Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Б. Жақсылықова кəсіби қазақ тілі

Loading...


Pdf көрінісі
бет1/20
Дата02.04.2020
өлшемі1.41 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ
К. Б. ЖАҚСЫЛЫҚОВА 
КƏСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ 
( ақпараттық-телекоммуникациялық 
технологиялар саласына )
 
Алматы, 2013

УДК 
ББК 
Д
                                  
Пікір жазғандар:
Кульгильдинова Т. А.  – педагогика  ғылымдарының докторы,   профессор;
Балтабаева Ж. Қ. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор;
Айтжанова Г. Д.  – филология ғылымдарының кандидаты, PhD доктор.
Жақсылықова К.Б.
Кəсіби  қазақ  тілі:  (ақпараттық-телекоммуникациялық  техноло гиялар 
саласы  мамандықтары бойынша оқитын студенттер үшін) Жоғары техникалық 
оқу орындарына арналған. Оқулық. - Алматы, 2013. –  215 б. 
ISBN
  
Ұсынып  отырған  «Кəсіби  қазақ  тілі»  оқулығы  жоғары  оқу  орындарының 
ақпараттық-телекоммуникациялық  технологиялар  саласы  мамандықтары 
бойынша оқитын студенттерге арналған.
Оқулықтың басты мақсаты 
–  
мемлекеттік тілді орыс тілді бөлімде оқитын 
студенттерге  қатысымдық  бағытта,  мамандықтарының  ерекшелігін  ескере 
отырып меңгерту. 
Оқулық  мазмұны  мемлекеттік  тілді  техникалық  жоғары  оқу  орнының 
студенттеріне  мамандықтарына  сай  қатысымдық  қырынан    меңгерте  келе, 
өндіріс  орындарында,  əлеуметтік  ортада  қазақша  кəсіби  қарым-қатынасқа 
еркін түсуге үйретуді көздейді. Оқулықта берілген тапсырмалар студенттердің 
кəсіби ұғымдар мен терминдердің мəні мен мағынасын түсіне келе, мамандыққа 
байланысты  əдебиеттерді  оқып,  мазмұнын  түсіну  қабілеттерін,  кəсіби  бағытта 
қазақша  дұрыс  сөйлеу    жəне  сауатты  жазу  дағдыларын  жетілдіреді.  Сонымен 
қатар  кəсіби  ұғымдардың  мағынасын  түсіну  үшін  мəтіндер  мазмұнымен 
жүргізілетін  əр  түрлі  жаттықтыру  жұмыстары  студенттердің  мемлекеттік 
тіл  бойынша  базалық  білімін  одан  əрі  кəсіптанымдық  қырынан  тереңдетіп 
жетілдіру,  интеллектуалдық  деңгейі  мен  ой-өрісін  кеңейтіп,  техникалық  ойлау 
логикасы мен шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған.
ISBN
                                                                                                                  ƏОЖ 
                                                                                                                    КБЖ 
 
 
 
 
         
© Жақсылықова К.Б., 2013
                                                                     © ҚР Жоғары оқу орындарының 
                                                                      қауымдастығы, 2013
  

3
 
КІРІСПЕ
Ұсынылып отырған оқулық Қазақстан Республикасының жоғары 
білім  беру  мемлекеттік  стандарты  бойынша  оқылатын  базалық 
пəндер циклінің құрамдас бөлігі ретінде біліктілік деңгейі əлемдік 
стандарттарға  сəйкес  келетін,  бəсекеге  қабілетті  көптілді  жоғары 
білімді инженер мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге бағыттала 
келе,  жоғары  оқу  орындарында  «Кəсіби  қазақ  тілі»  пəнін  оқыту 
арқылы, тілді оқыту мақсаттары мен міндеттерін болашақ маманның 
кəсіби біліктілігі сапасын арттырумен байланыстыруды көздейді.
Мамандардың бəсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің 
бірі – қатысымдық  құзыреттілік  болғандықтан,  қазіргі  жоғары 
білім  беру  жүйесі  алдында  тұрған  негізгі  мақсаттардың  бірегейі 
–  бірнеше  тілді  меңгерген,  əртүрлі  сөйлеу  жағдаяттарында  ер кін 
қарым – қатынасқа  түсіп,  өз  кəсіби  қажеттілігіне  қарай  тіл  құрал-
дарын  жеткілікті  деңгейде  пайдалана  алатын  көптілді  тұлғаны 
қалып тастыру.  Қазақстан  Республикасы  Президенті  мен  үкіметі 
ұстанып  отырған  Тілдің  үш тұғырлылығы  саясатында  мемлекеттік 
тілдің  қызметіне  басымдылық  беріліп  отыр.  Сонымен  байланысты 
көптілді тұлғаның кəсіби қазақ тілін меңгеруі оның біліктілік сапа-
сын көтеріп қана қоймайды, ғылым тілін, кəсіби қатынас тілін, тех-
ника  ғылымдары  мен  технологиялары  тілін  дамытып,  толыққанды 
қызмет  етуіне,  сонымен  байланысты  қоғамның  линвистикалық-
интеллектуалдық  əлеуетін  арттыруға,  елімізде  адами  капиталдың 
қалыптасып, жетілуіне өз үлесін қосады.
  «Кəсіби  қазақ  тілі»  оқулығы  Қазақстан  Республикасының  «Тіл 
туралы» Заңы, ҚР БжҒМ Білім туралы Заңы, ҚР БжҒМ мем лекеттік 
міндетті жоғары техникалық білім беру стандарттары, ақпараттық-
телекоммуникациялық  технологиялар  маман дықтары ның  (бакалав-
риат) тип тік жəне оқу жоспарларына сəйкес əзірленді.
  Оқулықтың  мақсаты – техникалық  жоғары  оқу  орындарының 
студенттеріне  мемлекеттік  тілді  қатысымдық  қырынан  мамандық-
тарына  сай  меңгерте  отырып,  олар дың  мəдениет аралық  жəне 
кəсіби қатысым   дық құзірет тілігін базалық стандарттың деңгейінде 
қалыптастыру  жəне  кəсіптанымдық,  ұлт жандылық  қасиеттерін  да-
мыту. Осы мақсатты жүзеге асыруда қойылатын міндеттер:
• 
мамандық  саласы  бойынша  жиі  кездесетін  кəсіби  лексика 
мен ғылыми терминдердің мəн-мағынасын саналы түсіну дағдысын 
қалыптастыру; 

4
• 
қарапайым жəне күрделі синтаксистік құрылымдарды сөйлеу 
тілінде қолдану дағдысын жетілдіру;
• 
мамандыққа байланысты ақпараттарды оқып түсіну;  тыңдап 
түсіну қабілеттерін жетілдіру;
• 
мамандығына қатысты қазақша дұрыс сөйлеп, сауатты жазу 
дағдыларын жетілдіру;
• 
кəсіби мəтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі 
ақпаратты ажыратып ала білуге машықтандыру;
• 
кəсіби  сөйлеу  жағдаяттарында  мамандығы  туралы  өз  ойын 
еркін  айту,  пікір  алмасу,  əңгімені  қолдау,  қатысымға  түсу  ниетін 
қалыптастыру;
• 
кəсіби мəтінді түсініп оқу, оның мазмұнында  берілген ойды 
ауызша қайта жаңғырту немесе оның аңдатпасын жазбаша түрде бе-
руге машықтандыру.
Оқулық   теориялық  жəне  тəжірибелік   блоктан  тұрады. Оқу-
лықтың теория лық блогында қазақ тілін кəсіби бағытта меңгертуге 
қажетті  грамматикалық  минимум  қамтылады.  Техникалық  жоғары 
оқу  орындарының  студенттері  жалпы  міндетті  білім  беретін  орта 
мектепте  қазақ  тілінің  табиғаты  мен  заңдылықтары,  фонетика-
сы,  лексикасы  мен  грамматикасы  бойынша  мемлекеттік  стандарт 
көлемінде білім, білік, дағдыларын игерсе, бірінші курстың бірінші 
жартысында «Қазақ тілі» (елтану) курсы бойынша осы білім, білік, 
дағдыларын  одан  əрі  жетілдіріп,  бекітеді.  Кəсіби  мамандыққа 
бағытталған  «Кəсіби  қазақ  тілі»  пəні  екінші  жартыжылдықта 
өтілетіндіктен, аталмыш оқулықта қазақ тілін кəсіби бағытта оқыту 
функционалдық  грамматикаға  негізделе  келе,  кəсіби  лексикалық 
мағына;  кəсіби  мəтіндегі  кəсіби  ұғымдар  мен  салалық  терминдер; 
кəсіби  мəтін  құрылымы  мен  мазмұны;  қатысым  синтаксисі  (жай 
сөйлем  синтаксисі  жəне  құрмалас  сөйлем  синтаксисі)  мəселелері 
болашақ  инженер  маманның  кəсіби  қатысымдық  құзыреттілігін 
қалыптастыру  қырынан  қарастырылды.  Қатысым  синтаксисі  бой-
ынша  тек  қана  кəсіби  қатынаста  жиі  қолданылатын  қатысымдық 
тұлғалар  алынды.  Атап  айтқанда,  оқулықта  грамматикалық  матер-
иал  ретінде  жай  сөйлем,  оның  түрлері,  сөйлемдердің  байла нысу 
тəсілі;  сөйлем  мүшелері,  бірыңғай  мүшелі  сөйлемдер;  көмекші 
сөздердің байланыстырушы қызметі; кəсіби мəтіндер құрамындағы 
жай сөйлемдер; салалас, сабақтас, аралас құрмалас сөйлемдер, көп 
құрамды құрмаластар бойынша теориялық материал ереже түрінде 
емес,  бұрынғы  білімдерін  ширатып  бекіту,  бұрыннан  қалыптасқан 

5
 
дағдыларын  тəжірибе  жүзінде  одан  əрі  жетілдіру  мақсатында 
ұсынылды.
Оқулықтың  тəжірибелік  блогында  қазақ  тілін  кəсіби  бағытта 
меңгертуге қажетті қатысымдық минимум қамтылған: Мұнда қазақ 
тілін  мамандыққа  қатысты  меңгертуге  бағытталған  ақпараттық-
телекоммуникациялық  технологиялар  саласы  бойынша  кəсіби 
маз     мұн дағы  есеп теуіш  техника  жəне  оның  түрлері,  есеп теуіш 
тех никаның  даму  тарихы,  жүйе  жəне  желілерді  бағдарламалық 
қамтамасыз  ету,  компьютер    жəне    оның    құрылымы,  əлемдік  
ғаламтор,  кибернетика,  электроника,  телекоммуникация,  радиотех-
ника, ақ парат, ақпарат көздері, ақпарат түрлері, ақпараттық қауіп сіздік 
жүй   е      сі, мо дельдеу, ақ параттық қауіпсіздік жүйесінің құралдарымен 
бай ланысты  кəсіби  лексикалық  тақырыптар  қамтылады.  Бұл 
лексикалық  тақырыптардың  қатысымдық  кəсіби  бағдарлы  сипа-
ты студент бойында базалық пəндер бойынша қалыптасқан білімді 
пайдалану арқылы өзекті мəселелерді көтеруге жəне олардың шешу 
жолдарын анықтауға бағытталады. 
  «Кəсіби  қазақ  тілі»  оқулығында  техникалық  жоғары  оқу 
орындарының  студенттерінің  мəдениетаралық  жəне  кəсіби 
қатысымдық  құзыреттілігін  қалыптастырып,  жетілдіру  объектісі 
ретінде  ғылыми-техникалық  кəсіби  мəтіндер  алынып,  сөйлесім 
əрекетінің бар  лық түр    лері (айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым 
жəне  сөйлесім)  бойынша  əр  түрлі  жат  тық тыру  жəне  шығар-
машылық тапсырмалар кəсіби қатысымдық бағытта қарапайымнан-
күрделіге  ұстанымын  басшылыққа  ала  отырып,  бірізді  жүйемен 
кешенді  түрде  ұсынылып  отыр.  Сөйтіп  кəсіби  ұғымдар  мен  тер-
миндер  тіркестерінен,  сөйлесім  оралымдары  сияқты  қатысымдық 
тұлғалардан  тұратын  кəсіби  мəтіндермен  жүргізілетін  жаттығу 
жұмыстары  студенттерді  кəсіби  лексиканың  мағынасы  мен  мəнін 
жете  түсінуге  жəне  оларды  тілдік  қатынаста  ұтымды  қолдануға 
машықтандыруды  көздейді.  Оқулықта  берілген  жаттықтыру 
тапсырмаларын  орындау  арқылы  студенттер  кəсіби  ұғымдар  мен 
терминдердің  аражігін  ажырата  білу  үшін  сөздіктерді  ұтымды 
қолдана  алу;  кəсіби  мəтіндерді  түсініп  оқу;  мəтіннің  тақырыбын, 
идеясын анықтау, мазмұнын түрлендіру; кəсіби мəтіннен ақпаратты 
алу,  оны  талдау,  кеңіту,  сұрақтарға  жауап  беру;  кəсіби  мəтінді 
мағыналық бөліктерге бөліп; мазмұнын өз сөзімен баяндау, мəтінге 
аңдатпа  жазу;  мəтін  ішінде  қарастырылатын  мəселелерді  анықтау, 
негізгі  ойды  тұжырымдау;  мəтінді  құрастырудың  тілдік  құралын 

6
анықтай  білу  жəне  оларды  тақырып  бойынша  өз  ойларын  айтуда, 
көзқарастарын  баяндау  кезінде  ұтымды  қолдануға  дағдыланады. 
Оқулықта  берілген  шығармашылық  тапсырмаларды  орындау  ар-
қылы  сту дент тер  кəсіби  міндеттерді  шешудің  жолдарын:  түрлі 
ғылыми  зерт теу,  эссе  жазу,  жобаларды  дайындау,  пікіралмасу,  топ 
алдында өз ойын еркін жеткізу дағдысын, сұрақтарға дұрыс жауап 
беру тəсілдерін меңгереді.
 Студенттердің өзіндік жұмысы. Қазақстан Республикасы мем      -
лекеттік жал         пыға мін  детті білім беру стандартында көр сетілген оқу 
жоспарына сай оқытудың кредиттік технологиясына негізделген 
студенттердің  өзіндік  жұмысы  зерттеу,  ізденіс  жəне  шығарма -
шылыққа бағыт  талған оқу танымдық əрекеттің ерек ше түрі. Өзіндік 
жұмыс  студенттің  білім  алуға  деген  жауапкершілігін  арттырып, 
өз  білімінің  траекториясын  анықтауға  жəне  қолданатын  білім 
əдістерін  таңдауға  баулиды.  Сөйтіп  оның  еркін  əрекет  жасау 
дағдысын қалыптастырады. Сондықтан оқулықта студенттердің 
өзін дік  жұмыс тарының  жəне  оқытушының  басшылығымен 
орын            дай тын  өзін         дік  жұмыс  тарының  тақырып тары  ұсынылды. 
Студент  тердің  өзін дік  жұмы сы  ның  тақырып тары  олар дың  бола-
шақ  мамандықтарының  ерек шеліктерін  ескере  келе,  бұған 
дейін  қамтылған  білім ге  сай  құрас тырылды.  Берілген  тапсырма 
тақырыптары түсінікті, ақпараттық-телекоммуникациялық техно-
логиялар саласымен байланысты.
Техникалық  жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне 
мемлек еттік  тілді  қатысымдық  қырынан  мамандықтарына  сай 
оқытуға арналған «Кəсіби қазақ тілі» пəні 1 оқу семестрі бойы-
на  оқытылады. «Кəсіби  қазақ  тілі»  пəніне  оқу  жоспары  бойын-
ша 3 кредит (135 сағат)  бөлініп,  оның 1 кредиті (45 сағаты) – 
практикалық курсқа, 1 кредиті (45 сағаты) – СОӨЖ-ге, 1 кредиті 
(45  сағаты) – СӨЖ-ге  арналған.  Оқулықта 3 кредит  мазмұны 
толық қамтылды.

7
 
1-Модуль Инженерлерді даярлау  өзекті мəселе
1.1 Лексикалық тақырып: 
Еліміздің техникалық кəсіптік білім беру жүйесі
Грамматикалық тақырып: Жай сөйлем жəне оның түрлері.
 
Теориялық блок. Сөйлем ақпарат беру үшін, пікір білдіру үшін 
жұмсалатын  қатысымдық  тұлға.  Оның  өзіне  тəн  грамматикалық 
құрылысы,  грамматикалық  формасы  бар.  Тілдік  қатынаста  сөйлем 
əртүрлі  құрамда  жұмсалады.  Жай  сөйлемдер  айтылу  мақсатына 
қарай келесідей топтарға бөлінеді: хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, 
лепті сөйлем, бұйрықты сөйлем. 
Тілдік    қатынаста  хабарлы  (Ертең  университетте  «Қ.Сəтбаев  оқу-
лары»     ая  сын да                  халық аралық  ғылыми-практикалық  конферен ция  өз 
жұмысын бастайды), сұрау лы (Математикадан  студенттер олим   пиадасы 
қашан өтеді екен?), бұйрық   ты  (Құрметті  веложарысқа  қатысу шылар, 
тезірек сапқа тұрыңыздар!) сөй     лем    дер жиі қол данылады. 
 
Тəжірибелік блок
1-тапсырма.  Берілген  сөйлемдердің  түрлерін  анықтап,  қалай 
жасалғанын түсіндіріңіздер.
1.  Елімізде  білімді,  кəсіби  білікті  жəне  бəсекеге  қабілетті 
мамандарға  сұраныс  артып  отыр. 2. Қазір  инженер  кадрлар  шет 
елдік  қандай  оқу  орындарында  кəсіби  біліктілігін  арттыра  алады? 
3.  Жоғары  кəсіптік  білім  беру  жүйесі  инженер  кадрларын  сапа-
лы  даярлауға  күш  салуда. 4. Отандық  өндіріс  орындары  бəсекеге 
қабілетті инженер мамандарға байқау жариялады. 5. Елдің тұрақты 
экономикалық дамуының негізі не деп ойлайсыз? 
Үлгі: Сіз осы өндірісте қашаннан қызмет істеп келесіз? – сұраулы 
сөйлем, қашаннан сұраулық шылау арқылы жасалып отыр.
2-тапсырма.  Берілген  сөйлемдерді  сұраулы  сөйлемге  айналды-
рып, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
1. Еліміздің индустриялдық-инновациалық дамуын  қамтамасыз  ету 
бағытында  ауқымды  іс-шаралар өткізілуде. 2. Отандық экономика-
ны көтеру үшін Үкімет индустриялдық-инновациалық бағ дарламаны 
қарқынды жүзеге асыруда. 3. Техникалық сала кадрларын даярлаудың 

8
сапасын жетілдіру бағытында елімізде кəсіптік білім беруді дамыту 
бағдарламасы қабылданды. 4. Өндіріс орындарына мамандар дайын-
дау, инженер мамандардың біліктілігін арттыру үшін кəсіптік білім 
беру инфрақұрылымын дамыту қажет. 5. Еліміздегі өндіріс орында-
рын бəсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ету үшін кəсіптік 
білім  беру  жүйесін  қайта  ұйымдастыру  қолға  алынуда. 6. Қазіргі 
уақытта  тау-кен  өндірісі,  мұнай  газ  өндірісі,  құрылыс  салаларын-
да білікті мамандарға тапшылық бары байқалады. 7. Елдің туризм, 
əлеуметтік  қамтамасыздандыру,  қызмет  көрсету,  денсаулық  сақтау 
сияқты қызмет көрсету салаларын дамытуға мемлекеттен қомақты 
қаржы бөлінуде. 
Үлгі:  Қазақстанның  өндеуші  өнеркəсіптеріне  инженер  маман-
дар  дайындау  қарқынды  жүзеге  асуда. – Қазақстанның  өндеуші 
өнеркəсіптеріне  қандай  мамандар  дайындау  қарқынды  жүзеге  асу-
да? – қандай  сұраулық  шылауы  арқылы  хабарлы  сөйлем  сұраулы 
сөйлемге айналып отыр.
3-тапсырма.  Берілген  сөйлемдерді  мұқият  оқып,  хабарлы 
сөйлем дерді  бір  бөлек,  сұрау лы  сөй лемдерді  бір  бөлек  көші ріп 
жазыңыз дар.
1. Пай-пай, неткен зəулім ғимарат! 2. Бұл орталықтың директо-
ры – Асқар Арманұлы екен. 3. Сіз мұнда қандай қызмет атқарасыз? 
4. Ұйымдастырушы менеджер болып істеймін. 5. Өзіңізбен таныс-
қаныма қуаныштымын! 6. Осы орталық жайында толығырақ мəлімет 
бере аласыз ба? 7. Біздің орталық кəсіби біліктілікті жетілдіру курс -
тарын өткізеді. 8. Орталықтың құрылымы өзгеріп отыра ма? 9. Ор-
талық қызметінің негізгі бағыттары қандай? 10. Инженер маман дар-
дың кəсіби біліктілігін арттырумен айналысамыз. 11. Мынау кере-
мет жер екен!
 
4-тапсырма.  Сұраулық  есімдіктерді  қолдана  отырып,  бірнеше 
сөйлем құрастырыңыздар.
Үлгі: Cіз техникалық саланың қандай мамандығын таңдадыңыз? 
5-тапсырма.  Сұраулық  шылауларды  қолдана  отырып,  бірнеше 
сөй  лем құрастырыңыздар.
Үлгі: Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша биыл сту-
денттер шетелге оқуға бара ма?

9
 
 6-тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар
нарық – рынок
өндеуші – обрабатывающий
өндіріс – производство
мұқтаждық – потребность
өзгеріс – изменения
ұтқырлық – мобильный
сұраныс – спрос
бəсеке – конкуренция
7-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағынасын  түсінуге  тыры-
сыңыздар.
ЕЛІМІЗДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ 
КƏСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
  Қазір  Қазақстанның  индустриялдық-инновациалық  даму-
ын  қам          та            ма  сыз  ету  жө ні н   дегі  іс-шаралар  қарқынды  жүзеге  асуда. 
Бүгінгі күні Қазақстанның еңбек нарығындағы болып жатқан осын-
дай  жаңа  өз   герістер  білікті  жəне  білімді  мамандарға  сұраныстың 
табиғи артуына ықпал етіп отыр. Мысалы, республиканың базалық 
өндірістерінде  (тау-кен  өндірісі,  мұнай  газ  өндірісі,  құрылыс), 
өндеу  ші өнеркəсіптерде (өндірістерді автоматты басқару жүйелері, 
ақпараттық-телекоммуникациялық  жүйелер,  машинажасау,  мұнай, 
химиялық,  құрылыс  заттар  өндірісі)  жəне  қызмет  көрсету  салала-
рында  (туризм,  əлеуметтік  қамтамасыздандыру,  қызмет  көрсету, 
ден саулық  сақтау)  барабар  кадрларға  мұқтаждықтың  артқаны  бай-
қалады. 
 Еліміздің техникалық кəсіптік білім беру саясаты – техникалық 
сала кадрларын даярлау сапасы мен олардың бəсекеге қабілеттілігін 
арттыру. Осыған байланысты республикада техникалық жəне кəсіп-
тік білім берудің құрылымы мен  мазмұнын  реформалау мақсатында 
«Қазақстан Республикасында техникалық жəне кəсіптік білім беруді 
дамытудың    2010 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағ дар-
ламасы»  қабылданды.  Бағдарламаның  мақсаты – техникалық  жəне 
кəсіптік  білім  беру  жүйесін  қайта  ұйымдастыру,  еліміздегі  өндіріс 
орындарын  бəсекеге  қабілетті  техникалық  жəне  қызмет  көрсету 
еңбегінің  білікті  мамандарымен  қамтамасыз  ету.  Инновациялық 
білім  беру  жəне  халықаралық  ұтқырлық  жағдайында  республи-
када  техникалық  сала  кадрларын  даярлаудың  сапасын  жетілдіру 
үшін техникалық жəне кəсіптік білім беру инфрақұрылымын дамы-
ту  қажет.  Себебі  техникалық  саланың  білікті  мамандарын  даярлау 

10
елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететін кадрларды 
қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
 ( http://www.edu.gov.kz)
 8-тапсырма. Мəтіннен есім сөзден жасалған сын есімдерді теріп 
жазып, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
 Үлгі: техникалық – техника (з.е.) + -лық (сөз тудырушы жұрнақ). 
  9-тапсырма.  Мəтіннен  бірыңғай  мүшелерді  тауып,  олардың 
қалай байланысқанын жəне қай мүшеге қатысты екенін талдаңыздар.
 Үлгі: Елімізге білімді, білікті жəне бəсекеге қабілетті мамандар 
қажет.
  Білімді,  білікті  –  бірыңғай  анықтауыштар  оқығанда  да-
уыс  ырғағымен  жекеленіп  айтылады,  жазылғанда  арасына  үтір 
қойылады; білікті жəне қабілетті – анықтауыштардың араларында 
«жəне» ыңғайластық жалғаулығы болғандықтан, үтір қойылмайды.
 10-тапсырма. Мəтінді мұқият оқып, жай сөйлемдердің жасалу 
жолын түсіндіріңіздер.
 11-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қолдана отырып, сұраулы 
сөйлемдер құрастырыңыздар.
 1. Кəсіптік білім. 2. Ғылымды дамыту. 3. Техникалық сала. 
4. Білік ті маман. 5. Инновациялық білім беру. 5. Инновациялық білім 
беру. 6. Халықаралық ұтқырлық.
12-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  қажетті  жалғауын 
жалғаңыз дар.
1. Қазақстан өндірістері... қарқынды өсуі экономиканың 
дамуының басты күші. 
- тың
2. Білімді мамандарға сұраныс ... артуы табиғи құбылыс. - 
дың
3. Мамандар... бəсекеге қабілеттілігін арттыру 
– 
 өзекті мəселе.
- ын 
4. Техникалық сала кадрлар... даярлаудың сапасын жетілдіру 
қажет.
- мен
5. Кəсіптік білім беру жүйесі... қайта ұйымдастыру қолға алынды. - нің
6. Өндірісті білікті мамандар... қамтамасыз етуге күш салынуда. - 
н
13-тапсырма.  Мəтін  мазмұнын  негізге  алып,  сұхбат 
құрастырыңыз дар. 

11
 
 Тірек сөздер: 1. Мамандарға сұраныс. 2. Өндеуші өнеркəсіптер. 
3. Базалық өндірістер. 4. Қызмет көрсету салалары. 5. Инженерлерге 
мұқтаждық. 6. Бəсекеге қабілетті. 7. Тұрақты даму.
 14-тапсырма. Төмендегі суреттерге қарап, кім қандай мамандыққа 
оқитынын жазыңыздар.
 Үлгі: Менің досымның есімі – Ильяс. Ол сəулетші мамандығына 
оқиды
1__________________________________________________
2__________________________________________________
3__________________________________________________
4__________________________________________________
5_________________________________________________
 
15-тапсырма.  Сөздерді    орысша  баламасымен  сəйкестен-
діріңіз дер. 
Өзекті
информационный
Қарқынды
актуальный
Кəсіптік
интенсивный(-о)
Білікті
способный
Сапалы
квалифицированный
Ақпараттық
профессиональный
Қабілетті
качественный
 
16-тапсырма. Мақал-мəтелдерді оқып, мағынасын түсінуге ты-
ры  сыңыз дар. 
 
1. Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы. 2. Оқуға кештік  жоқ. 
 17-тапсырма. Сөздікті   қолдана  отырып, мəтінде кез дескен  кəсі-
би ұғымдар мен терминдердің түсіндірмесін дəптерге жазыңыздар.
 18-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
1. Əли
 2. Айжан. 
 3. Альбина. 
4. Арина.
5. Аруна 
 

12


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...