Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college бекітемін


Тақырып 5.3. ІІІ-ІV cыныптарда жұмыс істеудің әдісі мен мазмұны



бет28/40
Дата10.06.2022
өлшемі1.04 Mb.
#267508
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Байланысты:
Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі (2) (1)
Ұзақ мерзімді жоспар, Адамның еңбек іс, емтихан казирги каз яз, Психолог 203,212
Тақырып 5.3. ІІІ-ІV cыныптарда жұмыс істеудің әдісі мен мазмұны.
Жоспар
ІІІ-ІV cыныптарда жұмыс істеудің әдісі мен мазмұны.
Қызығушылықтарын ояту.
Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс-амалдары қарастырылады. Мысалы, «Шаттық шеңбері», «Тілекті тізбек», немесе қызықты психологиялық сұрақтар қою арқылы оқушыларды өтілетін сабаққа тарту. Сабақты бастамас бұрын «Жанұя тобын» құрап алу керек. Ол үшін оқушылар өздері ұнататын түстерді таңдап алады.
Бұл ойынның аты: «Кімге қай түс ұнайды ? »
Сары түсті I топқа;
Жасыл түсті II топқа;
Қызыл түсті III топқа келіп отырады.
Оқушылардың таңдаған түстеріне түсініктеме беру:
Қызыл -Ізденімпаз; Жасыл -Ойшыл; Сары -Данышпан.
Бұл әдістер дәстүрлі оқыту жүйесіндегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?», «Бүгін қай күн ?» сияқты қатаң сұрақтарды алмастырып, керісінше, сыныптың тынысын бірқалыпты жайландыруға, жағымды ахуал туғызуға бағытталады. Жаңа білімге көпір салу. Бұл сәт «бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатты.
Орнына білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір саламыз.
Ой толғаныс.
Оқуды қорытындылауы. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жолды өлең» тәсілдерін пайдаланады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушыларды табиғатпен қарым-қатынас жасауға үйретеді. 2 сыныпта табиғатты зерттеу, болжау, жинақтау, топтау т.б. денелер, заттар , құбылыстар жайындағы білім жүйесі, табиғаттағы су, ауа тіршілікке керекті табиғат заттары ретінде қаралады. Адамның, судың, топырақтың құнарлылығы, адам тіршілігіндегі орны да ашылады. Бұл тақырыптарды өткенде сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы сабақтың сапасын арттыруға болады. Оқушыларға ауаның, судың тазалығы, топырақтың құнарлылығы, адам тіршілігіндегі орны туралы өз пікірлерін айтқызып, «Адам -табиғат қамқоршысы» атты бес минуттық эссе, шағын әңгіме жазғызуға болады. Қазіргі оқыту үрдісінде оң әсерін көрсетіп жүрген әдістердің бірі -«Топқа бөліп шығармашылық тапсырмалар беру».
Топтық жұмыстың бала танымына тигізетін оң әсерлерін жіктеп көрсету үшін, тәжірибе барысында өткізілген «Дүниетану» пәнінен «Табиғат» тарауының қорытынды сабағымен байланыстырып көрсетелік:
Ол үшін сыныпты үш топқа бөлеміз. Уақытты белгілей отырып екі тізім жасауын түсіндіреміз. Бірінші топтың міндеті табиғатқа адам баласының жасайтын қиянатын өзара ақылдасып тізбек құрып жазу.
Екінші топтың міндеті табиғатты қорғауға, оны сақтап қалуға қандай ізгі істерді жасады, немесе жасауды ұсынады соны жазу. Белгіленген уақыт аяқталаған соң, әр топтан бір оқушы шығып тізіммен таныстырады. Ал, үшінші топтың міндеті екі топтың жасаған тізімдерін тыңдап, бағалайды. Осылай алдынан шыққан проблеманы шешу мақсатында, оқушының өзінің жинақтаған біліміне, азды -көпті тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа әдіс- тәсілдерді іздеу арқылы шығармашылық әрекет қалыптасады. Ал топпен жұмыс істеудің маңыздылығы мынада:
1.Топ жеке адамның пікірімен санасады;
2.Іс-әрекетке қатысатын әр оқушы сол топтың беделін, намысын қорғауға тырысады;
3.Оқушы бойында болжау жасау, қиял, шығармашылық дамиды.
4.Бір-бірімен ізгілікті қарым- қатынас жасайды, достық тілек, өзгенің пікірімен санаса білу, ойларын айта білу дағдылары қалыптасады;
5.Бойларындағы жасқаншақтық, жалтақтық, ұяндық сияқты психологиялық мінез кеселдерін жоя отырып, мінез күштерін қалыптастырады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шарттар орындалуы шарт:
1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2.Оқушыларға ойланып- толғанып, ойын айтуға рұқсат беру;
3.Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4.Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану;
5.Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;
6.Оқушылардың бір-бірінің жауабына, жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
1.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал оқушылардан осыған байланысты:
-сенімділікпен жұмыс жасау;
-бар ынтасымен оқуға берілу;
-пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
-өз пікірін анық білдіруді талап ету қажет.
Ойын технологиясы.
Мазмұны бойынша барлық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақыраптары бойынша алған білімдерін терендете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, зерде үрдістерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан ойын оқу-әрекетінде жетекші роль атқарады. Ойын технологиясын дүниетану сабағының барлық бөлімдерінде қолдануға болады. «Табиғат» бөлімін өткен кезде жануарлар мен өсімдіктерге байланысты ойынның түрлері өте көп.
Мысалы:
1.Өсімдіктердің көп түрлігі мен маңызына арналған «Тест» ойыны,
2.«Кім немен қоректенді?» ойыны;
3.«Табиғат бірлестігі» ойыны.
2 сыныпта «Әр құсқа өз тұмсығы қажет» тақырыбын өткенде «Құстардың мекені», «Қай құстың тұмсығы?» ойындарын ойнатуға болады.
Дүниетану пәні бойынша дидактикалық ойындардың жүктемесі:
1.Айналадағы әлемді танытуға бағытталған дидактикалық ойындар: табиғат, құстар, жан- жануарлар жөніндегі жұмбақ, ойындар, «Бақытты сәт», «Иесін тап», «Дыбысына қарай ажырат», «Бұл қай аң?», «Кім тез таңдайды?», «Сыр сандық» т.б.
2.Тазалық пен күн тәртібін сақтауға байланысты дидактикалық ойындар:
«Күн тәртібі», «Тап-таза», «Күн мен түн», «Бір минут» т.б.
3.Адам сұлулығын танытуға бағытталған дидактикалық ойындар: «Кім күшті?», «Қуыршақты киіндіру», «Спорт», «Өнер көрсет» т.б.
4.Жыл мезгілдерінің құбылыстарына байланысты ойындар: «Бұл қай кезде болады?», «Жыл мезгілдері», «Салыстыр, тап», «Ерекшелігіне қарай ажырат», «Сиқырлы қоржын» т.б.
5. Табиғатты қорғауға және экологиялық білім беруге арналған дидактикалық ойындар: «Құстар, достар», «Құстар шағымы», «Экология», «Табиғатты қорғайық», «Санитар құстар», «Табиғат сақшысы» т.б.Дүниетану сабақтарында жұмбақ, ойындар көбірек пайдалану өте тиімді, олар баланың ой-өрісін кеңейтуге, өз бетімен ойланып, заттар мен құбылыстардың сипатталуына, баламасына қарай олардың атын табуға үлкен септігін тигізеді. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны ерекше. Тиімді қолданған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, бастауыш сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Төменгі сынып оқушылары үшін әртүрлі жұмбақтар, ребустар, сөзжұмбақ шешу, карта бойынша саяхат ойындары қолайлы. Мұндай ойындар аз еңбекті талап етеді және оларды жүйелі түрде пайдалануға болады.
Бастауыш мектепте ойынды қолдану оқыту үрдісін түрлендіріп, балаларды белсенді әрекетке итермелейді.
Жаңа технологияларды енгізу барысында мұғалімнің даярлығы мен жаңаға оқыту мазмұны жайында білген жөн.
Мұғалім нені білу керек?
Мұғалім не істей алуы керек?
Мұғалім қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыру керек?
1.Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді ;
2.Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;
3. Жаңа технология мәнін,алынатын нәтижелердің теориялық негізін;
4.Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс –тәсілдерді;
5. Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін;
1.Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру ;
Дамыта оқыту бағытында;
Модульдік курс үшін;
Әлеуметтендіру бағытында;
Ұжымдық жүйеде оқыту;
Басқа технологиялар үшін;
2.Күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау.
3. Әр сабақты жоспарлау
4.Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.
5. Оқу модулін құрастыру.
6. Оқу жобаларының мазмұнын анықтау.
1. Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдерді қолдану.
2. Әртүрлі типтегі сабақтарды өткізу.
3. Өткізілген сабақтарға талдау жасау.
4.Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекеттерінің әдістерін оқушыларға үйрету.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау.Педагогикалық технологиялардың түсініктемелері мен алуан түрлі анықтамаларын талдай отырып, барлық технологиялардың айрықша ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытынды жасауға болады:
-оқытудың микромақсаттарының, мақсаттарының айқын, нақтылы анықталуы;
-нәтижелердің жетістігіне бағытталуы;
тәрбиелеу мен оқыту субъектілерінің іс-әрекеттерінің әрбір кезеңдері бойынша қадамдық құрылымының анықталуы;
-мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау;
-тәжірибенің қайталануы мен алмасуы .
Жалпы оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, сабақтың тиімділігін арттыру.Сонымен қатар оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу,үйрету,шығармашылық қабілетін дамыту.Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейін қарқындату,яғни оқу үрдісінің сапасы мен тиімділігін танымдық іс-әрекет белсенділігін көрсету,пәнаралық байланыстарды тереңдету,қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту.Оқып үйренушінің жеке тұлғасын дамыту ақпараттық қоғам жағдайында жабдықталған өмірге өзіндік дайындықтар жүргізу,әртүрлі ойлау қабілетінің түрлерін байланыс жолдары қабілеттілігін дамыту,күрделі жағдайлардағы шешім нұсқаларын ұсыну немесе тиімді шешімдерін қабылдау біліктілігін қалыптастыру,компьютерлік графика мен мультимедия технологияларын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбиелеу,ақпаратты өңдеуді жүзеге асыра білу,ақпараттық мәдениетті қалыптастырып,мәселені модельдей білуді дамыту және ең бастысы тәжірибелік-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра білуді қамтамасыз ету.Қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындау жұмыстары, яғни, ақпаратты сауатты меңгерген жеке тұлға даярлау, тұтынушыны компьютер құралдарымен жұмыс істеуге үйрету және информатика аймағында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі -баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Педагогикалық технология - педагогикалық іскерліктердің жетісітігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы орындау оларға обьективті қарым-қатынастарында және педагогтың тұлғасын толық көрсететін жинақы ретінде қалыптастырылады. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Осылай айтылған ой-пікірлерімді тұжырымдай келе білім беруді ақпараттандыру мектеп пәндерінің оқыту сапасын арттырады және ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет. Осы технологияларды тиімді пайдалану арқылы құзіретті мұғалім өз жұмысын жетілдіре түспек. Жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу-барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы