Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college



бет19/30
Дата10.06.2022
өлшемі142.6 Kb.
#267551
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Байланысты:
Психолог 203,212
Ұзақ мерзімді жоспар, Адамның еңбек іс, Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі (2) (1), емтихан казирги каз яз
Тақырып: Қиял
Жоспар:
1. Қиял туралы жалпы ұғым
2. Қиял түрлері
3. Қиялдың жасалу жолдары.
Тірек сөздер: актив және пассив, синтез, агглютинация, схематизация, акцентировка


Лекция 11
Қиял дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік бейнелерін қайтадан жаңғыртып, өңдеп, өзгертіп бір-біріне қосып бейнелейтін, адамға тән процесс. Қиял сондай-ақ өмірде бар, бірақ адамның жеке тәжірибесінде кездеспеген обьектінің бейнесін жасау. Мәселен, өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалды оқып, отырғанды не өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда немесе кітап оқығанда (алыстағы Африка, Австралия, Индия т.б.) бізде түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бұл қиял процесінің жемісі болып саналады. Адам әрекетінің қай түрі болмасын оған ойлаумен қатар қиял керек. Кісі әрекетке кіріспес бұрын өз еңбегінің нәтижесін қандай болатынын көз алдына елестетіп отырады. Бұл жөнінде К.Маркс: Нашар сәулетшіні еңбекқор арамен салыстыра келіп, сәулетші нашар болса да, оның арадан ілгері тұратындығын, егер ара омарта салғанда оның қандай болатынын, ерте бастан көз алдына елестете алмай, тек соқыр сезімдері арқылы әрекет етсе, қандай нашар сәулетші болғанымен ол ерте бастан салатын үйінің қандай болатынын көз алдына елестете алады-, дейді. К.Маркс бұл жерде қиялдың адам өміріндегі маңызы туралы айтып отыр. Қиялдың механизмі күрделі. Адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің болғандығында.Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонард да Винчи қиял арқылы былайша суреттейді: "Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламыз, оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі, самайы - әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты". Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік киял қажет. Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады.
Қиял актив және пассив болып екіге бөлінеді. Пассив қиялға түс көру жатады Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жұмыс істей береді. Мидың мұндай бөліктерін "күзетші пункт" деп атайды. Осы "күзетші пункттерде" біздің бұрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға ұстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан "тіріледі". Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бұл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мұнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге ұшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигналдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдагы "кереметтер" кіреді. И.М.Сеченов осындай түстерді "болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары"-, деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады.
Қиялда анализ, синтез, агглютинация, схематизация, акцентировка немесе әсірелеу, кеміте көрсету, гипербола, литота тәсілдері жиі қолданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, жезтырнақ, су перісінің бейнесі) жасалады. Жазушы өзінің шығармаларындағы кейіпкерлерді жағымсыз етіп көрсететін болса, оған жағымсыз қылықты көбірек тағады. Мұндай тәсілді акцентировка дейді. Қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі – гипербола. Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп кәрсетілуін айтады.Ертегілерде, қиял-ғажайып бейнелерді жасауда гипербола көп қолданылады. Мәселен, «жел аяқ», «тау соғар», «көл тауысар» т.б. Ал, кеміте көрсету әдісімен бармақтай бала», «қаңбақ шал» т.б. бейнелер жасалған. Қиял бейнелерін жасаудың енді бір әдісі – нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей көрсету. Карикатуралар мен достық әзілдер осылайша жасалады. Егер, заттың айырмашылығын ескермей, оның ұқсастықтарына көбірек көңіл бөлінетін болса схематизация әдісі қолданылады. Суретшілер өсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою қиыстыруы осыған мысал бола алады.
Қиял бейнелерінің пайда болуы елестеудің пайда болуымен, оларды еске түсіре алумен байланысты. Мәселен, 6-7 айлық бала анасы бір жаққа кетіп қалса, жан-жағына қарап іздей бастайды. Бұл факт балада қиял элементтерінің бар екендігін көрсетеді. Балада сөйлеудің пайда болуы, онын түрлі әрекетпен айналысуы, сурет салуы, балшықтан түрлі заттардың пішінін жасай бастауы бала қиялын дамытуға қажетті шарттар болып табылады. Балада ең алдымен еске түсіру, кейінірек қайта жасау қиялы пайда болады. Алғашкыда қиялдың ырықсыз түрі, кейіннен ырықтың белсенді түрлері жиі ұшырасады. Мектеп жасына дейінгілердің қиялының дамуында халық ертегілерінің алатын орны ерекше. Бала ертегі тыңдауға, оны айтуға өте әуес келеді. Осы тұста бала қиялы ерекше көрінеді. Мектеп оқушыларының қиялында оның барлық түрлері жаңа мазмұнға ие болады.
Қиялдың дамуы үш жасар бөбектерде жақсы байқалады. Мұны бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертедегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді. Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қиялға дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын - бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Мектеп – бала қиялын дамытуда үлкен роль атқарады. Мұндағы оқылатын сабақтардың мәнін түсіну қиялсыз мүмкін емес.Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын өзін қарастырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет.Төменгі класс оқушыларының қиялын дамыту – олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мысалы көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен көрмелерге бару, кино көру, ұйымдасып музыка тыңдау, бала қиялын жаңа мазмұнға толтыра түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы