Пәнді оқытудың міндетіне:
білім алушылардың жалпы психология негіздерімен, таным процесстерімен таныстыру;
оқыту және тәрбиелеудің маңызды психологиялық жақтарын негіздеу;
білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастырып алған білімдерін мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде қолдануға үйрету;
білім алушылардың өз өмірлерін психологиялық түрде анықтауға, балалардың іс-әрекеті мен мінез-құлқын мақсатты басқару жұмыстарын ұйымдастыруға үйрету;
білім алушылардың болашақ мұғалімдердің кәсіби тұлғалық сапаларын, олардың кәсіби-педагогикалық тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеуін қалыптастыру мен дамыту мен дамыту жұмыстарын ұйымдастыру.
Күтілетін нәтиже: Білімгер пәнді оқып, емтиханды тапсыру нәтижесінде психология және психологияның түрлері туралы біледі; психологияның зерттеу әдістері, басқа пәндермен байланысы туралы толық ақпарат алады; оқу-танымдық іс-әрекет барысында алған білімдерді өз бетінше пайдалана алады.
Құзыреті: Білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін білетін мұғалімдерді кәсіби дайындау.
Пәннің постреквизиттері: Алған білімдерін және практикалық іскерліктерін кәсіби қызметте қолдану
Мазмұны
Кіріспе:
1.Қазіргі білім беру процесінде психологияның рөлі мен орны.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін әр педагогтың күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да, әр педагог өз әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс тәсілдерді кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Осыған байланысты психология пәнінің оқытушысы психологияның теориялық сұрақтарымен бірге, студенттерде жоғары мектепте оқу барысында пайда болатын психологиялық мәселелерге қатысты сұрақтарына да жауап бере білуі керек болатыны түсінікті. Себебі, психологияны оқыту әдістемесі студенттердің ерекшеліктерін ескеруі міндетті.
2.Психологияны оқытудың мақсаты және қазіргі білім беру мекемелерінің стратегиялары:
Психологияны оқытудың мақсаты дәл осы мазмұнды қамтиды: өмірдің әр түрлі жағдайларында адамдардың өзара әрекеті мен қарым-қатынасын орнатудың теориясын және тәжірибелік білімдері мен әдістерін студенттерге меңгертуді көздейді. Психологияны оқыту басқа адамдардың ойлау бейнелері мен әрекет бейнелерін анықтайтын жағдайларды өзгерту мен түсіну тәсілдерін меңгертуге ғана емес, сонымен бірге, адамның өз тіршілік әрекеті мен санасын да өзгертуге бағытталған.
3.Психологияны оқытудың негізгі әдістемесі.
Оқытудың психологиялық мазмұнын қарастыратын теорияларда мән берілген басты мәселелерге оқу материалының мазмұнының оқушы психологиясына ықпалы, оқытудың әдіс-тәсілдерінің оқу материалының ерекшеліктері мен оқушы психологиясына сай болуы, оқытудың тиімділігі, оқытуды ұйымдастыру мен басқару мәселелері, оқытудың құрылымдық ұйымдасуының компоненттері арасындағы өзара байланыстарды қамтамасыз ету (оқу мотивациясы, оқу тапсырмалары, оқу міндеттері, бақылау және өзін-өзі бақылау, бағалау және өзін-өзі бағалау), оқыту арқылы оқушының тұлғалық және дара ерекшеліктерін дамыту, оқыту барысында бірлескен іс-әрекеттің қалыптасуы және тағы басқалар кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |