Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college



бет7/30
Дата10.06.2022
өлшемі142.6 Kb.
#267551
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
Психолог 203,212
Ұзақ мерзімді жоспар, Адамның еңбек іс, Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі (2) (1), емтихан казирги каз яз
Психология ғылымының даму тарихы.

Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп, психологияны әр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пәніне деген көзқарасының өзгеретінін байқау қажет. Психология өте ертеден келе жатқан ғылым салаларының бірі, бірақта жеке ғылым ретінде дамығанына бір ғасырдай уақыт болды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияны тарихы алды ұлан ғайыр, ал тарихы қысқа-, деген болатын. Психология ғылымынң даму тарихы 2- кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі 2500 жылға созылған, ежелгі гректің ғалымы Аристотель есімімен байланысты. 2500 жылға созылған осы кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиеттану, жаратылыстану т.б.) аралас дамыды. Оның 2-ші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының өрістеп алға басуына себепші болды. Ғылым атаулы тұрмыспен байланысы, тәжірибелі ғылымдарға айнала бастады. Осындай тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философы Ф.Бэкон болды. Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Ф.Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша дүниетану, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан – қиынға, жақыннан-алысқа, деректіден – дерексіздерге көшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға ерекше әсер етті. Жаңадан бас көтеріп экономикада өз орнын ала бастаған буржуазия тобы, өздерінің өндіріс орнындағы жұмысшылардың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін, адамдардың ақиқаттық, нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді керек қылды. Буржуазияның осынау мақсаттарын орындауға эмпериялық психологияның аренаға шығып дами бастауы қолайлы болды. Бұл психология Ф.Бэконның эмперикалық философиясына негізделді. Ф.Бэкон тек жаратылыстану ғылымдарын емес, философия, психология ғылымдарын да схолостикадан арылтып, оларды тұрмысқа,ьөмірге үйлестіріп, ғылыми түрде дамуға негіз салды. К.Маркс Ф.Бэконның материалистік философиясына жоғары баға беріп, оны ағылшын материалистерінің атасы деп атады. Ф.Бэкон әдейілеп психология ғылымы мен шұғылданбаса да, эмпериялық психологияның негізін салса да, оны толық дамыта алмады. Эмпериялық философияның принциптерін психология ғылымын ағылшынның келесі ғылымы Джон Локк (1632-1704) таратып, әрмен қарай дамыта бастайды. Психологияда метафизикалық, схоластикалық, құрғақ әдістерге шабуыл жасалып, нақтылы білімдерге көшу мәселесі қолға алынды. Дж.Локк эмпериялық психологияның, философияның теориялық негіздерін белгіледі. Ол өзінің философия-психологиялық концепциясында сенсуалистік көзқарасты дамытады.
3.Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары.
Психология сан-салалы ғылым. Қазірде оның 40-қа жуық саласы бар.XIX ғасырдың екінші жартысына дейін психология философия ғылымының бір саласы болып келіп, жаратылыстану, медицина, әдебиеттану ғылымдарымен де сабақтасып, байланысып жатты. Психологияның қоғамдық ғылымдармен тарих, әдебиет, лингвистика, география, антропология, өнер ғылымдарымен де байланысы зор. Адам психологиясын жақсы білмейінше, оларға әсер етіп, жігерін қозғап, жүрек сезімдерін толғандыратын, көркем шығармалар туындату мүмкін емес деген. XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған, психологияның жеке ғылымға айналуына, оның табиғи біліммен бірлесуі себеп болды. Бұған психологияға эксперименттік әдістің (Г.Фехнер) енгізілуін де жатқызуға болады. Психологиялық ілімдердің табиғи-ғылыми теориясын рефлекторлық құрайды (И.М. Сеченов, И.П. Павлов, сондай-ақ ірі физиологтардың еңбектері: А.А. Ухтомский, Л.А. Орбели, П.К. Анохин, Н.И. Красногорский, К.М. Быков, НА. Бернштейн, И.С.Бериташвили). Қазіргі кезеңдегі психологияның негізгі мәселелерін өңдеуге Ч. Дарвиннің эволюциялық идеялары үлкен ықпал етті. Олар тіршілік иесінің ортаның ауыспалы жағдайына бейімделуі кезіндегі психиканың рөлін анықтауға, психикалық әрекеттің төменгі түрден жоғары түрге көтерілуінің мағынасын түсіндіруге мүмкіндік берді. Психологияның педагогика ғылымымен де байланысы бар. Мұны кезінде орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский де ерекше атап көрсеткен еді. Шәкірттердің психика дүниесіне әсер ету үшін, оларды дұрыс тәрбиелеп, нәтижелі оқыту үшін бұлардың психикалық әрекеттерінің мазмұнын, өсіпдамуын, мінездері мен қабілеттерін, жеке психологиялық өзгешеліктерін білу қажет. Сонда ғана ұстаздың оқу-тәрбие жұмыстары жемісті болып шығуы мүмкін. Математика, биология, кибернетика, этика, эстетика, социология т.б. ғылымдардың соңғы жаңалықтары психологияға акеңінен еніп, оның жанжақты дамуына әсер етіп отыр. Психология мен этика арасында тығыз байланыс бар. Этика адамның міне-құлық нормаларын, адамгершілік принциптерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психологияның қай саласы болсада күнделікті өмірімізге қызмет етеді. Оларды тудырған қоғамның нақтылы талап-тілектері, өмірде болып жатқан ғылыми-техникалық прогрестің әсері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы