3. Инженер 
станоктарды ретке келтіріп, басқару құрылғыларын тексеріп, бүгінгі 
жұмысты  бастап  кетті. 4. Ол  сызбаны  дайындап,  қажетті    құрал-
дарды  жинастырғаны сол еді, есіктен ентіккен  Сəуле де кіріп келді. 
5.  Аналогты  сигналдарды  цифрлап,  ал  цифрланған  сигналдарды 
үлкен  ауыртпалықтар  əкелді.  Біршама  күрделі  мəселелер  туын-
дады.  Ауыр  зардабын  тигізді. 2. Қазіргі  кезде  де Nokia ұялы  теле-
фон  шығарушы  компаниялар  –  бəсекелестері  арасында  жоғары 
көрсеткіштерге  қол  жеткізді.  Өнімі  бірқатар  артықшылықтарға  ие 
бірден бір компания. Бұл компанияның ұялы телефондар нарығында 
алда келе жатқандығын білдіреді. 3. Компания тауар нарығында көп 
жылдар  бойы  қалыптасқан  əртүрлі  өнім  шығаруын  тоқтатты.  Бір 
ғана нарық категориясына көшті. Бұл дұрыс шешім, оң қадам болды. 
4. 2009 жылдың 12 тамызында Nokia жəне Microsoft серіктестік жай-
ында келісімге келді. Келісім бойынша екі компания Microsoft Offi ce 
Mobile-ді жəне Symbian операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс 
жасайтын құрал шығаратын болды. Сөйтіп Nokia смартфондарына 
арналған бірлескен желі құрал-саймандарын жасауға кіріседі.
 805-тапсырмаБерілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыз-
дар.
қаламсап – ручка
үстіне – наверх
тəріздес – подобный, похожий
өңдеу – обработка
сақтау – хранить
мүмкіндік – возможность
салмағы – вес
баяу – медленно
қамтылған – охвачен
қарамастан – несмотря
 806-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.
Қалтаға салып жүретін сканер
 АҚШ пен Канадада “Докьюпен” деп аталатын қаламсап тəріздес 
кішкентай  монохромдық  сканер  сатылуға  шықты.  Оның  көлемі 
205х12,7мм,  салмағы 57 грамм  болса  да,  онымен  А4  пішіндегі 
құжаттарды  оңай  сканерлеуге  болады.  Сканердің  ақпарат  сақтай 
алатын жадының көлемі 2 mb. Ол 100 парақтық мəліметті сыйғыза 
алады деген сөз. 
  Сканермен  кез  келген  адам  жұмыс  істей  алады.  Ол  үшін 
парақтың үстіне параллель қойып, төмен қарай жүргізеді. Аппарат 
оптикалық сенсорлардың 200 дюймдегі құралымен қамтылған. Бір 
қағазды өңдеуіне 4-8 секунд уақыт кетеді. Оның ақпаратты сыйды-

216
дестелеп  таратып,  қазіргі  сандық  телекоммуникация  саласындағы 
жетістіктерді  ұтымды  қолдануға  болады. 6. Қазіргі  заманғы 
компьютерлердің  басым  бөлігінде  алға  қойылған  мəселе  əуелі 
математикалық  терминдерде  сипатталып,  барлық  қажетті  ақпарат 
екілік жүйеде көрсетіліп, содан кейін қарапайым логика алгебрасы 
арқылы өңделеді.
803-тапсырма.  Көп  құрамды  құрмалас  сөйлемдердің  түрлерін 
ажыратыңыздар.
1. 2001 жылы 23 қазанда Apple iPod аудиоплейерін шығарғаннан 
кейін, ол үлкен сұранысқа ие болып, портативті музыкалық плейер-
лердің  нарығында  көшбасшыға  айналады. 2. Осы  жаңа  өнімдерді 
шығару  арқасында Apple өзінің  қаржылық  жағдайын  біршама 
жақсартып  алған  соң, 2011 жылы  əлемдегі  нарықтық  капитализа-
ция бойынша,  ExxonMobil мұнай компаниясын басып озып, ол ең 
қымбат компанияға айналды. 3. 1956 жылы Motorola хабарламалар-
ды  ғана  ала  алатын  өзінің  алғашқы  пейджер-радиоқабылдағышын 
шығарып,  оларды  алғашқы  кезде  аурухана  қызметкерлері  мен  ме-
неджерлер ғана қолданса, кейіннен пейджерлер əрдайым байланы-
ста болғысы келген адамдар арасында сұраныс табады. 4. Nokia-ның 
негізін  қалаған  Фредрик  Идестам  алғаш  жұмысын  қағаз  шығару 
өндірісімен бастап, ол əртүрлі өндірістік салаларда: қағаз, резеңке, 
химиялық  заттар,  электроника  өндірумен  айналысып, 1965 жылы 
телекоммуникация жəне бейнетехнологиялық бұйымдар шығаруды 
жолға қояды. 5. Motorola компаниясының негізгі үш бөлімшесі бар: 
олардың  бірі  кəсіпорындарды  дамытудың  оңтайлы  шешімдерін 
ұсынса,  екіншісі  үйге  жəне  желілік  операторларға  оңтайлы  қолдау 
көрсетіп,  үшіншісі  оңтайлы  құрылғылар  шығарумен  айналыса-
ды. 6. Nokia компаниясының  президенті  Йорма  Олилла  компа-
ния нарықтағы тауар түрінің біреуін ғана өндіріп, оны жетілдіруге 
баса назар аударылса, оның жұмысының өнімділігін сонымен ғана 
арттыратындығын жете түсініп, ендігі іс барысын соған бейімдейді.
804-тапсырма.  Берілген  сөйлемдермен  құрмалас  сөйлемдердің 
көп құрамды түрлерін құрастырыңыздар.
1. 1990 жылғы  экономикалық  құлдырау Nokia компаниясына 
р

217
 
ру  мүмкіндігінің  төмендігіне  жəне  жұмыс  істеу  жылдамдығының 
баяулығына қарамастан, ол өзіндік дербес ток көзінен жұмыс істей 
алады.  Бұл  сканердің  қолданылу  аясын  кеңейтеді.  Ондай  аспапты, 
мысалы,  кітапхананың  оқу  залында,  университет  дəрісханасында, 
тіпті көшеде де пайдалануға болады. Ақпаратты көшіріп алу үшін 
ең жоғары қуатты жүйеге ие компьютер керек.
 807-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  қажетті  сөздерді  қойып, 
дəптерге жазыңыздар.
 1. Сканердің ... сақтай алатын жадының көлемі 2 МБ. 2. Онымен 
А4  пішіндегі ... сканерлеуге  болады. 3. Бір ... өңдеуіне 4-8 секунд 
уақыт  шығындалады. 4. Оның ... 57 грамм. 5. Ол 100 ... мəліметті 
сыйғыза алатын деген сөз. 6. Ақпаратты ... үшін Windows 98 жəне 
одан  да  жоғары  қуатты  жүйеге  ие  компьютер  керек. 7. Ол  үшін 
парақтың ... параллель қойып, төмен қарай жүргізеді.
 Тірек сөздер: 1. Құжаттарды. 2. Парақтық. 3. Ақпарат. 4. Салмағы. 
5. Қағазды. 6. Көшіру. 7. Үстіне.
 808-тапсырмаБерілген сан есімді тіркестерді дəптерге сөзбен 
жазып, сөйлемдер құрастырыңыздар. 
1. 205 мм. 2. 12,7 мм. 3. 57 грамм. 4. 2 mb. 5. А4 пішіндегі. 6. 100 
парақ. 7. 200 дюйм. 8. 4-8 секунд. 9. 2001 жылы 23 қазанда. 10. 2009 
жылдың 12 тамызында.
Үлгі:  Жаңа  шыққан  ноутбуктардың  көлемі  А  төрт  пішіндегі 
парақтай ғана. 
809-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін əр түрлі мысалдармен 
көршіңізге түсіндіріп көріңіздер.
1.Қаламсап  тəріздес. 2. Монохромдық  сканер. 3. А4  пішіндегі 
құжаттар. 5.  Жадының көлемі. 6. Дербес ток. 7. Жоғары қуатты.
 
810-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  септік  жалғауының 
тиістісін қойып, көшіріп жазыңыздар.
1.  Мəтінді  компьютер...  өңдеу...  негізгі  құндылығы – ақпарат... 
инновациялық  бағдарламадағы  бар лық  салаларды  анықтағаннан 
кейін,  олардың  экспорттық  əлеуе ті  мен  еңбек  нарығына  əсерін 
жан-жақты  талдап,  нəтиже сін де   басым  салалардың  негізгі  тобын 
айқындап отыр. 
 818 - тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
танымал – известный
қаржылық – финансовый
негізі қаланған – основался
қолданыс – применение
тіркелген – регистрирован
көпшілікке – публике
желісі – линия
таралу – распространяться
өнімдері – продукции
ұсынады – предлагает
марапаттайды– награждает
үлес қосу – внести вклад
көшбасшы–лидер
сұраныс–спрос
 819-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.
Apple компаниясы
 Apple –дербес жəне планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, те-
лефондар  мен  бағдарламалар  өндіруші  американдық  корпорация. 
Компанияның ең танымал өнімдері компьютердің Macintosh желісі, 
iPod,  iPhone жəне iPad. 1976 жылы 1 сəуірде Калифорнияның Купер-
тино қаласында негізі қаланған, 1977 жылдың 3 қаңтарында корпо-
рация ретінде тіркелген. 30 жыл бойы компания Apple Computer, Inc. 
болып аталып, 2007 жылы 9 қаңтарда бұл атаудан «Computer» сөзі 
алынып тасталады. Корпорацияның негізін Стив Джобс, Стив Воз-
няков жəне Рональд Уейн салған. Возняков өзі құрастырып шыққан 
компьютер  алғаш  рет  көпшілікке Homebrew Computer Club-ында 
көрсетілген. Бұл Apple I дербес компьютері болатын. 
1976-1977  жылдары  бірнеше  фирмалар  алғашқы  жеке 
қолданыстағы  компьютерлерді  шығара  бастағанда,  осы  жыл-
дары Commodore жəне Tandy Radio Shack компанияларының 
компьютерлері мыңдап сатылса, Apple II компьютерлері əлем бой-
ынша миллиондаған данасымен таралады.
1980  жылдары Apple тарихында Apple IIІ  жобасын  шығару 
сəтсіз болады. Дегенмен 1984 жылы Apple фирмасы өзінің алғашқы 

218
өзгерту, көбейту жəне көшіру... жеңілдігі. 2. Компьютерлік алфавит 
... 256 символ бар. 3. Мəтін математикалық, химиялық формулалар..., 
сандық  кестелер...  тұрады. 4. Мəтіндік  редакторлар – магниттік 
дискі... мəтіндік құжат құруға, оны өңдеуге, құжат пішімін өзгертуге, 
басып шығару... қолданылатын қолданбалы бағдарлама.
811-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
812-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
813-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Оларға тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
 
814-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып,  ақ-
параттық технологиялар жетістіктері жайында өзара əңгімелеcіңіз-
дер.
1. Монохромдық сканер қашан шықты?
2. Сканер қалай аталады жəне оны қайда пайдалануға болады?
3. Қандай құжаттарды сканерлеуге болады?
 815-тапсырма. «Қазақстандағы техникалық ғылымдар мен тех-
нологиялар» тақырыбында эссе жазыңыздар.
15.2. Лексикалық тақырып: Apple компаниясы
Грамматикалық  тақырып:  Көп  бағыныңқылы  сабақтас 
құрмалас сөйлемдер
  Теориялық  блок.  Көп  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас 
сөйлемдердің  құрамында  кем  дегенде  үш  сөйлем  біреуі  басыңқы, 
қалғандары  бағыныңқы  болып  келеді.  Мысалы,  Біз  отырған  поезд 
Алматыға  жақындаған  сайын,  маңайындағы  ауылдардың  төбесі 
көрініп,  қуаныштан  қабағымыз  ашыла  бастады.  Тəуекелі  мол  бұл 
шешім ұзамай-ақ оң нəтижесін көрсетіп, компанияның ісі алға ба-
сып, мультимедиялық өнімді өндіруде оны бүкіл əлемге əйгілі етті. 

219
 
жаңа 32-разрядты Macintosh компьютерін  ұсынады.  Ары  қарай 
Nokia ұялы телефонымен əлемдік  нарықтың үштен бір  бөлігіне  ие
болғаннан  бері,  Еуропа  нарығының 50 пайызын  иемденіп,  қазіргі 
таңда  мультимедиялық  құрылғылар  мен  ұялы  телефондарды 
жетілдіруді жолға қойған жетекші компания болып саналады.
 Тəжірибелік блок
816-тапсырма. Берілген көп бағыныңқылы құрмаластың жасалу 
жолын түсіндіріңіздер.
1.  Ең  бірінші Kindle қондырғылары 2007 жылы Amazon ин тер-
нет-дүкендерінде  пайда  болған  кезде,  олардың  бағасы 399 дол-
лар  болғандықтан,  барлық  қондырғылар 5,5 сағат  ішінде  ғана  са-
тылып  кетті. 2. Кейін 2008 жылдың  сəуірінде  сатылымға  қайта 
шыға бастағанда, ақырындап бағасы 359 долларға түссе, кейін 299 
долларға дейін төмендеді. 3. 1976 жылы 1 сəуірде Калифорнияның 
Купертино  қаласында  негізі  қаланып, 1977 жылдың 3 қаңтарында 
корпорация  ретінде  тіркелгеннен  бері, Apple компаниясы  əлемдегі 
нарықтық  капитализация  бойынша  ең  қымбат  компанияға  ай нал-
ды. 4. 1984 жылы Apple фирмасы  өзінің  алғашқы жаңа 32-разряд-
ты Macintosh компьютерін  ұсынғаннан  кейін,  одан  əрі  компания 
осы компьютердің серияларын шығарумен айналысып, 1985 жылы 
АҚШ-тың  президенті  Рональд  Рейганның  қолынан  техникалық 
үдерістің дамуына қосқаны үлесі үшін медалімен марапатталды.
817-тапсырмаБерілген көп бағыныңқылы құрмаластарды сала-
лас жəне сабақтас сөйлемдерге айналдырыңыздар.
1. 2007 жылдың  қаңтар  айында  фирма  сенсорлы iPhone смарт-
фондарын  ұсынып,  2009 жылғы  қыркүйек  айында  жүргізілген 
санақ бойынша 220 миллионнан астам iPоd сатылғаннан кейін, 2010 
жылы нарыққа енді iPad планшетті компьютерін шығарды. 2. Осы 
жаңа  өнімдерді шығару арқасында Apple өзінің қаржылық  жағ дайын 
біршама жақсартқан соң, 2011 жылы əлемдегі нарықтық капитали-
зация  бойынша, ExxonMobil мұнай  компаниясын  басып  озып,  ең  
қымбат  компанияға  айналған. 3. Қазіргі  заманғы  компьютерлердің 
басым  бөлігінде  алға қойылған  мəселе  математикалық терминдер-
мен  сипатталатындықтан,  барлық  қажетті  ақпарат  алдымен  екілік 
жүйеде  көрсетіліп,  кейін  оны  өңдеу  үшін  логикалық  алгебра 
қолданылады. 4. Министрлік екі жылдың аралығында индустриялы-

220
ком  пания  осы  компьютердің  серияларын  шығарумен  айналыса-
ды. Macintosh компьютерлері  фирмалық  операциялық  жүйемен 
жабдықталған Motorola процессорлары  негізінде  шығарылады. 
1985  жылы  АҚШ-тың  президенті  Рональд  Рейган  техникалық 
үдерістің дамуына үлес қосқаны үшін Джобс пен Везнякты медаль-
дармен марапаттайды.
 2001 жылы 23 қазанда Apple iPod аудиоплейерін  шығарғанда, 
ол үлкен сұранысқа ие болып, портативті музыкалық плейерлердің 
нарығында  көшбасшыға  айналады. 2009 жылғы  қыркүйек  ай-
ында  жүргізілген  санақ  бойынша 220 миллионнан  астам iPod 
сатылған. 2007 жылдың  қаңтар  айында  фирма   сенсорлы    iPhone 
смартфондарын  ұсынып, 2010 жылы  нарыққа iPad планшетті 
компьютерін  шығарады.  Осы  жаңа  өнімдерді  шығару  арқасында 
Apple 
өзінің 
қаржылық 
жағдайын 
біршама 
жақсартып 
алып, 2011 жылы  əлемдегі  нарықтық  капитализация  бойын-
ша, ExxonMobil мұнай  компаниясын  басып  озып,  ең  қымбат 
компанияға айналған. Apple 2011 жылдың наурыз айында нарықтық 
капитализация бойынша 309,5 млрд долларға бағаланған. 
 820-тапсырма. Берілген сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдерді 
толықтырыңыздар.
 1. 1984 жылы Apple фирмасы  өзінің  алғашқы  жаңа 32-разряд-
ты Macintosh ... ұсынады. 2. Корпорацияның ...  Стив Джобс, Стив 
Возняков  жəне  Рональд  Уейн  салған. 4. 1985 жылы  АҚШ-тың 
президенті  Рональд  Рейган  техникалық  үдерістің  дамуына  үлес 
қосқаны үшін Джобс пен Везнякты ... марапаттайды. 5. 2001 жылы 
23 қазанда Apple iPod аудиоплейерін шығарғанда, ол үлкен сұранысқа 
ие болып, портативті музыкалық плейерлердің нарығында ... айнала-
ды. 6. Apple 2011 жылдың наурыз айында ... капитализация бойынша 
309,5 млрд долларға бағаланған. 
Тірек  сөздер: 1. Негізін. 2. Компьютерін. 3. Жабдықтардың. 
4. Көш              бас шыға. 5. Нарықтық. 6. Медалдармен.
821-тапсырма.  Сөз  тіркестерін  қолданып,  көп  бағыныңқылы 
құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
1. Бағдарламалар өндіруші. 2. Танымал өнімдері. 3. Кор порация-
р

221
 
 829-тапсырма. «Apple өнімдері – өмірде»  тақырыбына  эссе 
жазыңыздар.
15.3.  Лексикалық  тақырып:  Автоматтық  басқару  жүйесі 
жаңалықтары 
 
Грамматикалық  тақырып:  Көп  бағыныңқылы  сабақтас  құр-
малас  сөйлемдер
 Теориялық блок. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер 
сатылы  бағыныңқылы,  жарыспалы  бағыныңқылы,  көп  басыңқылы 
болып келеді. Мысалы, 2011 жылы 11 ақпанда Nokia Microsoft-пен 
толық серіктес болу жөніндегі шешімін жариялап, өздерінің ұялы те-
лефондарына Windows Phone операциялық жүйесін қолдану жөнін-
де шешім қабылдайды да, бұл платформа Nokia смартфондарының 
басты құраушы стратегиясына айналады. Батыс өңірден байланысқа 
«Ақсай  индустриялы  паркі» ЖШС бас директоры Марко Кастани-
ни байланысқа шығып, Мемлекет басшысына өзі бас қаратын кəсіп-
орын жайынан қысқаша мағлұмат бере келе, өндіріс жетекші Еуропа 
технологияларын  қолдану арқылы жұмыс істейтінін  хабарлады.
 Тəжірибелік блок
  830-тапсырма.  Берілген  көп  бағыныңқылы  құрмалас 
сөйлемдердің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
 1. Радиоэлектроникада  радиотехникалық  тізбектер  мен  құрыл-
ғыларды талдап, оларға синтез жасап, құрылымы мен параметрлерінің 
тиімділігін  анықтауға  математика  кеңінен  пайдаланылады. 
2. Радионың пайда болуы электрониканың одан əрі дамуына шешуші 
ықпал етіп, оны адамның іс-əрекетінің əр алуан саласында пайдала-
ну нəтижесінде ой еңбегі мен дене еңбегінің өнімділігін күрт артты-
рып, өндірістің экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік 
берді. 3. Өткен жылы «Ақпараттық Қазақстан-2020» бағдарламасы 
бекітіліп,  онда  еліміздегі  медиа-кеңістікті  техникалық  жəне 
мазмұндық тұрғыдан жаңғырта келе, оны ХХІ ғасырдың жаһандық 
əлемінде біздің қоғамымыздың бəсекеге қабілеттілігін арттырудың 
маңызды тетігіне айналдыру жөнінде ауқымды міндеттер қойылды.
4. Интернет желісінде G-GLOBAL коммуникативті алаңы табысты 
жұмыс жасап жатқандықтан, оған қазірдің өзінде бірнеше миллион 
ның негізі. 4. Macintosh желісі. 5. Миллиондаған дана. 6. Ком  пью-
тердің сериялары. 7. Компьютер желісі. 8. Операциялық жүйе. 9. Ме-
далдармен марапатталды. 10. Көшбасшыға айналды.
 822-тапсырма.  Берілген  сөздерге  қажетті  септік  жалғауын 
жалғап, олармен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.
1
көпшілік
A
- ға
2
өнімдері
B
- қа
3
сұраныс
C
- не
4
көшбасшы 
D
-  ке
 823-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
 824-тапсырма.  Берілген  сөздердің  тіркесін  тауып,  олармен 
құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
1. музыкалық 
2. сенсорлы 
3. қаржылық
4. танымал 
5. қымбат 
 А. жағдайын
 В. өнімдері
 С плейерлердің 
 D. бағаланған
 Е. смартфондарын
 825-тапсырма.  Мəтінді  қайта  оқып,  жоспарын  жасаңыздар. 
Жос пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
 826-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Оларға тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
  827-тапсырма.  Мəтін  мазмұнын  жəне  қосымша  материал-
дарды  пайдалана  отырып, «Apple» компаниясы  жайында  өзара 
əңгімелеcіңіздер.
 828-тапсырма.  Қосымша  əдебиеттерді  жəне  интенет  матер-
иалдарын  қолданып, «Appleнің  даму  жолы»  тақырыбына  жоба 
əзірлеңіздер. 
 

222
пайдаланушы кіріп, соның аясында көпполярлылық  жағдайын   дағы 
жаһандық мəселелер талқылануда.
831-тапсырма. Берілген көп бағыныңқылы құрмаластарды сала-
лас жəне сабақтас сөйлемдерге айналдырыңыздар.
1. ХХ - ғасырда модель түсінігі нақты жəне идеалдық модельдерді 
қатар қамтығандықтан, абстрактылы модель түсінігі математикалық 
модельдер  шеңберінен  шығып,  əлем  туралы  білімдер  мен 
танымдардың  барлығына  қатысты  болып  отыр. 2. Модель  түсінігі 
бастапқыда  ақпараттық,  кибернетикалық  бағыттардағы  ғылыми 
пəндер  аясында  талқыланса,  содан  соң  ғылымның  басқа  да  сала-
ларында түрлі тəсілдермен іске асырылатыны танылып, енді оның 
мəнін нақтылау мəселесі қарастырылуда. 3. Қазіргі кезде HP компа-
ниясы халыққа сандық фотография, сканерлерден бастап, өндірістік 
оргтехника  мен  жинақтаушылардың  ауқымды  спектрін  ұсынса, 
Apple  электроникада  эстетикалық  дизайн  мен  инновациялық  тех-
нологияларды қолдану арқылы  баршаға танымал. 4. Lenovo өнімі 
ғылыми-зерттеу жəне конструкторлық жұмыс саласындағы жетекші 
əзірлемелермен  ерекшеленіп,  нарыққа  дербес  компьютерлер  мен 
құралдар тарихында ең қажет инновацияның бірін енгізгеннен бері, 
ол өз өнімдерінде пайдаланылатын конструктивтік шешімдер үшін 
сансыз марапаттар алды. 5. Интернетте программалық жабдықтарды 
шығарушы компаниялар өз өнімдерін сатып, желіде жаңа нұсқаларын 
ұсынса,  енді  бір  компаниялар  туризм  бойынша  өз  қызметтерін 
пайдалануға шақырады. 6. Бастапқыда телекоммуникациялар сөзді 
ғана таратып, негізінен электрлік аналогтік сигналдарды пайдалан-
са, компьютерлердің пайда болуы жəне оларды байланыста кеңінен 
қолдану дискретті сигналдарға ауысуға алып келді.
832-тапсырма.  Берілген  сөздерді  мұқият  оқып,  есте 
сақтаңыз дар.
көтергіш – подъемный
дəлдік – точность
керемет– чудесный
ғимарат – здание
қондырғы – устроиство
сынақ – испытание
 833-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.

223
 
Автоматтық басқару жүйесі жаңалықтары
  Жапонияның  “Пента  Оушен”  фирмасы 1995 жылдан  құрылыс 
ісін  толық  автоматтандыру  жүйесін  жасауға  күш  салып  келеді. 
Бұл  жүйе  Сингапурда  қырық  қабатты  аспанмен  тілдескен  зəулім 
үйді  салуда  сынақтан  өтті.  Ғимараттың  барлық  элементтері, 
əрқайсысы  технологиялық  процестерге  ыңғайлап  жасалынған 
жапсырмалармен  немесе  тетікті  қай  жерге  жəне  қалай  орналасты-
ру  керектігі  жөнінде  ақпараты  бар  микросұлбамен  қамтылған. 
Əрбір  зат  құрылыс  алаңының    нақты  белгіленген  жерінде  жата-
ды.  Орталықтандырылған  компьютер  желісінің  бұйрығынан  кейін, 
көтергіш крандар керек тетікті тауып алып, қажет жеріне жеткізеді. 
Компьютерлендірілген  құрылыс  жүйесінің  тағы  бір  айтарлық 
кереметі – ол  құрылыс  элементтерінің  орналасуын  миллиметрлік 
дəлдікке  дейін  қамтамасыз  ете  алады.  Тек  қатты  жел  кезінде  ғана 
крандарға краншылардың көтерілуіне тура келеді. 
 Қалған уақыттың барлығында да құрылыс алаңындағы тəртіпті 
жалғыз адам қадағалап тұрады. Құрылыс жабық шатырдың астын-
да  жүргізіледі.  Өйткені  телекамералар,  белгібергіштер  жəне  басқа 
да  технологиялық  электрондық  қондырғылар  жаңбыр  мен  күн 
сəулесінен  қорғауды  қажет  етеді.  Жұмыстар  біткен  соң  жамылғы 
шатыр, көтергіш крандар, басқа да қондырғылар жиналып алынады.
 834-тапсырма.  Сөз  тіркестерін  қолданып,  сабақтас  құрмалас 
сөйлемдер құрастырыңыздар.
 1. Автоматтандыру  жүйесі. 2. Қырық  қабатты. 3. Зəулім  үй. 
4.Сынақтан өтуде. 5. Ыңғайлап жасалынған. 6. Нақты белгіленген. 
7.  Компьютер  желісі. 8. Миллиметрлік  дəлдікте. 9. Электрондық 
қондырғылар. 
 835-тапсырма. Берілген сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдерді 
толықтырыңыздар.
1. 1995 жылдан  «Пента  Оушен»  фирмасы  құрылыс  ісін 
толық  автоматтандыру ... жасауға  дайындалуда. 2. Құрылыс  жабық 
...  астында  жүргізіледі. 3. Ғимарат  ақпараты  бар ... қамтылған. 4. 
Компьютерлендірілген құрылыс жүйесінің бір кереметі – миллиметрлік   
дəлдікке  дейін ... орналасуын   қамтамасыз   етеді. 

224
5.  Орталықтандырылған  компьютер  желісінің  бұйрығымен  крандар 
керек ... тауып, қажет жеріне жеткізеді. 6. Əрбір зат құрылыс ... нақты 
белгіленген жерінде жатады.
Тірек сөздер: 1.  Алаңының. 2.  Микросұлбамен. 3.  Жабдықтардың. 
4. Тетікті. 5. Шатырдың. 6. Жүйесін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...