Практикалық сабақтар
Практикалык сабакты жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
Такырыбы:
Сабақтың тақырыбы: Жаратылыстану және дүниетану оқыту әдістемесі пәнінің теориясына байланысты өтілген материалды практикалық жағынан меңгеруге құрылады. Жаратылыстану және дүниетану оқыту әдістемесі , кезеңдері, тілдік дағдыларды қалыптастыру әдіс-тәсілдері, бастауыш сыныптарда өтiлетiн білімінен білімгер ақпаратты жалпылауға, талдауға, қабылдауға, мақсат қоюға және оған жетудің жолдарын анықтай алуға қабілетті, практикалық тұрғыда қолдана алуы, басқа ғылым салаларымен байланысы меңгертіледі.
Аудиториядан тыс жұмыстар:
Қазіргі оқу орындарындағы сабақ жүйесі жеке тұлғаны қалыптастыруга бағытталғандыктан, практикалық сабақтағы аудиториядан тыс жұмыстар бiлiмгерлердің өздігінен ізденуіне, өз тарапынан жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады. Бұл тапсырма жүйесі бір сабақ бойында меңгеруге мүмкіндік болмай қалған жағдайда білімгердің өз бетімен ойлануына, тұжырым жасауына, ой қорытуына тигізер әсері мол.
Аудиториялық жұмыстар:
Жаратылыстану және дүниетану оқыту әдістемесі пәнінен практикалық сабақтағы аудиториялық жұмыстар жазуға, талдауға, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылымға негізделеді. Осы бөлімде сол талдау жұмыстарының жүргізілу деңгейі, яғни сабақта жаңа зерттеулер мен бағдарлама жүйесінің сабақтастығы бір-бірімен тығыз байланыста өткізіледі.
Негізгі қаралатын мәселелер:
Жаратылыстану және дүниетану оқыту әдістемесі пәнінің практикалық сабақтары тек талдау жұмыстарымен ғана шектелмейді. Білім жалаң меңгерілмес үшін, орындалатын талдау жұмыстарына орай практикалық сабақта қарастырылатын теориялық мәселелердің жүйесі ұсынылады.
Түйін:
Әрбір практикалық сабақтың соңынан сол сабақта қарастырылған теориялық мәселеге қатысты және орындалған талдау жұмыстарына байланысты білімгерлер өздері ой қорытып, шағын ғана қорытынды жазады.
№ 1 практикалық сабақ
Тақырып 1.2. Сұлба және карта.
Сұлба (Схема; грек, schema — сыртқы түрі, пішін) — машинада немесе механизмде негізгі немесе қосалқы функцияларды орындайтын элементтер мен байланыстардың жиынтыгын көрсететін масштабсыз Сұлба, сонымен қатар түзілімнің, аспаптың, құрылғының, қондырғының, құрылыстың және т.б. жүмысы кезіндегі негізгі идеяны, принциптерді және процестердің жүйелігін түсіндіретін қүрылымдау құжаттамасының бөлігі болып табылатын сызба. Сұлбаның электрлік, гндравликалық, пневматикалық, күш және кинематикалык (белгілі бір машинаның немесе механизмнің эр түрлі байланыстарын көрсететін Сұлба) сиякты түрлері болады.
Географиялық карта — Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі.
Бұлайша көрсетілген географиялық карта Жердің географилялық қабығындағы табиғат және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың арасындағы әр түрлі жағдайдағы байланыстардың бір-бірімен ұштасуы мен олардың қандай мақсатқа арналатыны ескеріліп, осы тұрғыдан іріктелініп алынғанын көрсетеді. Географиялық карта Жердің геогр. қабығының кеңістіктегі ерекше модельдік бейнесі ретінде көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |