Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college



бет6/30
Дата10.06.2022
өлшемі142.6 Kb.
#267551
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Психолог 203,212
Ұзақ мерзімді жоспар, Адамның еңбек іс, Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі (2) (1), емтихан казирги каз яз
Күтілетін нәтиже: Білімгер пәнді оқып, емтиханды тапсыру нәтижесінде психология және психологияның түрлері туралы біледі; психологияның зерттеу әдістері, басқа пәндермен байланысы туралы толық ақпарат алады; оқу-танымдық іс-әрекет барысында алған білімдерді өз бетінше пайдалана алады
Құзыреті: Білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін білетін мұғалімдерді кәсіби дайындау.

Баға қою саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі





Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі түрде бағалау

90-100

Өте жақсы

70-89

Жақсы

50-69

Қанағаттанарлық

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Баға қоюдың критерилері



1

Сабаққа қатысуы

10

2

Өз пікірін білдіру

20

3

Үй тапсырмасын уақытылы өткізу

20

4

Сабақтағы белсенділігі

20

5

Ғылыми көзқарасын білдіруі

10

6

Материалды толық меңгеруі

20


Күнтізбелік – тақырыптық жоспар





Сабақтың тақырыбы мен мазмұны

Теориялық

Практикалық

Апта






I-бөлім. Психология ғылымына кіріспе










1

Тақырып: 1.1 Психология пәні

2







2

Тақырып: 1.2. Психологияны зерттеу әдістері

2







3

Тақырып: 1.3. Ми мен психика. Психика мен сананың дамуы

2







4

Тақырып: 1.4. Темперамент, мінез және қабілет

2







5

Тақырып: 1.6. Жеке адам туралы жалпы түсінік. Жеке адамның қалыптасуы

2







6

Тақырып: 1.7. Іс-әрекет түрлері. Қарым-қатынас




2







2-бөлім. Жеке адамның таным процестері










7

Тақырып: 2.1. Зейін

2







8

Тақырып: 2.2. Балада зейіннің дамуы




2




9

Тақырып: 2.3. Түйсік

2







10

Тақырып: 2.4. Балада түйсіктің дамуы




2




11

Тақырып: 2.5. Қабылдау

2







12

Тақырып: 2.6. Балада қабылдаудың дамуы




2




13

Тақырып: 2.7. Ес

2







14

Тақырып: 2.8. Балада естің дамуы




2




15

Тақырып: 2.9. Ойлау және сөйлеу

2







16

Тақырып: 2.10. Балада ойлаудың дамуы




2




17

Тақырып: 2.11. Қиял

2







18

Тақырып: 2.12. Балада қиялдың дамуы




2




19

Тақырып: 2.13. Эмоция және сезім

2







20

Тақырып: 2.14. Ерік

2







21

Тақырып: 2.15. Балада еріктің дамуы




2







3-бөлім. Жас ерекшелік психоогиясының негіздері










22

Тақырып: 3.1. Жас ерекшелік психологиясына кіріспе

2







23

Тақырып: 3.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы. Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктері.




2




24

Тақырып: 3.3. Жеткіншек жасындағылардың психологиялық ерекшеліктері. Жеткіншектердің танымдық үрдістерін зерттеу.
Жоғары мектеп жасындағылардың психологиялық ерекшеліктері. Жоғары мектеп жасындағыларды зерттеу




2







4-бөлім. Педагогикалық психология негіздері










25

Тақырып: 4.1. Педагогикалық психология, мәні және міндеттері

2







26

Тақырып: 4.2. Оқыту және тәрбие психологиясының негіздері. Тәрбиелік әсердің психологиялық негіздері

2







27

Тақырып: 4.3. Мұғалім психологиясының мәселелері. Педагогтық қабілеттер

2










Барлығы:

34

20






ЛЕКЦИЯЛЫҚ КОМПЛЕКС


Тақырып: Психология пәні
Жоспар:
1. Психология пәні және оның міндеттері
2. Психология ғылымының даму тарихы
3. Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары
Тірек сөздер: психология, психологиялық құбылыстар, психологиялық қасиеттер, психикалық қалып


Лекция 1

  1. Психология пәні және оның міндеттері.

Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сансалалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия. Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сөзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т.б.) көпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты психикалық құбылыстары, процестері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын, спорт салаларындағы бірде-бір әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып, білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін обьект. Солардың ішінде гуманитрлық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескереді. С.Л.Рубинштейн өзінің «жалпы психология негіздері» еңбегінде «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрінеді – олар біздің сезімдеріміз бен ойларымыз, қабылдауларымыз бен түйсінулеріміз, ықылас-ниеттеріміз және т.б. жатады...». Психология ғылымындағы күрделі міндеттердің бірі – заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре білу. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып – үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы жылдары психологиялық зертеулер айтарлықтай ұлғайып, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымынында жаңа болжамдар мен тұжырымдамалар пайда болып, психология жаңа тәжірибелік мәліметтермен толысуда. Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі екі бөлімін қарастырамыз: 1) психикалық процестер; (: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сөйлеу, қиял және елес, ес.)
2) психикалық қасиеттер ; (сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез, қабілет.)
3)психикалық қалып: (адамның түрлі көңіл күйінің (зерігу, үрейлену, абыржу, ашулану, қуану)
Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі - сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, процестерді қамтиды. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау - теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған жиналған білімдерді салыстыру мен интеграциялау да, оларды жүйелеу де және т.б. кіреді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттелетін құбылыстардың мағынасын ашу саналады. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер пайда болады. Халық ағарту жүйесінің барлық салаларында (мектепке дейінгі білім беру, орта, жалпы білім беру мектебі, арнайы орта білім беру, жоғары мектеп) психологияға тиісті мәселелер туады. Психикалық құбылыстардың жүйесін түгелдей дерлік - тұлғаның қарапайым сезінулерінен бастап, психикалық қасиеттеріне дейін зерттеу олар бағынатын объективтік зандылықтарды ашуға бағытталған. Бұл зерттеудің ғылыми негізін жасаудағы, қоғамдық мәселені шешудегі, оқу және тәрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы зор.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы