Тақырып: Жас ерекшелік психологиясына кіріспе
Жоспар:
1. Жас ерекшеліктер мен даралық ерекшеліктер
2. Жас дамуы мен жас ерекшелік психологиясы туралы түсініктер
3. Баланың дамуындағы қозғаушы күш туралы ұғым
Тірек сөздер: филогенез, онтогенез, антропогенез, микрогенез
Лекция 14
Жас ерекшелігі психологиясы - адамның психикалық процестерімен психологиялық қасиеттерінің уақытқа қарай өзгеру онтоногенезін зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы фундаменталды теориялық пән бола отырып, мынадай мәселелерді қарастырады: адамның психологиялық және жекелік даму деңгейлерін,олардың статистикалық жас ерекшелік даму нормаларына сәйкестігін, әр түрлі факторлардың психика мен адамның жасаралық дамуына әсерін талдау, онтогенездегі әр түрлі өмір этаптарындағы адамның психикалық даму жолын болжау,т.б. Жас ерекшелігі психологиясының пәні - адамның өмір сүру барысындағы психикасы мен іс-әрекетінің өзгеруінің заңдылықтары мен тенденциялары. Жас ерекшелігі психологиясының орталық ғылыми категориясы - психикалық даму.
Даму дегеніміз жаңа механизмдердің, процестердің, құрылымдардың жаңадан туындауы және сапалық өзгеруі. Адамның даму тұтас процесінің үш негізгі жағын бөліп көрсетуге болады.
1. Жеке адамның жалпы қасиеттерінің (мінез-құлқы, қызығушылығы, бағыттылығы, санасы, т.б.) дамуы.
2. Оқыту процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;
3.Игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы;
Дамудың көрсетілген бағыттарының әрқайсысы өзіне тән өзгешеліктерімен сипатталып, ақиқат түрде барлығы өзара байланыста болады, ал біріккен күйде психикалық даму деп аталатын жеке адамның өзгеріс процесін құрайды.
Ғалымдардың зерттеулеріне негізделе отырып, даму өзгерістері мынадай сипатта болуы мүмкін деп, тұжырымдауға болады:
-Сандық және сапалы;
-Үздіксіз, дискретті;
-Универсалды (әмбебап), жеке ;
-Қайтымды, қайтымсыз;
-Мақсатқа бағытталған және бағытталмаған;
-Жекеленген, интеграцияланған;
-Прогрессивті (революциялық) және регрессивті (инволюциялық).
Десе де, даму алдымен сапалық өзгерумен сипатталады.Атақты психолог-ғалымдар Х.Вернер, Л.С.Выготский және т.б. дамудың негізгі себептерін сипаттады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы: дифференциалды түрде өзгерудің арқасында дамудың жаңа элементтерінің пайда болуы. Сапалы өзгерістер «өсу шегі», «жетілу»,«толық жетілу» ұғымдаоымен тығыз байланысты.Олардың мазмұныны келетін болсақ, өсу шегі дегеніміз -объектінің ұзындығы, биіктігі, салмағы бойынша өлшенетін сыртқы белгіленетін өзгеру процесі. Өсу шегі (рост) - дамудың сандық сипаттамасы.
Жетілу - биологиялық даму ауқымындағы морфологиялық өзгеріс. Жетілу процесіне мидың, жүйке жүйесінің, бұлшық ет жүйесінің, эндокриндық бездердің дамуы жатады. Толық жетілу-нақты берілген идеалды мақсатқа бағытталуымен сипатталатын өзгеріс.
Сонымен,психиканың дамуы деп психикалық процестердің сандық, сапалық және құрылымдық өзгерістерінің уақытқа байланысты заңды өзгерісін айтуға болады.
Адам психикасының дамуын толығырақ ұғыну үшін төмендегі ұғымдарды білу қажет:
1.Филогенез - өмірдің пайда болуы, организм түрлерінің туындауы, олардың барлық биологиялық эволюциясының, яғни қарапайымдылардан бастап жалпы адамдардың дамуы.
2.Онтогенез - туғаннан басталып, өмірдің соңымен аяқталынатын адамның жеке дамуы.
3.Антропогенез - Homo Sapiens-тің пайда болуымен басталып осы күнге дейін адамзаттың барлық аспектілері бойынша, соның ішінде мәдени дамуы, филогенездің бөлімі.
4.Микрогенез- актуалды генез, жас ерекшелік кезеңді қамтитын, қысқа мерзімді психикалық процестердің барысында өтетін ең қысқа уақыттық ұғым.
ХІХ ғ.соңында балалар психикасы ретінде қалыптасқан жас ерекшелігі психологиясы жас ерекшелігі қазіргі кезде психология ғылымының дербес саласы болып табылады.
Оның құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: жас ерекшелігі психологиясының теорияларық мәселелері, жеке тұлғаның психологиялық дамуының негізгі факторлары мен дамудың қозғаушы күштері,психикалық даму кезеңдерінің ауқымына кіретін нәрестелік, ерте сәбилік, мектепке дейінгі шақ, кіші оқушы, жеткіншек және жасөспірім кезең психологиясы, кемелдік жас және геронтопсихология (кәрілік). Адамның психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес және көптеген ғалымдардың (Д.Б.Эльконин, Л.С.Выготский, В.С.Мухина, А.А.Люблинская, т.б.) зерттеулеріне негізделіп, жас кезеңдерін төмендегідей топтастыруға болады:
1. Нәрестелік кезең / туғаннан 1 жасқа дейін /
2. Бөбек кезең / 1 жастан 3 жасқа дейін /
3. Мектепке дейінгі кезең / 3 жастан 7 жасқа дейін /
4. Бастауыш мектеп кезеңі / 7 жастан 11 жасқа дейін /
5. Жеткіншек кезеңі / 11 жастан 15 жасқа дейін /
6. Жоғары сынып кезеңі / 16 жастан 17 жасқа дейін /
7. Жасөспірімдік кезең / 17 жастан 20-23 жасқа дейін /
8. Жастық шақ / 20 жастан 30 жасқа дейін /
9. Кемелдік кезең / 30 жастан 55-60 жасқа дейін /
10.Қартаю кезеңі / 60-70 жас аралығы /
11.Кәрілік кезең / 70 -тен жоғары /
Жас ерекшелігі психологиясының түсінік аймағы даму психологиясына қарағанда тар, өйткені жас ерекшелік даму адамның онтогенезінің белгілі жас этаптарының шегінде ғана қарастырылады. Ал даму психологиясы адамның және психика пайда болуының әр түрлі процестерін филогенез, онтоногенез, микрогенез деңгейінде қарастырады. Сондықтан жас ерекшелігі психологиясы даму психологиясының бір бөлігі болуы мүмкін. Дегенмен, кейде осы екі ұғым синоним ретінде қолданылады.
Жас ерекшелік психологиясының міндеті - онтоногенез кезеңдерінің психологиялық мазмұнына түрлі мәдени-тарихи, этникалық, әлеуметтік-экономикалық,сонымен қатар түрлі биологиялық, әлеуметтік факторлардың әсері қаншалықты екенін зерттеуге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |