Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Б. Жақсылықова кəсіби қазақ тілі


 Лексикалық тақырып: Радиостанциялар қызметі

Loading...


Pdf көрінісі
бет14/20
Дата02.04.2020
өлшемі1.41 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

11.3. Лексикалық тақырып: Радиостанциялар қызметі
  Грамматикалық  тақырып:  Мақсат  бағыныңқылы  сабақтас 
құрмалас  сөйлемдер.
 
 Теориялық блок. Баяндауыштары -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ,-бек 
жұрнақты етістіктен кейін болып деген көсемше формалы көмекші 
етістіктің (бармақ болып, келмек болып) тіркесуі арқылы жасалады 
да,  не  үшін?  не  етпек  болып?  қайтпек  болып?  сұрақтарына  жау-
ап  беретін  мақсат  бағыныңқылы  сөйлемдерді  қайталау.  Мысалы, 
Көптен  армандаған  премьераны  көрмек  болып,  үйден  шықтық. 
Жаңадан ұялы телефон сатып алмақ болып, жолда техника дүкеніне 
соқты.
 Тəжірибелік блок
640-тапсырма.  Берілген  мақсат  бағыныңқылы  сабақтас 
сөйлемдердің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.

167
 
1. Жастарды  əлеуметтік  жағынан  қолдамақ  болған ЖОО рек-
торлары,  қалалық  пəндік  олимпиадада  үздік  білімдерімен  ерекше-
ленген  талапкерлерге  өз  оқу  орындарының  гранттарын  ұсынды. 
2. Фут  болдан республикалық жарысқа қатыспақ болған студенттер 
бір айдан бері дамылсыз дайындық үстінде. 3. Елімізде машинажа-
сау зауыттарын ашпақ болған үкімет осы зауыттарда жұмыс істейтін 
жаңа технологияларды жақсы меңгерген жас мамандар дайындауды 
қолға  алуда. 4. Жыл  бойғы  қарбалас  жұмыстан  кейін  оқытушылар 
демалмақ  болып, «Көктем»  санаториіне  жазылыпты. 5. Сеулда 
өтетін симпозиумға қатыспақ болып, визаға қажет құжаттарымызды 
елшілікке  тапсырдық. 6. ХБА  бойынша  мемлекеттік  емтиханды 
тапсырмақ болып, Сəуле Мəскеуге ұшып кетті. 
641-тапсырма.  Салалас  құрмалас  сөйлемдердің  құрамындағы 
жай сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1. Жұмысшылар құрышты тезірек қорытпақ болып, пештің отын  
қыздырып    жіберді. 2. Күні  бойы    сенбілікте  болған  балаларды 
сергітпек  болып,  эдвайзерлері  театрға  шақырды. 3. Оқытушылар 
семинарға  қатыспақ  болып, төрт көздері түгел  жинала  қалыпты. 
4. Сəния Жапонияның IT компанияларының біріне жұмысқа тұрмақ 
болып,  құжаттарын  дайындай  бастады. 5. Студенттер  алаңсыз 
сабақтарына  дайындалсын  болып  деп,  кітапханашы  радионың  да-
уысын басып қойды. 6. Сажиля Англияға ағылшын тілінен білімін 
жетілдіру  курсына  бармақшы  болып,  Халықаралық  бағдарламалар 
орталығына  құжаттарын  тапсырды. 7. Көктем  келе  таудың 
баурайындағы қызыл-жасыл гүлдер бастарын көтеріп, жайнай бас-
тайды. 8. Екеуі залға кіріп үлгермей, спектакль да басталып кетті. 9. 
Стамбулды алғаш көргендіктен, жан-жағына таңырқап қарай берді. 
10. Бəкен ұшаққа түнде отыратындықтан, үйдегі туғандары ұйқыға 
жатқан жоқ.
642-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше  мақсат  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
643-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

168
 644-тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
сəулелену – отражение
қуат – сила, мощь
айналады  – превращается
қондырғы – установка
сым – провод
жұтып алатын – 
проглатывающий
өткізгіш – проводной, пропускающий
кəдімгі– обычный
645-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.
Радиостанциялар қызметі
1895 жылы ғалым А.С. Попов радиобайланыс құралы  радионы  
ойлап тапты. Поповтың   осы еңбегінде Г.Герцтің электромагниттік 
өріс концепциясы одан əрі даму үшін Максвеллдің өріс энергиясы 
кеңістіктің кішкентай көлемінде белгілі бір тығыздықпен таралған 
деген тұжырымының зор маңызы болды.
  Радио  (лат. radiare – сəулелену), «радиобайланыс»  термині - 
өткізгішті сымның көмегінсіз (сымсыз байланыс), яғни «сəулелену 
көмегімен  болатын  байланыс».  Радиостанция  антеннасының  кө-
мегімен таратқыш сəулеленеді де ақпарат жер бетіне таралады. Ол 
қабылдағышқа əсер етіп электрлік энергия электромагнитті толқын 
энергиясына  айналады.  Ақпарат  таратуда  екіжақты  байланыс  болу 
үшін, əрбір радиостанция таратқыш пен қабылдағыштан тұруы ке-
рек. 
 Қуаты аз радиостанцияларда таратқыш пен қабылдағыш жалпы 
қондырғыға  қатар  орнатылады.  Ал  жоғарғы  қуатты  радиостанция-
ларда  сигналдарды  сəулелендірмекші  болғанда,  таратқыштар  жеке 
қондырғыларға  орнатылады.  Сапалы  радиосигналдарды  алу  үшін 
қабылдағыштар да жеке қондырғыларға орнатылады. 
 Тарату кезінде электромагниттік толқындарды сəулелендіретін, 
қабылдау  кезінде  олардың  энергиясын  жұтып  алатын  құрылғы  ан-
тенна  деп  аталады.  Антеннаның  қарапайым  түрі  бір  жағы  жер-
ден  көтерілген,  екінші  жағы  таратқышқа  немесе  қабылдағышқа 
қосылған кəдімгі сым десек болады.
 646-тапсырма. Мəтіннен сын есімдерді теріп жазып, жасалу жо-
лын түсіндіріңіздер.

169
 
  Үлгі:  Сапалы  –  қандай?  деген  сұраққа  жауап  беріп,  сөйлемде 
анықтауыш қызметін атқарып тұр. 
647-тапсырма.  Берілген  сөздерді  сəйкестендіріп,  мақсат 
бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер құрастырыңыздар. 
сымсыз
көмегімен
анттеннаның
байланыс
қабылдағыш
энергиясы
толқын
орнатылу
қатар
қондырғы
қарапайым
көтерілген
жерден
түрі
 648-тапсырма. Мəтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, қай мүшеге 
қатысты екенін жəне қалай байланысқанын талдаңыздар.
 Үлгі: Электромагниттік толқындарды сəулелендіретін, қабылдау 
кезінде олардың энергиясын жұтатын құрылғы антенна деп аталады.
  сəулелендіретін,  жұтатын  –  есімшеден  жасалынған  бірыңғай 
анықтауыштар, жазылғанда арасына үтір қойылады.
649-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  қажетті  сөзді  қойып, 
сөйлемдерді толықтырыңыздар. 
 1. Радиостанция ... көмегімен  таратқыш сəулеленеді де жер бетіне  
таралады. 2. Ол ... əсер    етіп  электрлік  энергия  электромагнитті 
толқын энергиясына айналады. 3. Екі жақты байланыс болуы үшін 
əрбір радиостанция ... пен  қабылдағыштан тұруы керек. 4. Қуаты аз 
радиостанцияларда таратқыш пен қабылдағыш жалпы ... қатар  орна-
тылады. 5. Ал жоғары қуатты радиостанцияларда ... сəулелендірген 
кезде таратқыштар жеке қондырғыларға орнатылады. 6. Сапалы ... 
алу үшін  қабылдағыштарда  жеке қондырғыларға орнатылады. 7. Та-
рату кезінде электромагниттік ... сəулелендіретін, қабылдау кезінде 
олардың энергиясын жұтып алатын құрылғы антенна деп аталады. 
 
  Тірек  сөздер:  1.  Қабылдағышқа. 2. Таратқыш. 3. Сигналдарды. 
 

170
4.  Радиосигналдарды. 5.Антеннасының. 6. Қондырғыға. 7. Тол-
қындарды
650-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
651-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
652-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер.  Əр  абзацқа  тақырып  беріп,  мазмұнын  қосымша 
ақпаратпен толықтырыңыздар.
653-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
радиостанциялардың қызметі жайында өзара əңгімелеcіңіздер.
1. Радиостанциялар қызметі дегеніміз не?
2. Радиостанциялар арқылы ақпарат қалай тарайды?
3. Радиостанцияларда таратқыш пен қабылдағыш қалай орнаты-
лады?
4. Антенна не үшін қажет, оны қалай орнатады?
 654-тапсырма. Сөз тіркестерін қолдана отырып, бірнеше мақсат 
бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер құрастырыңыздар.
 1. Өткізгішті  сым. 2. Сəулелену  көмегімен. 3. Қабылдағышқа 
əсер етіп. 4. Екіжақты байланыс. 5. Жеке қондырғылар. 6. Энергия-
ны жұтып алу. 
655-тапсырма.  «Радиостанциялар  қызметі  не  үшін  қажет» 
тақырыбында эссе жазыңыздар.
 
656-тапсырма. «3DS Max бағдарламасы»  сөзжұмбағын 
шешіңіздер.

171
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1  
  
  
  
  
  
 3 
  
  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 1 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 2 
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 
 
 
 
 
 
  
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
  
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 4 
 
 
 3 
  
  
  
  
  
  
  
  
 5 
  
  
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 4 
  
  
  
  
  
  
  
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 5 
  
  
  
  
  
  
  
 
  
 
 
 
 
 
6  
  
  
  
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
Көлденеңінен: 1. Не сплайн болуы мүмкін?  2. _________ объект - 
бұл қондырғылар немесе параметрлердің жиынтығымен анықталады, 
яғни оның формасының нақты емес сипаты қолданылмайды. 3. 3ds 
Max бағдарламасы арқылы қандай фигураларды үш өлшемді түрде 
құрып,  олардың  кескіндерін  қалай  көруге  болады?  4.  Параметрлік 
объект модельдеу мен _______ның маңызды бағыттарын қамтамасыз 
етеді. 5. Мұндай шыңдарға түзу сигменттер қиылысады. 6. 3 ds Max 
шыңдардың неше типін пайдаланады?
 Тігінен: 1. Тегістелген шыңға ұқсас, бірақ сплайн сегменттердің 
қисықтарын оның екі жағынан да өзгертуге мүмкіндік береді, ол не? 
2. Қай кезде талапқа сай типтегі Object Type орамасын таңдаймыз. 
3.  Примитивтерді  каркас  пен  шыңды  құру  үшін _____ ретінде 
қолданылады.  4.  Бұл  екі  өлшемді  геометриялық  фигуралар.  5. 3ds 
Max бағдарламасы қандай сəулені түсіруге мүмкіндік береді?

172
12-Модуль Электроника саласының негізгі
 даму бағыттары
 
12.1. Лексикалық тақырып: Электроника
Грамматикалық  тақырып:  Мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас 
құрмалас  сөйлемдер.
 
  Теориялық  блок.  Мезгіл  бағыныңқылы  сөйлем  басыңқыдағы 
іс-əрекеттің  жүзеге  асу  мезгілін  білдіре  келе,  баяндауышта-
ры  етістіктің  түбіріне (-ысымен, -ісімен)  қосымшаның;  -ша, -ше 
жұрнақты  есімшеден(-ған+ша,-ген+ше);  жатыс  септік  жалғаулы 
есімшеден (-ған+да, -ген+де, -қан+да, -кен+де); есімшеге септеулік 
шылауларының  (-ған,-ген,  соң,  кейін,  сайын,  бері,  шейін)  мезгіл 
мəнді  көмекші  сөздердің  (-ған,-ген,  кезде  шақта,  уақытта) ; 
көсемшенің (-ғалы, -гелі -а, -е, й), сонымен бірге -арда, -ерде, -рда, 
-са, -се+  жіктік  жалғауының  жалғануы  арқылы  жасалады  да, 
қашан? қашанға шейін? қашаннан бері? сұрақтарына жауап береді. 
Мысалы,  Модель  жасалғанда,  əр  түрлі  əдістер  қолданылады.  Про-
граммада қате болған соң, үрдіс тоқтайды. Ноутбук үнемдік қалыпта  
болғанда, көп қызметі өшіп қалады. 
 Тəжірибелік блок
657-тапсырма.  Берілген  мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас 
сөйлемдердің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
 1.  Alt+F4  бірге басқанда  жүйе бағдарламадан шығады. 2. Еліміз-
де  инновацияға  негізделген  өндірістер дамығанда, халықтың əлеу 
мет тік  жағдайы да жоғарылайды, жұмыс орны да көбейеді. 3. Кез           
келген маман жаңа технологияның əдіс-тəсілдерін неғұрлым терең 
меңгерген    сайын,  ондай    маманға    сұраныс    жоғарылай    түседі. 
4. Компьютерлік қорлар екі топқа бөлінгенде, оны меңгеру де оңай 
болады. 5. Ғылым ордасында академик Қ.Сəтбаевтың мемориалдық 
мұражайы ашылған соң, бірқатар заттар осы мұражайға жинақталды. 
6. Айдана жобаны дифференциалдық теңдеу көмегімен шығарғанда, 
Сəуле оны үш қатпарлы модельдеу бағдарламасымен орындапты.
658-тапсырма.  Салалас  құрмалас  сөйлемдердің  құрамындағы 
жай сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.

173
 
1.  Арын  математикадан  халықаралық  олимпиадаға  қатысқан 
кезде,  көптеген  шетелдік  студенттермен  танысты. 2. Сəнім  үйіне 
келісімен, веб-сайт жасауға кірісіп кетті. 3. Асан html форматында 
сайт  жасап  жүргеннен  бері,  бос  уақыты  болмай  жүр. 4. Студент-
тер  өндірістік  практикаға  барғалы,  өздерін  нағыз  инженер  ретінде 
ұстайтын  болыпты. 5. Дербес  компьютерді  вирустан  тазалағаннан 
кейін,  міндетті  түрде  жаңа  шыққан  антивирус  қою  керек. 6. Ком-
пьютердің  жаңа  модельдері  шыққан  сайын,  оның  құрылымы  да 
өзгере береді. 7. Мына нөсерлеп жауған жаңбыр басылса, студент-
тер де үйді-үйлеріне тарап кетер еді. 8. Бір қалада тұрсақ та, кездесе 
беруге уақыт жетпей жатады.
659-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше  шартты  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
660-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған  бір-
неше сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
661-тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
кеңістік – пространство
əдістері – методы
əрекеттесу– взаимодействие
күшейту – усиливать, усиление
заңдылық – законмерность
кең – широкий, просторный
зерттеу – исследовать
ауқым – объем, величина, размер
662-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.
Электроника
Электроника – электрлік,  магниттік  жəне  электромагниттік 
кеңістіктегі электрондардың əрекеттесу заңдылықтырын зерттейді. 
Электроника ақпаратты сақтағанда, өңдегенде жəне алмастырғанда 
қолданылатын  электрлік  құрылғылар  мен  заттардың  физикалық 
қызметтерінің негізін қарастырады.
Сонымен қатар электроника басқа ғылым салалары мен өндірісті 
жетілдірген  кезде  жетекші  рөл  атқарады.  Жаңа  техникалық 
құралдармен жəне зерттеу əдістерімен қамтамасыз етеді. 

174
Электрониканың негізгі даму бағыттарының үш түрі бар. Олар: 
вакуумдық, қатты денелі жəне кванттық электроника. 
Вакуумдық  электроника – вакуумдегі  еркін  электрондардың, 
электрлік  жəне  магниттік  кеңістіктегі  толқындардың  əре ке -
тін  қарастыратын  электрониканың  бөлімі.  Қатты  денелі  мате  -
       р   и               ал дардың  негізін,  материал  құрылымының  ерекшеліктері  мен 
олардың  параметрлерін  өлшеген  кезде,  қатты  денелі  электроника 
қолданылады.  Электромагниттік  тербелістердің  генерациясы  мен 
оларды күшейту құралдары мен əдістеріне қатысты кең ауқымдағы 
мəселелерді қарастырған кезде, кванттық электроника қолданылады.
 663-тапсырма. Сөздерді ретімен орналастырсаңыздар мəтін 
мазмұнына байланысты сөйлемдерді оқисыздар.
 1)   A)  электрондардың;  B)  заңдылықтырын;  C)  ғылым; 
D)  əрекеттесу;  E)  зерттейтін.
 2)  A)  заттардың;  B)  мен;  C)  физикалық;  D)  құрылғылар
E)  қызметін;  F)  қарастырады.
 3)  A)  əдістерімен;  B)  етеді;  C)  қамтамасыз; D)  зерттеу . 
 4)  A)  толқындардың; B) əрекетін; C)  қарастырады
D)  кеңістіктегі.
664-тапсырма.  Cөздерге  ілік  септігінің  жалғауын  жалғаңыздар 
да, олармен мезгіл бағыныңқылы сөйлемдер құрастырыңыздар.
 1
электрондар
A
-ның
2
ғылым
B
-дың
3
магнит
C
-дің
4
электр
D
-тің
 665-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздердің орысша балама-
сын аударып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.
 1. Электроника – электромагниттік  (пространство)  электрон-
дардың  əрекеттесуін  зерттейді. 2. Заттардың  физикалық  қызмет-
терінің  (основа)  қарастырады. 3. Ғылымның  əртүрлі  (отрасль) 
жетістік терге  қол  жеткізеді. 4. Электроника  (промышленность) 
жетілдіруде жетекші рөл атқарады. 

175
 
 Тірек сөздер: 1. Негізін. 2. Саласында. 3. Өндірісті. 4. Кеңіс тік-
тегі. 
 666- тапсырмаҚажетті тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді 
толықтырыңыздар.
 1. Ғылыми-техникалық  жəне ... негізгі  мəселелерді  қамтиды. 
2. Ғылымның əртүрлі саласында ... қол жеткізеді. 3. Электрониканың 
...  негізгі  бағыттарының  үш  түрі  бар. 4. Кеңістіктегі ... əрекетін 
қарастырады. 
 Тірек сөздер: 1. Жетістіктерге. 2. Өндірістік. 3. Даму. 4. Толқын-
дардың.
667-тапсырма.  Берілген  сөздерді  аудармасымен  сəйкес тен-
діріңіздер.
1. Өлшеу
2. Негіз
3. Өндіріс
4. Жетістік
5. Кеңістік
6. Құрылым
A. пространство 
B. структура 
C. мерить, взвешивать
D. основа
E. достижение 
F. производство 
 668- тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, сұхбатты аяқ таңыз-
дар.
1
Электроника нені зерттейді?
 

кеңістіктегі электрон дардың 
əрекеттесу заң дылығын
2
Электрониканың негізгі даму 
бағыттары қанша?
B
қатты денелі
3
Даму бағыттары қалай аталады? C
вакумды, қатты дене лі жəне 
квантты элек троника.
4
Материал 
құрылымының 
ерекшеліктерін 
қай 
бағыт 
зерттейді?
D
үш
 
669-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
электроника  саласының  негізгі  даму  бағыттары  жайында  өзара 
əңгімелеcіңіздер. 
 
 

176
1Электроника нені зерттейді?
2. Электрониканың негізгі даму бағыттары жайында не білесіз?
3. Вакуумдық электроника дегеніміз не?
4.  Кванттық  электроника  жəне  қатты  денелі  электроника 
дегеніміз не?
670-тапсырма. 
«Кванттық 
электроника 
жетістіктері» 
тақырыбында эссе жазыңыздар.
12.2. Лексикалық тақырып: Электрбайланыс жүйесі
Грамматикалық  тақырып:  Мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас 
құрмалас  сөйлемдер
 
 Теориялық блок. Баяндауыштары етістіктің түбіріне (–ысымен, 
-ісімен)  қосымшаның;  -ша, -ше  жұрнақты  есімшеден  (-ған+ша,-
ген+ше);  жатыс  септік  жалғаулы  есімшеден  (-ған+да, -ген+де, 
-қан+да, -кен+де);  есімшеге  септеулік  шылауларының  (-ған,-ген, 
соң, кейін, сайын, бері, шейін) жалғануы арқылы жасалып, қашан? 
қашанға  шейін?  сұрақтарына  жауап  беретін  мезгіл  бағыныңқылы 
сөйлемдер.
 
 Тəжірибелік блок
671-тапсырма.  Берілген  мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас  сөй-
лемдердің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1.  Л.Гальвани (1791) мен  А.  Вольт (1794) химиялық  жəне 
контактілік  электр  көздерін  ашқаннан  кейін  электр  жөніндегі  ілім 
тарихындағы жаңа кезең басталды. 2. 1802 жылы В.Петров электр 
доғасын ашқан соң, оны жарықтандыру ісі мен балқыту пештерінде 
пайдалануға  болатынын  тəжірибеде  дəлелдеді. 3.1940 жылдары 
алғашқы  электрлік  жарықтандыру  приборлары  пайда  болғаннан 
кейін  электрдің күнделікті тіршілікте қолданылуы одан əрі кеңейді. 
4.  Фарадей  электрмагниттік  индукция  құбылысын  ашқаннан  кейін 
бұл құбылыс электртехниканың іргетасы болып есептелді.
672-тапсырма.  Сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің  құрамындағы 
жай сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.

177
 
1. Елімізде инновацияға негізделген өндірістер дамығаннан бері 
халықтың əлеуметтік жағдайы да жақсарды. 2. Аналогты сигналдар-
ды  (дыбыс  пен  бейне)  цифрлап,  ал  цифрланған  сигналдарды  дес-
телеп таратқанда, қазіргі телекоммуникация саласындағы ғылыми-
техникалық  жетістіктердің  мүмкіншіліктерін  ұтымды  қолдануға 
болады. 3. Телекоммуникация  саласы  Қазақстанға 20 ғасырдың 
90-жылдарынан  енгеннен  бері,  қазір  өмірдің  барлық  саласында 
қолданылады жəне дамыған іргелі ғылыми бағытқа айналды. 4. Уни-
верситетте  студенттер  үкіметі  құрылғаннан  бері,  олардың  оқу  да, 
қоғамдық  жұмыста  да  белсенділігі  артты. 5. Көктем  келгелі  сабақ 
бітісімен,  студенттер  жапа-тармағай  далаға  жүгіреді. 6. Спектакль 
аяқталысымен, жұрт орындарынан тұрып ұзақ қол соқты.
673-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше  мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
674-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
 675-тапсырмаБерілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
желі – линия
аймақ – территория, край
жиынтық – сумма, количество
жылдамдық – скорость
жалғастырулар – соединения
талап етілген – требуемый
екіжақты – двустороний
шығыс – исходящий, 
кіріс – входящий
сандық – цифровой
676-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...