Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Б. Жақсылықова кəсіби қазақ тілі

Loading...


Pdf көрінісі
бет17/20
Дата02.04.2020
өлшемі1.41 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Электрондық аспап түрлері
Электрондық    аспаптар  дегеніміз – зарядталған  бөлшектердің 
вакуумда  жəне  қатты  денелерде  қозғалысқа  түсуі.  Аспаптар 
иондалған  газдарға  бірыңғай  бағытталады.  Тоқтың  өтетін  ортасы-
на  қарай  аспаптар  электрвакуумдық,  жартылай  өткізгіштік  жəне 
иондық  болып  жіктеледі.  Ерекшеліктері  жəне  артықшылықтарына 

203
 
байланысты олар өз ішінде бөлінеді. Бірінші, жартылай өткізгіштік 
электрондық  аспаптардың  аумағы  мен  массасы  аз  болуына  байла-
нысты.  Екінші,  олар  пайдалы  əсер  коэффициентке  негізделеді. 
Үшінші, бағасының төмендеуіне қарай. Төртінші, қозғалмалы жəне 
алынып-салынатын  бөлшектері  болмағандықтан  механикалық 
тұрғыдан  мықты  болуына  байланысты.  Соңғысы,  жұмыс  атқару 
сенімділігі  өте  жоғары.  Электрондық  аспаптар  өз  ішінде  тиристор 
жəне транзистор болып екіге бөлінеді. 
Тризистор  дегеніміз  үш  немесе  одан  да  көп  тоқтың  ауысуынан 
тұрады.  Оның  тұрақты  екі  күйі  бар  жəне  бір  күйден  екінші  күйге 
басқару пульсы арқылы ауысып-қосылу мүмкіндігі бар электрондық 
аспап. 
Транзистор  ағылшын  тілінен  алғанда  тасымалдау  деген  мағына 
береді. Ол тоқты күшейтуге, түрлендіруге арналған үш электродты 
жартылай өткізгіш құрал. Транзисторға жіберілген аз тоқ үлкен тоқ 
ағынын басқарады.
760-тапсырма.  Берілген  сөздерге  тəуелдік  жалғауының 
қажеттісін жалғап, көшіріп жазыңыздар.
1. Біздің аспап
А - терің
2. Сендердің өткізгіш
В - дарыңыз
3. Сіздердің құрал
С - тері
4. Олардың бөлшек
D - тарымыз
 761-тапсырма. Сөздерді ретімен орналастырып, сөйлемдерді 
дəптерге жазып алыңыздар.
1)  A)  иондалған; B) газдарға; C) аспаптар; D) бағытталады; 
E) бірыңғай.
2) A) иондық; B) электрвакуумдық; C) аспаптар; D) жіктеледі; 
E) болып. 
3) A) жоғары; B) сенімділігі; C) атқару; D) жұмыс; E) соңғысы; 
4)  A)  тоқтың; B) тризистор; C) тұрады; D) көп; E) ауысуынан.
 762-тапсырмаТірек сөздерді пайдаланып, сұхбатты аяқ-
таңыздар.
 

204
1 Электрондық аспаптар дегеніміз не?
A  Үш не одан да көп 
тоқтың ауысуы
2 Аспаптар иондалған газдарға қалай 
бағытталады?
B Тасымалдау
3 Тризистор дегеніміз не?
C Зарядталған бөлшек-
тің қозғалысқа түсуі
4 Транзистор ағылшын тілінде қандай 
мағына береді?
D Бірыңғай бағытталады
763-тапсырма.  Электроника  саласына  қатысты  сөздерді 
теріп  алып,  тақырыпқа  қатысты  аралас  құрмалас  сөйлемдер 
құрастырыңыздар. 
 1. Электрон. 2. Аспан. 3. Тризистор. 4. Транзистор. 5. Самаурын. 
6. Электровакуум.
764-тапсырма.  Берілген  сөздерге  қажетті  септік  жалғауын 
жалғап, көшіріңіздер.
1
тризистор
A
- нан
2
бөлшек
B
- тан
3
аспап
C
- тен
4
вакуум
D
- дан
765-тапсырмаБерілген сөйлемдерді тірек сөздермен толық-
тырыңыздар.
1.  Электрондық  аспаптар – зарядталған  бөлшектердің  жəне 
…  қатты  денелерде  қозғалысқа  түсуі. 2. Аспаптар  иондалған 
….  бірыңғай  бағытталады. 3. Тоқтың  өтуіне  қарай  аспаптар 
электрвакуумдық, … өткізгіштік болып жіктеледі. 4. Ерекшеліктері 
жəне … байланысты олар өз ішінде бөлінеді. 5. Бірінші, жартылай 
өткізгіштік …. аспаптардың аумағы мен массасы аз болуына байла-
нысты. 6. Екінші, олардың пайдалы əсер .... негізделеді. 7. Үшінші, 
бағасының .... қарай. 8. Төртінші,  қозғалмалы  жəне  алынып-салы-
натын .... болмағандықтан  механикалық  тұрғыдан  мықты  болуына 
байланысты.
 Тірек сөздер: 1. Коэффициентіне. 2. Төмендеуіне. 3. Бөлшектері. 

205
 
4. Электрондық. 5. Жартылай. 6. Артықшылықтарына. 7. Вакуумда. 
8. Газдарға.
 766-тапсырмаМəтінде берілген сөздердің тіркесін тауып, олар-
мен аралас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
1. Электрондық 
2. Қатты 
3. Электродты 
4. Ток 
5. Қозғалмалы 
 А. дене 
 В. өтетін
 С бөлшек. 
 D. аспаптар
 Е. өткізгіш
767-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
768-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
769-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Оларға тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
770-тапсырма. 
Төмендегі 
сұрақтарды 
пайдалана 
оты -
рып,  электрондық  аспаптардың  түрлері,  қызметі  жайында  өзара 
əңгімелеcіңіздер.
1Электрондық аспаптар дегеніміз не?
2. Олар өзара қалай бөлінеді?
3. Тризистор туралы не білесіз?
4. Транзистор дегеніміз не?
  77 1-тапсырма.  «Заманауи  электрондық  аспаптардың  пайдасы 
мен зиянды жақтары» тақырыбында эссе жазыңыздар.
14.2.  Лексикалық  тақырып:  Электроника  саласындағы 
жетекші  компаниялар
Грамматикалық тақырып: Аралас құрмалас сөйлемдер
  Теориялық  блок.  Аралас  құрмалас  сөйлемдер  өзара  шылаусыз 

206
жəне шылау аралас байланысады. Мысалы, Биыл көктем ерте келді, 
дегенмен күн əлі де суық, сондықтан халық əлі де қалың киімдерімен 
жүр. Халық айтса, қалт айтпайды, арты осылай боларын сезіп едім.
 Тəжірибелік блок
772-тапсырма.  Берілген  аралас  құрмалас  сөйлемдердің  қалай 
байланысқанын түсіндіріңіздер.
1.  Цифрлы  тарату  жүйесінің  аналогты  тарату  жүйесінен 
қара  ған да қарқынды дамуының артықшылығы: бөгетке тұрақтылығы 
жоғары жəне байланыс арнасындағы электрлік параметрлері тұрақты 
болады,  сонымен  бірге  оның  дискретті  хабарларды  тарату  кезінде 
өткізгіштік қабілетін қолдану тиімді. 2. Елбасы «24.kz» телеарнасы 
Қазақ стан тарихында тұңғыш рет  тəулік бойы хабар тарататын арна 
ретінде ашылып отырғандығын, оның өнімдері қазақстандықтарды 
жақсы  хабарлармен  қамтамасыз  ететіндігіне  сенімділігін  білдіре 
келе, телеарна ұжымын толағай табыстарымен құттықтады. 3. Батыс 
өңірден байланысқа «Ақсай индустриялы паркі» ЖШС бас дирек-
торы  Марко  Кастанини  байланысқа  шығып,  Мемлекет  басшысына 
өзі  бас қаратын  кəсіпорын  жайынан  қысқаша  мағлұмат  бере  келе, 
өндіріс  жетекші  Еуропа  технологияларын  қолдану  арқылы  жұмыс 
істейтінін  жеткізді. 4. Құны – 1,5 миллиард  теңге  құрайтын  осы 
Жоба іске қосылғаннан бері, мұнда жаңа 125 жұмыс орны ашылып, 
электр жабдықтары жəне бақы лау аспаптары, жоғары технологиялы 
дəнекерлеу  жабдықтары,  алюминий  құрылыс-монтаждау  өнімдері 
шығары ла  бастады. 
773-тапсырма.  Аралас  құрмаластарды  салалас  жəне  сабақтас 
сөйлемдерге айналдырыңыздар.
 1. Халықаралық  байланыс  Одағы  үшін  дамыған  жəне  дамушы 
елдердің біріккен күші қажет, сонда телекоммуникацияның үздіксіз 
жəне  тұрақты  əлемдік  дамуын  тек  қана  бір  елдің  көмегімен  шек-
телмей,  сонымен  қатар  əрбір  ел  өз  үлесін  қосса  үлкен  жетістікке 
жетеді. 2. Павлодар облысындағы ірі жобалардың бірі – Екібас тұз – 
1 МАЭС-ы қайта жабдық талғаннан бері, стансада өндірілген электр 
қуаты  еліміздің  өзге  өңірлеріне  де  тасымалданады,  бұл  елімізде 
энергия тəуелсіздігі жолында жасалған  зор қадам болып табылады. 

207
 
3. Келесі кезекте теле көпір байланысына шыққан «Самұрық-Энерго» 
АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сəтқалиевтің Мемлекет басшы-
сына  таныстырып  өткеніндей,  қазіргі  кезде  қуаты 500 мегаваттық 
Екібастұз ГРЭС-1-дің №8 энергоблогы қалпына келтіріліп,  ол жаңа 
қарқынмен іске қосылғалы отыр. 4. Білім беру қызметтері жүйесінде 
енгізілетін корпоративтік инновациялық оқыту жобаларын жетілдіру 
мақсатында, «Қазақтелеком» АҚ өкілдері Мəскеу техникалық бай-
ланыс  жəне  информатика  университетінің  басшылығымен  жəне 
университеттің  профессорлық-оқытушылық  құрамымен  кездесіп, 
ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар саласы бойынша 
ынтымақтаса қызмет ету мəселелерін талқылады.
774-тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
тасымалдау – перенести
маңыздылығы– значимость
ұялы – мобильный
үрдіс – процесс
қызмет – служба
көпшілік – общество, масса
белсенді – активный 
аталған – названные
байланыс – связь
бағыттары – направления
 
775-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.
Электроника саласындағы жетекші компаниялар
Электроника  саласындағы  жетекші  компаниялар  теледидар 
бағдарламаларының  өндірісі  жəне  ақпараттық  технологиялар 
аумағындағы  шешімдер  бойынша  жұмыс  істейді.  Электрони-
ка  өндірісінің  негізгі  қызметтері  мен  ұялы  байланыс  бағыттарын 
көпшілікке таныстырады.
Бұл  компаниялар  қарым-қатынас  құралы  ретінде  электроника 
мен  компьютерлік  желілер  қатарына  кіреді.  Аталған  салалардағы 
бас ты  бағыттарды  ұстанады.  Олар  кооперация  үрдісіне  белсенді 
түрде қатысады. 
Ақпарат  құралдары  аумағында  аталған  компания  бір  жағынан 
инфраструктура, екінші жағынан маңызды құрылым ретінде жұмыс 
жасайды. 
Аталған топтың құрамына Жапониядағы ең ірі кабельді теледи-

208
дар операторы мен теледидар бағдарламаларын каналдарға топтас-
тыратын компаниялар кіреді. Олардың маңыздылығын қамтамасыз 
ететін кабельді теледидар операторы болып саналатын компания да 
осы құрамға кіреді.
Аталған компания компьютерлік желілер аумағында да белсенді 
рөл  атқарады.  Компаниялар  ақпараттық  технологиялар  аумағында 
бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ал МС коммуникация 
компаниясы ұялы байланыспен айналысады.
Электроника  аумағындағы  Самсунг  компаниясы  электрлік 
құрылымдарды Жапониядан Азияға тасымалдау қызметін атқарады. 
Сумитомо  компаниясы  электрлік  құрылымдарды  материалдармен 
қамтамасыз етеді. 
 776-тапсырма.  Берілген  сөздерді   ретімен   орналас тырсаңыз-
дар, мəтін мазмұнына сай сөйлемдерді оқисыздар.
1) A) бағыттарын; B) байланыс; C) таныстырады; D) көпшілікке. 
2) A) ұстанады; B) басты; C) бағыттарды; E) аталған. 
3) A) үрдісіне; B) белсенді; C) қатысады; D) кооперация; E) 
түр де.
4) A) ретінде; B) жасайды; C) жұмыс; D) маңызды; E) құрылым.
777-тапсырма.  Берілген  сөздерді  аудармасымен  сəйкестен-
діріңіздер.
1. Жетекші 
2. Негізгі 
3. Кабельді 
4. Маңызды 
5. Белсенді
A. важный 
B. активный 
C. главный
D. кабельный
E. ведущий
778-тапсырма.  Шылаулы  жəне  шылаусыз  бірнеше  аралас 
құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
 779-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақша аударып, 
сөйлемдерді толықтырыңыздар.
1. Жетекші компаниялар (телевидение) өндірісі бойынша жұмыс 
істейді. 2. (Мобильный) байланыс  бағыттарын  көпшілікке таныс-
тырады. 3. Электроника  мен   компьтерлік (сеть)  қатарына   кіреді. 
 

209
 
4. Олар кооперация (процесс) белсенді түрде қатысады. 
 Тірек сөздер: 1. Үдерісіне. 2. Теледидар. 3. Желілер. 4. Ұялы.
 
780-тапсырма. Мəтін мазмұнына сай тірек сөздерді пайдаланып, 
сұхбатты аяқтаңыздар.
1 Электроника  не  бойынша  жұмыс 
істейді?
A  инфраструктура жəне 
маңыз ды құрылым ретінде
2 Ақпарат құралдары қалай жұмыс жа-
сайды?
B Самсунг компаниясы
3 Электрлік  құрылымдарды  қай  ком-
пания  Азияға  тасымал дау  қыз ме тін 
атқарады?
C Технологиялар 
аумағындағы шешімдер 
бойынша.
4 Қай компания электрлік құрылым-
дар ды материалдармен қамтамасыз 
етеді?
D Сумитомо компаниясы 
 781-тапсырма. Берілген  тірек сөздердің  көмегімен  сөйлемдерді 
толықтырыңыздар.
1.  Теледидар  бағдарламаларын  каналдарға  топтастыратын 
компаниялар ... 2. Кабельді  теледидар  операторы ... . 3. Компания 
компьютерлік желілер аумағында белсенді рөл ... . 4. Компаниялар 
ақпараттық технологиялармен жұмыс ... .
 Тірек сөздер: 1. Атқарады. 2. Кіреді. 3. Істейді. 4. Болады.
 782-тапсырма. Мəтінде берілген сөздердің тіркесін табыңыздар.
1. жетекші 
2. ақпараттық 
3. ұялы 
4. компьютерлік 
5. кабельді 
 А. технология
 В. желі
 С. теледидар
 D. байланыс
 Е. компания
783-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
 

210
 784-тапсырма.  Мəтінді  қайта  оқып,  жоспарын  жасаңыздар. 
Жос пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
 
785-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Оларға тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
 786-тапсырма. Төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, элек-
троника  саласындағы  жетекші  компаниялар  жетістіктері  жайында 
өзара əңгімелеcіңіздер.
1.  Электроника  саласындағы  жетекші  компаниялар  туралы  не 
білесіздер?
2. Жапониядағы ең ірі кабельді теледидар жайында не білесіздер?
3. Самсунг компаниясы өнімдерінің сапасы қандай?
4. Сумитомо компаниясы туралы не білесіздер?
787-тапсырма.  «Электроника  саласындағы  жетекші  компания-
лар: өнімдері» тақырыбында эссе жазыңыздар.
788-тапсырма.  «Электроника  саласы  өнімдерінің  сапасы 
жəне  олардың  көпшілікке  қолжетімдігі»  тақырыбында  реферат 
дайындаңыздар.
 14.3. Лексикалық тақырып: 
Электрондық жəрмеңкелер 
Грамматикалық тақырып: Аралас құрмалас сөйлемдер
  Теориялық  блок.  Аралас  құрмалас  сөйлемдер  өзара  шылау сыз 
жəне  шылау  аралас  байланысады  да,  араларына  үтір,  қос  нүкте, 
сызықша,  нүктелі  үтір,  үтір  мен  сызықша  қойылады.  Мысалы, 
Университетте  үздік  оқысаң,  атаулы  стипендия  алуға  мүмкіндігің 
бар  жəне  академиялық  ұтқырлық  бағдарламасы  бойынша  шетелде 
оқи аласың. Еңбек қылмай тапқан мал дəулет болмас: қардың суы 
секілді тез суалар дегендей, қайда, кім болып қызмет істесеңіздер де 
адал болғандарыңыз жөн. Ағаш кессең, ұзын кес – қысқартуың оңай; 
темір кессең, қысқа кес – ұзартуың оңай.

211
 
 Тəжірибелік блок
789-тапсырма. Берілген аралас құрмаласты салалас жəне сабақ-
тас құрмаластарға айналдырыңыздар.
1. Sulpak компаниясы  əлемдік  жетекші  электроника  өндіруші-
лерінің 
ресми 
дистрибьюторы 
болып 
табылатындықтан, 
Қазақстандағы тұрмыстық техника мен электроника сату саласындағы 
ең  ірі  сауда  компаниясы  саналады:  оның  республиканың  Алма-
ты,  Астана,  Қарағанды,  Павлодар,  Атырау,  Ақтау,  Орал,  Өскемен, 
Шымкент, Тараз сияқты жəне басқа да 25 ірі қалаларында 52 дүкені 
орналасқан. 2. 2011 жылы. алғаш рет «Қазақтелеком» АҚ магистрлік 
бағдарламасы  енгізілді,  ол  6М071900 – «Радиотехника,  электро-
ника  жəне  телекоммуникациялар»  мамандығы  бойынша  Алматы 
энергетика  жəне  байланыс  университетінің  базасында  іске  асыры-
лады,  оның  бағдарлы  пəндерін  корпоративтік  оқу  орталығының 
мұғалімдері оқиды. 3. Көп жылдық, жемісті серіктестік пен дұрыс 
жолға қойылған тікелей жеткізу каналдарының арқасында, компания 
жоғары  сапалы  техниканы  арнайы  шарттармен  алады,  бұл Sulpak 
дүкендерінде тұтынушыларға қолжетімді бағалар қоюға мүмкіндік 
береді. 4. Олар бізге жай ғана компания қызметкерін оқыту үдерісін 
пысықтауға емес, жалпы қазіргі заманғы технологияларды қолдана 
отырып, оқу жəне оның мазмұнына деген көзқарастың өзін дəйекті 
түрде өзгертуге көмектеседі.
790-тапсырма.  Аралас  құрмаластарды  жай  сөйлемдерге 
айналдырыңыздар.
 1. 2010 жылы  қазақстандық  нарық  үшін HiTechnic жаңа  жоба-
сы  іске  қосылғаннан  бері,  оның  аясында Sulpak дүкендерінде  ірі 
тұрмыстық техника, үй кинотеатрлары мен плазмалық панельдерді 
жеткізу, орнату жəне қызмет көрсету, сондай-ақ ДК мен телефондарға 
арналған бағдарламалық жабдықтаманы орнатуды жүзеге асыратын 
сервистік  қызметтер  ашылды. 2. «Есентай»  заманауи  сауда-саттық 
орталығының  аумағында  тұрмыстық  техника  мен  электроника  са-
татын  «Сұлпак»  көркем  гипермаркеті  ашылғаннан  бері,  ауданы 
1650  шаршы  метрді  құрайтын  алаңда  өнімнің  кең  ассортименті 
ұсынылған:  əлемдік  жетекші  сауда  маркаларының  аудио-видео, 
тұрмыстық  жəне  кеңселік  техникалары,  сондай-ақ  электроника 
əлемінің жаңалықтары: заманауи үлгідегі электртауарлар сатылады. 

212
3. Сұлпак қызметкерлері барлығын бүге-шігесіне дейін ойластыруға 
ұмтылған:  олар  тұтынушыларға  ыңғайлы  навигация,  тауарлар-
ды  қоюдың  сапалы  технологиясын,  сатып  алатын  тауарды  сынап 
көру мүмкіндігін жасаған, сондай-ақ көптеген қосымша қызметтер 
жиынтығын  ұсынады. 4. Сұлпак  қызметкерлерінің  сөзімен  айтсақ, 
олардың  алға  қойған  негізгі  міндеті – сүйікті  тұтынушыларының 
өмірін  жайлы,  қызықты  жəне  мазмұнды  ете  отырып,  оны  одан 
жоғары жақсартуға ұмтылу.
791-тапсырма.  Шылаулы  жəне  шылаусыз  бірнеше  аралас 
құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
 792-тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
жəрмеңке – ярмарка
жоба – проект
кезең – период, время
жетілдіру – совершенствовать
өнім – продукция
тəжірибе – опыт
үлгі – модель 
сынақтық – экспериментальный
өндіру – производить
келісім шарт – договор 
793-тапсырма.Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге
 тырысыңыздар.
Электрондық жəрмеңкелер
Электрлік құрылымдар мен жүйелер өндірісі электроника инду-
стриясы саласы ретінде жаңа кезеңдерін бастан өткеруде. Сон дай– 
ақ, бұл салада жоғары сапалы құрылымдар пайдаланылған жаңа тех-
нологиялар үрдісі орын алуда. 
Басқа  өндіріс  салалар  секілді  электроника  өндірісі  де  дамудың 
кезеңдерін  өткеруде.  Осыдан  он  жыл  бұрын  бұл  салада  электрлік 
заттардың  жаңа  үлгілерін  дайындау  мен  өндіру  қолға  алынған  бо-
латын.  Ал  бүгінгі  таңда  автоматтандырылған  құрылым  жобалары 
бар электр құрылғыларын дайындап, өндіретін ірі фирмалар жұмыс 
істеуде.  Жеке  өндіріс  орындарындағы  инвестиция  қоры  ондаған 
миллион  долларды  құрайды.  Бұл  аталған  жаңа  өндіріс  орындары 
барлық өндіріс үрдістерін толық автоматтандырған кешенді жобалар 
болып табылады. 
Электрондық  жəрмеңкелер  электрониканың  негізгі  бір  саласы 

213
 
ретінде жоғары технологияның индустрия заңдары негізінде дамып 
келеді. Электроника саласындағы жəрмеңкелер нарық пен өндірісті 
дамытып,  болашақтағы  өндіріс  құрылымы  мен  технологиясын 
жетілдіру үстінде. 
Электрондық  жəрмеңкелерге   қатынасушылар  өздерінің тəжіри-
бе ден      өткен  жүйелері  мен  құрылымдарын,  автоматтандырылған 
жинақтық өнімдер мен сынақтық өлшемді қондырғыларын халыққа 
ұсынады.  Аталған  қондырғыларды  көріп  қана  қоймай,  белгілі 
мақсаттарға қолданып көруге де болады. Сондай-ақ, келісім шартқа 
отырып,  керекті  құрылғылар  мен  материалдарға  тапсырыс  беруге 
болады. 
794-тапсырмаБерілген сөздерді ретімен орналастыру арқылы 
мəтін мазмұнына сай сөйлемдерді оқи аласыздар.
1)  A)  қор; B) құрайды; C) миллионды; D) орындарындағы; 
E) өндіріс. 
2) A) өндірісі; B) өткеруде; C) электроника; D) кезеңдерін; 
E) дамудың.
3) A) жəрмеңкелер; B) электроникадағы; C) нарықты; D) дамыт-
ты; E) өндірісті. 
4) A) ірі; B) жұмыс; C) істеуде; D) өндіруші; E) фирмалар.
 795-тапсырма.  Берілген  тірек  сөздерді пайдаланып, мəтін маз-
мұны бойынша сұхбатты аяқтаңыздар.
1 Электрлік құрылымдар қандай кезеңді бастан 
өткерді?
A  Он жыл бұрын
2 Электрлік заттардың үлгілерін өндіру қашан 
қолға алынды?
B Тасымалдау мен 
даму
3 Электроника саласындағы жəрмеңкелер нені 
дамытты?
C
Ондаған 
4 Жеке өндірістегі қор қанша доллар?
D
Нарық пен 
өндірісті
 796-тапсырмаМəтін мазмұны бойынша алынған тірек сөздер-
дің көмегімен сөйлемдерді толықтырыңыздар.
1.  Электроника  өндірісі  де  дамудың ... өткеруде. 2. Бұл  сала-
да  электрлік  заттардың … дайындау  қолға  алынған. 3. Ав томат-

214
тандырылған  құрылым  жобалары  бар  электр … дайындайды.
4.  Өн діріс … толық  автоматтандарған  кешенді  жобалар  болады. 
5. Жəр меңкеге қатынасушылар өлшемді қондырғыларын халыққа ... 
6. Аталған қондырғыларды халық ... . 7. Керекті материалдарға тап-
сырыс беруге ... . 8. Инвестиция қоры ондаған миллион долларды ... .
  Тірек  сөздер: 1. Ұсынады. 2. Құрайды. 3. Көреді. 4. Болады. 
5. Үлгілерін. 6. Үрдістерін. 7. Кезеңдерін. 8. Құрылғыларын.
797-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
798-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
799-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Оларға тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
800-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды    пайдалана  отырып, 
бүкіл əлемдік  электрондық  жəрмеңкелер  жайында өзара əңгіме     -
леcіңіз   дер.
1Электроника саласындағы жетістіктер туралы не білесіздер?
2. Электрондық жəрмеңкелер дегеніміз не, олар қалай өтеді?
3. Электрондық жəрмеңкелерді ұйымдастыру мақсаты неде?
4. Электрондық жəрмеңкелерді ұйымдастырудың пайдасы неде?
801-тапсырма.  «Электрондық  жəрмеңкелер – өнімдерді 
жар 
   
намалаудың  негізгі  бір  саласы»  тақырыбында  эссе  дайын-
даңыздар.

215
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...