Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Б. Жақсылықова кəсіби қазақ тілі

Loading...


Pdf көрінісі
бет15/20
Дата02.04.2020
өлшемі1.41 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Электрбайланыс жүйесі
Электрбайланыс жүйесі деп беру каналдары мен желі жолдарын 
құруды  қамтамасыз  ететін  техникалық  қондырғылар  жиынтығын 
айтамыз.  Электрбайланыс  жүйесі  біржақты  жəне  екіжақты  болып 
екі топқа бөлінеді. Біржақты, яғни радио хабарларын беру. Екіжақты 
байланыс  жүйесі  дегеніміз – телефон  желілері.  Беру  каналы – 

178
біржақты сигналдарды беру болып табылады. Беру желісі – таралу 
аймағы бір тізбекті желі трактілерінің жиынтығы. Желі трактісі бір 
немесе  бірнеше  каналдардан  тұруы  мүмкін.  Қазіргі  уақытта  типті 
беру  каналдары  стандартты  деп  айтуға  болады.  Мысалы,  телефон 
желісінде, тоналды жиілік каналының жиілік жолағы 3000-3400 Гц 
жəне сандық каналды беру жылдамдығы 64 Кбит/с. 
Коммутатор  жүйесі  қызметі  болып  кез-келген  екі  соңғы 
қондырғылар арасындағы талап етілген жолды құру болып табыла-
ды. Коммутатор екі түрге бөлінеді: аналогты жəне сандық деп ата-
лады. Аналогты коммутатор деп жүйенің кіріс жəне шығысындағы 
жалғастырулар  аналогты  сигнал  арқылы  орындалу  үрдісін  атай-
ды.  Сандық  коммутатор  деп  жүйенің  кіріс  жəне  шығысындағы 
жалғастырулардың сандық сигнал арқылы орындалу үрдісін атайды. 
 677-тапсырма.  Сөздерді  ретімен  орналастырып,  сөйлемдерді 
дəптерге жазыңыздар.
 1. A) жүйесі; B) электрбайланыс; C)  техникалық;  D) қондырғы; 
E)  жиынтығы; F) дегеніміз.
 2.  A)  жиілік; B)  қондырғылар; C)  жиынтығы; D)  техникалық; 
E) жолағындағы.
 3. A) жүйесі; B) арасындағы; C) жолды; D) құру; E) қондырғылар; 
F) коммутатор.
 4. A) үрдісін; B) сигнал; C) арқылы ; D) атайды; E) орындалу; 
F) аналогты.
 678-тапсырма.  Тірек  сөздерді  пайдаланып,  сұхбатты  аяқ-
таңыздар.
1 Электрбайланыс жүйесі неше топқа бөлін еді? A  Екі 
2 Біржақты электрбайланыс дегеніміз не?
B
Аналогты жəне 
сандық
3 Біржақты  сигналдарды  беру  қалай  жүзеге 
асады?
C
Радио хабарларын 
беру
4 Коммутатор түрлерін атаңыздар?
D
Беру каналы 
арқылы
 
679-тапсырма.  Берілген  сөздерді  қолдана  отырып,  мезгіл 
бағыныңқылы сөйлемдер құрастырыңыздар. 

179
 
 1. Электрбайланыс. 2. Жүйе. 3. Өткізгіштік. 4. Пайда. 5. Тізбек.
6. Көмек.
  680-тапсырма.  Берілген  сөздерді  аудармасымен  сəйкес тен-
діріңіздер.
1. Құру
2. Қамтамасыз ету
3. Беру 
4. Тарату 
5. Жалғастыру
A. Распространять
B. Продолжить
C. Обеспечить
D. Создать
E. Давать
 681-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақшаға аударып, 
сөйлемдерді дəптерге жазып алыңыздар.
1.  Электрбайланыс  жүйесі  деп  техникалық  (оборудование) 
жиынтығын  айтамыз. 2. Ол  (односторонний)  жəне  екіжақты  бо-
лып екі топқа бөлінеді. 3. Біржақты, яғни радио (информация) беру. 
4.Ол (частота) жолағындағы техникалық қондырғылар жиынтығын 
береді.
682-тапсырма.  Берілген  сөздердің  тіркесін  тауып,  олармен 
мезгіл бағыныңқлы сөйлемдер құрастырыңыздар. 
1.  Электрбайланыс 
2. Желі 
3. Қондырғы 
4. Телефон 
5. Жиілік 
 А. каналы
 В. желіcі
 С. жолдары
 D. жүйесі
 Е. жиынтығы
683-тапсырма.  Берілген  сөйлемдерді  тірек  сөздермен  толық-
тырыңыздар.
1. Электрбайланыс жүйесі дегеніміз беру каналдары мен ... жол-
дарын  құру. 2. Екіжақты  байланыс ... деп  телефон  желілерін  айта-
мыз. 3. Беру каналы – біржақты ... беру болып табылады. 4. Аналог-
ты жəне ... деп аталады.
 Тірек сөздер: 1. Сандық. 2. Жүйесі. 3. Желі. 4. Сигналдарды.
 
 

180
684-тапсырма.  «Электрбайланыс  жүйесін  өндірісте  қолдану» 
тақырыбында сұхбат құрастырып, өзара сөйлесіңіздер.
685-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
686-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
687-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Оларға тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
688-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
еліміздегі электрбайланыс жүйесі жайында өзара əңгімелеcіңіздер.
1Электрбайланыс жүйесі дегеніміз не?
2. Электрбайланыс жүйесі қанша топқа бөлінеді?
3. Беру каналы жəне беру желісі дегеніміз не?
4. Коммутатор жүйесі қызметі дегеніміз не?
5. Коммутатор жүйесі қызметінің қандай түрлерін білесіздер?
689-тапсырма.  «Тұрмыс-тіршілікте  электрбайланыс  жүйесін 
қолдану:  пайдасы  мен  зияны»  тақырыбында  ереже-нұсқау 
жазыңыздар.
12.3. Лексикалық тақырып: 
Электрондық күшейткіш құрыл ғылары
Грамматикалық  тақырып:  Мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас 
құрмалас сөйлемдер
 
 Теориялық блок. Баяндауыштары мезгіл мəнді көмекші сөздердің 
(-ған, -ген, кезде шақта, уақытта); көсемшенің (–ғалы, -гелі –а, -е, 
й), сонымен бірге -арда, -ерде, -рда, -са, -се+ жіктік жалғауының 
жалғануы арқылы жасалып, қашан? қашанға шейін? қашаннан бері? 
сұрақтарына жауап беретін мезгіл бағыныңқылы сөйлемдер.
 

181
 
 Тəжірибелік блок
690-тапсырма.  Берілген  мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас 
сөйлемдердің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1.  Елімізде  индустрияландыру  бағдар ла масы  Елбасының  тап-
сырмасымен 2009 жылы  қабылданғаннан  бері,  оның  аясында 
ауқымды  жұ мыстар  атқарылып,  Қазақстан  индус триясы  қарқынды 
дамыды. 2. Қазіргі  кезде  инвестициялар  бойынша  Ұлттық  жоспар 
қабылданғаннан  бері, 20 басым  инвестор  елдер  мен  осы  елдердегі 
150  технологиялық  көшбасшылар  анық  талған. 3. Экономикалық 
даму  жəне  сауда  министрі  Бақытжан  Сағынтаев  пен  Индустрия 
жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешевтің баяндамала-
ры тыңдалған соң, кезек жалпы ұлт тық телекөпірге берілді. 4. Қаз-
медиа  орталығының  ашылуы  жайныда  бейнекөрініс  көпшілік  на-
зарына ұсынылған соң, байланысқа «Қазақмыс» корпорациясының 
басқар ма төрағасы Эдуард Огай шықты. 5. Елбасы Үдемелі индус-
трия лық-инновациялық  даму  жөніндегі  бағдарламаға  қатысушы 
кəсіпорын дар дың  индустриялық  көрмесімен  танысқаннан  кейін, 
жаңа «Қазмедиа» орталығында алқалы жиынды ашық деп жарияла-
ды.
691-тапсырма.  Салалас  құрмалас  сөйлемдердің  құрамындағы 
жай сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1. Бірінші  қыркүйектен бастап Қаз медиа орталығының базасын-
да «24.kz» санды    телеарнасы  ашылған  соң,  елімізде  тұңғыш  рет 
тəулік  бойы  жаңалықтар  тарататын  арна  жұмыс істей  бастайды. 
2. Жыл басынан бергі ха лықтың нақты табысы 12,8 пайызға арт ып,  
нақты  жал ақы 11,5 пайызға  жо ға рылады. 3. Құрылысқа  тартылған 
инвестиция 134 миллиард теңгеге жетсе, 2,4 миллион шаршы метр 
тұрғын  үй  пайдалануға    беріледі. 4. Ұлттық  қордың  қаржы сын 
қоса  есептегенде  еліміздің  халық ара лық  резервтері  жыл  басынан 
бері  12,9 миллиард АҚШ долларына артып, 85,9 миллиард доллар 
қаржыны  құра ды. 5. Бүгінгі  күні  электр  қуатын  өндірушілер  үшін 
шекті  тарифтер  жүйесі  енгізілгеннен  бері,  энергетиктерге  модер-
низациялау проблемаларын шешіп, шығын дар ды тарифтер арқылы 
өтеу мүмкін дік тері беріліп отыр. 6. Содан бері біраз уақыт өтсе де, 
бірақ инвести циялардың өсу динамикасында да, негізгі қорлардың 
тозғындауын  тоқтату  мəселесінде  де  бəлендей  өзгерістер  байқала 

182
қойған  жоқ. 7. Мəселен, «электрмен  қамту,  газ,  бу  беру  жəне  ауа 
салқындату» саласында 2011 жылғы негізгі капиталға келген инвес-
тиция көлемін есептегеннен кейін, оның 2010 жылғы көрсеткіштің 
96,6 пайызын ғана құрайтыны белгілі болды. 8. Елімізде индустрия-
ландыру бағдар ла масы қабылданғаннан бері, біраз өндіріс орында-
ры ашылып, жұмыс орны көбейді.
692-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бір   неше  мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
693-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған  бір-
неше сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
 694-тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
қоректену – питание
қатынас – соотношение
күшейткіш – усилитель
тұрақты – постоянный
көзі – источник
айнымалы – изменчивый, переменный 
шама – величина, мера
тар – узкий 
пішін – форма
есептеуіш – вычислительтельный
  695-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.
Электрондық күшейткіш құрылғылары
    Электрондық  күшейткіш – электр  қоректену  көзін  пайдала-
ну,  яғни    активті  элементтер  көмегімен  электрлік  сигналдарды 
күшейтуге арналған құрылғыларды айтады.
    Электрлік  сигналдардың  түріне  қарай  электрондық  күшейт-
кіштер  екіге  бөлінеді.  Ол  гармоникалық  жəне  импульсті  сигнал-
дар  күшейткіштері.  Гармоникалық  сигналдардың  күшейткіші  бір 
түрлі  шамадағы  жəне  пішіндегі  периодты  сигналдарды  күшейткен 
кезде  қолданады.  Бұл  топқа  микрофондық,  радиохабарламалық, 
магнитофондық жəне басқа күшейткіштер жатады. 
    Импульстік  сигналдар  күшейткіштері  əр  түрлі  пішіндегі  пе-
риодты  жəне  периодты  емес  импульстік  сигналдарды  күшейтерде 
қолданылады.  Бұл  талапты  орындау  үшін  күшейту  барысын-

183
 
да  күшейтілетін  сигналдың  жиілік  спектрін,  амплитудалық  жəне 
фазалық қатынасын сақтау керек.
    Күшейткіштер  тұрақты  жəне  айнымалы  тоқ,  төменгі  жəне 
жоғарғы жиілікті, кең ауқымды жəне тар ауқымды болып бөлінеді. 
Ол күшейтілетін сигналдың жиілігі мен олардың жиілік ауқымына 
байланысты.
  Тұрақты  ток  күшейткіштері  автоматикада  жəне  телемеха-
никада,  электр  техникасында  жəне  есептеуіш  құрылғыларда  əр 
түрлі  жұмыстарды  орындағанда  қолданылады.  Айнымалы  ток 
күшейткіштері радиотехникалық құрылғыларда қолданылады.
696-тапсырма.  Сөздерді  ретімен  орналастырып,  сөйлемдерді 
құрастырыңыздар.
1)  A)  арналған; B) күшейтуге; C) құрылғы; D) сигналдарды; 
E) электрлік. 
2) A) пайдалану; B) қоректену; C) күшейткіш; D) ол; E) электр; 
F) көзі.
3) A) жəне; B) магнитофондық; C) басқа; D) жатады; 
E) күшейт кіштер.
4)  A)  арналған; B) импульстік; C) күшейтуге; D) сигналдар. 
697-тапсырма.  Тірек  сөздерді  пайдаланып,  сұхбатты 
аяқтаңыз дар.
1 Электр қоректену көзін пайдалану 
дегеніміз не?
A  периодты сигналдарды 
күшейтуге
2 Гармоникалық  сигналдың  күшейткішін 
неге қолданылады?
B айнымалы сигналдарды
3 Кең ауқымды жəне тар ауқымды болуы 
неге байланысты?
C күшейткіш
4 Айнымалы тоқ күшейткіші нені 
күшейтеді?
D жиілік пен жиілік 
ауқымына
698-тапсырма.  Берілген  сөздерді  аудармасымен  сəйкестен-
діріңіздер.

184
1. күшейту
2. сақтау
3. шешу
4. есептеу
5. өлшеу
A. сохранять
B. вычислительный
C. усиливать
D. измерить
E. решить
 699-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақшаға аударып, 
сөйлемдерді дəптерге жазып алыңыздар.
 1. (Усилитель) – электр қоректену көзін пайдалану. 2. Күшейтілген 
электрлік  (сигналы)  екіге  бөлінеді. 3. Ол  (гармонический)  жəне 
импульсті сигналдар. 4. Тұрақты (ток) күшейткіші тек қана тұрақты 
тоқты ғана күшейтпейді. 
700-тапсырма.  Берілген  сөздердің  тіркесін  тауып,  олармен 
сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
1. Қоректену
2. Гармоникалық 
3. Магнитофондық 
4. Айнымалы 
5. Фазалық 
 А. күшейткіш
 В. көзі
 С. ток
 D. қатынас 
 Е. сигнал
701-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  қажетті  сөздерді  қойып, 
сөйлемдерді толықтырыңыздар.
1. Бір түрлі шамадағы … күшейтуге қолданады. 2. Микрофондық, 
магнитофондық … жатады. 3. Тұрақты тоқ күшейткіші тұрақты ... да 
күшейтеді. 4. Баяу электрлік … айнымалы сигналдарда күшейтеді. 
  Тірек  сөздер: A. Күшейткіштер. B. Токты. C. Тербелістерді. 
D. Сигналдарды. 
702-тапсырма.  Мақал-мəтелдерді  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар. 
 
 1. Талап – биік болса, міндет – зор болады. 2. Еңбексіз ырыс жоқ.
 
703-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
 
 

185
 
704-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
705-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Оларға тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
706-тапсырма. Төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, элек-
трондық күшейткіш құрылғылары жайында өзара əңгімелеcіңіздер.
1. Электрондық күшейткіш құрылғылары дегеніміз не?
2. Электрондық күшейткіш қанша топқа бөлінеді?
3. Гармоникалық сигналдардың күшейткіші дегеніміз не?
4. Импульстік сигналдар күшейткіштері дегеніміз не?
5. Тұрақты жəне айнымалы тоқтар туралы не білесіздер?
707-тапсырма.  «Елімізді 
индустрияландыру 
бағдар ла-
масы  аясындағы  электр  байланыс  жүйесінің  даму  жетістіктері» 
тақырыбында өзара ой бөлісіңіздер.
708-тапсырма.  «Электрондық  күшейткіш  құрылғыларының 
инновациялық түрлері» тақырыбында эссе жазыңыздар.

186
13-Модуль Телекоммуникация жүйесі
13.1. Лексикалық тақырып: Телекоммуникация
Грамматикалық 
тақырып: 
Қарсылықты 
бағыныңқылы 
сабақтас құрмалас сөйлемдер
 
  Теориялық  блок.  Қарсылықты  бағыныңқылы  сөйлем 
басыңқыдағы іс-əрекетке қарама-қарсы мəнде айтыла келе, баянда-
уыштары көмектес жалғаулы есімшеден -ған + мен, -гене + мен;-ша, 
-ше  жұрнақты  есімшеден  -ған + ша, -ген + ше;  тəуелді  жалғаулы 
есімшеден  кейін  болмаса  көмекші  етістіктің  -ғаны  болмаса, -гені 
болмаса;  шығыс  жалғаулы  есімшенің  болымсыз  түрінен  -ған+да, 
-ген+де, -қан+да, -кен+де;  көсемшенің  болымсыз  түрінен  -ма+с+ 
-тан, -ме+с+-  тен;  көсемшеден  кейін  -а, -е, -й  тұра  көмекші 
етістігінің  өте  тұра,  бара  тұра;  шартты  райдан  кейін  -са  да, -се 
де  жалғануы  арқылы  жасалады  да,  қайткенмен?  не  еткенмен? 
қайтсе де? не етсе де? қайте тұра? не ете тұра? не еткені бол-
маса?  қайткені  болмаса?  не  еткенше?  қайткенше?  сұрақтарына 
жауап  береді.  Мысалы,  Ток  көзіне  қосылғанына  қарамастан,  ұялы 
телефонның  экраны  қосылмады.  Принтердің  бояуын  жаңадан  тол-
тырса  да,  документті  сапасыз  басып  шығарды.  Сəуле  университет-
тегі озық студенттердің қатарында болса да, атаулы стипендия алуға 
іліге алмады. Түні бойы компьютердің алдында жұмыс жасағанына 
қарамастан,  Анар  шаршамаған  сыңай  білдірді.  Сəнім  онлайн 
олимпиадаға қатысқаны болмаса, жүлделі орын ала алмапты.
 Тəжірибелік блок
709-тапсырма.  Берілген  қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтас 
сөйлемдердің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1. Компьютерлік  модельдеу  арқылы  нақты  объектіні  тəжірибеде 
толық    зерттеу    мүмкін    емес  болғанмен,  оны    есептеу    алгоритм-
дерінің жұмысы компьютерде іске  асады. 2.  Елімізде инновацияға 
негізделген  біраз  өндірістер  ашылса  да,  жұмыс  орындары  əлі  де 
жеткіліксіз. 3. Жаңа  технология  бойынша  теориялық  материал-
дарды  қаншалықты  терең  білгенмен,  өндірістегі  тəжірибеде  қол-
дана  алмасаң  одан  не  пайда? 4. Бүгінгі  күні  компьютер  арқылы 
математикалық  есептердің  шешімін  заматта  табуға  мүмкіндік 

187
 
болғанына  қарамастан,  адамдар  сол  есепті  өздері  оймен  шығару 
тəсілдерін де ұмытпаған жөн. 5. Сабақ басталғанына қарамастан, уни-
верситетте жөндеу жұмыстар жүріп жатыр. 6. Майра конференцияға 
келгені болмаса, дөңгелек үстелдегі талқылауға қатысқан жоқ.
710-тапсырма.  Сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің  құрамындағы 
жай сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1. AIKON  жаңа    үстеменің  жасалуындағы  кешенді  бағдар-
ламаларда  қол данылатын дықтан,  ұялы  телефондарды  бағдар лама -
мен  қам тама сыз  ететіндердің  арасында  кең  танымал. 2. Ресми 
емес дереккөздерге сүйенетін болсақ, Microsoft компаниясы Nokia-
ға Windows  Phone  жүйесіне    өткені    үшін 1 млрд  доллар  шама-
сында  ақша  төлеген. 3. Мəжіліс  залы  студенттерге  лық  болғанына 
қарамастан,  əлі  де  келіп  жатқандар  толастар  емес. 4. Магистрант-
тар өндірістік практиканы əлі өтпесе де, кешенді емтихан тапсыруға 
жіберілді. 5. Ноутбукты  вирустан  тазалағанына  қарамастан, 
ішіндегі біраз деректер зақымданыпты. 6. Компанияның ісі алға ба-
сып,  шешімнің  оң  болғандығын  көрсетіп,  мультимедиялық  өнімді 
өндіруде компанияны бүкіл əлемге əйгілі етті. 7. Қазіргі таңда Nokia 
ұялы телефонымен əлемдік нарықтың үштен бір бөлігіне ие болып, 
Еуропа  нарығының 50 пайызын  иемденіп  отыр. 8. Бренд  əртүрлі 
нарықтық категориядағы тауарларды өндіретіндіктен, тұтынушылар 
арасында  белгілі  бір  нақты  сала  бойынша  танымал  болмады. 
9.  Осының  арқасында Nokia 2002 жылы  ең  алдыңғы  халық    ара лық 
жүз  көшбасшы  компанияның  бірі  ретінде  саналып,  бренд  АҚШ-
та  глобальді  марка  болып  танылды. 10. Компания  өкілдерінің  ай-
туы  бойынша Ovi-дан  бас  тартқаннан  кейін, Nokia өзінің  брендін 
күшейтуді жоспарлап отыр. 
711-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше  қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
712-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған  бір-
неше сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
 713-тапсырмаБерілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.

188
қатынас – коммуникация
жасанды серік – спутник
қашық – далеко 
бейнежазба – видеозапись
бейне – анимация, образ
тəуелді – зависимый
жиынтығы – комплекс
жабдық – оборудование 
бөлу – делить
бірігу – объединяться
714-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.
Телекоммуникация
 Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele – қатынасу, бай-
ланысу, грекше – қашық жəне communіcatіon – байланыс) – ғылым 
мен  техниканың  халықты  ақпараттық  қызметтің  барлық  түрімен 
қамтамасыз ететін саласы. Бір сөзбен айтқанда, телекоммуникация 
қашықтықтан  ақпарат  алмасуды  жүзеге  асыратын  технологиялар 
жиынтығы.  Телекоммуникация  саласы  Қазақстанға 20 ғасырдың 
90-жылдарынан  ене  бастады.  Телекоммуникация  электрбайланыс 
жəне  компьютердің  көмегімен  ақпараттың  барлық  түрлерін  (ды-
быс,  дерек,  қозғалмалы  жəне  қозғалмайтын  бейне,  мультимедиа) 
оптикалық  байланыс  кабелі,  радио,  Жердің  жасанды  серігі,  т.б. 
байланыс түрлері арқылы таратады. Электр сигналдарын таратып-
қабылдауды  да  телекоммуникация  жүйесі  атқарады.  Бұл  жүйе 
ақпаратты  пайдаланушыларға  дыбыс  немесе  бейнежазба  түрінде 
тарататын  жабдықтар  жиынтығынан  тұрады.  Телекоммуникация 
жүйелері  жиынтығының  аймақтық  орналасу  ұстанымына,  жұмыс 
істеуі мен бір-біріне тəуелділігіне қарай біріктірілуін телекоммуни-
кация желісі деп атайды. 
Телекоммуникацияның  ең  алғаш  құрылған  желісі – теле-
граф  желісі.  Телеграф  негізінен  ірі  қалаларда,  облыс  орталықтары 
мен  мемлекет  астанасында  орналастырылғанмен,  барлық  қалалық 
бөлімшелермен,  аудандық  байланыс  тораптарымен,  мемлекеттегі 
басқа  телеграфтармен  тікелей  байланысады.  Қазіргі  кезде 
телеграфтың барлық қызметін компьютерлік желі атқаратындығына 
қарамастан, телекоммуникация саласы адам күшінсіз қызмет жасай 
алмайтыны анық.
  Бүгінде  байланыс  саласы  электроника  жабдықтарымен 
жабдықталып,  телекоммуникация  мен  электроника  салаларының 
бір-бірімен бірігіп кеткені соншалықты, бұл екеуін бір-бірінен бөліп 

189
 
қарау мүмкін емес. Еліміздегі қалааралық байланыс жүйелері біраз 
жетістікке  жеткендеріне  қарамастан,  телекоммуникация  мен  элек-
троника салаларының əлі де алар белестері алда.
 715-тапсырма. Берілген сөздерді орысша баламасымен сəйкес-
тендіріп, жазып алыңыздар. 
қамтамасыз ету
входить
жүзеге асыру
обеспечить
ене бастау
реализовать
мүмкін емес
принцип
орналасу
невозможно
ұстаным
звук
дыбыс
располагаться
716-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  қажетті  сөзді  қойып, 
сөйлемдерді толықтырыңыздар. 
 1. Телекоммуникация – ғылым  мен  техниканың  халықты 
ақпараттық ... барлық  түрімен  қамтамасыз  ететін  саласы. 2. Бір 
сөзбен  айтқанда,  телекоммуникация ... ақпарат  алмасуды  жүзеге 
асыратын  технологиялар  жиынтығы. 3. Телекоммуникация  саласы 
... 20 ғасырдың 90-жылдарынан ене бастады. 4. Электр сигналдарын 
таратып-қабылдауды да ... жүйесі атқарады. 5. Бұл жүйе ақпаратты 
...  дыбыс  немесе  бейнежазба  түрінде  тарататын  жабдықтар 
жиынтығынан тұрады. 6. Қазіргі күні байланыс саласы электроника 
... жабдықталып, телекоммуникация мен электроника салаларының 
бір-бірімен бірігіп кеткені соншалықты, бұл екеуін бір-бірінен бөліп 
қарау мүмкін емес.
  Тірек  сөздер:  1.  Қашықтықтан. 2. Қазақстанға. 3. Пайдалану-
шылар ға. 4. Жабдықтарымен. 5. Қызметтің. 6. Телекоммуникация.
717-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...