Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата22.06.2021
өлшемі0.78 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
 

 

Әдеби-дәлелдеме эссе 

... 


Түркі халқының атақ-даңқы өшпесін деп, 

Мені қаған етіп отырғызған еді. 

Ең болмаса бай халыққа отырмадым. 

Іші ассыз, 

Сырты тонсыз, 

Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым. 

... Бағым болғандықтан, 

Сәті түскендіктен,  

Өлімші халықты тірілттім. 

Жалаңаш халықты тонды, 

Кедей халықты бай қылдым.  

Аз халықты көп қылдым,  

Тату елге жақсылық қылдым... 

«Күлтегін»  жырындағы  осы  жолдардың  қазіргі  Қазақстанмен 

байланысы бар ма? 

 

Күлтегін  –  екінші  Шығыс  Түрік  қағанаты  әскерінің  бас 

қолбасшысы,  «көк  түріктің  көк  семесері»  атанған  атақты  батыры. 

«Күлтегін»  жырында  оның  түрік  халқына  қаған  болып,  билік  еткен 

жылдарындағы  мемлекет  жағдайын  алға  өрлеткені  жайлы  айтылады. 

Менің  ойымша,  жыр  жолдарын  қазіргі  Қазақстанмен  байланыстыруға 

болады,  яғни  Күлтегін  қаған мен  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш 

президенті Н. Назарбаев арасындағы ұқсастық. 

Біріншіден,  Н.  Назарбаев  та  Күлтегін  қаған  сияқты  елінің 

әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайын  жақсарту  үшін  бірқатар  жұмыс 

атқарған.  Олардың  ел  басқаруының  алғашқы  жылдарында  халықтың 

тұрмысы мүшкіл еді. «Күлтегін» жырында: 

Іші ассыз, 

Сырты тонсыз, 

Бейшара,  мүсәпір  халыққа  отырдым,  -  десе,  «Егемен  Қазақстан» 

газетінің  2014  жылғы  басылымдарының  бірінде:  «Қазақстан  90- 

жылдардың  орта  шенінде  қалған  дағдарысты  жағдай  республиканың 

барлық әлеуметтік табыстарын апат шегіне апарып қойды.  ...Осының 

барлығы  Қазақстан  халқының  айтарлықтай  бөлігінің  өмір  сүру  деңгейі 



12 

 

күрт  төмендеп  кетуіне  алып  келді»,  -  деген  тарихи  естелік  –  осы 



күндердің  айғағы.  Екеуі  де  азат  халқының  осындай  хал-ахуалын 

көтеруге күш салды. Жырдағы: 

Өлімші халықты тірілттім. 

Жалаңаш халықты тонды, 

Кедей  халықты  бай  қылдым,  -  деген  жолдардың  қазіргі  уақытта 

елбасының  түн  ұйқысын  төрт  бөліп  жасаған  реформалары,  заңдары, 

стратегиялық  жоспарлары  еліміздің  өмір  сүру  деңгейі  минимумынан 

төмен  табысы  бар  азаматтардың  санының  азайып,  халықтың 

әлеуметтік жағдайын көтеруімен байланысы бар. Осылайша қаған мен 

президент ең бірінші халқының тоқтығын  қамдаған. 

Екіншіден,  ел  басқарушылар  халқының  тұрмыс  жағдайын  

көтергеннен кейін, ел іргесінің беріктігін ойластыра бастады. Жырдағы 

«Тату  елге  жақсылық  қылдым,  -  деген  жолдардан  Күлтегін  қағанның 

көршілес  елдермен  жақсы  қатынас  орната  алғандығы  көрінеді.  Сол 

сияқты  Елбасының  дүние  жүзіндегі  антиядролық  қозғалысқа  бастама 

көтеруі,  елімізде  болып  жатқан  әртүрлі  деңгейдегі  саммиттер, 

халықаралық  іс-шаралар  әлем  елдерімен  бейбіт,  тату  өмір  сүруді 

ұстанғанын  көрсетеді.  Сондықтан  екі  басшы  да  жасампаздықтарымен 

ұқсас.  

 

Түйіндей  келе,  қай  дәуірде  болмасын  ел  жағдайын  ойлаған 



басшылар  идеясында  өзара  ортақтастық  бар.  Олардың  мақсаты  - 

халқының  қуаныш  пен  шаттыққа  толы  бейбіт  өмір  сүруін  қамтамасыз 

ету.  Жер  бетіндегі  елдермен  төрт  құбыласы  тең  өмір  сүру.  Күлтегін 

қаған  мен  президент  Н.Назарбаевтың  ел  басқарудағы  мүдделері 

өзгелерге үлгі болуға тұрарлық.

 

  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар