Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Б. Жақсылықова кəсіби қазақ тілі

Loading...


Pdf көрінісі
бет11/20
Дата02.04.2020
өлшемі1.41 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

 
Ақпаратты қорғау құралдары
  Ақпаратты  қорғау 
– 
дегеніміз    ақпараттың  сыртқа  кетуінің, 
оны  ұр  лау  дың,  жоғалтудың,  рұқсатсыз  жоюдың,  өзгертудің, 
түрлендірудің,  рұқсатсыз  көшірмесін  жасаудың,  бұзудың  алдын 
алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Ол қауіпсіздікті қамтамасыз 
ету  кезінде  қойылатын  шектеулерді  қанағаттандыруға  бағытталған 
ұйымдастырушылық, бағдарламалық жəне техникалық əдістер мен 
құралдардан тұрады. 
 Ақпаратты  қорғау  құралдарына 
– 
 мемлекеттік  құпия  болып 
табылатын 
мəліметтерді 
қорғауға 
арналған 
техникалық, 
криптографиялық,  бағдарламалық  жəне  ақпарат  қорғаудың 
тиімділігін бақылау құралдары жатады. Ақпаратты қорғау жүйесінің 
сапасы əр түрлі жағдайларға байланысты. Бұл жағдайларға мыналар 

127
 
жатады: ақпарат қорғау жүйесіне арнап əзірленіп жатқан деректерді 
өңдеудің  автоматтандырылған  жүйесінің  қазіргі  күй-жағдайы 
жəне  ақпаратты  қорғау  жүйесін  жасауға  кететін  қаржы  мөлшері. 
Ақпаратты қорғау жүйесін жобалау мен əзірлеу мынадай тəртіп бой-
ынша жүргізіледі: 
-  қорғанылуы  көзделген  деректердің  тізбесін  жəне  бағасын 
анықтау үшін деректер өңдеу жүйесіне талдау жасау;
- ықтимал бұзушының үлгісін таңдау;
- ықтимал бұзушының таңдап алынған үлгісіне сəйкес ақпаратқа 
заңсыз қол жеткізу арналарының барынша көбін іздеп табу;
- ақпарат қорғау жүйесінің беріктілігінің сапасын бағалау. 
476-тапсырма.  Берілген  сөздерді  дəптерге  жазып  алып,  түсін-
дірмелі салалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
 1.  Бұзу. 2.  Шектеу. 3. Құпия. 4. Тізбе. 5.  Ықтимал. 6. Арна. 
 477-тапсырмаМəтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, 
жасалу жолын түсіндіріңіздер.
478-тапсырма.  Сөздердің  орысша  баламасымен  сəйкес тен-
діріңіздер. 
 
іздеу
портить, ломать
жоғалту
менять
өзгерту
(по-) терять
бұзу
найти 
қорғау
наблюдать
бақылау
защищать
 479-тапсырма. Мəтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, қай мүшеге 
қатысты екенін жəне қалай байланысқанын талдаңыздар.
 480-тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыздар.
 1. Ақпараттың  сыртқа  кетуінің,  оны  ұрлаудың,  жоғалтудың, 
рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, бұзудың алдын алу үшін əр түрлі ... 
... жүргізіледі. 2. Ақпаратты қорғау жүйесі ... ... ... жүргізілуі мүмкін. 
3.  Ақпаратты  қорғау  құралдарына  техникалық,  криптографиялық, 
бағдарламалық  жəне  басқа  да ... ... жатады. 4. Ақпаратты  қорғау 
жүйесін жобалау мен əзірлеу ... ... бойынша жүргізіледі. 5. Қор ғалуы 

128
көзделген деректердің тізбесін жəне бағасын анықтау үшін деректер 
... ... талдау  жасалынады. 6. Ықтимал  бұзушының  таңдап  алынған 
үлгісіне  сəйкес  ақпаратқа  заңсыз ... ... барлығын  іздеп  табуға  күш 
салынады. 
 Тірек сөздер: 1. Бақылау  құралдары. 2. Əр түрлі жағдайда. 3.  Қор                                  -
ғау шаралары. 4. Нақты тəртіп. 5. Қолжеткізу арналарының. 6. Өңдеу 
жүйесіне.
481-тапсырма.  Берілген  сөздердің  тіркестерін  тауып,  олармен 
түсіндірмелі салалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
1. Ақпаратты
жасау
2. Көшірмесін
жою
3. Шектеу
бағалау
4. Өңдеу жүйесін
таңдау
5. Үлгісін
қою
6. Беріктігін
талдау
482-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
483-тапсырма.  Мəтін  ішіндегі  түсіндірмелі  салаласты 
сөйлемдерді анықтап, қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
484-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
485-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Оларға тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
486-тапсырма. 
Төмендегі 
сұрақтарды 
пайдалана 
от-
рып,  ақпаратты  қорғау  жүйесі  мен  құралдары  жайында  өзара 
əңгімелеcіңіздер.
1. Ақпараттық қорғау дегеніміз не?
2. Ақпаратты қорғау неден тұрады?
3. Ақпаратты қорғау құралдарына нелер жатады?
4. Ақпаратты қорғау жүйесі қандай жағдайларда жүргізіледі?
5. Бұл жағдайларға қандай параметрлер əсер етеді?
6. Ақпаратты қорғау жүйесі қандай тəртіппен жүзеге асады?

129
 
487-тапсырма.  Мəтін  мазмұнын  негізге  алып,  сұхбат 
құрастырыңыздар.
 
 Тірек сөздер: 1. Ақпараттық  қауіпсіздік.  2.  Қоғам  мүдделері.
3. Кездейсоқ бұзылу. 4. Ұйымдастырушылық шаралар. 5. Адамның 
құқықтары. 6. Қорлардың тұтастығы. 7. Техникалық құралдар. 8. Өң-
деу технологиялары. 9. Өкілетті субъектілер. 10. Заңсыз өзгерту.
488-тапсырма.  «Ақпаратты  қорғау  жүйесінің  əдістері» 
тақырыбына эссе жазыңыздар.
489-тапсырма.  «Ақпаратты  қорғау  жүйесінің  əдістері»  сөз-
жұмбағын шешіңіздер.
    
 
 
 
 

 
6
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
7
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
1
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Көлденеңінен: 1. Бағдарламалау тілдерін жекелеп өңдеу, түзету 
мақсатында  ішкі  бағдарламаларды,  процедураларды  белгілеп,  бір 
топқа  біріктіруге  арналған  объектісі. 2. Желімен  байланысу  үшін 
немесе құпия сөзбен қорғалған ресурстардағы мəліметтерді, файл-
ды оқу мақсатында енгізілетін құпия код. 3. Индивидтің өзін басқа 
адаммен,  топпен,  идеалмен  эмоционалды  жəне  басқаша  теңестіру 
үрдісін  жəне  нəтижесін  бейнелейтін  категория.  Тігінен: 4. Рұқсат 
етілмеген қол жеткізуді болдырмау үшін деректерді кодтау процесі. 
5.  Бірінші  ақпаратты  қорғау  əдісі. 6. ... қорғау – ең  сенімді  қорғау 
əдісі,  өйткені  ақпаратқа  шығу  емес,  оның  тікелей  өзі  қорғалады. 
7.  Математиканың,  кибернетиканың  жəне  информатиканың  негізгі 
ұғымдарының бірі.

130
9-Модуль. Компьютерлік вирустар 
туралы мəлімет
     9.1. Лексикалық тақырып: Компьютердің зақымдануы
 Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлемдер жəне           
олардың байланысу жолдары.
 Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.
 
Теориялық блок. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы 
жай сөйлемдердің бірі екіншісіне тəуелді болып, тиянақсыз сыңары 
бағыныңқы,  тиянақты  сыңары  басыңқы  деп  аталады.  Сабақтас 
құрмалас  сөйлемдер  мағынасына  қарай  қимыл-сын  бағыныңқы, 
қарсылықты  бағыныңқы,  шартты  бағыныңқы,  себеп  бағыныңқы, 
мезгіл  бағыныңқы,  мақсат  бағыныңқы  деп  бөлінеді.  Қимыл-сын 
бағыныңқының баяндауыштары көсемшеден ( -ып,-іп, -п, -а, -е, -й), 
есімшеге (-ған, -ген, -қан,-кен) + -дай, -дей жұрнақтарының жалғануы 
арқылы, болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түріне (-ма, -ме, 
-па, -пе, -ба, -бе,) + с + (-тан, -тен)  шығыс  септік  жалғауының 
жалғануы арқылы жасалып, қалай? қалайша? қайтпестен? не етпес-
тен? сұрақтарына  жауап береді. Мысалы, Қазіргі кезде ақпараттық 
технологиялар  қарқынды  дамып,  өмірдің  барлық  саласында 
қолданылуда.  Модельдеу  қоршаған  болмысты  зерттеу  əдістерінің 
бірі  санала  келе,  барлық  мамандардың  ғылыми  жəне  практикалық 
қызметіндегі  таптырмас  құрал  болып  саналады.  Сəуле  емтихан 
алушы оқытушының айтқанына қарсылық білдірместен, көрсеткен 
жеріне  үнсіз  отыра  кетті.  Табиғат  та  бізді  күтіп  тұрғандай,  үйге 
кіргеніміз сол жаңбыр құйды да кетті. Біздің топтың қыздары сахнаға 
шыққан бойы, мың бұралып билеп кетті.
Тəжірибелік блок
490-тапсырма.  Берілген  қимыл-сын  бағыныңқылы  сабақтас 
сөйлемдердің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1. Модельдеу танымның басқа да əдістерімен бірлесе келе, адам 
білімінің тереңдей түсуіне зор ықпал етеді. 2. Қазіргі кезде компью-
термен модельдеу жəне талдау имитациялық модельдерді қолдануға 
негізделіп,  экономикада,  өнеркəсіпте  кеңінен  қолданылады. 3. Екі 

131
 
көзінің  қызарғанына  қарамастан,  Айдар  түні  бойы  компьютер  ой-
найды. 4. Айжан емтиханға жақсы дайындалып, жоғары баға алды. 
5.  Олар  объектінің  түрлі  мүмкіндіктерін  сипаттап,  ағымдық  күйін 
анықтайды. 6. Модельдеу  объектінің  қасиеттері  мен  сипаттамала-
рын  зерделей  келе,  жобаланатын  жəне  нақты  жүйелердің  тəртібін 
болжайды. 
491-тапсырмаҚимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің 
құрамындағы 
сөйлемдердің 
өзара 
қалай 
байланысқанын 
түсіндіріңіздер.
1. Сканердің қызыл сəулесі жарқылдап, қағаздағы бейнені сақтап 
алды. 2. Емтиханнан  бес  алғандай,  аудиториядан  екі  көзі  гүл-
гүл  жайнап  шықты. 3. Олардың  достығы  барлық  талапкерлердің 
достығындай,  ҰБТ  кезінен  басталған  еді. 4. Студенттік  өмір  көзді 
ашып-жұмғанша  зымырап,  төрт  жылдың  тез  өте  шыққанын  енді 
байқадық. 6. Біз  ұшақпен  Варшаваға  келіп  түскен  бойы,  аяқ-
қолымызды жерге тигізбестен Люблинге алып кетті. 
492-тапсырма.  Баяндауыштары  көсемшеден  жасалған  бір-
не ше  қимыл-сын  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
493-тапсырма.  Баяндауыштары  есімшенің  қажетті  формасы-
нан жасалған бірнеше қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас 
сөйлемдер құрастырыңыздар.
 494-тапсырмаБерілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
зақымдану – заражение
ішінде – внутри
қауіпті – опасно
тауып – находя
жұғу – заражать
кедергі – препятствие
көбейтілу – размножаться
зиянды – вредный
қабілетті – способный
қалыпты – нормально
көлемі – объем
бұзады – портит
қаскөй – злоумышленник
бəсекелес – конкурент
 495-тапсырма.  Мəтінді  мəнерлеп  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.

132
Компьютердің зақымдануы
  Компьютердің  зақымдануы  əр  түрлі  жағдайларға  байланысты. 
Солардың ең қауіптісі - компьютерлік вирустар. Компьютерлік вирус-
тар  «көбейтілуге»  жəне  басқа  программаларға  «жұғуға»  қабілетті, 
əдетте көлемі шағын арнайы компьютерлік бағдарлама. Ол компью-
терге «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге 
түсуі  мүмкін.  Ішінде  вирусы  бар  бағдарлама  «зақымданған»  деп 
аталады. «Зақымданған» бағдарлама жұмысын бастағанда, алдымен 
басқаруға вирус алады. Вирус басқа бағдарламаларды тауып, олар-
ды зақымдайды. Сонымен қатар қандай да бір зиянды əрекет жасап, 
компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Дискідегі 
файлды бұзып, компьютерде сақталған ақпаратты бүлдіреді, жедел 
жадты «ластайды». Вирустың бір компьютерден басқа компьютерге 
тарайтын қабілеті бар. 
 Вирустар қайдан пайда болады? Оларды білікті қаскөй маман-
дар жасап, бəсекелес фирмалардың біреуіне сатады. Олар бəсекелес 
фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқорлық 
оймен вирустарды таратады. Вирустарды жасаған əлгі мамандар енді 
антивирустық бағдарламалар жасап, оны басқа фирмаларға сатудан 
тағы ақша табады. Компьютерлік вирустармен күресу үшін, оларды 
зерттейтін жəне антивирустық (вирусқа қарсы) бағдарламалар жаза-
тын мамандар қазір жеткілікті. Ресейдегі атақты бағдарламашылар: 
Д.  Лозинский,  Д.  Мостовой,  И.А.  Данилов,  Н.  Безруков  жəне  т.б. 
Жаңа  вирустық  бағдарламалардың  саны  үнемі  көбейіп,  түрлері 
өзгеріп  отырады.  Сондықтан  компьютер  пайдаланушы  вирустар 
табиғатын, вирустардың жұғу əдісін жəне олардан қорғануды білуі 
керек.
496-тапсырма.  Берілген  сөздердің  мағынасын  жəне  жасалу 
жолын  түсіндіріп,  олармен  қимыл-сын  бағыныңқылы  сабақтас 
сөйлемдер құрастырыңыздар.
 1. Зақымдану. 2. Қабілетті. 3. Бүлдіру. 4. Зиянды. 5. Мансапқорлық. 
6. Қаскөй. 
497-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қолдана отырып, қимыл-
сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер құрастырыңыздар.

133
 
 1. Көбейтілу қабілеті. 2. Ақпаратты көшіру. 3. Вирустар табиғаты 
4. Компьютерді зақымдау. 5. Бəсекелес фирмалар. 6. Қорғану амалда-
ры. 7. Зиянкестік əрекет. 8. Лезде жұғу. 9.Жұғу əдісі. 10. Ақша табу.
498-тапсырма.  Мəтін  мазмұнына  сүйене  отырып,  төмендегі 
сөйлемдерді толықтырыңыздар.
 1. Вирус ... зақымдалған файлмен түседі. 2. Вирус басқа ... тауып, 
оларды зақымдайды. 3. ... дискідегі файлды бұзады. 4. Компьютер-
де сақталған ... бүлдіреді. 5. Вирус... жадты ластайды. 6. Вирустық 
программаларды ... табу  үшін  жазады. 7. Қазіргі  кезде  елуден 
астам ... белгілі. 8. Компьютер ... вирустар табиғатын жəне олардан 
қорғануды білуі керек. 9. Компьютерлік вирустарды зерттейтін жəне 
антивирустық программалар жазатын ... бар. 10. Вирус компьютерлік 
... арқылы кіріп, қатқыл дискіні зақымдайды.
499-тапсырма
Берілген 
есімдіктерді 
түрлеріне 
қарай 
ажыратыңыздар.
          
Үлгі: жіктеу есімдігі: олар
 1.Өз. 2. Оны. 3. Ол. 4. Қандай. 5. барлық. 6. Əрбір. 7. Бұл.
500-тапсырмаБерілген сөз тіркестерін қолдана отырып, сабақ 
тақырыбына сай шағын мəтін құрастырыңыздар.
  Тірек  сөздер:  Компьютерлік  вирус,  зақымдалған  дискета, 
ақпаратты бүлдіру, бəсекелес фирмалар, вирустар табиғаты, ДК жа-
дын зақымдау, жадты кішірейту, қауіпті программа.
501-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кезде-
скен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
502-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
503-тапсырма.  Мəтін  ішінен  қимыл-сын  бағыныңқылы 
сабақтастарды анықтап, жасалу жолын түсіндіріңіздер.

134
504-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Оларға тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
505-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
компьютердің    зақымдануының  объективті  жəне  субъективті  жақ-
тары жайында өзара əңгімелеcіңіздер.
 506-тапсырма. «Вирустар қайдан пайда болады?» тақырыбына
өзара ой бөлісіңіздер.
1.  Компьютердің зақымдануы  нелерге байланысты?  
2.  Компьютерлік вирустар дегеніміз не? 
3.  Вирустар қайдан пайда болады?
4.  Компьютерді неліктен зақымдайды?  
5.  Вирустарды не үшін жазады?
507-тапсырма. Суретке ат қойып, шағын сұхбат құрастырыңыздар.                
Тірек  сөздер:  Жұғу,  қаскөй  мамандар, 
анти вирустық 
бағ  дарламалар, 
күресу 
үшін,  қор   ғану,  қауіп     ті  бағ      дар    лама,  диск, 
тарайтын  қабілеті,  компью терлік  вирус, 
вирустар  табиғаты,  зақым далған  дискета, 
ақпаратты  бүлдіру,  бəсекелес  фирмалар, 
жадын зақымдау, жадты кішірейту.
 
508-тапсырма.  «Компьютерді  кімдер,  неліктен  зақымдайды?» 
тақырыбына эссе жазыңыздар.
9.2. Лексикалық тақырып: Компьютерлік вирустардың жік-
темесі
  Грамматикалық  тақырып:  Себеп  бағыныңқылы  сабақтас 
құрмалас сөйлемдер.
 
  Теориялық  блок.  Себеп  бағыныңқылы  сабақтас  басыңқыдағы 
істің  себебін  білдіре  келе,  баяндауыштары  есімшеге  -дықтан, 
-діктен  қосымшасының  жалғануы  арқылы,  есімшеден  кейін  соң 
(-ған соң, -ген соң), үшін (-ғаны үшін, -гені үшін, -қаны үшін, -кені 

135
 
үшін) шылауының тіркесуі арқылы жəне көсемшеден (-ып, -іп, -п), 
(-ма,-ме, -ба, -бе, -па, -пе +й) жасалады да, неліктен?, не еткен соң? 
қайткен  соң?  сұрақтарына  жауап  береді.  Мысалы,  Сажиля  кəсіби 
білікті оқытушы болғандықтан, ЖОО үздік оқытушысы грантының 
игері атанды. Вирустар компьютерге енген соң, біртіндеп файлдар-
ды  зақымдайды.  Университеттегі  озық  студенттердің  бірі  болғаны 
үшін,  ректорат  Самұратты  Президенттік  стипендияға  ұсынды. 
Волейболдың дайындығына уақытында бармай, мына топтың спорт-
залды босатуын көп күтіп қалдық. 
Тəжірибелік блок
509-тапсырма.  Берілген  себеп  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем-
дердің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
 1. Интернеттен  қала  тұрғызу  туралы  мəліметтерді  жинақтап, 
қиялымыздағы  қаланың  моделін  жасай  бастадық. 2. Қазіргі  кезде 
модельдерді    қолдануға  негізделген  ақпараттық    технология  қар-
қынды  дамығандықтан,  ғылымның  барлық  саласында  кеңінен 
қолдануға болады. 3. Теориялық  материалды  терең  меңгергендіктен, 
бұл   тапсырманы  орындау  студенттерге   қиындық   туғызған  жоқ. 
4.  Мо            дельдеу  əдіс      тері  басқару  теориясына  негізделгендіктен,  оны 
осы   ғылым          ның   қол                       дан        балы  бөлім                 дерінде  кеңі  нен  пайдаланады. 
5. Ойын тео           риясы ақ         парат теориясымен тығыз байланысты болған 
соң,  одан  əрі  кибернетикамен  де  ұштасады. 6. Модемде  пароль 
болғандықтан, ол арқылы бөтен ешкім интернетке ене алмайды. 
510-тапсырма.  Салалас  құрмалас  сөйлемдердің  құрамындағы 
жай сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1. Математикадан қалалық олимпиадаға қатысып, біздің студент-
тер  екінші  турға  өтіпті. 2. Университет  бойынша  сенбілік  болған 
соң, бүгінгі сабақтар болмады. 3. Кейбір металдар табиғатта өте аз 
болғандықтан,  оларды  таза  түрінде  сирек  кездестіресің. 4. Маги-
странттар  өндірістік  практикадан  өтпей,  оларды  диплом  қорғауға 
жібермейді. 5. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары деректерді 
өңдеп,  мəліметтер  қорында  сақтайды. 6. Академиялық  ұтқырлық 
бағдарламасы бойынша біздің студенттер шетелде білім алған соң, 
елге қайтып оралады. 
511-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 

136
бірнеше  себеп  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
512-тапсырма.  Баяндауыштары  əр  түрлі  жолмен  жасалған 
бірнеше  қимыл-сын  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
 513-тапсырма.  Берілген    сөздерді    мұқият  оқып,  есте  сақ-
таңыз дар.
қатқыл – жесткий
жіктеледі – классифицируется
қауіпсіздер – безопасные
жүктейтін – загружающий
шектелу – ограничиваться
жаңылыстар – ошибки
аймағы – территория
өшу – быть стертым, гаснуть
шалғай – отдаленный
істен шығу – выйти из строя
нұсқа – вид
бұзады – портит
ұқсас – похожий
мекендейтін – обитающий
 
 514-тапсырма.  Мəтінді  мəнерлеп  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар. 
Компьютерлік вирустардың жіктемесі
  Компьютерге  вирус  дискеттер  мен  лазерлік  диск,  сондай-ақ 
компьютерлік  желі  арқылы  кіріп,  қатқыл  дискіні  зақымдайды. 
Қазіргі  кезде  вирустардың  елу  мыңнан  аса  түрі  бар.  Олар  шартты 
түрде келесі белгілері бойынша жіктеледі. 
 Мекендеу ортасы бойынша: желілік, компьютерлік желі арқылы 
тарайтын;  файлдық,  орындалатын  файлға  кіретін;  жүктейтін, 
қатқыл дискінің немесе дискеттің жүктейтін секторына кіретіндер. 
Зақымдау  əдісі  бойынша:  резиденттік,  ДК-нің  жадына  жүктелетін; 
резиденттік емес, ДК жадын зақымдамайды жəне активті қалпында 
ұзақ уақыт сақталмайтындар.
 Мүмкіндіктері бойынша: зиянсыздар, қауіпсіздер, қауіптілер, өте 
қауіптілер  болып  жіктеледі.  Зиянсыздар  ДК-нің  жұмысына  əсерін 
тигізбейтіндер.  Олар  қауіпсіз  болғандықтан,  əсерлері  дискідегі 
бос  жадты  кішірейтумен  жəне  графикалық,  дыбыстық  жəне  басқа 
əсерлермен  шектеледі.  Қауіптілер  зиянкес  болған  соң,  ДК-нің 

137
 
жұмысында елеулі жаңылыстар туғызуы мүмкін. Өте қауіптілер зи-
янды болғандықтан, олар программалардың жоғалуына, деректердің 
жойылуына,  жадтың  жүйелік  аймағындағы  ақпараттың  өшуіне, 
тіпті  шалғай  құрылғылардың  уақытынан  бұрын  істен  шығуына 
соқтыруы  мүмкін.  Бұл  жіктеулер,  əрине,  барлық  мүмкін  вирустар-
ды  қамтымайды.  Əрбір  категорияда  олардың  өзіндік  ерекшелігіне 
байланысты  аталмаған  нұсқалары  да  кездеседі.  Мысалы, CMOS – 
вирус тар немесе Microsoft Word ортасында «мекендейтін» вирусқа 
ұқсас  құрылымдар.  Бұдан  басқа  вирустардың  барлық  қасиеттеріне 
ие  болмаса  да,  айтарлықтай  қауіпті («троян  аттары»  жəне  т.с.с.) 
бірқатар бағдарламалар кездеседі.
 515-тапсырма.  Негізгі    жəне    қатыстық    сын    есімдерді  ажы-
ратып,  олармен  бірнеше  себеп  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас 
сөйлемдер құрастырыңыздар.
 Үлгі: негізгі – жаңа; қатыстық – файлдық
 Компьютерлік, қабілетті, бəсекелес, антивирустық, атақты, оңай, 
желілік,  мəтіндік,  графикалық,  резиденттік,  қауіпсіз,  дыбыстық, 
жүйелік.
516-тапсырма.  Мына  сөздердің  қалай  жасалғанын  түсіндіріп, 
олармен бірнеше себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
  Пайдаланушы,  басқару,  зақымдау,  жұғу,  кішірейту,  жоғалу,  жо-
йылу.
517-тапсырма.  Қажетті  жерге  тыныс  белгілерін  қойып, 
«Қауіпсіздік ережесі» деген мəтінді мұқият оқып, шығыңыздар
Есептеуіштехникакабинетіндежұмысжасаукезіндетехникақауіпс
іздігінсақтаустуденттерменоқытушылардыңнегізгіміндеттерініңбірі
болыптабыладыжалпытехникақауіпсіздігінеережелерінеқойылатын
талаптартөмендегідейкомпьютердітоққақосатынсымдарғақостілдір
озеткілергештеккерлергетиісугежəнежабдықтардыоқытушыныңрұқ
сатынсызжылжытуғатыйымсалынадыдербескомпьютердесуланғанқ
олменжəнедымқылкиімменжұмысістеугеболмайдыдербескомпьюте
рдіңжанынапортфельдерсумкаларкітаптарқоюғатыйымсалынадыүс
телдеқаламмендəптерғанаболуымүмкінпернеліктақтаүстінеартықза
ттарқоюғаболмайды

138
518-тапсырма.  Мына  етістіктердің  қайсысы  «вирус»  сөзімен 
тіркеседі.
 
 Вирус
көбейді 
жұқты 
көшірді 
зақымдайды 
алады 
ұшады 
бұзады 
білдіреді 
ашады 
тарайды 
зиян келтіреді 
өзгереді 
бөлінеді 
қауіпсіз
519-тапсырма.  Төменде  берілген  сөздердің  антонимдерін 
табыңыздар.
 Шағын, ішінде, зиянды, жаңа, қатқыл, оңай, жиі, ұзақ.
520-тапсырма.  Мəтін  мазмұны  бойынша  өзара  сұхбат 
құрыңыздар. 
521-тапсырма.  Мəтін  ішінен  себеп  бағыныңқылы  сабақтас 
құр маластарды анықтап, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
522-тапсырма.  Мəтінде  кездесетін  септік  жалғаулы  сөздерді 
теріп жазып, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
 Үлгі: файлды – файл-ды (т.с), компьютерге – компьютер-ге (б.с).
523-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
524-тапсырма.  Мəтінді  қайта  оқып,  тезистік  жоспарын 
жасаңыздар.  Жоспар  бойынша  өз  сөздеріңізбен  мазмұнын  айтып 
беріңіздер.
525-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Оларға тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
 

139
 
526-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
компьютерлік вирустардың түрлері жайында өзара əңгімелеcіңіздер.
1.  Компьютерлік вирус деген не?  
2.  Ішінде вирусы бар программа қалай аталады? 
3.  Вирустың қанша түрі белгілі? 
4.  Вирустар мекендеу ортасы бойынша қалай бөлінеді?
5.  Вирустар мүмкіндіктері бойынша қалай бөлінеді? 
6.  Вирустар қайдан пайда болады?
7.  Оларды кім жазады?            
527-тапсырма.  «Компьютерде  модельдеу  негіздері»  тақырыбы 
бойынша берілген сөзжұмбақты шешіңіздер.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
6
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1
 
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2
 
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
7
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
3
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
4
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
5
 
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...