Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Б. Жақсылықова кəсіби қазақ тілі

Loading...


Pdf көрінісі
бет16/20
Дата02.04.2020
өлшемі1.41 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

 

190
718-тапсырма.  Мəтінді  қайта  оқып,  жоспарын    жасаңыздар. 
Жос пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
 719-тапсырма. Мəтін ішіндегі қарсылықты бағыныңқы сөйлемді 
тауып, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
720-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер.  Əр  абзацқа  тақырып  беріп,  мазмұнын  қосымша 
ақпаратпен толықтырыңыздар.
721-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
еліміздегі  байланыс  жүйесінің  даму  жолы,  жетістіктері  жайында 
өзара əңгімелеcіңіздер.
1Телекоммуникация саласы дегеніміз не?
2. Елімізге телекоммуникация қай кезеңнен ене бастады?
3. Телекоммуникация қызметіне нелер жатады?
4. Телекоммуникация желісі деп нені атайды?
5. Телекоммуникация қандай салалармен тығыз байланысты?
 722- тапсырма. «Модельді телекоммуникация жəне сандық бай-
ланыс жүйесі» тақырыбында өзара ой бөлісіңіздер.
723-тапсырма.  «Еліміздің  ұялы  байланыстар  көшбасшысы» 
тақырыбында эссе жазыңыздар.
724-тапсырма.  Сөз  тіркестерімен  қарсылықты  бағыныңқылы 
сөйлемдер құрастырыңыздар.
 1. Ақпараттық қызмет. 2. Барлық түрі. 3. Қашықтықтан алмасу. 
4.  Технологиялар  жиынтығы. 5. Компьютердің  көмегімен. 6. Қоз-
ғалмайтын бейне. 7. Халықты қамтамасыз ету. 8. Байланыс кабелі. 9. 
Тарататын жабдықтар. 10. Орналасу ұстанымы. 11. Телекоммуника-
ция желісі. 12. Бір-біріне тəуелді.
725-тапсырма. 
«Телекоммуникация 
саласының 
бүгінгі 
жетістіктері» тақырыбында баяндама дайындаңыздар.

191
 
13.2. Лексикалық тақырып: 
Халықаралық Электрбайланыс Одағы
Грамматикалық тақырып: Қарсылықты бағыныңқылы сабақ-
тас құрмалас сөйлемдер
 
 Теориялық блок. Баяндауыштары  көмектес жалғаулы есімшеден 
-ған + мен, -гене + мен;-ша, -ше жұрнақты есімшеден -ған + ша, -ген 
+ ше; тəуелді жалғаулы есімшеден кейін болмаса көмекші етістіктің 
-ғаны  болмаса, -гені  болмаса;  шығыс  жалғаулы  есімшенің  болым-
сыз  түрінен  -ған+да, -ген+де, -қан+да, -кен+де  жалғануы  арқылы 
жасалып,  қайткенмен?  не  еткенмен?  қайтсе  де?  не  етсе  де? 
қайте тұра? не ете тұра? қе еткені болмаса? қайткені болмаса? 
не  еткенше?  қайткенше?  сұрақтарына  жауап  беретін  қарсылықты 
бағыныңқылы сөйлемдер. 
 Тəжірибелік блок
726-тапсырма.  Берілген  қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтас 
сөйлемдердің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1. Əлемдік  экономиканың  ойнамалы болып тұрғанына қара мас-
тан,  сыртқы  нарықта  Қазақстан  эко  номика сы ның  оң тайлы    өсімі 
қам тама сыз    етілген. 2. Қаңтар-маусым    айлары    аралы ғындағы 
инфляция дең гейі  2,7 пайызды құрағанына қарамастан, макро эко-
номикалық  тұрақ тылық   сақталып   отыр. 3. «Жұмыспен қамту–2020» 
бағдар ла ма сына  қосымша жаңа  «Ауылдық елді мекендерді дамыту»  
бағыттары енгізі ліп отырса да, шалғайдағы ком му налдық, көлік  жəне 
əлеуметтік  құры лым дарды,  сонымен  бірге    емдеу  амбу ла ториялық  
жəне    фельдшерлік-акушер лік  пункттерді    əлі  де  дамыту  қажет. 
4. Рес  публика  бойынша 40 мыңға жуық адам оқытылса да, олардың 
жартысы  ғана  жұмыспен  қамтылған. 5. Елдің  индустриялық-
инновациялық  бағдарламасы  негізінде  біраз  іс-шаралар  атқарылса 
да,  Жолдаудағы  тапсырманы  орындау  қар қыны  мен  сапасы  əлі  де 
болса  көңілге  қонарлықтай  емес. 6. Елімізде  отандық  ғалымдар 
жаңа  технологияға  негізделген  өнертабыстарын  ұсынып  жатса  да, 
оларды жуық арада сынақтан өткізуге жəне қаржыландыруға үкімет 
асықпай отыр. 

192
727-тапсырма.  Сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің  құрамындағы 
жай сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1. Бүгінгі Қазақстан инновацияны сенімді түрде енгізіп, заманауи 
кəсіп орын дарды ашуда. 2. Бизнестің даму бағытының жаңа серпіні 
нəтижесінде «Doing business» халықаралық  рейтин гін де  Қазақстан 
58-орыннан 47-орынға  көтеріліп,  өз  позициясын  жақсартқаны  да 
осы игілікті жобалардың толымды табысы деуге болады. 3. Қаржы 
рыногында  депозиттердің  14,8 пайызға  өскен дігі  байқалып,  неси-
елер  саны 17,4 па йыз ға  артқан. 4. Ұлттық  қордың  қаржы сын  қоса 
есептегенде еліміздің халық ара лық резервтері жыл басынан бері  12,9 
миллиард АҚШ долларына артып, 85,9 миллиард доллар қаржыны 
құра ды. 5. Республикалық бюджет кірісі  2,7 триллион теңгені құрап, 
бүгінде 25,5 пайызға артып отырса, шығыстар 2,4 триллион тең геге 
жетіп, 19,5 пайызға өсті. 6. Жаңа телекоммуникациялық  құрылғы-
лар  адамдардың  сөйлесуін  байланыс  арқылы  іске  асырып,  барлық 
елдердің  мəдени  жəне  əлеуметтік  тұрғыда  бірігуіне  əкелуі  қажетті 
шарт  болып  табылады. 7. Бүгінгі  таңда  телекоммуникация  жалпы 
адамзаттың дамуының элементі деп қарастырылып отырғандықтан, 
базалық телекоммуникация қызметіне əмбебап қолжетімділік бүкіл 
ел үшін бастапқы мақсат болып отыр. 8. Баяндамашы ның айтуын-
ша,  əлем дік  нарықтағы  қатаң  бəсекелестік  жағ дайын  əрі  шектеулі  
ресурс тарды  есепке  ала  отырып,  сектордың  шағын  тізбесіне 
шоғырлану  қажет. 9. Өйткені 2  жылдың  ішінде  министрлік 
бағдарламадағы  бар лық  салаларды,  олардың  экспорттық  əлеуе тін, 
еңбек  нарығына  əсерін  барынша  жан-жақты  зерделеп,  нəтиже сін-
де    басым  салалардың  негізгі  тобын  бөле-жара  қарастырып  отыр. 
10.  Экономикалық  даму  жəне  сауда  министрі  Бақытжан 
Сағынтаев  пен  Индустрия  жəне  жаңа  технологиялар  министрі 
Əсет  Исекешевтің  баяндамалары  тыңдалған  соң,  кезек  жалпы-
ұлт тық  телекөпірге  берілді. 11. Санды  теледидар – бейне  жəне 
дыбыстың жоғары сапасының көрсеткіші болғандықтан, жаңа жоба 
көпарналы  хабар  таратуға  əрі  ұлттық  желілік  ресурстарын  тиімді 
пайда ла ну ға  жол  ашады. 12. Екінші  кезеңде  еліміздің 13 об-
лыс  орталығы  мен  шекаралық  аймақтар  сандық  байланысқа 
көшетіндіктен, 2015 жылға дейін елді ме кендердің 95 пайызы санды 
теледи дарға қол жеткізеді. 

193
 
728-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше  қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
729-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
 730 - тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
Одақ – Союз
үйлестіру – координировать
жолданған – направленный
зерделілік – определить
елестету – представить
өндірілетін – производимый 
саты – ступень
ғаламдандыру – глобализация
тіркеу – регистрировать
дербестендіру – персонализация
731-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.
Халықаралық Электрбайланыс Одағы
 Қазір ғылым мен техника салаларының жетістіктерін қолданбай 
электронды  жүйелерімен,  радиобайланыс  жəне  телекоммуника-
циялар  жүйелерімен  айналысатын  өмірдің  саласын  атау  мүмкін 
емес.  Бұл  салада  жетістіктер  таң  қалдырғандай:  жылжымалы 
жəне  жерсеріктік  байланысы,  радиохабар  жəне  теледидар,  ақпарат 
жүйелері, ғаламдық Internet желісі – осыларсыз қазіргі өмірді еле-
стету мүмкін емес. Осының бəрі – радиотехника, электроника жəне 
телекоммуникациялар саласының жетістіктері.
  Барлық  мемлекеттегі  құрастырылатын,  өндірілетін  жəне  пай-
даланылатын  телекоммуникация  жабдықтарының  параметрлерін 
үйлестіру  жəне  телекоммуникация  саласының  даму  сатысын 
анықтау  мəселесімен  Халықаралық  Электрбайланыс  Одағы  (ХЭО) 
айналысады. ХЭО-ның мақсаты шартараптық ақпараттық құрылым 
жасау жəне соның нəтижесінде телекоммуникацияны ғаламдандыру, 
дербестендіру. 
  Ғаламдандыру – əлемдік  (шартараптық)  желі  құрып,  оған 
барлық  мемлекеттердің  жəне  олардың  аймақтық,  абоненттік 
желі лерін  ин теграциялау.  Дербестендіру – UPT (Unіversal 

194
Personal Telecommunіcatіon)  тұжырымдамасы  бойынша  дүние 
жүзіндегі  адамдардың  барлығына  дүниеге  келісімен  дербес  нөмір 
тағайындалып,  əлемдік  желіге  тіркеледі,  ал  жолданған  ақпарат 
абонентін  іздестіру  желі  қызметінің  зерделілігінің  көмегімен  авто-
матты түрде орындалады. 
732-тапсырма.  Сөз  тіркестерімен  қарсылықты  бағыныңқылы 
сөйлемдер құрастырыңыздар.
 1. Техника  салаларының. 2. Жетістіктерін қолдану. 3. Өмірдің 
саласы. 4. Өндірілетін    жабдықтар. 5. Ғаламдық  Internet  желісі. 
6.         Даму саты сы. 7. Параметрлерін үйлестіру. 8. Абоненттік желі  лер. 
9. Шартараптық ақпараттық құрылым. 10. Дербес нөмір. 
733-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  қажетті  сөзді  қойып, 
сөйлемдерді толықтырыңыздар. 
 1. Қазір  ғылым  мен  техника  жетістіктерін  қолданбайтын ... са-
ласын атау мүмкін емес. 2. Бұл салада ... таң  қалдырғандай. 3. Осы-
ның  бəрі – радиотехника,  электроника  жəне  телекоммуникация-
лар ... жетістіктері. 4. Халықаралық  Электрбайланыс  Одағының ... 
шартараптық    ақпараттық  құрылым  жасау  жəне  соның  нəтижесінде 
телекоммуникацияны ғаламдандыру, дербестендіру. 5. Ғаламдандыру – 
əлемдік желі құрып, оған барлық ... жəне олардың аймақтық, абоненттік 
желілерін  интеграциялау. 6. Дербестендіру  бойынша  дүние  жүзіндегі 
... барлығына дүниеге келісімен дербес нөмір тағайындалып, əлемдік  
желіге тіркеледі. 
  Тірек  сөздер:  1.  Жетістіктер. 2. Өмірдің. 3. Мақсаты. 4. Адам-
дардың. 5. Мемлекеттердің. 6. Саласының. 
 
734-тапсырма. Берілген сөздерді орысша баламасымен сəйкес-
тендіріп, жазып алыңыздар. 
іздестіру
без них
зерделілік
выполняется
орындалады
итог, результат

195
 
мақсаты
концепция
нəтиже
способность
тұжырымдамасы
искать
осыларсыз
цель
735-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
736-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
737-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Оларға тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
738-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
əлемдік  телекоммуникация  саласының  бүгінгі  жетістіктеріне 
Халықаралық  Электрбайланыс  Одағының  ықпалы  жайында  өзара 
əңгімелеcіңіздер.
1Халықаралық Электрбайланыс Одағы дегеніміз не?
2. Халықаралық Электрбайланыс Одағының мақсаты не?
3. Телекоммуникациялар жүйелерін ғаламдандыру дегеніміз не?
4. Телекоммуникациялар жүйелерін дербестендіру дегеніміз не?
5.Телекоммуникация  саласының  жетістіктері  туралы  не 
білесіздер?
739-тапсырма. 
«Халықаралық 
Электрбайланыс 
Одағы 
қызметінің маңызы мен мəні» тақырыбында эссе жазыңыздар.
13.3. Лексикалық тақырып: Телекоммуникация желілері
Грамматикалық 
тақырып: 
Қарсылықты 
бағыныңқылы 
сабақтас құрмалас  сөйлемдер
 
 Теориялық блок. Баяндауыштары көсемшенің болымсыз түрінен 
-ма+с+ -тан, -ме+с+- тен; көсемшеден кейін -а, -е, -й тұра көмекші 
 

196
етістігінің өте тұра, бара тұра; шартты райдан кейін -са да, -се де 
жалғануы арқылы жасалады да, қайткенмен? не еткенмен? қайтсе 
де?  не  етсе  де?  қайте  тұра?  не  ете  тұра?  қе  еткені  болмаса? 
қайткені  болмаса?  не  еткенше?  қайткенше?  сұрақтарына  жауап 
беретін қарсылықты бағыныңқылы сөйлемдер. 
 Тəжірибелік блок
740-тапсырма.  Берілген  қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтас 
сөйлемдердің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1. ІР TV жаңа телеарна қызметінің Қазақстан нарығында пайда 
болғанына  көп  уақыт  өтпегеніне  қарамастан,  оны  пайдаланушлар 
саны өте көп. 2. Жаңа қызмет түрінің бағасы 400 теңгеден 2000 теңге 
аралығында болса да, мамандардың айтуынша, ол дəстүрлі серіктік 
жəне  кабельді  телеарнаның  болашақтағы  алмастырушысы  болмақ. 
3. Əзірше, бұл қызмет түріне Қазақстанның аймақтық тұрғындары 
аса  қызығушылық  танытып  отырмаса  да,  мамандар  бірте-бірте 
серіктік жəне кабельді телеарна қызметін басып озатынына сенімді. 
4. Ұлттық санды хабар таратудың жаңа технологиясы біздің елімізге 
де келгеніне қарамастан, бұл бар лық тұтынушыларға əлі қолжетімді 
емес көрінеді. 5. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін əр түрлі 
əдістердің молдығына қарамастан, хакерлер кез келген компанияның 
ақпараттық  жүйелерін  оңай  бұзып  жүр. 6. Компьютердің  адам 
ағзасына  залалын  тигізетін  факторлардың  денсаулыққа,  жүйке 
жүйесіне  зақым  келтіретінін  біле  тұра,  еркінен  тыс  компьютерге 
тəуелді болып «байланатын» құмарпаздар саны жетіп артылады. 
741-тапсырма.  Сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің  құрамындағы 
жай сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1. Отандық 32 телеарна мен 5 радиоарна сигналы еліміздегі елді 
мекендерге жоғары санды сапамен жеткеннен кейін, санды эфирлік 
теледидар  алдымен  Астана,  Алматы,  Жезқазған  жəне  Жаңаөзен 
қалаларын  қамтитын  болады. 2. Сапалы  телесигнал  алу  үшін  або-
нентке  арнайы  құрал  орнатқан  соң,  сол  арқылы  барша  қазақ стан-
дықтар отандық 30 телеарнаны тегін тамашалай алады. 3. Еліміздің 
Астана, Алматы, Қарағанды, Жаңаөзен жəне Жезқазған қалаларында 
эфирлік санды телевизия іске қосылған соң, бес қала тұрғындардың 
жоғары  сапалы  теледидарды  көруіне  мүмкіндік  беретін  ең  озық 

197
 
технологиялар  пайда ла нылған  жабдықтармен  қамтамасыз  етілді. 
4.  Еліміз  алғашқылардың  бірі  болып  жаңа DVB Т2  стандартын 
енгізгеннен бері, санды теледидар енгізу жө ні нен əлемнің алдыңғы 
қатарлы мем ле кеттерінің санатында келеді. 5. Келесі кезекте Жене-
вадан Халықаралық электробайланыс одағының төрағасы Хамадун 
Туре мырза байланысқа шығып, Елбасын Халықаралық электробай-
ланыс  одағы  атынан  Қазақстанда  Ұлттық  санды  телехабар  тарату 
жүйесінің  іске  қосылғанымен  құттықтай  келіп,  Президентке  жəне 
барша  қазақстандықтарға  табыс  пен  өркендеу  тіледі. 6. Хамадун 
Туре  мырза  сөзін  қорытындылай  келе,  Қазақстан ның  санды  хабар 
тарату технологиясына ойдағыдай өтетіндігіне сенетіндігін білдірді. 
742-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше  қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
743-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған  бір-
неше сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
 744-тапсырмаБерілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
кеңінен – широкое
заманауи – современные
алғаш – впервые
қашықтан – дистанционно
дестелеп – складывая
ұғым – понятие 
арнаулы – специальный
жалпы – общее, общий
қатысты – связанный
арақашықтық – расстояние
745-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.
Телекоммуникация желілері
 Соңғы жылдары телекоммуникация жүйелері жəне байланыс са-
ласы жедел қарқынмен дамуда. Олардың өзара тығыз байланыстағы 
жұмыс  бағыты  телекоммуникация  желісі  деп  аталады.  Теле-
коммуникация  желілеріне  радио,  теледидар,  телефон  желілері 
жəне  компьютерлік  желі  жатады.  Радио  жəне  теледидар  желілері 
тұтынушыларға ақпаратты бір жақты, кеңінен (желіден абоненттер-
ге) тарату қызметін атқарады. 

198
  Телекоммуникацияның  ең  алғаш  құрылған  желісі – телеграф 
желісі. Қазіргі телекоммуникация саласындағы ғылыми-техникалық 
жетістіктер аналогты сигналдарды (дыбыс пен бейне) цифрлап, ал 
цифрланған сигналдарды дестелеп таратудың мүмкіншіліктерін іске 
асырды.
  Телекоммуникация (Telecommunications) — компьютерлік 
жүйелер  мен  заманауи  техникалық  электрондық  байланыс 
құралдары  негізінде  телефон  желілері,  спутниктік  байланыс  жəне 
т.б. арқылы мəліметтерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; 
жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио 
арқылы мəліметтер алмастыруға арналған қатынас). Телефон жүйесі 
арқылы  ақпарат  жеткізу;  арақашықтық  байланыс;  мəліметтерді 
арақашықтыққа жіберу жүзеге асады.
746-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  қажетті  сөзді  қойып, 
сөйлемдерді толықтырыңыздар.
 1. Соңғы жылдары телекоммуникация жүйелері жəне байланыс 
саласы жедел ... дамуда. 2. Олардың өзара ... байланыстағы жұмыс 
бағыты телекоммуникация желісі деп аталады. 3. Радио жəне теле-
дидар  желілері  тұтынушыларға  ақпаратты  біржақты, ... тарату 
қызметін атқарады. 4. Телекоммуникацияның ең ... құрылған желісі 
– телеграф желісі. 5. Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу, ... бай-
ланыс, мəліметтерді арақашықтыққа жіберу жүзеге асады.
 Тірек сөздер: 1.  Арақашықтық.  2. Алғаш. 3. Тығыз.  4.  Кеңінен. 
5. Қарқынмен. 
747-тапсырма.  Мəтіннен  етістіктерді  теріп  жазып,  жасалу  жо-
лын түсіндіріңіздер.
  Үлгі:  атқарады – атқару + -а  (жұрнақ) + - ды ( 3-жақ  жіктік 
жалғауы).
748-тапсырма.  Берілген  сөз  тіркестерін  қолдана  отырып, 
қарсылықты бағыныңқылы сөйлемдер құрастырыңыздар.
 1. Телекоммуникация  желісі. 2. Байланыс  саласы. 3. Заманауи 
құралдар. 4. Тұтынушылар сұранысы. 5. Қашықтан жеткізу. 6. Ана-

199
 
логты сигналдар. 7. Дестелеп тарату. 8. Тығыз байланыста. 9. Жал
  
пы 
ұғым. 10. Жеткізуге қатысты.
 749-тапсырма. Сөздікті қолдана отырып, мəтінде кездес кен кəсі-
би ұғымдар мен терминдердің түсіндірмесін дəптерге жазыңыздар.
 750-тапсырма.  Мəтінді  қайта  оқып,  жоспарын  жасаңыздар. 
Жос пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
 751-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Оларға тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
 752-тапсырма. Төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, зама-
науи  техникалық  байланыс  құралдары,  олардың  қызметі  жайында 
өзара əңгімелеcіңіздер.
1Елімізде телекоммуникация жүйелері қалай дамуда?
2. Телекоммуникация желілеріне нелер жатады?
3. Ең алғашқы телекоммуникация желісі туралы не білесіз?
4. Телекоммуникация жүйесі арқылы нелерді жүзеге асырамыз?
753-тапсырма.  «Когнитивті  радио  технологиясы  негізінде 
телекоммуникациялық  сымсыз  байланыс  жүйесін  дамыту» 
тақырыбында эссе жазыңыздар.
754-тапсырма. 
«Телекоммуникация 
жүйесінің 
еліміздің 
экономикалық  дамуындағы  орны»  тақырыбында  баяндама  дайын-
даңыздар.

200
14-Модуль Электроника жетістіктері
 
14.1. Лексикалық тақырып: Электрондық аспап түрлері
Грамматикалық тақырып: Аралас құрмалас сөйлемдер
 Теориялық блок. Аралас құрмалас сөйлемдердің құрамында кем 
дегенде үш сөйлем, бір-бірімен салаласа жəне сабақтаса байланыса-
ды. Мысалы, Ток көзіне қосылғанына қарамастан, ұялы телефонның 
экраны  қосылмады.  Принтердің  бояуын  жаңадан  толтырса  да, 
документті  сапасыз  басып  шығарды.  Сəуле  университеттегі  озық 
студенттердің  қатарында  болса  да,  атаулы  стипендия  алуға  іліге 
алмады.  Түні  бойы  компьютердің  алдында  жұмыс  жасағанына 
қарамастан,  Анар  шаршамаған  сыңай  білдірді.  Сəнім  онлайн 
олимпиадаға қатысқаны болмаса, жүлделі орын ала алмапты.
 Тəжірибелік блок
755-тапсырма.  Берілген  аралас  құрмалас  сөйлемдердің  қалай 
байланысқанын түсіндіріңіздер.
1.  Ал  аналогты    сигналдарды    цифрлап,  ал    цифрланған 
сигнал          дар                     ды  дестелеп  таратайын  десеңіз,  қазіргі  телекомму-
никация  саласындағы  ғылыми-техникалық  жетістіктерді  ұтым-
ды  қолдану  мүмкіншіліктері    жеткілікті. 2. Таралым  орта-
сы  (мысалы,  Интернет)  сенімсіз    болса,  сіз    өзіңіздің    сезімтал 
файлдарыңызды 
шифр лау 
үшін 
криптографияны 
қолдана  
ала сыз,  сонда  басқа  адамның  оны  түсіну  мүмкіндігі  азая-
ды    жəне    деректердің  құпиялығын  сақтау  қамтамасыз    етіледі. 
3. RSA ортақ  кілт  криптографиясы  немесе  ассиметриялы  крип-
тография  ретінде  танымал,  себебі  ол  кілттің  екі  түрін  қолданады: 
ортақ  жəне  жеке  кілт. 4. Кілттер  математикалық  комбинациялары 
тұрғысынан  өзара  байланысты,  егер  олардың  біреуінің  қолдануын 
білмесеңіз, екіншісін шығара алмайсыз. 5. Үйіңізге IP TV техноло-
гиясы  қызмет түрін орнату арқылы  сіз  көптеген  мүмкіндіктерге 
қол  жеткізесіз:  қалаған  фильміңізге,  арналарда  жүріп  жатқан 
бағдарламаларға  сұрау  жасап,  қалаған  уақытта  оны  көре  аласыз. 
6.  Мұн дай  интерактивті  қызмет  тұтынушы  мен  қызмет  көрсетуші 
арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді, егер сіз бейне-
таспа түсірсеңіз, оны көрермендердің назарына ұсына аласыз.

201
 
756-тапсырма.  Аралас  құрмаластарды  салалас  жəне  сабақтас 
сөйлемдерге айналдырыңыздар.
1.  Имитациялық  модельдеудің  негізгі  артықшылықтарының 
бірі,  онымен  зерттелетін  күрделі  жүйелер  кері  элементтерден 
тұратындығында, егер  олардың  бірі  үздіксіз əрекетті болса, екіншісі  
дискретті болып келеді. 2. Қазіргі заманғы компьютерлердің басым 
бөлігінде  алға  қойылған  мəселе  əуелі  математикалық  терминдер-
де  сипатталады,  бұл  кезде  барлық  қажетті  ақпарат  екілік  жүйеде 
(бір  жəне  ноль  ретінде)  көрсетіледі,  содан  кейін  оны  өңдеу  үшін 
қарапайым  логика  алгебрасы  қолданылады. 3. Іс  жүзінде  барлық 
математикалық  есептерді  нөлдік  операциялар  жиынына  айнал-
дыруға    болатындықтан,  жылдам    жұмыс    жасайтын  электронды 
компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты 
басқару  есептерінің  көпшілігін  шешу  үшін  қолдануға  болады. 
4. Екі жылдың ішінде министрлік бағдарламадағы бар лық салаларды 
анықтап, олардың экспорттық əлеуе тін, еңбек нарығына əсерін ба-
рынша жан-жақты зерделеп, нəтиже сін де  басым салалардың негізгі 
тобын  бөле-жара   қарастырып  отыр. 5.  Санды хабар тарату жүйе-
сінің  іске  қосылуы  еліміздің  көптеген  аймақтардың  тұрғындарын 
да  қуанышқа  бөлесе  керек,  сəлден  кейін  Алматы  облысындағы 
Балтабай  ауылының  тұрғыны  Бақыт  Қалиева  байланысқа  шығып, 
Елбасыға  өзінің  шексіз  алғысын  жеткізді. 6. Телекөпір  арқылы 
тікелей  байла нысқа  шыққан «24.kz» телеарнасының  директоры 
Александр Аксютиц арнада тек отандық телеөнімдер ғана көрсе ті-
летіндігін,  ұжым  əлемдегі  жетекші  телерадио  корпорацияларында 
арнайы дай ын дықтан өткенін айта келіп, Президенттен телеарнаның 
тестілеу хабарларын таратуға кірісуге рұқсат беруін өтінді.
757-тапсырма.  Берілген    сөйлемдермен    аралас  құрмалас  сөй-
лем дер құрастырыңыздар.
 1. Dell үстел компьютерлері, жиынтықтаушылар мен оргтехни-
ка  бизнес  алдында  тұрған  қиын  тапсырмаларды  шешуге  арналған. 
Ол  сенімділік  пен  өнімділік  сияқты  уникалды  үйлесімділігімен 
ерекшеленеді. Dell құралы  дамып  жатқан  кəсіпорындардың 
қажеттілігін  қанағаттандыруы  мүмкін  басқарудың  ауқымды 
мүмкіндіктері  мен  жоғары  өнімді  процессорлармен  тұрақты 

202
жұмыс  іс тей тін  жүйені  ұсынады. 2. Қазіргі  кезде HP компаниясы 
сандық  фотография,  басып  шығарушылар,  КФҚ,  плоттерлер,  ска-
нерлерден бастап өндірістік мөр жүйелеріне дейін оргтехника мен 
жиынтықтаушылардың  ауқымды  спектрін  ұсынады.  Эстетикалық 
дизайн мен инновациялық технологияларды қолдану арқылы  Apple 
электроника  тұтынушылары  индустриясында  бірегей  беделге  ие 
жəне  баршаға  танымал.  Ол  өнімнің  ауқымды  түрлерін  шығарады: 
дербес  жəне  планшетті  компьютерлер,  аудиоплеерлер,  телефон-
дар  жəне  тағы  басқалар. 3.  Lenovo  өнімі  ғылыми-зерттеу  жəне 
конструкторлық  жұмыс  саласындағы  жетекші  əзірлемелермен 
ерекшеленеді. Lenovo нарыққа дербес компьютерлер мен құралдар 
тарихында ең қажет инновацияның бірін енгізді. Ол өз өнімдерінде 
пайдаланылатын конструктивтік шешімдер үшін сансыз марапаттар 
алды. 4. Motorola мақсаты – бизнесті ұтымды жүргізу жəне маңызды 
тапсырмалардың  шешімін  табу.  Ол  мекемелерге,  ұйымдарға  жəне 
мемлекеттік мекемелерге арналған телекоммуникациялық өнім мен 
қызметтерді  ұсынады. Motorola дербес  компьютерлерден  бастап 
аксессуарлар  мен  жиынтықтаушыларға  дейінгі  ауқымды  өнімдерді 
шығарады.
758-тапсырма.  Берілген  сөздерді  мұқият  оқып,  есте 
сақтаңыз дар.
ерекше – особенно
өтетін – проходящий
аспап – инструмент
ортасын - среда
мағына – значение
бірыңғай – одинаково
тұрақты – стабильно
жіктеледі – классифицируется
ағын – поток
жартылай – полу
 759-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...