Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college



бет12/30
Дата10.06.2022
өлшемі142.6 Kb.
#267551
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
Психолог 203,212
Ұзақ мерзімді жоспар, Адамның еңбек іс, Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі (2) (1), емтихан казирги каз яз
Тақырып: Қарым-қатынас
Жоспар:
1. Қарым-қатынас туралы түсінік
2. Топтар мен ұжымдардың өзара қарым-қатынасы
Тірек сөздер: қарым-қатынас, психологиялық құбылыстар, психологиялық қасиеттер, психикалық қалып


Лекция 5
Қарым-қатынас – бұл əлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани жəне материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғары қажеттіліктердің бірі. Дегенмен, бір қарағанда қарым-қатынас ұғымы баршаға танымал жəне қандай да мағыналы қиындықтармен байланысты емес көрінеді. «Қарым-қатынас» сөзімен біз кəсіби, жеке, шығармашылық жəне тағы басқа жалпы қызығушылықтардың төңірегінде пайда болған қарапайым түсініктерді, яғни адамдардың бірбірімен байланысын жəне қатынастарын; таныс немесе бейтаныс адамдармен кездесулерін; жеке қатынастарын түсіндіруге тырысамыз. Адам қоғамда, өзін қоршаған адамдар тобында өмір сүреді жəне дамиды, оның талаптарына сай өз пікірі мен мінез-құлқын өзгертеді, топтың өзге қатынасушыларымен бірлескен іс-əрекет ықпалымен түрлі сезімдерді бастан кешеді. Алайда мұның барлығы өзге адамдармен ақпарат жəне толғаныс алмасудан ғана болады, оларды жақсы тани отырып, біздің əрқайсысымыз қалай да болса қатынасқа түсеміз.
М.В. Ломоносов осыдан екі жүз жылдан астам уақыт бұрын «Ресейлік грамматикада» мынадай пікір айтқан: «...Қандай да бір мəшинені құрастыруға дайындалған бөліктер оқшау жатқанда жəне өзіне белгіленген əрекетті екіншісіне жеткізіп отырмаса, олардың болмысы бос əрі пайдасыз. Сол сияқты адам баласының əр мүшесі өз ұғымындағыны өзгеге айтып жеткізе алмаса, біз ойларымыздың қосылуымен басқарылатын істі бірге жүргізуді былай қойғанда, жабайы аңдардан бетер болып кетер едік ...». Осы пікір арқылы ол кез келген іс-əрекетте қарым-қатынас қаншалықты мəнге ие болатынын ерекшелеген. Қарым-қатынас психологиясы адамдардың бірлескен іс-əрекеттегі бірін-бірі қабылдауы жəне түсінуі; еліктеуі, иландыруы мен сенімі; ұйымшылдық пен қақтығысқа түсушілігі; бірігіп əрекет ету мен тұлғааралық қатынастар сияқты құбылыстарды зерттейтін сала. Бұл психологиялық құбылыстардың алуан түрлі болуына қарамастан, олардың пайда болуының негізгі көзі – адамдар арасындағы қатынас аймағы. Қарым-қатынас мəселесінің концептуалды негіздері туралы кеңес ғалымдары В.М. Бехтерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Б.Г. Ананьев, М.М. Бахтина, В.Н. Мясищева жəне т.б. қарым-қатынасты адамның психикалық дамуының, əлеуметтенуі жəне индивидуализациялануының, тұлға қалыптасуының маңызды шарты ретінде қарастырды. Қарым-қатынас мəселесіне мəдени-тарихи психологияның негізін салушы Л.С. Выготский баға жетпес үлес қосты. Қарым-қатынастың тұлға санасына қайта жасалу механизмдерін түсіну Л.С. Выготскийдің ойлау мен сөйлеу мəселесін зерттеу барысында ашылады. Оның зерттеулерінде қарастырылатын қарым-қатынастың тұлға санасында мəдени аспект ретінде тасымалдануының мəдени-тарихи мəнін В.С. Библер нақты былай дейді: «Əлеуметтік байланыстардың терең санаға ену процесі (Выготскийдің ішкі сөйлеудің қалыптасуын талдауы) – логикалық жоспарда – ашық жəне қатысты «мəдениет бейнелерінің» дербестілігінің, оның дайын феномендерінің ойлау мəдениетіне айналуы. Əлеуметтік байланыстар ішкі сөйлеуге еніп қоймай, онда олар түбегейлі қайта жасалады, əлі жүзеге асырылмаған жаңа мəнге, сыртқы əрекетке жаңа бағытқа ие болады». .А. Петровский пайымдауынша, «іс-əрекетті жүзеге асыру процесінде адам объективті түрде басқа адаммен белгілі бір байланыс жүйесіне түседі». Осылайша, байланыс, алмасу (əрекеттермен, заттармен, ақпаратпен, т.б) жəне өзара ықпал кез келген өзара əрекеттің мазмұны болып табылады.
Мазмұны танымдық жəне формасы бойынша бірлескен-диалогтық іс-əрекеттің қалыптасу процесі индивидуалды іс-əрекеттің мақсаттарының, мағыналарының жəне мотивтерінің өзара бір-бірімен байланысуы мен түйісуі барысында жүзеге асады. Жаңа мақсаттардың қалыптасу процесі – бірлескен танымдық іс-əрекеттегі мақсатқұрылым, мазмұны жағынан – практикалық, ал формасы бойынша бірлескен мақсаттардың қалыптасуынан басталады. Бірлескен іс жүзіндегі мақсаттардың келесі кезеңінде мағына құрылым мен мотивқұрылым процестерінің арқасында бірлескен танымдық іс-əрекеттің сапалы қайта өзгеруін білдіре отырып, бірлескен ойлау мақсаттарына қайта өзгереді. Қазіргі кезде мақсатқұрылымды зерттеуге ойлау іс-əрекетін зерттеп жүрген психологтар көп үлес қосуда (Тихомиров, 1984, Войскунский, 1990, Васильев 1980 жəне т.б.). Шынында да, адамның іс-əрекеті күрделенген сайын таптаурындық əрекеттерді азырақ жүзеге асырып, ал содан кейін қолданыстан шығып қалған дайын үлгіден (шаблоннан) шығармашылық типке жақындап, іс-əрекеттің реттелу процесін сипаттау үшін «мақсатқұрылым» категориясына жұмылдырудың қажеттілігі айқындала бастайды. Нақтылы психологиялық зерттеуде ойлау мен қарым-қатынас бірлігінің қағидасын жүзеге асыру бірлескен ойлау іс-əрекетін зерттеуге байланысты өте өзекті мəселеге айналады. Бұл қағиданы іске асырудың бірден-бір жолы бірлескен ойлау іс-əрекетіндегі мақсатқұрылымды зерттеу болуы мүмкін. Бірлескен ойлау іс-əрекетіндегі мақсатқұрылымды зерттеу индивидтердің динамикалық мағыналық жүйелері мен «ақпараттардың жалпы қорының» арасында көпір салуға, яғни дəнекер болуға мүмкіндік береді (Ломов, 1980). Қарым-қатынас жағдайында қалыптасатын ақпараттардың жалпы қорын «динамикалық мағыналы жүйеден» (Выготский) бөліп алғанда, ол субъектілер үшін өзінің сыртқы, объективті жағында қалып қоюы мүмкін жəне ол сонда ғана «сөздік мəндер» жүйесінде (Выготский) өзекті болып табылып, өзінің ішкі субъективті жағы бойынша «динамикалық мағыналы жүйемен» бірлікте болғанда ғана, ол тұлғаның мағыналы құрылымының жүйесін психологиялық қатынаста көрсететінін аңғару керек. Тұлғаның мағыналы құрылымының жүйесі деп біз күрделі иерархиялық құрылымы бар, «динамикалық мағыналы жүйелер» мен «сөздік мəндердің» бірыңғай жүйесін айтамыз. Басқаша айтқанда, тұлғалық жəне жағдайлы факторлардың қиылысуындағы өзара əрекеттестік пен қарымқатынас нəтижесінде қалыптасатын ресми (белгілік, логикалық) жəне ресми емес (құндылықтық жəне мағыналық) құрылымдардың бірлігі. Психологиялық əдебиеттерде мағыналы құрылымдар туралы басқа да пікірлер кездеседі (Хараш, 1978; Асмолов жəне т.б., 1979; Братусь, 1981). Олардан біздің мағыналы құрылымдар туралы түсінігіміздің айырмашылығы сөйлеу мен ойлаудың, ойлау мен қарым-қатынастың, интеллект пен аффектінің бірлігінің принциптерін нақты зерттеулерде қатар жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қарым-қатынас пен ойлаудың өзара байланысы, бір жағынан, сөздік мəндер жүйесінің өзін емес, көлеңкесін қарау, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген зерттеулерде де ұсынылған, ал, екінші жағынан, мағыналы құрылымдар жүйесінің өзі емес, көлеңкесі қарастырылуы мүмкін.
Грек философы – Стоик Эпиктет еңбектерінің бірінде адам туралы былай тұжырымдаған: «Адамды оқиғалар емес, оларды қалай қабылдайтыны мазалайды». Осы тұжырымға сəйкес, қарым-қатынас көбінесе адамдардың дүниені қалай қабылдайтынына жəне дүние туралы не ойлайтындарына байланысты. Бұл ойды өз еңбектерінде Платон, философ-идеалистер М. Кант пен Г.В. Гегель жəне З. Фрейд, американ жəне ағылшын позитивистері мен прагматиктері В. Джемс, Б. Рассел жəне т.б. растаған. Американ психологы Дж. Келли адамды əлеммен өз тұлғалық құрылымдық немесе ойлары негізінде қарым-қатынас жасайтын ғылым ретінде қарастырды. Шығармашылық мүмкіндіктерге ие бола отырып, адам өз айналасын түсіндіреді, ол үшін түрлі құрылымдар немесе тілдік байланыстар қолданады. Адам дүниедегі өз болмысын сөйлемдер жиынтығы түрінде сипаттайды. Психологтар үшін адамның жоғарғы психологиялық функциясында сөздің рөлі – оның ойлаумен, санасымен, есте сақтауымен, эмоциясымен жəне т.б. қарым-қатынасы өте қызықты болып табылады, мұнда оның жеке тұлға мен шығармашылық құрылысының ерекшелігі өте маңызды. Келесіде қарым-қатынастағы өзін-өзі бақылаудың қызмет ету факторы ретіндегі тұлғааралық кері байланысты зерттеудегі жаттығу жəне сараптама бағыттары шеңберінде шетел психологиясында жинақталған негізгі нəтижелерге шолу ұсынылған. Тұлғааралық кері байланысты зерттеудің батыстық дəстүріне кеңес əлеуметтік психологиясында жасалған бағыт – бірлескен ісəрекет арқылы біріккен дамушы нақты топтар жағдайындағы кері байланысты зерттеу қарамақарсы қойылады (Л.А. Петровская, 1981, 1982; О.В. Соловьева, 1985). Кері байланыстың қарымқатынастағы тұлғаның өзін-өзі бақылауына ықпал ету мəселесінің қойылуы «кооперация мен қарым-қатынастың түрлі формалары барысындағы интериоризация процесінің ерекшелігін əлеуметтік-психологиялық талдау» міндеттеріне сəйкес келеді (Г.М. Андреева, 1981), бұл міндеттер психология ғылымын дамыту логикасында бірінші орынға қойылады (Г.М. Андреева, 1981; Я.Л. Коломинский, 1981, 1983; А.В. Петровский, 1978, 1982). Ал тұлғааралық кері байланыс жағдайы бұл тұрғыдан үлкен қызығушылық туғызады, өйткені қарым-қатынас пен бірлескен ісəрекетті реттейтін адамгершілік өлшемдерін, тұлғааралық қатынастарды интериоризациялаумен тікелей байланысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру