Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college



бет16/30
Дата10.06.2022
өлшемі142.6 Kb.
#267551
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Байланысты:
Психолог 203,212
Ұзақ мерзімді жоспар, Адамның еңбек іс, Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі (2) (1), емтихан казирги каз яз
Тақырып: Ес
Жоспар:
1. Ес туралы ұғым
2. Ес туралы теориялар
Тірек сөздер: ес, үлкен ми сыңарлары, психологиялық қасиеттер, психикалық қалып


Лекция 9
Адамның қабылдағандары ізсіз жоғалып кетпейді. Үлкен ми сыңарлары қыртысында қозу процесінен іздер сақталып қалады. Бұл іздер қозуды туғызған тітіркендіргіштер жоқ кезінде де қозудың тууына мүмкіндік жасайды. Соның негізінде адам есте тұтып және сақтай алады, ал кейін жоқ нәрсені бейнелендіреді немесе бұрын игерілген білімін қайта жаңғырта алады.Сонымен ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес – күрделі психикалық процесс. Ол айналамыздағы бізге әсер етуші дүниені, ондаған заттар мен құбылыстарды нервмізде сәулелендірудің айрықша бір түрі. Өмірге келген күннен бастап әрбір адамның бойына біткен көптеген қабілеттердің ішіндегі ең маңыздыларының бірі – қажет кезінде алған әсерлерін есте сақтау мен қайтадан айтып бере алу мүмкіндігі болып табылады. Бұл қабілет есте сақтаудың қызметін құрайды. Есте сақтау, қабілетінен, айрылған адамның кім болып шығатынын білу үшін, есте сақтаудың орасан зор, ешнәрсемен салыстыруға болмайтын мәнін елестетсек те жеткілікті. Себебі есте сақтау қабілеті жоқ адам (мұндай жайлар кездеседі, бірақ олар аурулар деп есептелінеді) өзіне басқа адамдар арқылы берілген, кітаптарда, өнер мен мәдениет туындыларында жинақталған қоғамдық тәжірибені игере алмаған болар еді. Өл өзінің жеке тәжірибесін де жинақтай алмас еді. Ол әрбір жаңа күнді «ақ қағаздай» мөлдір жанымен қарсы алған болар еді. Ол ешнәрсеге үйрене де, ешнәрсені игере де алмаған болар еді. Ол күнделікті кездесетін заттарды, айтылған сөздерді, табиғат құбылыстарын, жаңа туған нәрестеге тән бейқамдықпен, ешқандай әсерленіп, ойланбастан қабылдап, оларға көңіл қоймаған болар еді. Ойда сақтап қалудың, қабылданған материалды сақтау мен қайтадан калыбына келтіру процестері есте сақтап қалу процесінің үш бөлімін құрайды. Адамның есінде нені және қалай сақтап қалуы мен нені айтып бере алуы нені және қалай есте ұстап қалуына байланысты болғандықтан, бұл бөлімдер өзара байланысты және өзара шарттас болады. Адам өмірінде естің маңызы орасан зор, өйткені онсыз ешбір іс-әрекет болмаған болар еді. И. М. Сеченов ес болмаса, біздің түйсіктеріміз бен қабылдауларымыз пайда болған бетте ізсіз жоғалып, адам мәңгі бақи жас нәресте қалпында қалар еді деп көрсетті. Ес болмаса, адам кім болар еді? Онда адам оқи да, еңбек те ете алмай, тіпті қарапайым дағдылардың өзін игеруге шамасы келмес еді. Қейбір психикалық ауруларға ұшырағанда естің терең зақымдануы байқалады. Мұндай аурулылар өздерінің қай жерде тұрғанын есінде сақтай алмайды, немен шұғылданғанын білмейді, олар кітап бетін оның мазмұнын есте қалдырмастан қайта-қайта оқи береді.
Есте сақтаудың табиғаты мен механизмін білуге құштарлық өте ерте кезде пайда болған. Ежелгі Грецияның біздің эрамыздан 4 ғасыр бұрын өмір сүрген ұлы философы – Аристотель есту жұмысы туралы арнайы еңбек жазған болатын. Осыдан бері ғалымдар адамның осы бір таңғажайып қабілетін түсіндіруге сан рет ат салысты. Алайда оны нағыз ғылыми тұрғыдан түсіндірудің мүмкіндігі басқа - ғылымдардың, атап айтқанда, жоғары нерв қызметі физиологиясының – адам миы мен оның қызметі туралы ілімінің дамуына байланысты туды. Бірақ біз жауап бере алмайтын сұрақтар күні бүгінге дейін көп.
И.П.Павловтың адамдар мен жануарлардың ми қыртысында уақытша нерв байланыстарының – ассоциациялардың пайда болу заңдары туралы ілімі биология ғылымының, атап айтқанда, жоғары нерв жүйесінің қызметінің физиологиясының аса маңызды табысы болды.
Психология есті органикалық функция ретінде өте ертеден бастап қарастырған және бұл функцияның физиологиялық негіздерінің ашылуына ерте қол жеткізді. Э.Мейманның айтуынша дәстүрлі психологияда ес көп жағдайда физиологиялық функция ретінде зерттеледі және психологтар есті өте ерте кезден бастап органикалық материяның жалпы қасиеттеріне жақындата бастады.
А.Семон естің органикалық негіздерін белгілеу үшін ерекше «мнема» терминін енгізді, бірақ психологиялық және физиологиялық түсініктердің жақындауы кезінде әдеттегідей, ол өзі сол түсінікті бір рухани функция немесе идеалистік түсінік ретінде қарастыра бастады. Бірақ «мнема» сөзімен бәрінен де жақсы мидың және нерв ұлпаларының түрлі қасиеттеріне байланысты көрініс беретін, естің органикалық функцияларының бірлігін атау. Бұл мағынада қазіргі кездегі көптеген психологтар мнема немесе мнемикалық функция дегенде естің жаратылыстық жағын бөліп көрсетеді.
Есті іс - әрекет ретінде зерттеудің негізін француз ғалымдары, жекеше айтқанда Жан Пиаже қалаған. Ол алғашқылардың бірі болып, есті материалды еске сақтау, өңдеу мен сақтауға бағытталған әрекеттер жүйесі ретінде түсіндіре бастаған. Психологияның франциялық мектебімен барлық ес үрдістерінің әлеуметтік шарттанғандығы және естің адамның практикалық іс - әрекетіне тәуелді болатындығы дәлелденді.
Есте сақтау мақсатының болу, болмауына қарай есте сақтау ықтиярлы және ықтиярсыз болады. Ықтиярсыз есте сақтау – бұл ойластырмай есте сақтау. Мұнда адам есте сақтауды мақсат тұтпайды, есте сақтау үшін күш те жұмсамайды, есте сақтауды қамтамасыз ететін арнайы тәсілдер де қолданбайды. Мағлұмат өзінен-өзі есте сақталғандай болады. Жеке өмір оқиғалары, есте ықтиярсыз сақталады. Басқа белгі бойынша ес негізіне жататын байланыстар сипаты бойынша есте сақтау механикалық және мағыналық болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы