Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Б. Жақсылықова кəсіби қазақ тілі

Loading...


Pdf көрінісі
бет12/20
Дата02.04.2020
өлшемі1.41 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

  Көлденеңінен:  1.  ...  табиғаты  əртүрлі  объектілерді  модельдеу 
ғылыми  танымның  бір  тəсілі  болып  табылады. 2. Ақпараттық ... - 
ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін сая-
си субъектілер қолданатын əртүрлі əдіс-тəсілдер мен техникалар. 3. 
Модельдеу  қоршаған  болмысты  зерттеудің  негізгі  əдістерінің  бірі 
жəне  қызметтің  барлық  салалары  мамандарының  ғылыми  жəне ... 
қызметіндегі  құрал  болып  табылады. 4. Есептеулерді  жүргізуге, 
жəне ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, 
қайта өңдеу, сақтау жəне  нəтиже  шығару үшін  арналған  машина. 
5. Əлем ді тану мен өзгертудің əдістерінің бірі.
  Тігінен:  6.  ...  модельдеудің  негізгі  артықшылықтарының  бірі, 
онымен  зерттелетін  күрделі  жүйелер  тəнді  элементтерден  тұра 
алатындығы. 7. Программа  жөне  оның  жұмыс  істеуіне  қажетті 

140
жүйелік  ресурстар;  операциялық  жүйедегі  жұмыстың  логикалық 
бірлігі.
528-тапсырма. “Компьютерлік вирустардан қалай қорғануға бо-
лады” деген тақырыпта шағын эссе жазыңыздар.
 
9.3. Лексикалық тақырып: Антивирустық бағдарламалар
 Грамматикалық тақырып: Себеп бағыныңқылы жəне қимыл-
сын  бағыныңқылы сабақтастар
 
  Теориялық  блок.  Себеп  бағыныңқылы  жəне  қимыл-сын 
бағыныңқылы  сабақтастарды  қайталау.  Қимыл-сын  бағыныңқылы: 
1) -ып,-іп, -п, -а, -е, -й; 2) -ған, -ген, -қан,-кен + -дай, -дей ; 3) -ма, 
-ме, -па, -пе, -ба, -бе + с +-тан, -тен. Себеп бағыныңқылы: 1) -дықтан, 
-діктен; 2) -ған соң, -ген соң; 3) -ғаны үшін, -гені үшін, -қаны үшін, 
-кені үшін; 4) -ып, -іп, -п; 5) -ма,-ме, -ба, -бе, -па, -пе +й. Мысалы, 
Əлемдік жəне Қазақстан ғылымының биотехнология саласы бойын-
ша өнертапқыштықты дамытуға зор үлес қосқаны үшін, Л.Гумилев 
атындағы  Евразия  ҰУ  профессоры  Сағымбек  Алтайұлы  Альфред 
Нобель атындағы төсбелгінің иегері атанды. 
 Тəжірибелік блок
529-тапсырмаБерілген сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрін 
анықтап, қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
 1. Есептеу техникасы тұрғысынан ақпарат компьютер жадында 
сақталып,  қажеттілігіне  байланысты  өнделген  соң,  сыртқы  ортаға 
берілетін  мəліметтер. 2. Заң  шығарушы  процесс  технология  да-
муына  ілесе  алмағандықтан,  компьютерлік  жүйе  жұмысының 
сенімділігі  көбіне  өзін-өзі  қорғау  шараларына  сүйенеді. 3. Бағалы 
ақпаратты жоғалту немесе тарап кету ықтималдығын азайтпай, оның 
қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмасыз. 4. Хабар, мəлімет шифрланған 
соң,  оны  алушы  тек  кілттің  көмегімен  аша  алады. 5. Бұл  үшін  ве-
домоство  жоспарлағандай,  мемлекеттік  органдар  өз  саласындағы 
басым  тақырыптардың  спектрін  Білім  жəне  ғылым  министрлігіне 
ұсынуы  қажет. 6. Ведомоствода  атап  өткендей,  елімізде  Қазақстан 
тарихы саласында мамандарды шетелде даярлау жанданып жатыр. 
7. Қазіргі кезде Бағдарлама магистрлер мен PhD докторлар даярлауға 

141
 
бағытталғандықтан,  академиялық,  ғылыми  мобильдік  шеңберінде 
ғалымдардың стажировкадан өтуіне баса назар аударылған. 8. 2020 
жылға дейінгі жастар саясатының Тұжырымдамасын қабылдау жас-
тарды Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясында» 
қойған  стратегиялық  міндеттерін  шешуге  жұмылдырып,  бар  күш-
жігерлерін жұмсауға мүмкіндік береді. 
 530-тапсырмаБерілген сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрін 
анықтап, қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1. EXCEL-ді  ұтымды  пайдаланып,  түрлі  диаграммалар 
құруға  жəне  мəліметтер  қоймасын  жасауға  болады. 2. Вирус  іске 
қосыл      ған       программаларға     да  кері   əсер  етіп,  олар  ға  да  жұғады  жəне  бас қа 
да зиян          ды іс-əрекеттер жасай бастайды.    3. Вирус өзіне қажет    ті бүл           діру 
əрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға 
бере салады. 4. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын 
жалғастырып,  сырт  көзге  вирус  жұққандығы  бастапқы  кез-
де  байқалмай  да  қалады. 5. Вирустың  көптеген  түрлері  ЭЕМ 
жадындағы DOS-ты  қайта  жүктегенше  тұрақты  сақталып,  оқтын-
оқтын  өзінің  зиянды  əсерін  тигізіп  отырады.  6. Өңірлік  даму 
министрлігі  жергілікті  атқарушы  органдармен  бірлесіп,  жыл  сай-
ын  аймақтың  мамандарға  сұранысы  бойынша  мақсатты  өтінім 
жасайды. 7. Білім  министрлігі  білікті  мамандарды  аймақтарына 
қайтара  отырып,  бағдарламалық-мақсатты  даярлауды  үйлестіреді. 
8.  Инновациялық  бағыттағы  он  жоғары  оқу  орны  анықталып, 
мақсатты түрде қаржыландырылуда. 9. Астанда өтетін ЭКСПО-2017 
көрмесіне жақсы дайындалып, Қазақстан ғылымының мықты, озық 
нəтижелерін  көрсетуіміз  қажет. 10. Экономика  қажеттіліктері  мен 
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын назарға ала оты-
рып, мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс құрылымы 
қайта қаралды. 
531-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше  себеп  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
532-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше  қимыл-сын  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер 
құрастырыңыздар.

142
 533-тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
емдейді – лечит
қалпына келтіру – восстановить
сирек – редко
жасаушы – составитель, создатель
салыстыру – сравнить
ағымдық – текущий
 534-тапсырма.  Мəтінді  мəнерлеп  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.
                                Антивирустық бағдарламалар
    
    Вирустарды  табуға  жəне  жоюға 
мүмкіндік  беретін  бағдарламалар  анти-
вирустық  (вирусқа  қарсы)  бағдар лама-
лар деп аталады. Детек тор бағдар ламалар 
белгілі вирус тардың бірі мен зақымдалған 
файлдарды   табады, мұндай бағдарлама-
лар  жеке  түрде  сирек  кездеседі.Фагтар 
немесе  доктор  бағдарламалар  сондай-ақ 
вакцина  бағдарламалар  вируспен  зақымдалған  файлдарды  тауып 
қана қоймай, оларды «емдейді» де, яғни бағдарламаларды вируспен 
зақымдалғанға дейінгі қалпына келтіре отырып, файлдардан вирус 
бағдарламасының  тəнін  жояды.  Фагтар  өз  жұмысының  басында 
вирустарды  жедел  жадтан  іздейді,  оларды  жояды,  тек  содан  кейін 
файлдарды «емдеуге» кіріседі. Фагтардың ішінде полифагтар, яғни 
вирустардың көп мөлшерін жоятын доктор бағдарламалары бар. Ең 
кең таралған полифагтар Aidstest жасаушысы – доктор Лозинский, 
Scan, Norton AntiVirus жəне Doctor Web жасаушысы – И.  Данилов 
бағдарламалары болып табылады.
Ревизор  бағдарламалар  вирустардан  қорғайтын  құралдардың 
ең  сенімдісі.  Ревизор  бағдарламалардың  алғашқы  қалпын,  яғни 
компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтайды, содан 
кейін оқтын-оқтын ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салы-
стырып отырады. 
 535-тапсырма. Берілген сөздермен сабақтас құрмалас сөйлемдер 
құрастырыңыздар. 
 1. Қарсы. 2. Сирек. 3. Емдеу. 4. Зақымдану. 5. Тəні. 6. Таралу. 
 7. Сенімді. 8. Бағдарлама.

143
 
 536-тапсырма. Төмендегі сөздерге өзгелік етістің жұрнақтарын 
қосып, дəптерге жазыңыздар.
 Үлгі: Қорғау – -т – -ты.
  Табу,  жою,  емдеу,  іздеу,  қорғау,  сақтау,  бақылау,  жіберу,  өшіру, 
теру.
537-тапсырма. Мəтіннен септік жалғауы бар сөздерді теріп жа-
зып, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
538-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кезде-
скен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
539-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
540-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Оларға тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
541-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
компьютерлік вирустар жəне олардың жаңа түрлері жайында өзара 
əңгімелеcіңіздер.
1. Вирусты жоюға мүмкіндік беретін бағдарламалар қалай атала-
ды?
2. Вакцина бағдарламалар файлдармен не істейді?
3. Фагтар вирустарды қайдан іздейді?
4.  Вирустардан  қорғайтын  ең  сенімді  бағдарламалар  қалай  ата-
лады?
5. Компьютерлік вирустар қайдан пайда болады?
6. Қазіргі кездегі вирустың қанша түрін білесіздер?
7. Компьютерлік вирустармен қалай күресуге болады?
8. «CMOS», «Троян  аттары»  бағдарламалары  туралы  не 
білесіздер? 
542-тапсырма.  Берілген  сұрақтарды  қолданып,  сұхбат 
құрастырыңыздар.

144
543-тапсырма.  Берілген  сөз  тіркестерімен  сабақтас  құрмалас 
сөйлемді шағын мəтін құрастырыңыздар.
  Вирустарды  жою,  зақымдалған  файл,  қалпына  келтіру,  жад-
тан  іздеу,  файлдарды  емдеу,  вирустан  қорғау,  есте  сақтау,  өзгеріс 
табу,  компьютерге  орнату,  зиянды  əрекет,  қапшықтарды  жылжыту, 
жұмысын бақылау, тыйым салу, кедергі келтіру, қосымша құрылғы.
544-тапсырма.  Тірек  сөздерді  пайдалана  отырып,  берілген 
сөйлемдерді  толықтырыңыздар.
1. Порт – компьютер процессорымен сыртқы ... қосуға арналған 
тізбек.
2. Əр принтерде ... түрде өзінің драйвері болады.
3. Қазіргі кезде көптеген ... түрлері бар.
4. Плоттер – график, сурет немесе диаграмма ... арналған құрылғы.
5. Плоттерге де ... бағдарлама драйвер қажет.
6.  Арзан  принтерлердің ... олардың  дүріл  көп  шығаруы  жəне 
басылымның  төмен ... .
 Тірек сөздер: 1. Сызуға. 2. Принтер. 3. Міндетті. 4. Кемшіліктері. 
5. Арнайы. 6. Сапасы. 7. Құрылғыларды.
 545-тапсырма. Суретке ат қойып, шағын əңгіме жазыңыздар. 
                       
 546 - тапсырма. «Компьютерді вирустардан қалай қорғауға бо-
лады» тақырыбына эссе жазыңыздар.

145
 
10-Модуль. Компьютердің пайдасы мен
 зияны жайында
10.1. Лексикалық тақырып: 
Компьютердің зияны туралы не білесіз?
  Грамматикалық  тақырып:  Шартты  бағыныңқылы  сабақтас 
құрмалас сөйлемдер.
 
 Теориялық блок. Шартты бағыныңқылы сөйлем басыңқыдағы іс-
əрекеттің жүзеге асу шартын білдіре келе, баяндауыштары етістіктің 
шартты райынан -са, -се; етістіктің болымсыз түріне -ма + -йынша, 
-ме + -йінше; -ба + -йынша, -бе + -йінше; -па + -йынша, -пе + -йінше; 
жатыс септік жалғаулы есімшеден -ған+да, -ген+де, -қан+да, -кен+де; 
көсемшенің  болымсыз  түрінен  -ма+й, -ме+й, -ба+й, -бе+й, -па+й, 
-пе+й  қосымшасының  жалғануы  арқылы  жасалады  да,  неліктен?, 
не  еткен  соң?  қайткен  соң?  сұрақтарына  жауап  береді.  Мысалы, 
Вирустар компьютерге енсе, барлық программалар мен файлдарды 
зақымдайды. Университеттегі озық студенттердің қатарында болсаң, 
атаулы стипендия алуға мүмкіндігің бар. Оқытушы стадионға жет-
кенше, студенттер тарап та кетіпті. 
 Тəжірибелік блок
547-тапсырма.  Берілген  себеп  бағыныңқылы  сабақтас 
сөйлемдердің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1. Еңбегің өнімді болсын десеңіз, айналаңыздағы көпке сүйеніңіз. 
2. Елімізде инновацияға негізделген өндірістер дамымайынша, эко-
номикамыз шетелге тəуелді бола береді. 3. Жаңа технология бойын-
ша теориялық материалдарды терең меңгергенмесеңіздер, өндіріске 
тың  ештеңе  енгізе  алмайсыздар. 4. Ертеңгі  ауа  райын  анықтамай, 
тауға шығушы болмаңыздар. 
548-тапсырма.  Салалас  құрмалас  сөйлемдердің  құрамындағы 
жай сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
 1. Математикадан  халықаралық  он-лайн  олимпиадаға 
қатыссаңыз, шетелде бір жыл оқуыңызға болады. 2. Конференцияға 
ертерек  келсеңіз,  қаулы  жайында  ақылдасар  едік. 3. Оқытушылар 
түгел  жиналмайынша,  семинар  жұмысы  басталмайды. 4. Ма-

146
гистранттар  өндірістік  практиканы  өтпейінше,  оларды  диплом 
қорғауға жібермейді. 5. Дербес компьютерді вирустан тазаламайын-
ша, оның ішіндегі  барлық  деректер  не жойылады, не зақымдадаы. 
6.  Ағылшын  тілінен TOIFL немесе ILTS тапсырмай, «Болашақ» 
бағдарламасына құжаттар тапсыра алмайсыз. 
549-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше  шартты  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
550-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
551-тапсырма.  Берілген    сөздерді      мұқият    оқып,  есте 
сақтаңыз дар.
көпшілігіміз – многие
қауіп төндіру – привлекает угрозу
сəуле – луч
ағза – организм
жүйке – нерв
хабарсызбыз – не осведомлены
шеберлер – мастера
айырмашылық – различие
552-тапсырма.  Мəтінді  мəнерлеп  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырсыңыздар.
Компьютердің зияны туралы не білесіз?
  Компьютер  арқылы  көптеген  мəселелеріміз 
шешіліп,  біраз  мүмкіндіктерге  ие  болдық.  Де-
сек  те,  оның  адам  денсаулығына  қаншалықты 
қауіп төндіретінінен көпшілігіміз хабарсызбыз. 
Бұл  қауіпті «ғасыр ойыншығы» тұрмыста көп 
қолданылады. Компьютерден шығатын электро  магниттік сəуле адам 
ағзасына зиян. Бірақ бар    лық компью   тер   лер бірдей деу ге болмайды. 
Соңғы  кездегі  компьютерлерге  қараған да  ерте  кезде  шыққандары 
қауіптірек.  Екеуінің  арасында  айыр машылықтар  бар.  Ал,  соңғы 
маркідегі компьютерлердің өзі құрылысына қарай үш түрге бөлінеді: 
«ақ», «сары» жəне «қызыл». «Ақ» құрылысты компьютерлер АҚШ-
та, Жапонияда жəне Батыс Еуропа елдерінде шығарылады. Олар өте 
сапалы  жəне  қауіпсіз. «Сары»  құрылысты  компьютерлер  Гонконг, 
Тайвань  сияқты  Азия  елдерінде  жасалынады.  Бұлардың  сапасы 

147
 
соншалықты  жоғары  болмайды.  Ал 
«қызыл» құрылысты                       компьютерлерді 
өзіміздің  шеберлер  құрастырады.  Олар 
зиянды  сəулені  көбірек  бөледі.  Біз, 
əдетте,  мониторды  зиянды  деп  ойлай-
мыз.  Ал  пернетақта  одан  да  қауіптірек 
көрінеді. Одан тараған электромагниттік 
сəулелер саусақ арқылы организмге əсер етеді. Нəтижесінде жүйке 
ауруы пайда болады. Компьютер алдында көп отырғандардың қол, 
саусақ ауруларына ұшырайтындары да көп көрінеді.
553-тапсырмаТөмендегі сөз тіркестерін қолдана отырып, шарт-
ты бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
 Қауіп төндіру, соңғы маркідегі, құрылысына қарай, өте сапалы, 
шеберлер құрастырды, кəдімгі пернетақта, саусақ арқылы, жүйке ау-
руы, маңызды кеңес.
554-тапсырма.  Берілген  сөйлемдердегі  көп  нүктенің  орнына 
тиісті сөздерді қойып жазыңыздар.
1.  Компьютерден шығатын ... сəуле адам ағзасына 
зиян.
Қауіп
2. ... 
одан да қауіптірек көрінеді.
Жүйке
3.  Компьютердің адам денсаулығына қаншалықты 
... төндіретінінен көпшілігіміз хабарсызбыз.
шыққандары
4.  Соңғы кездегі компьютерлерге қарағанда ерте 
кездегі ... қауіптірек.
Құрылысына
5.  Соңғы маркідегі компьютерлердің өзі ... қарай 
үш түрге бөлінеді.
өзіміздің
6. «Қызыл» құрылысты компьютерлерді ... 
шеберлер құрастырады.
Пернетақта
7.  Компьютер алдында көп отырғандықтан, ... 
ауруы пайда болады.
Электромагниттік
555-тапсырма.  Мəтінді тағы бір рет оқып, кестені толтырыңыздар.
Зияны
Ауру түрлері
Қалай сақтану керек?
Электромагниттік сəуле
Жүйке ауруы

148
  556-тапсырма.  Мəтіннен  бірыңғай  мүшелерді  тауып,  олардың 
қалай    байланысқанын      жəне    қай    мүшеге  қатысты  екенін  тал-
даңыздар.
557-тапсырма.  Мəтін  мазмұнын  негізге  алып,  сұхбат 
құрастырыңыздар. 
 Тірек сөздер: 1. Адам денсаулығы. 2. Ғасыр ойыншығы. 3. Элек-
тромагниттік  сəуле. 4. Өзіміздің  шеберлер. 5. Қауіптірек  көрінеді. 
6. Жүйке ауруы. 7. Ағзаға зиян.
558-тапсырма.  Мақал-мəтелдерді  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар. 
 
1. Ақылы асса, аға тұт. 2. Еңбек етсең, емерсің. 
559-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
560-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
561-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Оларға тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
562-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
адам  денсаулығына  компьютерден  келетін  қауіп  жайында  өзара 
əңгімелеcіңіздер.
1. Компьютердің адам ағзасына зияндығы қаншалықты?
2. Көбіне қандай компьютерлер қауіпті?
3. Неліктен пернетақта қауіптірек дейміз?
4. Пернетақтадан адам қандай ауруға шалдығуы мүмкін?
563-тапсырма.  Суретке  қарап,  компьютердің  алдында  жұмыс 
істеудің 10 баптан тұратын ережесін жазыңыздар. 

149
 
10.2. Лексикалық тақырып: Компьютердің зиянын азайту 
жайындағы  кеңестер
  Грамматикалық  тақырып:  Шартты  бағыныңқылы  сабақтас 
құрмалас сөйлемдер
 
 Теориялық блок. Баяндауыштары етістіктің шартты райынан -са, 
-се;  етістіктің  болымсыз  түріне  -ма + -йынша, -ме + -йінше; -ба + 
-йынша, -бе + -йінше; -па + -йынша, -пе + -йінше қосымшасының 
жалғануы  арқылы  жасалынған  шартты  бағыныңқы  сөйлемдер. 
Мысалы,  Компьютердағы  түрлі  вирустар  жойылмайынша,  барлық 
программалар  мен  файлдарды  зақымдайды.  Университеттің  озық 
студенті  атанбайынша,  атаулы  стипендия  ала  алмайсыз.  Халқы 
бақытты болса, басшысы да бақытты. 
 Тəжірибелік блок
570-тапсырма.  Берілген  шартты  бағыныңқылы  сабақтас 
сөйлемдердің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
 1. Аймақтарды  экономиканың  сұранысына  сəйкес  білікті  ма-
мандармен қамтамасыз етпейінше, 2050 Стратегиясында қойылған 
жаңа  міндеттерді  орындау  мүмкін  болмайды. 2. Мамандықтардың 
атауына  ғана  емес,  даярлау  мазмұнына  да  назар  аудармайын-
ша,  елдегі  сұранысты  толық  қанағаттандыру  мүмкін  емес. 3. Ин-
женерлік  ғылымдар  саласында  өндіріс  үшін  инновацияға,  жаңа 
технологияларға  шығуға  мүмкіндік  жасалмаса,  экономика  мен 

150
қоғамға  нақты  пайда  болмайтыны  сөзсіз. 4. Жүйе  түсінігіне 
ақпараттық сөзін қосатын болсақ, оның құрылуы мен функционал-
дануы, іс-қимыл жасау мақсаты бейнеленеді.
571-тапсырма.  Салалас  құрмалас  сөйлемдердің  құрамындағы 
жай сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1. Өзіңіз жұмыс жасайтын жүйені қорғағыңыз келсе, жұмыстада 
да,  үйде  де  компьютеріңізге  пайдаланушылардың  қол  жетімдігін 
мүмкіндігінше  шектеңіз. 2. Егер  сіздің  ақпараттарыңыздың  қайда 
сақталатындығын  өзіңізден  басқа  ешкім  білмесе,  ақпараттың 
құпиялылығының  бұзылуы  немесе  ақпараттың  бүліну  қаупі 
едəуір  азаяды. 3. Мəлеметтерді  архивтеу,  файлдарды  бұғаттау, 
парольдерді  қорғау  сияқты  тактикалық  əдістерді  қолданбайынша, 
ақпараттарыңызды  жойылудан,  өзгеруден,  нұқсан  келуден  сақтай 
алмайсыз. 4. Түрлі диаграммалар, электронды кесте құрғыңыз кел-
генде, Microsoft Excel қолданушының  жұмыс  жасауына  өте  тиімді 
жəне таптырмайтын бағдарлама. 5. Компьютерде вирус жұққан про-
граммалар  саны  неғұрлым  көбеймей,  оның  ішінде  вирустың  бар 
екені  сырт  көзге  ешбір  байқалмайды. 6. ЭЕМ  жадындағы DOS-ты 
қайта  жүктегенде  вирустың  көптеген  түрлері  байқатпай,  оқтын-
оқтын барлық дерекқорға өзінің зиянды əсерін тигізіп отырады.
572-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше  шартты  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
573-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
 574-тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
зияны– вред
қашықтықта – на расстоянии
азайту – уменшить
мүмкіндігінше – по возможности
қеңес – совет
тапжылмай – неподвижно 
тазалау – чистить
тынығу – отдыхать
 
 575-тапсырма.  Мəтінді  мəнерлеп  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.

151
 
Компьютердің зиянын азайту жайындағы қеңестер.
  Компьютердің  зиянын  барынша  азайтқыңыз  келсе,  мына 
қеңестерге құлақ түргеніңіз жөн. Монитор экраны көзден 50, тіпті 70
 см қашықтықта тұрғаны дұрыс. Сіз жұмыс жа-
сайтын  жерде  бір  емес,  бірнеше  компьютер 
тұрса, бір-бірінен ара қашықтығы 1 метр болуы 
тиіс.  Компьютер  үлкен  болса,  оның  арты 
мүмкіндігінше  қабырғаға  қарап  тұрғаны  жөн. 
Компьютер тұрған бөлме шаң болмауы қажет.
  Ауаны  тазалап  тұрыңыз.  Мүмкін  болса, 
компьютердің жанына су құйылған ыдыс қойып 
қою керек. Жас балалар компьютер алдында тап-
жылмай отыра бермей, əр 20 минут сайын 15 минут демалуы тиіс. 
Ал ересек адамдар 2 сағатта бір 10-15 минутқа тынығуы қажет. Ком-
пьютермен жұмыс жасап болғаннан кейін міндетті түрде салқын су-
мен жуыну қажет.
576-тапсырма.  Берілген  сөздерді  қолдана  отырып,  бірнеше 
сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
 1. Зиян. 2. Қашықтық. 3. Қабырға. 4. Тынығу. 5. Жуыну. 
577-тапсырма.  Мəтін  мазмұнын  негізге  алып,  мына  сөздермен 
бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
мəселе
мүмкіндік
зиян
қауіп
сапалы
шебер
электромагнитік
кеңес
ауру
монитор
сəуле
құрылысы 
қауіпсіз
шаң
денсаулық
578-тапсырма.  Сөздерді  салыстырмалы  шырайға  айнал-
дырыңыздар 
да, 
бірне ше 
сабақтас 
құрмалас 
сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
 Үлгі: Қауіпті – -рек. 
 1. Сапалы. 2. Көп. 3. Қызыл. 4. Жақсы. 5. Күшті. 6. Ыңғайлы. 
7. Қы  зық. 8. Қым бат. 9. Ауыр. 10. Үлкен. 11. Жеңіл. 12. Пайдалы.

152
 579-тапсырма. Төмендегі пікірлерге  иə, жоқ  жауабының  қажет    -
тісін  қойыңыздар.
Иə
Жоқ
1
Кейінгі кезде компьютер арқылы көптеген мəселе 
шешіліп, біраз мүмкіндіктерге ие бола бастадық.
2
Компьютердің адам денсаулығына қаншалықты зиян 
екендігінен хабарсызбыз.
3
Компьютерді «ғасыр ойыншығы» деп атайды.
4
Компьютердің түрі көп.
5
Соңғы маркідегі компьютерлер қауіпті.
6
Компьютерлер электромагниттік сəуле шығармайды.
7
Компьютерлерді өзіміздің шеберлер құрастырады.
8
Монитор өте қауіпті.
9
Компьютермен жұмыс жасағанда тапжылмай 
отырудың онша зияны жоқ.
10
Компьютермен айналысудың пайдасы жоқ.
580-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
581-тапсырма.  Мəтін  ішінде  цифрмен  берілген  сан  есімдерді 
жазбаша  теріп  алып,  олармен  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
582-тапсырма. Мəтінді мұқият оқып, ішінен шартты бағының-
қылы сөйлемдерді анықтап, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
583-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
584-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Оларға тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
585-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып,  ком-
пьютермен жұмыс істеу мəдениеті жайында өзара əңгімелеcіңіздер.

153
 
1. Компьютердің зиянын барынша азайту үшін не істеу керек?
2. Ол үшін компьютердің жанына не қою қажет?
3. Монитор қандай қашықтықта тұруы қажет?
4. Үйде компьютердің қандай түрімен жұмыс істеген қолайлы?
5. Компьютермен жұмыс істеу барысында үзілісті қалай жасаған 
дұрыс?
586-тапсырма.  «Компьютердің  зиянын  азайту  жайындағы 
10 қеңес» дайындаңыздар.
587-тапсырма. “Компьютердің  пайдасы мен зияны қан шалық-
ты?” деген тақырыпқа шағын эссе жазыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...