Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Б. Жақсылықова кəсіби қазақ тілі


 Лексикалық тақырып: Ақпаратты вирустардан жəне

Loading...


Pdf көрінісі
бет13/20
Дата02.04.2020
өлшемі1.41 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

10.3. Лексикалық тақырып: Ақпаратты вирустардан жəне 
қатер  лерден қорғау 
  Грамматикалық  тақырып:  Шартты  бағыныңқылы  сабақтас 
құрмалас  сөйлемдер.
Теориялық  блок.  Баяндауыштары  жатыс  септік  жалғаулы 
есімшеден  -ған+да, -ген+де, -қан+да, -кен+де;  көсемшенің  бо-
лымсыз түрінен -ма+й, -ме+й, -ба+й, -бе+й, -па+й, -пе+й   қосым-
шасының  жалғануы  арқылы  жасалынған  шартты  бағыныңқы 
сөйлемдер.  Мысалы,  Дəріс  басталмай,  оқытушы  дəрісханаға  кіріп 
келді.  Студенттер  концертке  уақытында  келмей,  есіктің  сыртында 
қалып қойды. Вирустар компьютерге енгенде, барлық программалар 
мен  файлдар  зақымдалады.  Озық  студенттердің  қатарынан  табыл-
май, атаулы стипендия алу мүмкіндігіңіз аз. Есікті ашып қалғанда, 
алдарынан ректор шыға келді.
Тəжірибелік блок
588-тапсырма.  Берілген  себеп  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем-
дердің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1. Математикалық модельдеу технологиясын игермей, маманның 
өз  саласы  бойынша  бəсекелестікке  қабілеті  жетіспейді. 2. Егер 
желі онша үлкен емес жəне мекеменің бірнеше бөлмесін қамтыса, 
онда  оны  жергілікті  желі  деп  атайды. 3. Желілер  қала,  облыс,  ел 
ішінде  орналасқанда,  олар  аймақтық  деп  аталады. 4. Егер  олар 

154
қайсы  бір  ұйымға  немесе  ұйымдар  тобына  қарасты  болса,  онда 
корпоративтік деп аталады. 5. Ақпаратпен алмасу жəне желінің басқа 
мүмкіндіктерін  бірлесіп  пайдаланғыңыз  келсе,  компьютерлерді 
желіге біріктіріңіздер. 6. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстар-
ды  арнайы  дизайнерлік  бюролар  мен  жарнамалық  агенттіктерге 
тапсырса,  кейбіреулері  қолда  бар  программалық  құралдарын  пай-
даланып, өз күштерімен жасауға тырысады. 7. Желілер одан үлкен 
көлемдегі  бүкіл  елдерге,  құрлықтарға  таралғанда,  ондайда  олар 
ауқымды  деп  аталады. 8. Компьютеріңізді  əр  түрлі  қатерлерден 
қорғаңыз келсе, оған өзіңізге ғана мəлім пароль қойыңыз.
589-тапсырма.  Салалас  құрмалас  сөйлемдердің  құрамындағы 
жай сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1. Тер төгіп еңбек етпей, табысқа жету мүмкін емес. 2. Бұл жолы 
Грецияға барғанда, ғалым А. Бердичевскиймен сөзсіз кездесетін едің. 
3. Кеңес мүшелері түгел жиналмай, мəжіліс жұмысын бастап кетті. 
4. Студенттер барлық базалық пəндерді өтпей, арнайы пəндерді оқи 
алмайды. 5. Дербес компьютерді вирустан тазаламай, оның ішіндегі 
дерекқор аман болады деп ойламаңыз. 6. Мен Ұлыбританияға виза 
алғанда, аса көп құжаттар жинаған жоқпын. 7. Айналаңыздағы адам-
дар сенімді болғанда, еңбегіңіз де өнімді болады. 8. Елімізде өндірістер 
мен  кəсіпорындар  дамығанда,  халықтың  əл-ауқаты  да  жақсарады. 
9.  Заводтар  мен  өндірістерде,  компанияларда  жұмыс  істемей, 
жақсы  маман  болу  екіталай. 10. Конференцияға  шетелден  келетін 
қонақтардың  санын  анықтамай,  қонақ  үйге  бронь  жасамаңыздар. 
590-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрас-
тырыңыздар.
591-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
 592-тапсырмаБерілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
өкілеттілігі жоқ – неуполномоченный
жұқтыру – заразить
құпия – секрет
өркениетті – цивилизованный
қатер, қауіп – опасность
құқық – права
қасақана – намеренно
шаралар – меры

155
 
кездейсоқ – нечаянно
қорғау –защитить
ықтималдылығын – вероятность
жаңғырту – обновлять
қолжетімділік – доступность
шектеу– ограничить
 593-тапсырма.  Мəтінді  мəнерлеп  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.
Ақпаратты вирустардан жəне қатерлерден қорғау 
  Есептеуіш  техникада  қауіпсіздік  ұғымы  кең  мағынада 
қолданылады.  Ол  компьютер  жұмысының  сенімділігін,  құнды 
мəліметтердің  сақталуын,  ақпаратты  ашуға  өкілеттілігі  жоқ  адам-
дардың  өзгеріс  енгізуінен  қорғауды,  электронды  байланыспен  хат 
жазысу құпиясын сақтауды, түрлі вирустарды саналы жəне санасыз 
тұрғыда жұқтырудан қорғауды меңзейді. Компьютерлік жүйелердегі 
ақпараттың қауіпсіздігіне төнетін қатердің көпшілігі екіге бөлінеді: 
кездейсоқ жəне қасақана қатер төндіру. 
  Барлық  өркениетті  елдерде  арнайы  зандар  азаматтардың 
қауіпсіздік  сақшысы  болып  саналады.  Ал  есептеуіш  техника  сала-
сында  құқық  қолданатын  іс-тəжірибесі  əзірге  дамымаған  елдерде, 
заң шығарушы процесс техника ғылымдары мен технология даму-
ына  ілесе  алмайды.  Сондықтан  компьютерлік  жүйе  жұмысының 
қауіпсіздігіне  сенімді  болғыңыз  келсе,  өзін-өзі  қорғау  шараларына 
сүйенесіз. Ақпаратты қорғау оның иесіне бағалы ақпаратты жоғалту 
немесе  жаңғыртып,  жетілдіру,  тарап  кету  ықтималдылығын  азай-
ту  үшін  қажет.  Ақпарат  пен  оның  құпиялығын  автономды  жұмыс 
режиміндегі  қорғау  сратегиясы  сайып  келгенде  біреу:  ақпаратты 
бақылау. Сіз ақпараттың сақталу орнын, оның тұтастығын сақтауды 
бақылауыңыз керек.
 Жүйені қорғағыңыз келсе, жұмыста да, үйде де компьютеріңізге 
пайдаланушылардың қолжетімділігін əрқашан жəне қайда болмасын 
шектеңіз.  Бұл  үшін  компьютерді  парольмен  қорғау  мүмкіндіктерін 
қарастыруға болады. 
594-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін қолдана отырып, шарт-
ты бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
 1. Қауіпсіздік  ұғымы. 2. Құнды  мəлемет. 3. Өзгеріс  енгізу. 

156
4. Құпия сын сақтау. 5. Түрлі вирустар. 6. Қатер төндіру. 7. Дамымаған 
елдер. 8. Қауіпсіздігіне сенімді.
595-тапсырма.  Берілген  сөйлемдердегі  көп  нүктенің  орнына 
тиісті сөздерді қойып жазыңыздар.
 1. Компьютерлік жүйелердегі ақпараттың қауіпсіздігіне төнетін 
...  кездейсоқ  жəне  қасақана  болуы  мүмкін. 2. Өркениетті  елдерде 
арнайы ... азаматтардың  қауіпсіздігін  қорғайды. 3. Компьютерлік 
жүйе  жұмысының  қауіпсіздігіне  сенімді  болғыңыз  келсе,  өзін-өзі 
қорғау ... сүйенесіз. 4. Ақпаратты қорғағыңыз келсе, оның тарап кету 
ықтималдылығын ... қажет. 5. Ақпарат пен оның құпиялығын авто-
номды жұмыс режиміндегі ... стратегиясы: ақпаратты бақылау. 6. Сіз 
ақпаратты қорғағыңыз келсе, компьютеріңізге пайдаланушылардың 
... шектеңіз. 
 
Тірек  сөздер: 1. Қорғау. 2. Қатер. 3. Азайту. 4. Зандар. 5. Қол-
жетім ділігін. 6. Шараларына.
596-тапсырма.  Берілген  сөздерді  қолдана  отырып,  бірнеше 
сабақ тас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
  1.               Пайдаланушылар.  2. Ақпарат.  3.  Ықтималдылық.        4.  Сақшы. 
5. Тех             ноло гия. 6. Вирус.
597-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  ішінен  шартты 
бағыныңқылы сөйлемдерді анықтап, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
598-тапсырма.  Мəтіннен  бірыңғай  мүшелерді  тауып,  олардың 
қалай байланысқанын жəне қай мүшеге қатысты екенін талдаңыздар.
599-тапсырма.  Мəтін  мазмұнын  негізге  алып,  сұхбат 
құрас           тырыңыздар. 
  Тірек  сөздер:  1.  Жұқтырудан  қорғау. 2. Заң  шығару. 3. Сенімді 
болу. 4. Ақпаратты жаңғырту. 5. Қолжетімділігін шектеу. 6. Тұтас-
тығын сақтау. 7. Парольмен қорғау. 
 
600-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.

157
 
601-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
602-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Оларға тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
603-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
ақпаратты қорғау стратегиясы жайында өзара əңгімелеcіңіздер.
1 Есептеуіш техникада қауіпсіздік ұғымы дегеніміз не?
2. Ақпарат қауіпсіздігін сақтау үшін не істеу керек?
3. Компьютерлік жүйелердегі қатерлер қалай бөлінеді?
4. Өркениетті елдерде азаматтардың қауіпсіздігін кім қорғайды?
5. Жүйені қорғау дегеніміз не?
604-тапсырма.  Компьютердің  ішіндегі  ақпаратты  қорғаудың 
10 баптан тұратын стратегиясын өз ойларыңыздан жазыңыздар. 

158
11-Модуль. Радиотехника əлемі
11.1. Лексикалық тақырып: Радиоэлектроника
  Грамматикалық  тақырып:  Мақсат  бағыныңқылы  сабақтас 
құрмалас  сөйлемдер
 
  Теориялық  блок.  Мақсат  бағыныңқылы  сөйлем  басыңқыдағы 
іс-əрекеттің мақсатын білдіре келе, баяндауыштары тұйық етістікке 
не  болжалды  келер  шақ  есімшеге  үшін  шылауының  (келу  үшін, 
бармас  үшін);  етістіктің  шартты,  қалау  жəне  бұйрық  райының 
үшінші  жағынан  кейін  көсемше  деп  тұлғасының  (барсам  деп,  ба-
райын  деп,  барсын  деп); -мақ, -мек, -пақ,-пек, -бақ,-бек  жұрнақты 
етістіктен кейін болып деген көсемше формалы көмекші етістіктің 
(бармақ  болып,  келмек  болып)  тіркесуі  арқылы  жасалады  да,  не 
үшін?, не етпек болып? қайтпек болып? сұрақтарына жауап береді. 
Мысалы, Университетті бітірген көптеген жас мамандар өндіріске, 
облыстарға бармас үшін, төртінші курсқа өткенде қаладағы шағын 
фирмалардан жұмыс іздей бастайды. Шетелге барып оқысам деген 
үздік студенттердің көбі, жыл бойы шет тілдері бойынша емтиханға 
дайындалады. Сеулға іссапармен бармақ болып дайындалып еді, сол 
кезеңге ешқандай билет болмады. 
 Тəжірибелік блок
605-тапсырма.  Берілген  мақсат  бағыныңқылы  сабақтас  сөй-
лемдердің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1.  Еңбегіңіз  өнімді  болу  үшін  мақсатты  істеріңізді  орындауды 
 алдымен дұрыс жоспарлап алыңыз. 2. Елбасы Н.Назарбаев еліміздің 
экономикасын  жан-жақты  дамытайын  деп,  Үкіметтің  алдына 
индустриалдық-инновациялық Бағдарламаны жуық мерзімде жүзеге 
асыру міндетін қойып отыр. 3. Елімізде сапалы өнім беретін əр түрлі 
өндіріс ошақтарын ашу үшін, білімді де білікті инновациялық тех-
нологияларды  жақсы  меңгерген  жас  мамандар  қажет. 4. Апталық 
жұмыстан  аздап  серпілмек  болсаңыздар,  тау  жаққа  серуендеп 
қайтыңыздар. 5. Барселонада өтетін семинарға қатысайын дегендер, 
тезірек мамыр айының он бесіне дейін тапсырыс жіберіңіздер. 6. Са-
лоникиге бару үшін, билетті Стамбул арқылы алғандарыңыз жөн. 

159
 
606-тапсырма.  Салалас  құрмалас  сөйлемдердің  құрамындағы 
жай сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1.  Математикадан  халықаралық  он-лайн  олимпиадаға  қатыспақ 
болсаңыздар, алдымен тіркеліп алыңыздар. 2. Конференцияға ерте-
рек бару үшін, бəріміз ерте шығып кеттік. 3. Оқытушылар семинар 
жұмысына  түгелімен  қатыссын  деп,  сертификат  берілетіні  туралы 
ескертілді. 4. Өндірістік практиканы шетелдегі компанияларда өтпек 
болған магистранттар, ғылыми жəне шетелмен байланыс бөлімінің 
есігін  торуылдап  жүр. 5. Компьютерімді  вирустан  тазалау  үшін, 
жатарда  антивирус  бағдарламасын  қосып  қойдым. 6. Ағылшын 
тілінен TOIFL тестіден  өтпек  болып,  қаладағы «English Counsul» 
орталығына құжаттарымды тапсырдым. 
607-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрас-
тырыңыздар.
608-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
609-тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
өріс – поле
құрылғы – конструкция
сала – отрасль
талдау – анализ
шалаөткізгіштік – полупроводной
анықтау – определить
тығыз – тесно
тиімділігі – эффективность
610-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.
Радиоэлектроника
  Радиоэлектроника — ғылым  мен  техниканың  ақпарат  тарату 
үшін,  оны  қабылдау  жəне  түрлендіру  үшін,  электромагниттік  өріс 
энергиясын пайдалану мəселелерін қарастыратын сала. Радиоэлек-
троника 20 ғасырдың 50-жылдары  пайда  болды.  Ол  радиотехника 
мен  электрониканы,  кванттық  электрониканы,  оптикалық  электро-
никаны, шалаөткізгіштік электрониканы, микроэлектрониканы, кри-
оэлектрониканы, инфрақызыл техниканы қамтиды. 

160
  Радиоэлектроника  автоматика,  техникалық  кибернетика  жəне 
электрондық  есептеу  техникасымен  де  тығыз  байланысты.  Ра-
д иоэлектроникада  математика  кеңінен  пайдаланылады.  Əдетте, 
радиотехникалық тізбектер мен құрылғыларға талдау, синтез жасау 
үшін, олардың құрылымы мен параметрлерінің тиімділігін анықтау 
үшін,  математика  ғылымы  қолданылады.  Радиоэлектрониканың 
электракустика  жəне  электроникамен  бірігіп  кеткен  салалары 
бар.  Қазіргі  радиоэлектроника  физиканың  көптеген  салаларымен, 
əсіресе, қатты дене физикасы, радиофизика, оптика жəне механика 
сияқты  салаларымен  тығыз  байланыста  дамып  келеді.  Радиоэлек-
троника ғылым жəне техникамен қатар өндірісте, медицинада, эко-
номика салаларында жиі қолданылады. 
 611-тапсырма. Мəтіннен біріккен сөздерді теріп жазып, жасалу 
жолын түсіндіріңіздер жəне олармен мақсат бағыныңқылы бірнеше 
сөйлемдер құрастырыңыздар.
 Үлгі: радиоэлектроника – радио (з.е.) + электроника (з.е) – екі зат 
есімнің тұтаса бірігуі арқылы жасалған. 
 612-тапсырма. Мəтіннен шылауларды теріп жазып, қолданылу 
жолын түсіндіріңіздер. 
  Үлгі:  Радиоэлектроника  техникалық  кибернетика  жəне  элек-
трондық  есептеу  техникасымен  де  тығыз  байланысты. — жəне 
–  ыңғайлас  мағыналы  жалғаулық  шылау;  де  –  күшейту  мағыналы 
демеулік шылау.
613-тапсырма.  Берілген  сөздерді  орысша  баламасымен 
сəйкестендіріп, сөздік дəптерге жазып алыңыздар. 
қабылдау
преобразовать
түрлендіру
принимать
қарастыру
распространять
тарату
охватывать
қолданылу
рассматривать
қамту
развиваться
даму
применяться
 
 

161
 
614-тапсырма.  Мəтіннен  бірыңғай  мүшелерді  тауып,  қалай 
байланысқанын жəне қай мүшеге қатысты екенін талдаңыздар.
 Үлгі: Елімізде радиофизика, оптика жəне механика тығыз байла-
ныста дамып келеді.
  Радиофизика,  оптика  –  бірыңғай  бастауыштар  оқығанда  да-
у ыс  ырғағымен  жекеленіп  айтылады,  жазылғанда  арасына  үтір 
қойылады;  оптика  жəне  механика  –  бірыңғай  бастауыштардың 
араларында  «жəне»  ыңғайластық  жалғаулығы  болғандықтан  үтір 
қойылмайды.
615-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  қажетті  сөзді  қойып, 
сөйлемдерді толықтырыңыздар. 
 1. Радиоэлектроника — электрмагниттік  өріс ... пайдалану 
мəселелерін қарастыратын саласы. 2. Радиоэлектроника  автомати-
ка, техникалық  кибернетика жəне ... есептеу техникасымен де тығыз 
байланысты. 3. Радиоэлектроникада ... кеңінен    пайдаланылады. 
4.  Рад  иоэлектрониканың  электракустика  жəне  электроникамен 
бірігіп  кеткен ... бар. 5. Қазіргі  радиоэлектроника ... көптеген  са-
лаларымен  тығыз  байланыста  дамып  келеді. 6. Радиоэлектроника 
өндірісте, ... , экономика салаларында жиі қолданылады. 
 
  Тірек  сөздер:  1.  Физиканың. 2. Электрондық. 3. Медицинада. 
4. Математика. 5. Салалары. 6. Энергиясын.
 616-тапсырма. Сөз тіркестерімен мақсат бағыныңқылы бірнеше 
сөйлемдер құрастырыңыздар.
 1. Электромагниттік өріс. 2. Ақпарат түрлендіру. 3. Энергиясын 
пайдалану. 4. Тиімділігін анықтау. 5. Құрылғыларды талдау. 6. Аспап 
жасау. 7. Қатты  дене. 8. Тығыз  байланыста. 9. Радиотехникалық 
тізбектер. 10. Кеңінен пайдаланылады.
617-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.

162
618-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  ішінен  мақсат 
бағыныңқылы сөйлемдерді анықтап, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
619-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
620-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Оларға тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
 
621-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
Қазақстанда  радиоэлектроника  саласының  қалыптасып  дамуы  жа-
йында өзара əңгімелеcіңіздер.
1. Радиоэлектроника қандай ғылым саласы?
2. Елімізде радиоэлектроника қашан пайда болды?
3.  Радиоэлектроника  қандай  ғылым  салаларымен    тығыз  бай-
ланыс ты?
4. Радиоэлектроникада математика не үшін қолданылады?
622-тапсырма.  «Адамзат  тұрмыс-тіршілігіндегі  радио элек-
трониканың маңызы» тақырыбында эссе жазыңыздар.
        11.2. Лексикалық тақырып: Радиобайланыс
  Грамматикалық  тақырып:  Мақсат  бағыныңқылы  сабақтас 
құрмалас сөйлемдер
 
  Теориялық  блок.  Баяндауыштары  тұйық  етістікке  не  болжал-
ды келер шақ есімшеге үшін шылауының (келу үшін, бармас үшін); 
етістіктің  шартты,  қалау  жəне  бұйрық  райының  үшінші  жағынан 
кейін  көсемше  деп  тұлғасының  (барсам  деп,  барайын  деп,  барсын 
деп) тіркесуі арқылы жасалып, не үшін? не істейін деп? сұрақтарына 
жауап беретін мақсат бағыныңқылы сөйлемдерді қайталау. Мысалы, 
Ұлыбританияға  тілдік  біліктілікті  жетілдіруге  бару  үшін,  алдымен 
ағылшын тілінен жəне психологиялық тест бойынша сынақтан өту 
қажет. 
Тəжірибелік блок
  623-тапсырма.  Берілген  мақсат  бағыныңқылы  сабақтас 
сөйлемдердің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.

163
 
 1. Аймақтағы радиобайланыс  сапалы болу үшін елді мекендер-
дегі  электр  желілерін  заманауи  талапқа  сай  орнату  керек. 2. WEB 
бағдарламаларын тереңірек меңгерейін деген студенттер, өздері-ақ 
қосымша  арнайы  курстарға  барып  оқиды. 3. Компьютерлік  ойын-
дарды дұрыс құрастыру үшін, əрбір ситуацияға ақпараттық талдау 
жасаудың маңызы зор. 4. Ойындағы конфликтіні дəл сипаттау үшін, 
оған кімдер, қанша нысан, ойынға қатысу ережесі, ойынның мақсаты 
мен  нəтижесі  қандай  болатындығы  анықталады. 5. Компьютердің 
бағдарламаларын жетік меңгерейін жəне болашақта жоғары ақылы 
маман болайын деген талапкерлер, қазіргі кезде компьютерлік жəне 
математикалық  модельдеу  мамандығын  таңдайды. 6. Ұсынылған 
идеялардың  тиімділігін  тексеру  үшін  жаңа  конструкторлық 
жұмыстарды  жəне  техникалық  шешімдерді  өндірістерде  экспери-
менттен өткізу керек. 
624-тапсырма.  Салалас  құрмалас  сөйлемдердің  құрамындағы 
жай сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1.  Радиобайланыс  саласы  мамандығына  түссем  деп  жүрген  та-
лапкерлер,  жуырда  өткен  физика  пəнінен  халықаралық  олимпиа-
дада жүлделі орындарға ие болды. 2. Теориялық білімді практика-
мен  ұштастырайын  деген  жоғары  курс  студенттері,  компанияларға 
жарты  ставкалық  жұмыстарға  орналасып  алыпты. 3. Кəсіби 
техникалық  білімді  студенттерді  ұлтжандылыққа  тəрбиелеу  ісімен 
ұштастыру үшін, университет тарихына, техника ғылымына өшпес 
із  қалдырған  ғалым-ұстаздардың  мұраларын  оқу-тəрбие  үрдісінде 
кеңінен  қолдануымыз  керек. 4. Радиотехника  ғылымы  елімізде 
қарқынды дамуы үшін, оған қолайлы инфрақұрылым жəне білімді 
де  білікті  инженер  мамандар  ауадай  қажет. 5. Электромагниттік 
толқындарды  байланыс  мақсатында  қолдану  үшін,  А.С.  Попов 
Г.Герцтің эллектромагниттік өріс концепциясын негіз етіп алды жəне 
оның тиімділігін дəлелдеді. 6. Қазақ тілінен білімімді тексерейін де-
ген магистранттар  ҚАЗТЕСТ-тен өтуге дайындалып жатыр. 
625-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше  мақсат  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
626-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

164
 627-тапсырмаБерілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
радиотолқын – радиоволны
радиоқабылдағыш – радиоприемник
радиобайланыс – радиосвязь
тербеліс – колебания
таратушы – распространитель
жылжымалы – движимый
қабылдаушы – принимающий
қозғалмайтын – недвижимый
628-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мазмұнын  түсінуге 
тырысыңыздар.
Радиобайланыс
Радиобайланыс — радиотолқын  көмегімен  ақпарат  алмасу.  Ра-
диобайланыс жүйесінің ақпарат беруші жəне ақпарат қабылдаушы 
жақтары  болады.  Ақпарат  беруші  жағында  радиотаратқыштан 
жəне  таратушы  антенналардан  тұратын  радиотарату  құрылғысы 
болады.  Ал  қабылдаушы  жағында  қабылдау  антенналары  мен 
радиоқабылдагыштан    тұратын  радиоқабылдау  құрылғысы  ор-
наласады.  Таратқышта  тасымалдаушы  жиіліктегі  тербеліс 
берілетін  ақпарат  сигналының  заңдылығына  сəйкес  өзгертіледі, 
ал  қабылдаушы  жақта  кері  үрдіс  жүргізіледі.  Байланыс  біржақты 
жəне  екіжақты  болуы  мүмкін.  Радиобайланыс  қозғалмайтын  жəне 
жылжымалы  объектілер  арасында  байланыс  орнатудың  бірден  бір 
тəсілі. Радиобайланыс – бұл электробайланыстың бір түрі. Əртүрлі 
арақашықтықтағы ақпараттар өзара алмасу үшін   радиотолқындар-
дың (электромагнитті тербеліс) көмегі қолданылады. Тұтынушыларға 
ақпаратты бір жақты, кеңінен (желіден абоненттерге) тарату үшін, 
радио жəне теледидар желілері қызметі пайдаланылады. Ал аналог-
ты сигналдарды (дыбыс пен бейне) цифрлап, ал цифрланған сигнал-
дарды  дестелеп  таратайын  десеңіздер,  қазіргі  телекоммуникация 
саласындағы  ғылыми-техникалық  жетістіктерді  ұтымды  қолдану 
мүмкіншіліктері жеткілікті.  
 
629-тапсырма. Мəтіннен біріккен сөздерді теріп жазып, жасалу 
жолын түсіндіріңіздер.
 Үлгі: радиоқабылдағыш – радио (з.е.) + қабылдағыш (з.е) – екі зат 
есімнің тұтаса бірігуі арқылы жасалған. 
630-тапсырма. Берілген сөздерді орысша баламасымен сəйкес-
тендіріп, жазып  алыңыздар. 

165
 
алмасу
расстояние
арақашықтық
обмениваться
арасында
обратный
кері 
между
тұратын
осуществляться
берілетін
состоящий
жүргізіледі
передающий
631-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  қажетті  сөзді  қойып, 
сөйлемдерді толықтырыңыздар. 
 1. Радиобайланыс –  радиотолқын ... ақпарат алмасу. 2. Ақпарат 
беруші  жағында  радиотаратқыштан  жəне  таратушы ... тұратын  рад-
ио тарату құрылғысы болады. 3. Ал қабылдаушы жағында қабылдау 
антенналары  мен  радиоқабылдагыштан  тұратын  радиоқабылдау ... 
орналасады. 4. Байланыс біржақты жəне ... болуы мүмкін. 5. Радио-
байланыс қозғалмайтын жəне жылжымалы объектілер арасында ... 
орнатудың  бірден  бір  тəсілі. 6.Радиобайланыс – бұл ... көмегімен 
əртүрлі  арақашықтықтағы  ақпараттардың  алмасуына  арналған 
электробайланыстың бір түрі. 
  Тірек  сөздер:  1.  Антенналардан. 2. Құрылғысы. 3. Байланыс.
 4. Екі жақты. 5. Көмегімен. 6. Радиотолқындардың.
 632-тапсырма. Сөз тіркестерімен мақсат бағыныңқылы бірнеше 
сөйлемдер құрастырыңыздар.
1.  Ақпарат  беруші. 2. Қабылдаушы  жақтары. 3. Радиобайланыс 
жүйесі. 4. Таратушы антенналар. 5. Радиотарату құрылғысы. 6. Тасы-
малдаушы жиілік. 7. Заңдылығына сəйкес. 8. Кері үрдіс. 9. Біржақты 
байланыс. 10. Жылжымалы объектілер.
633-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  ішіндегі  мақсат 
бағыныңқылы сөйлемдерді анықтап, жасалуын түсіндіріңіздер.
634-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
 

166
635-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жо-
спар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
636-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер.  Əр  абзацқа  тақырып  беріп,  мазмұнын  қосымша 
ақпаратпен толықтырыңыздар.
637-тапсырма. Төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, адам-
зат өмірінде, тұрмыста радиобайланыс жүйесінің маңызы мен мəні 
туралы өзара əңгімелеcіңіздер.
1. Радиобайланыс дегеніміз не?
2. Радиобайланыстың қандай жақтары болады?
3. Радиобайланыс жүйесінің ақпарат беруші жағы дегеніміз не?
4.  Радиобайланыс  жүйесінің  ақпарат  қабылдаушы  жағы 
дегеніміз не?
638-тапсырма.  «Радиобайланыс  не  үшін  қажет»  тақырыбында 
сұхбат құрастырыңыздар.
639-тапсырма.  «Радиобайланыс  тұрмыста»  тақырыбында  эссе 
жазыңыздар

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...