Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college бекітемін


Тақырып: 4.9.Дүниетанудан пәнаралық байланыс



бет24/40
Дата10.06.2022
өлшемі1.04 Mb.
#267508
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
Байланысты:
Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі (2) (1)
Ұзақ мерзімді жоспар, Адамның еңбек іс, емтихан казирги каз яз, Психолог 203,212
Тақырып: 4.9.Дүниетанудан пәнаралық байланыс.
Жоспар
Дүниетанудан пәнаралық байланыс.
Әр блок бойынша басқа пәндермен байланысы бар.
«Адам» блогы бойынша қазақ тілімен. Дыбыстардың рөлі, кітаппен, мәтінмен жұмыс істеу, тіл дамыту, байланыстырып сөйлеу. Сөйлеу мәдениеті. Сипаттау. Талдау, баяндау, шығарманы мәнерлеп оқу, монолог, диалог. Ана тілі: жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыз-әңгімелер, өлеңдер. Математика: арифметикалық 4 амал.Еңбек: адам өміріндегі еңбектің маңызы.
«Табиғат» блогы бойынша. Ана тілі: табиғат объектілерін, құбылыстарын, әсем көріністерін, өсімдіктер мен жануарларды, оларды қорғау қажеттігін бейнелейтін шығармалар, жұмабқтар, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыз-әңгімелер, өлеңдер. Математика: арифметикалық 4 амал, баға, сан, масса, көлем, жалдамдық, уақыт туралы түсініктер, геометриялық бейнелер, шамаларды өлшеу. Бейнелеу өнері: табиғат бояулары (күз, қыс, көктем, жаз), табиғат өрнектері және халықтық сәндік қолөнері (қазтабан, өркеш, қосмүйіз), суретшілердің табиғат жайындағы туындылары (Кастеев, Ғалымбаева, Айвозовский), т.б.
«Қоғам» блогы бойынша. Ана тілі: мектеп, оқушы, мұғалім, туыс, ауыл, оның көркі, табиғаты, адамдары, ата-ана, бауыр, ата-әже, дос, ел, Отан, осы бойынша жазылған әңгімелер, ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер. Математика: арифметикалық сан, көлем, уақыт туралы түсінік, геометриялық шамаларды өлшеу, геометриялық бейнелер. Еңбек: ауылшаруашылығының даму еңбегі, техникалық еңбек, т.б. Музыка: Еліміздің әнұраны, халқымыздың табиғаты, оған деген өз қатынасын адамдардың әлеуметтік көңіл-күй сезімдерін бейнелейтін күйлер, т.б.
Пәнаралық байланыстар пәндерге ортақ фактілер, түсініктер, идеялар, іскерліктер мен дағдыларға орай қалыптастырылуы қажет. Сондай -ақ пәнаралық байланыстар әмбебаптық сипатта болады. Өйткені олардың қызметі мен ықпалы барлық пәндерге жалпы, ортақ болып келеді.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырмайынша дүние танымдық көзқарастың біртұтастығын сақтау мүмкін емес. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру күрделі үрдіс, өйткені мұғалім пәндерді байланыстыру барысында ондағы жақын, ұқсас тақырыптарды анықтап, олардан хабардар болуды талап етеді.
Байланыс бағыттары тек қана мазмұн, мағнасы ғана емес, сондай ақ, оқушылардың осы түсінікпен немесе оның белгілерімен әрбір пәнде таныстыру кезегімен де анықталады. Сондықтан пәнаралық байланыстар ретроспективалық, мерзім жағынан сәйкес және перспективалық болып бөлінеді және пәнаралық байланыс орнатылып жатқан дүниетану сабағының үстінде оқушылардың осы түсінік туралы білімін анықтаймыз, жаңғыртамыз немесе алғашқы білім бөлшектерін беруді бастаймыз.
Дүниетанудың көптеген маңызды түсініктері мен заңдылықтары, әдебиеттік оқу пәнінде шағын әңгімелер, өлеңдер мен толықтырылып таныстырылады. Сондықтан матиралды жаңа қырынан көрсеу түсінікті неғұрлым толық, әрі барлық қырынан мағнасын ашуды мүмкін етеді.
Оқу процесінде көптеген байланыстар сабақ мазмұнына байланысты сан алуан бағыты даму мүмкін. Бұл байланыстардың ретсіз шашылып кетпеуі үшін пәнішілік байланыстарды орнату маңызды.
Дүниетану пәнін оқытуда мәліметтер кеңейтіліп, тереңдетілуі үшін, жаратылыстану пәнімен байланыстырып отыру керек. Мысалы, 2 сыныпта «Жаратылыстану» пәнінен өткен «Өсімдіктер» және «Жануарлар» бөліміндегі Өсімдіктер әлемін қалай сақтауға болады? және Жануарлар әлемінің көп түрлілігі тақырыптарындағы мәліметтерді дүниетану пәніндегі «Қоршаған орта» бөліміндегі Өсімдіктер мен жануарлардың адам өміріндегі рөлі тақырыбын өткенде байланыстыра қолануға болады.
Пәнаралық байланыстарға сүйеніп отыру көптеген жалпы қортындылар жасауға мүмкіндік береді. Алайда көркем шығарма туындыларын оқушылардың теориялық білімімен ғана қамтамассыз етіп қана тоқталатын деңгейде емес, олардың ішкі жандүниелік тұрақты позициясына айналатындай жеткілікті көлемде таныстыру қажет.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда оқушыларға басқа пәндерден алынған білім мен ескертулерді пайдалануды талап ететін тапсырмаларды орындау немесе проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін бұрын алынған білім мен іскерлікті тез еске түсіруге жәрдем беретін бірқатар дидактикалық құралдар бар. Олар: оқулықтар мен құжат мәтіндері, оқу кино фильмдері фрагменттер, мәтіндік және сандық кестелер, өнер шығармаларының репродукциялары, нұсқаулар, дәптердегі әртүрлі жазбалар. Сыныптың көпшлігінің пәнаралық байланысты орнататын тапсырманы орындай алмаса, немесе сұраққа жауап бере алмаса, мұғалім сондай тапсырманың орындалған үлгісін түсіндіре отырып, көрсете алады. Оқушыларды пәнаралық сипаттағы білімін пайдалануларына үйрету үшін, бұндай жаттығуларды бірнеше рет күрделендіре отырып жасау маңызды.
Дүниетану пәнінің міндеті адам, қоғам, қоршаған орта туралы білімдерін тереңдету жəне де қорыту, табиғатпен адамның арасындағы өзара байланысты түсіне алатындай өздері және өз отбастары, достары мен мектебі, туған өлкесі туралы білімдермен қаруландыру, салауатты өмір салты, дәстүр және ауыз әдебиеті жөнінде мағлұматтар алып, саяхат түрлерімен, оның маңызымен танысады жəне табиғатты сүюге, оны қорғауға үйренеді.
Бастауыш мектептің дүниетану пəнін оқытуда оқытудың белсенді жəне инновациялық əдістермен технологияларын білу мазмұнын түбегейлі жаңартуда оны интеграциялауды тиімді пайдалануды қажет етеді. Егер мұғалім дүниетану пəнінде жаңа техналогияларын пайдаланса, онда оқушылардың ойлау қабілеттері, сөздік қорлары, таным қызығушылығы жəне топпен дұрыс қарым-қатнас жасай отырып көпшілік арасында сөйлеуге өз ойын ортаға салуға, айтылған пікірлерді тыңдай білуге үйретеді. Жаңа технологияның ерекшелігі оқушыларды жеке тұлға ретінде жан- жақты дамыта оқытуда жаңашыл əдісті қолдану оқушы үшін де мұғалімге де шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал етеді.
Қорыта келе жаңартылған білім беру аясында бастауыш сыныпта «Дүниетану» пәнін оқытуда пәнаралық байланысты күшейту мақсатында ортақ тақырыптар қарастырылған.
Дүниетану пəнін оқытуды жетілдірудің негізгі жолы пəнаралық байланысты күшейту жəне міндетті түрде оның жүзеге асырылуы қажет. Дүниетануды оқытуда пəнаралық байланыс ғылыми əдістемелік тұрғыда төмендегіше жүзеге асыруға болады.
Уақыттық байланыс- əрбір бағдарламалық талаптарды іске асыру барысында берілетін жаңа ұғымды келесі пəн бойынша алған ұғыммен күнбе- күн байланыстырып отыру арқылы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы