Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Б. Жақсылықова кəсіби қазақ тілі

Loading...


Pdf көрінісі
бет10/20
Дата02.04.2020
өлшемі1.41 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

Ақпарат беру жəне оны өңдеу
  Адам    ақпаратты  сигнал  немесе  таңба  түрінде  беріп,  өңдейді 
жəне қабылдайды. Тірі табиғатта ақпарат беру жəне оны өңдеу үрдісі 
жүзеге  асып  тұрады.  Мысалы,  бір  жануарлар  өздерінің  жерлерін 
қорғап,  иісті  белгілер  қалдырып  кетеді,  сондықтан  ол  жерге  басқа 

114
жануарлар батып бара алмайды. Енді бір жануарлар иіс сезу мүшесі 
арқылы сол бөгде иісті сезеді, сол себепті ол жерден кетуге мəжбүр 
болады. 
  Ағаштар  бір-біріне  құрттардың  шабуыл  жасағаны  туралы 
мəлімет  бере  алады.  Мұндай  хабардан  кейін  олар  қорғану  үшін, 
жапырақтарынан улы заттар шығарады, себебі бұл бейсаналы жаса-
латын үрдіс. 
  Адам  ақпаратты  кем  дегенде  үш  деңгейде  өңдей  алады,  атап 
айтқанда:  физиологиялық  деңгейде  (сезім  мүшелері),  саналы 
деңгейде, бейсаналы деңгейде. Бұдан басқа адам өз ұрпақтарына ген 
арқылы тұқым қуалау ақпараттарын береді, неге десеңіз ол тұлғаның 
түп тегінің негізі болып саналады.
 419-тапсырмаМына сөздердің синонимдерін жазып, олармен 
себеп-салдар мəнді салалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
      1.  Сұрыптау. 2. Тасу. 3. Өңдеу. 4. Қабылдау. 5. Сақтау. 
6. Шығару. 7. Қалдыру.
 420 - тапсырма. Төменде берілген сөздерді жіктеңіздер.
 Үлгі: Мен қабылдаушымын                 Біз қабылдаушымыз
 Сен қабылдаушысың                           Сендер қабылдаушысыңдар
 Сіз қабылдаушысыз                             Сіздер қабылдаушысыздар
 Ол қабылдаушы                                   Олар қабылдаушылар
1. Тасушы. 2. Өңдеуші. 3. Сұрыптаушы. 4. Алушы. 5. Жеткізуші. 
 421-тапсырма. Мына етістіктерді ауыспалы осы шаққа қойып, 
сөйлем құрастырыңыздар.
  Үлгі:  Сақтау – сақтайды.  Адам  ақпаратты  естіп,  жадында 
сақтайды.
 1. Есту. 2. Ұстау. 3. Ішу. 4. Иіскеу. 5. Санау. 6. Жабу. 
 422-тапсырмаБерілген сөздерді қолдана отырып, себеп-салдар 
мəнді салалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
1.  Жүргізу. 2. Тапсыру. 3. Өңдеу. 4. Сұрыптау. 5. Жіберу.
 6. Қабылдау. 

115
 
423-тапсырма.  Мəтін  ішінен  себеп-салдар  мəнді  салалас 
сөйлемдерді анықтап, байланысу жолдарын түсіндіріңіздер.
424-тапсырма.  Мəтін  мазмұнына  сүйене  отырып,  берілген 
сөйлемдерді толықтырыңыздар.
1. Адам ... сигнал немесе таңба түрінде береді. 2. Адам ақпаратты 
кем дегенде үш деңгейде ... алады. 3. Жануарлар өздерінің жерлерін 
қорғап, ... белгілер  қалдырып  кетеді. 4. Кейбір  ағаштар  бір-біріне 
құрттар шабуыл жасағаны туралы ... бере алады. 5. Ақпаратты ... мен 
... көптеген тəсілдері бар.
425-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
426-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
427-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Оларға тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
428-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
ақпаратты беру жəне өңдеу мəселесі жайында өзара əңгімелеcіңіздер.
1.  Ақпаратты өңдеу мен берудің қандай тəсілдері бар?
2.  Ұрпақтан ұрпаққа ақпаратты не үшін береміз?
3.  Адам ақпаратты қандай деңгейлер арқылы өңдей алады?
4.  Жануарлар ақпаратты қалай береді?
5.  Ағаштар құрттардан қорғану үшін не істейді?
6.  Адам өз ұрпақтарына қандай ақпараттарды береді?
7.  Жануарлар ақпаратты қалай береді?
429-тапсырма.  Ақпаратты  беру  жəне  өңдеу  тəсілдері  туралы 
сұхбат құрастырып, өзара əңгімелесіңіздер.
430-тапсырма.  «Ақпараттың  микро  жəне  макроəлемі» 
тақырыбында эссе жазыңыздар.

116
8-Модуль. Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі
8.1. Лексикалық тақырып: Ақпаратты сақтау
 Грамматикалық тақырып: Кезектес салалас сөйлемдер жəне       
олардың байланысу жолдары.
 
  Теориялық  блок.  Кезектес  салалас  сөйлемдердің  құрамындағы 
жай  сөйлемдер  іс-əрекеттің  кезектесіп  келетінін  білдіреді.  Кезек-
тес салалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдер өзара кейде, 
бірде, біресе сияқты жалғаулық шылаулар арқылы байланысады да, 
араларына үтір қойылады. Мысалы, Даладағы жаңбыр біресе қатты 
нөсерлеп жауады, біресе ақырын себелейді. Тауға демалуға шыққан 
студенттердің тобы біресе шаңғы тебеді, біресе коньки тебеді, кейде 
мұзда сырғанап мəз-мəйрам болып жүр. 
Тəжірибелік блок
431-тапсырма.  Берілген  кезектес  салалас  сөйлемдердің  қалай 
байланысқанын түсіндіріңіздер.
 1. Бұл жүйе біресе ақпарат енгізілген формалардың сəйкестігін 
тексереді, біресе ақпараттың мағынасын, орындалу мүмкіндігін са-
раптайды. 2. Компьютерлік  сауаттылығы  төмен  пайдаланушылар 
кейде   арнайы   курстардан   өтеді,  кейде   өз  беттерімен   үйренеді. 
3 . Жа    ңа құрыл  ғының моделін жасай     тын сту             денттер бір    есе оның тео -
риясын зерделеді, бір есе экс  периментін жасап əуреленді. 4. Мен MS 
Exsel  бағдарламасында  кейде  графиктер  сызамын,  кейде  кестелер 
жасаймын. 5. Антивирус бағдарламалары бірде компьютерді вирус-
тардан тазалайды, бірде оны толық сараптамадан өткізеді. 
432-тапсырма.  Салалас  құрмалас  сөйлемдердің  құрамындағы 
жай сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1.  Бағдарламалық  əдістер  кейде  есептеуіш  алгоритмдермен 
жұмыс  істейді,  кейде  резервті  көшіруді  ұсынады. 2. Модель  бірде 
объектіні құрайтын бөлшектердің өзгеру заңдылықтарын бейнелесе, 
бірде олардың өзара байланыстарын көрсетеді. 3. Ішінде бір топ ин-
женер мамандары бар машина бірде биік таулардың етегімен, бірде 

117
 
жазық  даланың  бойымен  жүйткіп  келеді. 5. Ескі  компьютер  бірде 
өзінен-өзі сөніп қалады, бірде оңай ашыла қояды. 6. Өндірістік прак-
тикада жүрген студенттер кешкісін біресе күмбірлетіп күй тартады, 
біресе əуелетіп əн шырқайды. 
433-тапсырма.  Жалғаулық  шылаулар  арқылы  байланысқан 
бірнеше кезектес салалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
434-тапсырма.  Жалғаулықсыз  байланысқан  бірнеше  салалас 
құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
435-тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
сақтау – хранить
əрекеттер – действия
тəсіл – прием, способ
қарым – қатынас – коммуникация
бедер – рельеф
өңдеу – обработка
əмбебап – универсальный
бейнекассета – видеокассета
желі – линия
құрылғы – устройство
елеулі – значительный
аспап – инструмент
 436-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.
 Ақпаратты сақтау
 Ақпараттарды сақтаудың əр түрлі тəсілдері қолданылады. Мы-
салы, кейде ақпараттарды қағазда, таңбалар түрінде, перфокартада, 
перфолентада сақтайды, кейде таста, ағашта, матада, кілт бедерінде 
сақтауға болады. Ақпараттарды электромагниттік сигналдар түрінде 
бірде дискіде, дискетте, бірде кассетада, кинопленкада да сақтауға 
болады.  Сонымен  қатар,  ақпараттарды  құрылымдық  комбинация-
лар түрінде: биологиялық объектілердің клеткалары мен гендерінде 
сақтауға болады.
  Ақпарат  беру  сигналдар  түрінде  жəне  механикалық  жолмен 
жүргізіледі.  Сигналдар  түрінде  ақпарат  телекоммуникациялар, 
қоғам  өміріндегі  əрекеттер,  тірі  жəндіктер  арқылы  беріледі.  Ал 
адамдар  қарым  қатынасында,  техникалық  құрылғыларда  ақпарат 
механикалық жолмен беріледі. Ақпаратты сақтау, беру жəне өңдеу 
техникалық құрылғыларына мыналар жатады: түрлі дискілер, дис-

118
кеттер, аудио жəне бейнекассеталар, перфокарталар, перфоленталар, 
кинопленкалар,  телекоммуникация  объектілері:  радио,  теледидар, 
телефон, телеграф, ДК мен компьютерлік желілер. ЭЕМ көптеген 
техникалық  құралдарының  арасында  ақпарат  сақтау,  беру  жəне 
өңдеу  елеулі  орын  алады.  ЭЕМ –  бұл  электр  сигналдарын 
қолданып, ақпаратты өңдейтін əмбебап есептеуіш машина. Ком-
пьютерлер  шықпай  тұрып  та  ақпаратты  беретін,  өңдейтін  жəне 
сақтайтын  аспаптар  болған.  Мұндай  аспаптарды  қолдану  үшін 
ақпарат  алдымен  кодталған.  Бұған  ақпаратты  Морзе  əліппесінің 
көмегімен кодтау мысал бола алады. Қазіргі кезде ақпараттарды 
сақтауда  бірде  шифрлау,  алгоритм  əдістерін  пайдаланады,  бірде 
криптографиялық  əдісті  қолданады.  Осылардың  ең  сенімдісі – 
криптографиялық əдіс.
437-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қолдана отырып, кезек-
тес салалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
 1. Ақпаратты сақтау. 2. Компьютерлік желі. 3. Ақпаратты өңдеу. 
4.  Əр   түрлі тəсіл. 5. Техникалық  құралдар. 6. Сигналдар   қолдану. 
7. Морзе əліппесі. 8. Таңбалар түрінде. 9. Ақпаратты кодтау. 10. Ақ-
паратты беру
438-тапсырма. Мəтіннен тұйық етістіктерді теріп жазып, олар-
мен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.
 Үлгі: сақта-у – мəліметті сақтау.
439-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  тиісті  сөздерді  қойып, 
дəптерге жазып алыңыздар.
1. Ақпарат ... түрде болуы керек. 2. Ақпаратты өңдейтін жəне ... 
аспаптар болған. 3. ЭЕМ – бұл ... өңдейтін əмбебап есептеуіш ма-
шина. 4. Техникалық ... дербес компьютерлер мен компьютерлік ... 
жатады.
Тірек  сөздер: 1. Сақтайтын. 2. Ақпаратты. 3. Құрылғыларына. 
4. Желілер. 5. Кодталған.
440-тапсырма.  Мына  суретке  қарап, «Ақпараттық  қауіпсіздікті 

119
 
сақтау  үшін  не  істеуге  болады?»  тақырыбына  кезектес  салалас 
сөйлемдерді қолданып сұхбат құрастырыңыздар.
  
 
   
  
ɇɟɧɿ                                                                                        ɧɟ ɿɫɬɟɭɝɟ ɛɨɥɚɞɵ? 
 
 
 441-тапсырма. Мəтіннен көптік жалғаулы сөздерді теріп жазып, 
жасалу жолын түсіндіріңіздер.
Үлгі: желі-лер (-лер көптік жалғауы, сөз жіңішке дауысты дыбысқа 
аяқталғандықтан, -лер жалғауы жалғанады). 
 442-тапсырма. Берілген сөйлемдерге иə, жоқ сөздерімен жауап 
беріңіздер.
1.  Ақпарат тасушылар əр түрлі тəсілдер қолданбайды.
2.  Ақпарат беру техникалық құрылғыларда жүргізіледі.
3.  Ақпараттарды электромагниттік сигналдар түрінде сақ тау-
ға болмайды.
4.  ЭЕМ – электр  сигналдарын  қолданбайтын  есептеуіш 
машина.
5.  Компьютерлер шықпай тұрып ақпаратты беретін, өңдейтін, 
сақтайтын аспаптар болмаған.
6.  Ақпарат кодталған түрде болмауы керек. 
 443-тапсырма. Суреттерді қолдана отырып, сабақ тақырыбына 
байланысты сөйлемдер құрастырыңыздар.
  
      
       
 444-тапсырма.  Мəтіннен  ауыспалы  осы  шақтағы  етістіктерді 
теріп жазып, олармен сөйлем құрастырыңыздар.
 Үлгі: Аламын - алу + -а +мын. Мен ғаламтор арқылы əр тараптан 
сан алуан ақпарат аламын

120
445-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
446-тапсырма.  Мəтіннің  ішінен  кезектес  салалас  сөйлемдерді 
анықтап, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
447-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
448-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Оларға тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
449-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
«Ақпаратты  кодтап,  сақтау  үшін  нені  білу  керек?»  тақырыбы 
төңірегінде өзара əңгімелеcіңіздер.
1. Ақпаратты сақтаудың қандай тəсілдері бар?
2. Ақпараттарды беру қандай жолмен жүргізіледі?
3. Ақпаратты сақтап, өңдеу құрылғыларына нелер жатады?
4. Ақпараттарды не үшін кодтаймыз
450-тапсырма.  «Ақпарат  көзі  дегеніміз  не?»  тақырыбына  эссе 
жазыңыздар. 
 
8.2. Лексикалық тақырып: Ақпараттық қауіпсіздік
 Грамматикалық тақырып: Талғаулы салалас сөйлемдер жəне 
олардың  байланысу жолдары.
 
  Теориялық  блок.  Талғаулы  салалас  салалас  сөйлемдердің 
құрамындағы жай сөйлемдер өзара өзара болжалдық қатынаста бола 
келе,  іс-əрекеттің  біреуі  ғана  орындалатынын  көрсетеді.  Талғаулы 
салалас  салалас  сөйлемдердің  құрамындағы  жай  сөйлемдер  өзара 
не,  немесе,  əлде,  əйтпесе,  не  болмаса,  яки,  я  жалғаулық  шылаулар 
арқылы  байланысады  да,  араларына  үтір  қойылады.  Мысалы,  Бұл 
студенттен түбінде не бір мықты маман шығады, не бір мықты бас-

121
 
шы  шығады. «Болашақ»  бағдарламасы  арқылы  шетелде  оқу  үшін 
не  мемлекеттік  қызметте  істеуің  керек,  не  шетелдік  оқу  орнынан 
шақыру қағазың болуы керек.
Тəжірибелік блок
451-тапсырма.  Берілген  талғаулы  салалас  сөйлемдердің  қалай 
байланысқанын түсіндіріңіздер.
 1. Ақпараттық  модельді  не  қолмен  ұстай  алмайсыз,  не  көзбен 
көре  алмайсыз. 2. Тезірек  жоспарды  құрып,  тиімді  нұсқасын  табу 
керек, əйтпесе уақыт тез өтіп кетеді. 3. Уақытттың өзгеруіне сəйкес 
техника  мен  технология  да  өзгереді,  немесе  алғашқы  ақпараттар 
өзгереді. 4. Вирустар компьютерге не басты бағдарламаның соңғысы 
ретінде білдірмей енеді, не алдыңғыға қосымша ретінде жабысады. 
5. Мұндай ішіне вирус енген бағдарламаны не файлды IT маманда-
ры я «зақымдалған», я «бүлінген» деп атайды. 6. Компьютерлі план-
шетпен Hd форматында не фильм көруге болады, не ғаламтордағы 
əлеуметтік парақшаларды тексеруге болады. 
452-тапсырма.  Салалас  құрмалас  сөйлемдердің  құрамындағы 
жай сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
 1. HTML форматында  сайтты  тек  блоктопта  орындауға  бола-
ды,  я  болмаса  ғаламтор  браузері  арқылы  процесті  бақылауға  бо-
лады. 2. Модельдеу  кез  келген  заттың  мақсатын,  жылдамдығын 
неғұрлым  тиімді  тəсілмен  зерттеуге  мүмкіндік  беруі  тиіс,  немесе 
зерттеліп  жатқан  модельдің  қасиеттерін  жоғары  дəлдікпен  бейне-
леуге мүмкіндік беруі тиіс. 3. Жақсы жүйетехник маман болу үшін 
не  берік  білімің  болуы  керек,  не  жақсы  тəжірибеден  өтуің  керек. 
4.  Сəкеннің  орнына  кезекшілікке  сен  қаласың,  əйтпесе  староста 
қалады. 5. Математикалық модельді компьютер арқылы жасауға бо-
лады, не болмаса математикалық формула арқылы бейнелеуге бола-
ды. 6. Ақпараттық қауіпсіздік кафедрасына сен барасың, əлде үздік 
дипломмен бітіретін магистранттардың бірі қалады. 
453-тапсырма.  Жалғаулық  шылаулар  арқылы  байланысқан 
бірнеше талғаулы салалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
454-тапсырма.  Жалғаулықсыз  байланысқан  бірнеше  салалас 
құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

122
455-тапсырма.  Берілген  сөздерді  мұқият  оқып,  есте 
сақтаңыз дар.
қауіпсіздік – безопасность
заңнамалық – законодательный
мүдде – интерес, желание
ұйымдастырушылық– 
организационный
құқықтары – права
тұтастығын – компактность
тəртіп – правило, порядок
қолжетерлік – доступность
шаралар – мероприятия
жасырындылығын – секретность
өзгерту – изменить
санаулы – считанный
456-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.
 Ақпараттық қауіпсіздік
 Ақпараттық қауіпсіздік – мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, 
сондай-ақ  ақпарат  саласында  жеке  адамның  құқықтары  мен  қоғам 
мүдделері  қорғалуының  жай-күйі.  Ақпараттық  қауіпсіздік  тəртібін 
қалыптастыру  кешендік  мəселе  болып  табылады.  Оны  шешу  үшін 
я заңнамалық, я ұйымдастырушылық, я бағдарламалық-техникалық 
шаралар  қажет.  Ақпаратты  қорғау — ақпараттық  қауіпсіздікті 
қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тəжірибе жүзінде 
ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу жəне тасы-
малдау  үшін  қолданылатын  ақпарат  пен  қорлардың  тұтастығын 
атайды, я болмаса қолжетерлігін жəне жасырындылығын қолдауды 
түсінеді. 
  Ақпараттық  қауіпсіздіктің  өте  маңызды  үш  түрін  атап  кетуге 
болады:  қолжетерлік,  тұтастық  жəне  жасырындылық.  Қолжетерлік 
–  санаулы  уақыт  ішінде  керекті  ақпараттық  қызмет  алуға  бо-
латын  мүмкіндік.  Ақпараттың  қолжетерлігі – ақпаратқа,  оны 
өңдеу  техникалық  құралдары  мен  технологияларына  кедергісіз 
қолжетерлік өкілеттілігі бар субъектілерге ақпараттың ашықтығын 
қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталады. Тұтастық – ақпараттың 
бұзудан  жəне  заңсыз  өзгертуден  қорғалуы.  Ақпарат  тұтастығы 
деп  ақпарат  кездейсоқ  немесе  əдейі  бұзылған  кезде  есептеу  тех-
ника  құралдарының  немесе  автоматтандырылған  жүйелердің  осы 
ақпараттың  өзгермейтіндігін  қамтамасыз  ететін  қабілетін  айтады. 

123
 
Жасырындылық – ақпаратқа  заңсыз  қолжеткізуден  қорғау,  немесе 
оны заңсыз оқудан қорғау.
457-тапсырма.  Мəтіннен  есім  сөзден  жасалған  сын  есімдерді 
теріп жазып, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
 Үлгі: заңнамалық – заңнама (з.е.) + -лық (сөз тудырушы жұрнақ). 
458-тапсырма.  Сөздерді  орысша  баламасымен  сəйкес тен-
діріңіздер. 
      
ашықтық
данные
заңсыз
открытость
деректер
незаконно
қасиет
важный
қабілет
свойства
маңызды
способность
459-тапсырма.  Мəтіннен  бірыңғай  мүшелерді  тауып,  олар дың 
қалай байланысқанын   жəне қай мүшеге қатысты екенін талдаңыз-
дар.
460-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауды жалғап, 
дəптерге жазып алыңыздар.
1.  Ақпаратты  қорғау — ақпараттық  қауіпсіздік...  қамтамасыз 
ету. 
- тің
2. Жеке адам... құқықтары қорғалуы тиіс. - 
ден
3. Ақпарат пен қорлар... тұтастығын қолдау қажет.
- қа
4. Ақпараттық қауіпсіздік... өте маңызды үш түрі бар.
- ның
5. Ақпарат... кедергісіз қол жетерлік өкілеттілігі бар субъектілер. - дың
6. Жасырындылық - заңсыз қол жеткізу... қорғау. - 
ті
461-тапсырма. Мəтін мазмұнын негізге алып, талғаулы салала-
сты сөйлемдермен сұхбат құрастырыңыздар. 
 Тірек сөздер: 1. Ақпараттық  қауіпсіздік. 2. Қоғам  мүдделері. 3. Кез       -
дейсоқ бұзылу. 4. Ұйымдастырушылық  шаралар. 5. Адамның  құқықтары. 
6. Қорлардың  тұтастығы. 7. Техникалық  құралдар. 8. Өңдеу технология-
лары. 9. Өкілетті  субъектілер. 10. Заңсыз  өзгерту.

124
462-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
463-тапсырма.  Мəтін  ішіндегі  талғаулы  салалас  сөйлемдерді 
анықтап, өзара байланысу жолын түсіндіріңіздер.
464-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
465-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Оларға тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.
466-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
«Ақпараттық  қауіпсіздік – мемлекеттік  қауіпсіздік»  тақырыбына 
өзара əңгімелеcіңіздер. 
1. Ақпараттық қауіпсіздік дегеніміз не?
2. Ақпаратты қорғауға нелер жатады?
3. Ақпараттық қауіпсіздіктің қандай түрлерін білесіздер?
4. Ақпараттың қолжетерлігі дегенді қалай түсінесіздер?
5. Ақпарат тұтастығы дегеніміз не?
6. Ақпараттың жасырындылығы дегеніміз не?
7. Ақпаратты не үшін қорғаймыз?
467-тапсырма. Берілген сөздерді болымсыздық формаға қойып, 
талғаулы салаласты сөйлемдер құрастырыңыздар. 
1. Мүдделерін қорғау
4. Деректерді өңдеу
2. Ақпаратты сақтау
5. Мəліметті тасымалдау
3. Қауіпсіздік режимін қалыптастыру
6. Жасырындылығын қолдау
468-тапсырма. Берілген етістіктерді ауыспалы келер шақ форма-
сына қойып, салаласты сөйлемдер құрастырыңыздар.
 Үлгі: Қорғау - қорғайды. Елімізде құпия ақпараттарды мемлекеттік 
деңгейде қорғайды.

125
 
 1. Енгізу. 2. Сақтау. 3.Өңдеу. 4. Тасымалдау. 5.Жеткізу. 6. Қам-
тамасыз ету. 7. Бұзу. 8. Өзгерту. 9. Жасыру. 
469-тапсырма.  «Ақпараттық  қауіпсіздік  жүйесінің  маңызы 
неде?» тақырыбында эссе жазыңыздар.
 8.3. Лексикалық тақырып: Ақпаратты қорғау құралдары
  Грамматикалық  тақырып:  Түсіндірмелі  салалас  сөйлемдер 
жəне олардың  байланысу жолдары.
 
 Теориялық блок. Түсіндірмелі салалас сөйлемдердің құрамын-
дағы  жай  сөйлемдердің  соңғысы  алғашқысының  мағынасын 
толықтырып,  айқындайды.  Түсіндірмелі  салалас  сөйлемдердің 
құрамындағы  жай  сөйлемдерде  сонша,  соншалық,  сондай,  деген, 
мынау  баяндауыштары  жиі  кездеседі,  өзара  жалғаулықсыз  байла-
нысады  да,  араларына  үтір,  қос  нүкте  немесе  сызықша  қойылады. 
Мысалы,  Принтердің  бұзылу  себебі  мынау:  дұрыс  форматты  қағаз 
салынбаған.  Есептерде  қатенің  жиілігі  соншалық – программа 
графикті дұрыс құрастыра алмады. 
Тəжірибелік блок
470-тапсырма.  Берілген  түсіндірмелі  салалас  сөйлемдердің 
қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1.  Компьютерлік  жүйелердегі  ақпараттың  қауіпсіздігіне  төнетін 
қатердің түрлері мынау: кездейсоқ жəне қасақана жасалатын қауіптер. 
2. Компьютерлердің интернетке қосылмай тұрған себебі мынау: ке-
шеден бері интернетке шығатын негізгі тоқ көзі сөндірулі. 3. Мына 
балалардың компьютер жинақтауға қызыға кіріскені сонша, сырттан 
кірген бізді байқамады. 4. Оның мəжіліске қатыса алмаймын деген 
себебі, бүгін күні бойы емтихан қабылдайды. 5. Ал мастың қаттылығы 
сондай, оның бетіне таңба салу оңай емес. 6. Қал -  таға салып жүретін 
сканердің  ақпаратты  сақтау  мүмкіндігі  сонша  төмен,  əрдайым 
қол  астында  ақпаратты  сақтайтын  арнайы  карта  болғаны  жөн. 
471-тапсырма.  Салалас  сөйлемдердің  құрамындағы  жай 
сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.

126
1.  Интернетті  пайдаланудың  пайдасы  соншалық,  кез  келген 
ақпаратты жылдам алуға, тез іздеп табуға болады. 2. ID Net супер-
хит  пакетінің  тиімділігі  сондай:  интернетке  көзді  ашып-жұмғанша 
қосуға болады. 3. Нуга Бест аппараттарының денсаулыққа пайдасы 
сонша,  барлық  аурудың  алдын  алуға  көмектеседі. 4. Алматыдағы 
«СПС» мəлімет хабарлау жүйесі компаниясының жетістігі мынада: 
əрбір отбасының қауіпсіздігін жаңа технологиялар арқылы қорғауды 
ұтымды қолданады. 
472-тапсырма.  Жалғаулық  шылаулар  арқылы  байланысқан 
бірнеше салалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
473-тапсырма.  Жалғаулықсыз  байланысқан  бірнеше  түсіндір-
мелі салалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
 474-тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
жоғалту – потерять
шектеу – ограничить
бұзу – портить, ломать
талдау – анализировать
өзгерту – менять
беріктілік – прочность
бұзушы – хакер
ықтимал – предполагаемый
475-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...