Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college бекітемін


Тақырып 2.5. Тарих толқынында. Құқық міндеттері



бет16/40
Дата10.06.2022
өлшемі1.04 Mb.
#267508
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40
Байланысты:
Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі (2) (1)
Ұзақ мерзімді жоспар, Адамның еңбек іс, емтихан казирги каз яз, Психолог 203,212
Тақырып 2.5. Тарих толқынында. Құқық міндеттері.
Жоспар
Тарих толқынында.
•. Құқық міндеттері.
Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уакытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн.Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр. Қазақта мынадай мақал бар: “Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихынбілмейтін ел жетесіз”.Шынында жеті ғасырмен де шектелмеу керек, өйткені, біздіңтарихымыз логикалық жағынан да, географиялық жағынан да көзге көрінбейтін арқаулар арқылы толып жатқан басқа да адам, халық аттарымен байланысып жатыр. Ал солардың барлығы да евразиялық “хартландтың” қазіргі замандық көптеген мəдениетгерінің нəсілдік зердесінде, оның ішінде қазақтардың да мəдени жадында белгілі бір дəрежеде өздерінің ізін қалдырған.Біздің аумақтағы руханияттың алты мың жылғы дамуын алып қарайық. Соларды талдау үстінде мынадай кезендерге бөлуге болады:
Бірінші кезең. Бүгінгі Қазақстанның бүкіл аумағын мал бакқан ежелгі арийлердің сансыз көп тайпаларының игеруі. Ежелгі ведалық абыздар Веданың қасиетті зандарына сүйеніп, өз жанұяларының, рутайпаларының, көсемдерінің алаңсыз, тыныш өмір сүруіне көмектескен.Оңтүстік Арал өңіріндегі Сынтасты жəне Арқайым қорым- кешендері сол замандағы халықтың рухын бейнелейтін материалдық айғақтар болыптабылады.
Екінші кезең. Бұдан шамамен төрт-бес мың жыл бұрын арийлер тарихы мен рухының орталығы біртіндеп солтүстіктен оңтүстікке,Оңтүстік Оралдан Үнді өзенінің аңғарына қарай ауыса бастайды. Олардың эпосы Үндіде Веда, Иранда Авеста түрінде жазбаға түскен. Ал бұрынғы мекендерінде қалған халықтардың рухани өмірі біртіндеп əлсірей бастаған.Бүгінгі Қазақстан жерінде сол заманнан калған жалғыз белгі Таңбалы конысы болса керек.Ал ежелгі арий рухының біздің жердегі кейінірек заманнан сақталған белгілері — сақ патшаларының Есіктегі, Бесшатырдағықорғандары.
Үшінші кезең — бұдан үш-төрт мың жыл бұрынғы заман. Шығыста,Гоби далаларында арғы ғұн тайпаларының қалың толқыны туа бастайды.Бұдан 2,5 — 2 мың жылдар бұрын сол толқын біздің жерлерге жетеді.Ежелгі Ведалық қабаттарды жас жаңа толқын басады. Ол — Тəңірге табынған ғұндардың үштік үрдісі: Тəңірі — Аспан, Жер-Су, Үмай —Мəңгілік ана.Ғұн абыздарының нанымы біртіндеп сақ-сармат тайпаларынан қалған нəсілдердің күнделікті тіршілігіне ене бастаған. Көшіп келген ғұн халықтарының рухы алғашқы екі ғұн империясының қазанында бұрынғы арий нəсілдерінің рухымен бірге қайнап кіріккен.
Төртінші кезең — бұдан 1,5 мың жыл бұрынғы ғұн нəсілдері —түркілер — Ашина руының түркілері — Ордос алабынан ауған жүнді(жуан-жуан) тайпаларының ежелгі ақсүйек əулетінен тараған ұрпақтар.Осынау жаңа рухани толқынның тоғысында тұңғыш Түркі қағанаты —Мəңгілік Ел бой көтереді. Бұл үшінші империя жергілікті сак тайпаларынбұдан арғы мыңжылдықта ғұндардың арынды асау рухының ықпалымен таратып жіберіп, Байкалдан Каспийге дейінгі байтақ өлкені жайлап келген Түркі тайпаларымен біріктіріп, барлығын өз қанатының астына жинаған.Шындығына келгенде ¥лы Елдің ортақ несібесі ең кемінде үш қабатнəпақадан құралған.Оның үстіңгі солтүстік қабатында негізінде қыпшақтардың тайпалық одағына кіретін халықтар болған.Төменгі оңтүстік кабатында тоғыз немесе оғыз тайпалық одағының халықтары орналасқан.
Ал ортасында жаңағы екі кабатты жалғастырып біріктірген Ашинарулы түркілердің мықты буыны болған.Оңтүстік оғыз қабатының эпосы “Қорқыт ата” аңызындабейнеленген. Қорқыттың өзі қобызымен шалған сол замандағы халықтың рухын зарлы үнмен жеткізген киелі гөй-гөйі осы күнге дейін сақталыпқалған.
Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі жəне болашақтағы —тарихтың толқынында өзінің ұлттық “МЕН” дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр... Бірақ бұл мүмкіндік қана; ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет.Ал осы міндет біздің алдымызға тек қана, бір ғана ұлы мүмкіндік түрінде емес, катал қажеттілік түрінде де қойылып отыр. Оны шешсек, біз тарихтың өзімізге шақталған мезгіліне сəйкес боламыз, тарихи болымсыздықтың бос қуысында босқа қарманып жүрмейміз...Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.
Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:
біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру