Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college



бет13/30
Дата10.06.2022
өлшемі142.6 Kb.
#267551
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
Байланысты:
Психолог 203,212
Ұзақ мерзімді жоспар, Адамның еңбек іс, Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі (2) (1), емтихан казирги каз яз
Тақырып: Зейін
Жоспар:
1. Зейін туралы түсінік
2. Зейіннің адам өміріндегі маңызы
Тірек сөздер: зейін, ырықты зейін және ырықсыз зейін, ми
Лекция 6
Зейін дегеніміз-адамның бойындағы маңызды тұлғалық белгілерді таңдауды және заттардың да қандай да болса белгілерін бөліп алуды айтамыз. Адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады. Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады. Зейіннің негізгі қасиеттері тұрақтылығы,зейіннің аударылуы,бөлінушілігі,көлемі,алаң болушылық.Зейіннің тұрақтылығы-адамның зейіні бір обьектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса,оны зейіннің тұрақтылығы дейді.Мысалы,өндіріс озатының не хирург дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады.Зейіннің аударылуы деп бір обьектіден екінші обьектіге назарымызды көруді айтады. Зейіннің бөлінушілігі-адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді.Адам зейінін екі не үш нәрсеге бөле алады.Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын обьектілерінің санын айтады.Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі.Алаң болушылық деп белгілі бір обьектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады.Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады.
Зейін өздігінен жеке-дара психикалық процесс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным процестеріне тікелей қатысты болып, оның қызығуын, бағытын көрсетеді.Зейін-кез-келген психикалық процестің тұрақты бір жағы.Сөйтіп ол адам іс-әрекетініңсапалы әрі нәтижелі болуын жәрдемдеседі.Зейін дегеніміз-сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнелеуін қамтамассыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт- объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.
Зейіннің физиологиялық механизімі өте күрделі.Оның негізі-жүйке-жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі.Сезгіш дегеніміз-ми қабының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функцияналдылық ерекшелік.Ретикулярлық формацияның өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрлі бар.Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі.
Ми алаптары жұмысының реттеліп (қозып, тежеліп) тұруы нәтижесінде әрқилы психикалық әрекет жүзеге асады.
Әр түрлі импульстер жоғарыдан(ми қабығынан)төменгі ми алаптарына (ми бағанасы т.б) келіп, оларды өзін бағындырады.Бұл төмендеуші ретикулярлық формация деп аталады. 1958-1960жж АҚШ оқымыстысы Г.Мэгун,Италия ғалымы Моруций импульстардың төменен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеп берді. Мұны өрлеуші ретикулярлық формация дейді.
Зейін механизімі мидың ректорлық қызметіне, жануарлардың И.П Павлов ашқан шартсыз рефлексіндегі «Бұл не?» деген таңдану рефлексіне байланысты. Бұл рефлекстің биологиялық мәні жануарлардың қоршаған ортадан әсер ететін жаңа тітіркендіргіштерке жауап беруі болып табылады.Адамдағы аңғару рефлексі-туа біткен қасиет, одан зейіннің сыртқы тітіркендіргіштерге тікелей байланыстылығы айқын көрінеді.Зейіннің физиологиялық негізін қозудың оптималдық ошағы деп аталатын физиологиялық құбылыспен де түсіндіруге болады.Миға көптеген тітіркендіргіштер бір мезгілде әсер етеді.Солардың әсерінен ми жарты шарларының қабығында күштері әр түрлі қозу ошақтары пайда болады.Қозудың оптималдық ошағы құбылмалы. Тітіркендіргіштердің өзгеруі не олардың ми қабының бір ғана бөліміне ұзақ уақыт бойы әсер етуі бірізділік индукция заңына орай бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Тәлім-тәрбие істерінде мұғалімдер мен тәрбиешілер қозудың оптималдық ошағының жасалу заңдарына сүйенеді.Мәселен, «Балалар, дұрыстап отырындар, қане, қолдарыңды партаға қойып, маған қарандаршы!» деу арқылы ұстаз оқушыларға әсер етіп, олардың зейінін негізгі объектіге аударады.
Әйгілі физиолог ғалым А.А Ухтомский (1875-1942ж) ми қызметінің күшейіп, өзге алаптардаң қызметіне үстемдік етеді.Сөйтіп жаңадан пайда болған қозу ошақтарын тежеп қана қоймай, оларды өзіне бағындырып, жүйке жұмысын күшейте түседі. Даминанта принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа тітіркендіргіштерді елемей қалатын жағдайын түсінуге мүмкіндік береді.Зейіннің шоғырлануын адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен берілгендігінен көруге болады. Зейінділік, сондай-ақ адамның сырт пішінінен де байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда, қимыл-қозғалыс тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады.
К.Д.Ушинский адамның психикалық іс-әрекетінде зейіннің алатын орнын ерекше атап көрсетіп, «зейін адам санасы арқылы қорытылатын және одан өтетін барлық ойды аңғаратын адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады» — деген болатын. Оның бұл пікірі жастарға тәлім-тәрбие беру ісі мен психологияда, дидактикалық зерттеулерде күні-бүгінге дейін өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы