Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college бекітемін


-бөлім. І-ІV cыныптардағы дүниетану пәнінің мазмұны және әдістемесі



бет9/40
Дата10.06.2022
өлшемі1.04 Mb.
#267508
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Байланысты:
Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі (2) (1)
Ұзақ мерзімді жоспар, Адамның еңбек іс, емтихан казирги каз яз, Психолог 203,212
5-бөлім. І-ІV cыныптардағы дүниетану пәнінің мазмұны және әдістемесі.




28

Тақырып 5.1. І-ІІ сыныптарда табиғатпен танысу және бақылау.

2







29

Тақырып 5.2. І-ІІ сыныптарда жұмыс істеудің әдісі, мазмұны.

2







30

Тақырып 5.3. ІІІ-ІV cыныптарда жұмыс істеудің әдісі мен мазмұны.

2







31

Тақырып 5.4.Топсаяхаттар.

2







32

Тақырып 5.5.Экологиялық, зертханалық және практикалық жұмыстар.




2




33

Тақырып 5.6. Дүниетануды шағын жинақталған мектепте оқыту әдістемесі.

2










Барлығы

40

26





ЛЕКЦИЯЛЫҚ КОМПЛЕКС
1-бөлім. Жалпы Физикалық географияның элементтері
Тақырып 1.1 Жер Күн жүйесінің планетасы.
Жоспар
Жердің күн жүйесіндегі жайы.
• Faрышты зерттеу.


Жердің күн жүйесіндегі жайы
Жер-күн жүйесіндегі тоғыз ғаламшардың бірі. Жер-әлем денесі. Оның әлемдегі орнын қысқаша былай өрнектеуге болады:





Күн жүйесі - орасан зор жұлдыздар шоғырының (150 млрд. мөлшерінде) бір бөлігі, ол Галактика деп аталады. Жерді қоршаған бүкіл дүние – әлем немесе ғарыш деп аталады.
Күн жүйесіне: Күн, тоғыз ірі ғаламшар және олардың серіктестері, астероидтар (кіші ғаламшарлар), кометалар және метеор денелер енеді.
Күн – күн жүйесіндегі орталық дене, жерге ең жақын орналасқан жұлдыз, күйіп тұрған шар тәрізді дене.
Күннің диаметрі – 1391000 км. Күн бетінің температурасы 6000°С болады да, ал ішкі жағында ол 15 млн.-ға дейін артады. Біздің бақылауымызға қолайлы Күннің сыртқы қабаттары оның атмосферасын түзеді. Күннің көзге көрінетін сәулелерінің барлығы фотосфера деп аталатын күн атмосферасының төменгі бөлігінен шығады. Фотосфера қабатының қалыңдығы 100-ден 300 км-ге дейін болады. Фотосфера үстінде хромосфера орналаcқан, оның қалыңдығы 14 мың км-ге дейін жетеді. Хромосферадан жоғарыда Күн атмосферасының ең ыдыраңқы бөлігі – күн тәжі бар.
Фотосферадан күннің бетінде дақтары бар екенін байқауға болады. Олар күңгірт ядродан және әлдеқандай мөлдір қоршаудан тұрады. Жеке дақтардың диаметрі 200 мың км-ге жетеді. Фотосферада күн дақтарынан басқа факелдер байқалады: олар фотосферадан жоғары көтеріліп тұрады да, температурасы өте жоғары болады.
Ғаламшарлар - Күнді эллипс тәрізді орбита бойымен айналып жүретін шар тәріздес тығыз денелер. Олар Күн жарығына шағылысып қана жарқырайды.
Күн жүйесіне тоғыз ірі ғаламшар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон және қуатты телескоп арқылы бақылауға болатын
1600-ден астам кіші ғаламшарлар енеді. Кіші ғаламшарлардың көпшілігінің орбиталары Марс пен Юпитер орбиталарының аралығында жатады.
Физикалық қасиеттері жағынан Жерге ең ұқсас ғаламшарлар - Марс және Шолпан.
Марс. Марстың кесе-көлденең ені Жерден екі есе кіші. Оның үстіңгі беті өте көп кратерлерге толы. Марс Жерден мөлшерімен, орташа тығыздығы және жыл мау-
сымдарының екі есе ұзақ болуымен ерекшеленгенімен, Жерге ұқсастығы бар: Марстың айналу осінің көлбеулігі Жердікіндей дерлік; тәулік ұзақтығы – 24 сағат 37 мин. 22 сек.-қа тең. Марстың массасы Жер массасынан тоғыз еседей кіші болғандықтан, оның атмосферасы өте сирек.Марс атмосферасының тығыздығы Жер атмосферасының 1-2 пайызындай. Марстың Жерден атмосфера құрамы жағынан да айырмашылығы бар: Марс атмосферасында оттегі аз, оның негізгі құрамы – көмірқышқыл газ бен азот. Атмосфераның өте сирек болуы Жерде болатын тіршілік формаларының көпшілігінің Марста өмір сүруіне мүмкіндік бермейді. Марстың қысы аязды, жазы жылы.
Марс полюстеріндегі ашық ақ дақтар - поляр қалпақтары - ғалымдардың зерттеуінше қар мен тұманның жұқа қабаттарынан тұрады. Қызыл-сары түсті дақтардың мөлшері де, орналасқан орны да ауытқымайды.Марс аспанға жай көзбен қарағанда қызғылттау түсті жарқыраған жұлдыз болып көрінеді.
Шолпан. Шолпан ғаламшарының да Марс сияқты жерге ұқсастығы көп. Оның көлемі жер көлеміндей, ал орташа тығыздығы Жердің тығыздығына жуық. Тәулік ұзақтығы әлі дәл анықталған жоқ. Жарық күші жөнінен Шолпан Күн мен Айдан кейінгі үшінші орында. Ол аспанға Күн бата немесе Күн шығар алдында пайда болады. Сондықтан оны кешкі немесе таң жұлдызы деп атайды. Шолпан атмосферасы тығыз, ол үнемі бұлтпен қоршалып жатқандықтан, оның үстіңгі беті бақылаудан көлегейленіп тұрады.
Ғаламшарлардың көпшілігінің серіктері бар. Мысалы, Марста екі, Юпитерде - он екі, Сатурнда – тоғыз, Уранда - бес, Нептунде - екі серік бар, Меркурийдің, Шолпанның және Плутонның серіктері жоқ.
Ай - Жер серігі. Ай диаметрі Жер диаметрінің 0,027-сіне тең, ал массасы жердікінен 82 есе кіші. Айдың орташа тығыздығы да Сердікінен кіші (3,3 г/см*). Ай өз осінің айналысында 271/3 жер тәулігін айналып, осы мерзімде Жер төңірегінде де айналма жол салып өтеді, сондықтан да «ай жылы» оның тәулігіне тең. Жерге Айдың үнемі бір жағы қарап тұрады. 1959 жылы қазанда Айға арнайы бағытталған ғарыш станциясы көмегімен оның көрінбейтін жағы тұңғыш рет суретке түсірілді.
1965 жылы бұрынғыдан неғұрлым жетілдірілген ғылыми станция «Зонды» аппаратурасының көмегімен айдың көрінбейтін жағы қайтадан суретке түсірілді, Айдың жаңа түсірілген суреттері ай бетінің көрінетін жағынан қарағанда, көрінбейтін жағында «теңіздер» әлдеқайда аз деген мәліметтердің (1959 ж. алынған) дұрыстығын дәлелдеп берді.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, Айдың үстіңгі беті вулкандық процестер негізінде түзілген деп пайымдауға болады. Қазіргі кезде Айдың үстіңгі бетінің түзіуін 5 түрге ажыратады:
1) «теңіздер» - күңгірт үлкен аймақтар;
2) сақиналы таулар;
3) тау тізбектері;
4) жазықтар;
5) жылылық шығару жүйелері.
Сақиналы таулар Айдың үстіңгі бетінің негізгі ерекшеліктері болып табылады. Олардың жер кратерлерінен айырмашылығы: мөлшерлері үлкен болып келеді. Олардың кейбіреулерінің (Птолемей циркі) диаметрі 185 км-ге жетеді. Айдағы таулар жердегіден биік, Айдың оңтүстік полюсіндегі таяу асқарларының бірінің биіктігі – шамамен 9 км. Ай бетіндегі сызат-жазықтар жіңішке де терең келеді. Олар жүздеген километрге дейін созылып жатады.
1966 ж. 31 қаңтарда Айға ұшырылған автоматтық станциясы 3 ақпанда Айға жетіп, Ай бетіндегі Дауыл Мұхиты аймағына жайлап қонды.
«Луна-9» станциясынан берілген теледидарлық кескін өте сирек болатын жетістік және ғалымдардың пікірінше, Ай бетінің құрылысы мен ерекшелігін анықтау үшін ғылыми бағалылығы айрықша болып саналады.
Айда атмосфера да, су да жоқ, сондықтан жердегідей онда өсімдіктерде де, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Ай аспаны үнемі қара, одан жұлдыздар түндегідей күндіз де жақсы көрініп тұрады. Атмосфера болмағандықтан, онда жайма-шуақ күндізгі жылылық та болмайды. Ондағы көлеңкелер өте айқын.
Айдың Күн мен Жерге қатысты орналасуына байланысты Ай фазалары ажыратылады. Жаңа ай кезінде Ай Күн мен Жердің аралығында болады. Ол жерге Күн
сәулесі түспеген жарығымен қарайды, сондықтан Жерден қарағанда көрінбейді.
Одан кейін «жаңа» айдың күн сәулесі түскен орағы пайда бола бастайды. Ол біртіндеп ұлғая келе жаңа айдан кейінгі 7-күні аспаннан жарты шеңбер болып көрінеді, 14-15-күндері Айдың жерге қараған бетіне Күн сәулесі толық түседі - мұны толған ай дейді. Толық ай соңынан Күн сәулесінің Ай бетіне түсуі кеми береді. Толған айдан кейін 7-күні – соңғы тоқсанда Ай түн ортасынан кейін ғана жарты шеңбер тәрізденіп туады, оның Күн сәулесі түскен бөлігі тек екінші жағынан қарап орналасады. Толықсыған Ай жарығы күн жарығынан 450 мың есе әлсіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы