СИЛЛАБУС 1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы__ Жаңартылған мазмұндағы «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі Кредит саны__6 ESTC_________________
Курс, семестр___3к, 3ж, 5-семестр_______2022ж_______________
Білім бағдарламасының атауы және шифры__ 6В01303 – бастауыш білім беру АКТ-мен Институт___Педагогика және психология Кафедра Бастауыш білім беру Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі _п.ғ.к., қауымд.профессор Сәдуақас Г.Т. Контактілік ақпарат (телефон, e-mai)87028005800 gulbanu_sadvakasova@mail.ru
2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)* 2. Бақылау түрі Критериалды бағалау: Үй тапсырмалары мен СӨЖ-дің орындалу мерзімдері ҚазҰПУ-дың академиялық саясатына сәйкес себепті жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін.
Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы таратылады. Үй тапсырмаларының көпшілігі жауап беруге болатын бірнеше сұрақтардан тұрады. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады.
«Жаңартылған мазмұндағы «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі » пәні бойынша емтихан жұмысын бағалау шкаласы
Балдар: 1 сұрақ-30, 2 сұрақ – 30, 3 сұрақ - 40
Білім алушы:
A
- сұрақтарға стилистикалық сауатты әрі логикалық тұрғыда дұрыс жауап берілген;
- теориялық білім нақты мысалдармен келтірілген;
- ғылыми термин дәлме-дәл қолданылған;
- әдістемелік талдау толық әрі дұрыс орындалған.
A-
- ғылыми терминдерді қолдануда жеке қателіктер жіберілген, алайда ол оқу материалын білмеу және түсінбеудің салдары болып саналмайды.
- баяндауда жауаптың логикалық және ақпараттық негізгі мазмұнын өзгертпейтін бірнеше қателіктер жіберілген;
- жауаптың негізгі мазмұнын баяндауда бір-екі кемшілік жіберілген.
B-
- ғылыми терминдерді қолдануда екіден астам қателік жіберілген;
- әдістемелік талдау толық көлемде орындалмаған.
C+
- білім алушы тақырыпты жалпы түсінген, алайда материалдың мазмұнын жүйелі түрде толық аша алмаған;
- түсініктерді анықтауда, терминді қолдануда қателіктер жіберілген;
- практикалық тапсырма толық орындалмаған.
C
-білім алушы теориялық білімді жаңа жағдаятта және/немесе тәжірибелік тапсырманы орындауда қолдана алмаған.
C-
-теориялық материалды игеруде негізгі білік пен дағдылардың жеткіліксіз қалыптасқандығы байқалады.
D+
-оқу материалының негізгі мазмұны ашылмаған;
- оқу материалын білмеуі немесе оның маңызды бөлігін түсінбегендігі анықталған.
D
-ұғымдарға анықтама беруде және терминдерді пайдалануда қателіктер жіберілген.
F
- білім алушы оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыларды толық меңгермеген.