Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college бекітемін


Тақырып 4.6. Дүниетану сабақтарында әңгімелесу. Дүниетану сабақтарында әңгіме



бет21/40
Дата10.06.2022
өлшемі1.04 Mb.
#267508
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40
Байланысты:
Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі (2) (1)
Ұзақ мерзімді жоспар, Адамның еңбек іс, емтихан казирги каз яз, Психолог 203,212
Тақырып 4.6. Дүниетану сабақтарында әңгімелесу. Дүниетану сабақтарында әңгіме.
Жоспар
Дүниетану сабақтарында әңгімелесу.
Дүниетану сабақтарында әңгіме.
Оқытушының сабаққа дайындығы. Мүғалім сабаққа дайындалғанда баяндаудың сабақтағы орнын анықтайды, оның тақырыбы мен мақсатын көрсетеді, оқытатын материалын түсіндеруге қажетті көрнекі құралдарды қарап, белгілейді, баяндаудың жоспарын жазады, сөздердің дұрыс айтылуын, екпіннің дұрыс түсуін, дауыс ырғағын қадағалай отырып, әңгіменің бүкіл мазмұнын жоспар бойынша дауыстап айтып шығады.
Мүғалімнің баяндауы айқын, көркем экөне қызықтыратын болып дұрыс құрылса, оқушыларды өзіне тартып, оқылатын тақырыптың мазмұны мен оларды қызықтырады, оқушыларды жұмылдырады, оларға жауаптарын дұрыс құруға үлгі береді. Бұл – баяндаудың жағымды жағы.
Жағымсыз жағы да болады: баяндау кезінде балалар тек тындап отырады, аз ойланады, олардың ойлау қабілеті нашар дамиды.
Әңгімелесу – бастауыш сыныптардагы оте кең, таралған және тиімді әдіс. Мұғалім оңгімелесу барысында мақсатқа бағытталған сұрақтар жүйесінің, кордемімен бастауыш сынып оқушыларының бақылау және өмірдегі тәжірибесі негізінде оқушыларды жаңа материалды қабылдай білуге өзiрлейді, олардың өздігінен қорытынды жасауына көмектесіп, жаңа білімді игеруге ықпал етеді. Әңгімелесу өтілген материалды жүйелі түрде пысықтап бекітуді жүзеге асырады.
Мұғалім әңгімелесуді іскерлікпен пайдалана отырып, танымдық әрекетінің жандануына жәрдемдеседі, әңгімелесу процесінде олар ойлауға, талқылауға, талдау жасауға, өз бетімен қорытындылар жасауға үйренеді. Әңгімелесу мұғалімнің әрбір оқушымен олардың ой-өрісінің дамуы мен дайындығына қарай жеке-жеке жұмыс жүргізуіне көмектеседі. Әңгімелесуге оқушылардың барлығы қатыса алады. Оқу процесіндегі әңгімелесуді қолдану кезеңі сабақтың мақсатына, оқу материалының сипатына, оқушылардың білім қорына байланысты белгіленеді. Әңгімелесу мұғалімнің сабақта пайдалануға жоспарлайтын жұмыс әдістері мен тәсілдеріне — картамен, картинамен, суретпен, оқулықтағы мақалалармен, сарамандық жұмыстармен және тағы басқалармен жұмыс жүргізуге тығыз байланысты.
Егер мұғалім әңгімелесу өткізе отырып, оқушыларға жүйеліктегі сұрақтарды қоя білсе, ол қажетті педагогикалық тиімділік береді. Мұғалімнің алғашқы сабақ беру жылдарында сұрақтарды дұрыс қоя білуде қиналатыны сөзсіз. Сондықтан сұрақты түрлаусыз формада, мысалы:
- Егістікте не өседі?
- Ауа райы туралы не айтасың? - деген тұрғыда қоюға болмайды. Сұрақтар жауап қайтаруға өзі жәрдемдесіп, «иә» немесе «жоқ» деген жауап беруге негізделмеуі керек:
- Тоғайда қоян кездесеме, жоқ па? (Тоғайда қандай жануарлар мекендейді? – деу керек).
- Біздің өлкеде қылқанжапырақты ағаштар кездесеме, жоқ па? (Біздің өлкеде қандай қылқанжапырақты ағаштар өседі?).
Оқушылар екі, үш түрлі жауап қайтаруға тиісті сүрақтарды беруге болмайды, мысалы:
- Далалалы жерлерде қандай жануарлар мен өсімдіктер кездеседі? (Далалы жерлерде қандай жануарлар мекендейді? Қандай өсімдіктер өседі?)
Мұғалім сұрақтарды оқушылардың даярлығын, оларды жалпы білім деңгейін есептей отырып, даярлайды.Сұрақтардың әрқайсысы баланың шамасына лайық, сонымен қатар әңгімелесудегі негізгі мақсатқа бағытталып, бұрынғы сұрақтармен логикалық байланысып жатуы тиіс.
а) Кіріспе әңгімелесудің мақсаты: Оқушылардың оқып үйрену барысында бұрын алған немесе өздігінен игерген білімін еске түсіру, соның негізінде балаларды жаңа материалды қабылдауға әзірлеу.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айларын атаңдар.
- Күзде қандай өзгешеліктер болады?
Құстар – біздің қанатты достарымыз. Олар табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның, ағаштардың сенімді серігі. Олар: тоқылдақ, үкі, қарлығаш, қара торғай, бұлбұл, шымшық, сондықтан оларды «табиғат тазалықшысы» деп атайды. Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Осы құстардың көбі күз түскенде қайда кетеді?
– Жылы жақ қайда екенін білесіңдер ме?
- Ерте кезде құстар суық түссе, жерді тастап, айға кетеді деген ұғым болған. Қазір сақина тағу арқылы құстардың (Қазақстан қүстарының) Африкаға, теңіздің жағалауына ұшып барып қыстайтыны анықталды.
(Кіріспе әңгімеден кейін тақырыпты түсіндіру). Кіріспе әңгімелесу тақырыпты немесе тарауды оқып үйренудің алғашқы кезінде өткізіледі.
ә) Жаңа білімді хабарлау. Мұғалім оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, белгілі мақсатта ойдастырылған сұрақтар жүйесінің жәрдемімен оларды қажетті қорытынды жасауға және жинақтауға жетелейді. Табиғаттағы жеке объектілер мен құбылыстар арасындағы байланыс пен заңдылықты анықтауға көмектеседі. Мұндай әңгімелесу барысында, ең алдымен мүғалім оқытылатын табиғи объектілер мен құбылыстардағы елеулі белгілерді, заңдылықтарды қарастыруы керек. Бастауыш сынып оқушылары көбірек салыстырып, ұқсастығымен айырмашылығын анықтауда оқылатын материалды жақсы қабылдап, олардың ойлау қызметі белсендірек жүмыс істейтін болады.
Мысалы, «Құстардың қысқы тіршілігі». Жаңа тақырыпты түсіндіргенде қоятын сұрақтар:
-Балалар, қазір сендер жәндіктерді (шыбын, көбелек, қоңыз) көріп жүрсіңдер ме? (жоқ)
- Неге, олар қайда кетті?
- Ағаш қуыстарына тығылып қалды.
Ал құстар (қарлығаш, аққу, үйрек) біздің жақта қазір бар ма? (жоқ)
- Олар қайда? (Жылы жаққа ұшып кетті оңтүстікке).
- Ендеше, балалар, табиғаттың өзгерістері құстар тіршілігіне де әсерін тигізеді.
- Біздің жақта қандай құстар қыстап қалды? (сауысқан, торғай, тоқылдақ, т.б.) (Мұғалім құстар маңызы туралы әңгімелейді).
Сұрақтар:
-Құстарға тән ортақ қасиет қандай? (Барлығыда ұшады, қанаты бар, тұмсығы бар, жұмыртқалайды)
-Ал айырмашылығы неде? (Тұмсықтары әр түрлі,дене пішіні әр түрлі, түсі, дыбысы әр түрлі)
Оқулықпен жұмыс өткізгеннен кейін тағы сұрақтар қойылады:
- Қандай құстар отырықшы? (торғай, қарға, сауысқан, шымшық).
- Сауысқанның қандай пайдасы бар? (Ол зиянды жөндіктерді, құрттарды, тышқандарды құртады). Ол кейде жұмыртқаны жарып, балапанды жейді.
-Қане, мына өлең жолдарын жалғастырып қараңдаршы:
Ала қанат ... (сауысқан)
Қалдықты жеп ... (тауысқан)
б) Қорытынды әңгімелесудің мақсаты – алған білімді жинақтап, жүйеге келтіру, оқушыларды белгілі қорытындылар жасап жинақтауға тарту. Балалар біз бүгін сабағымызда құстардың қысқы тіршілігі туралы әңгіме қозғадық. Сабағымызды қорытындылау мақсатында «құстарға жем шашайық» ойынын ойнаймыз. Егер құстың артындағы сұраққа жауап берсек, құстарды жемсалғышқа орналастырамыз:
а) қыстап қалатын құстарды ата?
ә) құстардың қандай пайдасы бар?
б) орман дәрігері қандай құс?
в) қар астынды ұйықтайтын құстарды ата? (шіл, құр)
г) құстар туралы қандай мақал білесің?
ғ) құстар туралы тақпақ білесің бе?
д) үй құстарының қандай пайдасы бар?
Олардың қысқы тіршілігі туралы айт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру