Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college бекітемін



бет38/40
Дата10.06.2022
өлшемі1.04 Mb.
#267508
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі (2) (1)
Ұзақ мерзімді жоспар, Адамның еңбек іс, емтихан казирги каз яз, Психолог 203,212
Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Дүниетанудан үй тапсырмаларын қандай топтарға бөлуге болады?

  2. Дүниетану сабақтарында пысықтаудың маңызы қандай.

10 практикалық сабақ.
Тақырып 4.12. Дүниетанудың оқу құралдары.
Оқушыларға ақпаратты толық жеткізу және оның меңгерілуін тексеру үшін мұғалім қолданатын оқу жабдықтары
Оқу құралдары төмендегідей бөлінеді:
Басылымдар (оқулықтар, анықтамалар, нұсқаулар, инструкциялық-технологиялық карталар, плакаттар, карточкалар);
Экрандық(диапозитивтер, диафильмдер, кинофильм, компьютер, интерактивті тақта);
Дыбысты (аудиожазбалар, бейнежазбалар).
Экрандық оқу құралдарына диапозитив , диафильмдер , сондай үнсіз көрсетілетін киноүзінділермен , кинофильмдер жатады.
Оқу диапозитивтері оқу және тәрбие мақсатында қолдануға алынған бейнелер топтамасы, оларды фотографиялық тәсілмен түссіз материалға түсіреді. Сөйтіп диапроектор көмегімен бейнені
жазықтыққа түсіріп көрсетеді.
Сонымен қоса экрандық құралдарға - стереоскопта, транспоранттар да жатады.
Оқушылардың географиялық картаның түрлерімен жұмыс істеу біліктілігі мына төмендегі қалыптасқан құзыреттілігімен өлшенеді:
- өздері тұрған қалалары не ауылдарының планын қолданып, жұмыс істей білу;
- өзінің туған қалалрының не ауылының карта сызбасын қолдану шеберлігі (ауыл планымен, жақын қаланың карта-сызбасымен);
- физикалық картаны оқи білу;
- атластағы климаттық картаны тану, оны оқу;
- табиғи зоналар картасын танып, оны қолдану арқылы табиғат ерекшелігін сипаттау;
- жер бедерлерінің ерекшелігін картанын бояуы бойынша ажырата білуі;
- физикалық картадан тапқан нысандарды кескін картаға түсіру.
Тапсырмалар:
1. 1-сыныптың оқулығын талдау.
2. 2-сыныптың оқулығын талдау.
3. 3-сыныптың оқулығын талдау.
4. 4-сыныптың оқулығын талдау.


11 практикалық сабақ.
Тақырып 4.14. Сыныптан тыс жұмыс.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы.Үйірменің үйретері көп. Бала білімінің молаюына, дүниетаным аясының кеңеюіне үйірмелердің, сыныптан тыс жұмыс түрлерінің тигізетін әсері мол. Үйірме жұмысы алдымен оқушылардың функционалды оқу сауаттылығына бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта-ықыласын толық қанағаттандыра алады.
Үйірме сабақтарында проблемалық, эвристикалық әдістерді жиі пайдаланған дұрыс. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, ізденгіштік дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Пәндік үйірмелер – мектеп бағдарламасы бойынша түрлі пәндерді кеңіте, тереңдете оқыту арқылы тиісті ғылым, әдебиет салаларына оқушылардың қызығушылығын көздейтін сыныптан тыс ғылыми білімділік жұмыс түрі. Пәндік үйірмелер оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өзіндік зерттеушілігі мен дағдыларын қалыптастырады.
Тапсырмалар:

  1. Сыныптан тыс жұмыстың маңызын белгіленіз.

  2. Сыныптан тыс жұмысты жеке-дара формадан бастаудың қажетін белгіленіз.

  3. Табиғатқа жас әуесқойлар үйірмесінің табысты жұмыс істеуге неге байланысты болатынын белгіленіз.

12 практикалық сабақ.
Тақырып 4.15. Заттық және экскурсия сабақтары.
Заттық сабақтардың мақсаты – оқушылар қоршаған ортаның құбылыстарымен, заттарымен нақтылы танысып, олардың арасындағы байланысты анықтайды. Мұғалім заттық сабақтарды өткізгенде ең алдымен осы пән туралы оқушыларға қаншалықты нақты түсініктер мен ұғымдар беретіні айқын елестетіп алуы керек. Белгілі бір затпен жұмыс атқара отырып, балалар әр түрлі сарамандық іскерлік пен дағдыларды тудыруға жәрдемдесуі керек. Заттық сабақтар топсаяхатынан кейін өткізіледі. Топсаяхат кезінде оқушылардың зерттейтін затымен нақтылы табиғат ортасында танысуларына, оның басқа заттармен және құбылыстарымен байланысын көрулеріне мүмкіндік береді.
Экскурсия сабақтары.
Бастауыш оқу-білім мен дағды берудің,іскерлік қалыптасудың бастамасы.Дүниетану пәні «Адам» «Табиғат» «Қоғам»туралы оқушыларда ой-пікір қалыптастырады,олар адам-табиғат-қоғам арасындағы тығыз байланысты зерделейді.Дүниетануды оқытуда топсаяхаттардың маңызы өте зор.
Топсаяхаты-сабақ түрі,мұнда балалар табиғатпен шынайы танысады.Топсаяхаты кезінде балаларды таза ауада болу,далада хош иісті,көз тартар әдемі гүлдер арасында қыдыру-терең ой,ширақ қозғалыс,көтерінкі көңіл-күй тудырып,оларды жан-жақты тәрбиелеуге ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы