Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата22.06.2021
өлшемі0.78 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Әдеби-талдау эссе 

Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі 

автордың батыр мінезін танытуын талдап жазыңыз.  

 

Батыр  –  ерен  күш  иесі,  еш  нәрседен  қорықпайтын,  жауға  тік 



келетін  айбарлы  адам.  Адамның  батырлығы,  батырға  тән  мінезі 

жағдаят  үстінде  танылады.  «Ақиқат  пен  аңыз»  роман-диалогіндегі 

кейіпкер  –  Ұлы  Отан  соғысының  батыры  Бауыржан  Момышұлы. 

Әзілхан  Нұршайықов  туындыда  аты  аңызға  айналған  батырды 

оқырманына барынша жеткізуге тырысқан. Оны қан майдандағы батыр 

ретінде ғана емес, адам құндылықтары тұрғысынан да таныта білген. 

    

Роман-диалогте  Бауыржан  Момышұлы  қара  батырға  тән 



мінезімен  көрінеді.  Оны  автор  Серебряковтың  Жоғарғы  Президиумға 

жазған  хатындағы:  «...ұрыс  үстінде  Момышұлы  жаралы  болды.  «Енді 

шегінерлік жер жоқ, полкта адам аз қалды, не көрсем де полкпен бірге 

көремін», - деп, ол ұрыс даласын тастап кетуден бас тартты», -  деген 

жолдар  арқылы  жеткізді.  Бауыржан  Момышұлының  бойында  жігерін 

қайрай  білетін,  бірбеткейлік  батырға  тән  мінез  бар.  Ол  ауыр 

жараланса  да,  ұрыс  даласынан  кетпеді.  Мұндай  батырларды  қазақ 

халқында қара батыр деп атайды. Батырға тән қасиет алып қара күш 

иесі және қорықпайтын жаужүрек болумен ғана шектелмейді. Сонымен 

бірге,  адам  бойындағы  жақсы  қасиеттердің  бәрі  батырға  да  тән. 

Сондай  қасиеттердің  бірі  ретінде  автор  туындыда  Бауыржан 

Момышұлын кемеңгерлігімен танытады. Автордың «...не бары жаудың 

екі-ақ танкін жойдым» деген сөзіне: «Сен сияқты солдаттың әрқайсысы 

екі  танктен  қирата  берсе,  ол  осал  іс  пе  екен!?  ...  сегіз  фашисті 

өлтіріпсің, ... Ал екі мың отандасыңды ажалдан аман алып қалыпсың. 

Бұл,  біле  білген  кісіге,  аз  еңбек  емес,  қарағым!»  -  деген  сөзі  арқылы 

жазушы батырдың ақылдылығын, кішіпейілдігін, кеңпейілдігін көрсетті. 

Батыр  Бауыржан:  «Сенің  мұның  менің  батырлығымның  қасында  түк 

емес»  -  деген  сияқты  менмендік  танытпай,  өзі  сияқты  соғыс 

жауынгерінің  бағасын  арттырып,  құрметтей  білді.  Автор,  тіпті, 

«Апырай,  а!  ...күні  бүгінге  дейін  еліме  мұндай  еңбек  сіңірдім  деп 

ойламаушы  едім»  -  деп  қанаттанып  қалды.  Мұндай  даналық 

батырлықпен пара-пар. 

Қорытындылай келе, роман-диалогтегі автор жеткізген батырдың 

әр  сөзі,  әрекеті  –    оқырманына  үлгі.  Үлгі  болып  қана  қоймай,  отан, 

туған  жер,  абырой,  парыз  туралы  ойлануына  түрткі  болады.  Бұл 

роман-диалогті  қазақ  қана  оқып  қоймай,  әлемнің  әрбір  тіліне 

аударылып,  жалпыадамзаттық  құндылыққа  тәрбиелеудің  көркем 

құралы ретінде таратылуы керек.   

 

 



 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар