Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет3/4
Дата16.01.2017
өлшемі257.5 Kb.
#198
1   2   3   4

Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиынтығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтар болғандықтан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген. Мәселен, кәдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең таралған. Сондықтан олардың "қарағайлық", "шыршалық" немесе т.б. экологиялық популяциялары көптеп кездеседі. Олар бір-бірімен жиі араласатындықтан генетикалық алмасулар элементар популяцияларға қарағанда баяу жүреді.

Географиялық популяция - географиялык жағдайлары бірдей аумақты қамтитын, особьтар топтарын қүрайтын экологиялық популяциялардан түрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген әрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық қатарлары, физиологиялық мінез-қүлқы және басқа да қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Популяциялардың осылайша үзақ жылдар бойы жекеленуі бірте-бірте географиялық раса немесе жаңа түр формаларын дүниеге алып келуі мүмкін. Ондай түрлерді географиялық түр тармағы, раса немесе сол түрдің синонимі ретінде қарастырады. Мәселен, кәдімгі ақ тиіннің 20-дан астам географиялық популяциясы бар. Табиғатта популяцияның шекарасы мен дене түрқы оның қандай аумақты мекендейтіндігінде емес популяцияның өзінің жеке қасиеттерімен сипатталады. Н. П. Наумовтың зерттеулері бойынша популяциялардың үсақ аумаққа таралуы олардың көптүрлілігін және генефонын байытады деп түжырымдайды. Осыған байланысты табиғатта абсолютті популяция болмайды. Өйткені, әрбір түр өзінің даму эволюциясы барысында уақыт пен кеңістікке қатысты миграция (орын ауыстыру) кезінде бір-бірімен араласып отырады. Ал, өсімдіктер болса тозаңдары жел арқылы немесе өсімдіктер арқылы кең таралып жатады. Нәтижесінде, түр шегіндегі популяциялардың әр түрлі формалары қалыптасып отырады.

Организмдердің популяцияларын жан-жақты зерттеуші экологтар С. С. Шварц, А. М.Гиляров, А. В. Яблоков, т.б. өздерінің еңбектерінде популяцияға қазіргі түрғыдан анықтама береді. Мәселен, С. С. Шварц (1969) популяция дегеніміз "Орта жағдайларының өзгерісіне үзақ уақыт бойы езінің тұрақты санын ұстап түратын бір түрге жататын организм-дердің элементар топтар" деп анықтама береді. Ал, А. В. Яблоков өзінің еңбегінде "белгілі бір аумақты мекендейтін бір түрге жататын организм-дердің эволюциялык даму жолы ұқсас топтары" дейді. А. М. Гиляров өзінің әріптестерінің идеяларын дамыта келіп, популяцияға біршама жаңа қезқарасты анықтама беруге тырысты.

19 ғ. Бас кезінде «биосфера» түсінігі ғылымға ұлы француз табиғат зерттеушісі Ж.Б.Ламарк (1744 - 1892) енгізген. Жүз жылдан астам уақыт бұрын,1875 ж австралиялық геолог Эдуард Зюсс өзінің «Альпі тауларының шығу тарихы туралы» кітабының соңғы тарауында жер шарының әртүрлі қабаттары жайында баяндаған кезде осы терминді алғаш рет қолданған болатын.Бірақ бұл үстіртін айтылған сөз ғылыми ойдың дамуында айтарлықтай роль атқарға алған жоқ..

     Биосфера туралы ілімнің қазіргі авторы В.И.Вернадский (1863 -1945) «биосфера» терминін 1911 жылы қолдана бастағанымен оған алғаш рет 1923 жылы «Биосфера – планетадағы тірі заттардың таралған аймағы – жердің ерекше тіршілік қабығы» - деп анықтама берді.Биосфера ретінде Вернадский жер қыртысының бүкіл геологиялық тарихы бойында тірі организмдердің әсеріне ұшыраған барлық қабаттарын түсінді.

   Негізгі сапслары массасының жиынтығы химиялық құрамы мен энергиясын қарастыра отырып, планетадағы организмдердің бүкіл жиынтығын В.И.Вернадский «тірі заттар» д.а.Вернадскийдің Констант заңы былай айтылады.Биосфераның тірі затының мөлшері тұрақты шама.Динамикалық жүйе ретінде биосфераның ерекшелігі күн энергиясының ағыны және тірі заттардың жұмысы салдарынан оның біркелкі еместігі.

         Биосфераның ерекшеліктерінің бірі оның космоспен үздіксіз байланысы.Оны алғаш рет өткен ғасырда байқалған. Мысалы;1825 жылы швейцар астрономы Рудольф Вольф жердің магнетизмінің күн бетінде дақ түзілу ырғағымен байқалғанын есептеген.Бірақ гелиобиологияның туған биосферасы күннің периодты әсері деген баяндама оқылған уақыттан бастап,яғни 1915 жыл болып саналады.          

       Биосфера - өзін құрайтын 3 құрамдас бөлігімен сиптталады. Олар – атмосфера гидросфера  және литосфера.

Биосфераның гидросфера қабаты  - жер шарының 3/2 бөлігін алып жатыр. Су әлемінде алғашқы тіршілік нышаны байқалғаннан бері – гидросфера қабығы планетаның бүкіл тыныс-тіршілігін реттеуде негізгі роль атқарып келеді. Барлық заттар суда еріген күйінде болып, оның үлкен және кіші айналымы арқылы зат алмасу процесі тұрақты жүреді де, одан әрі биосфера шегіндегі биогеохимиялық айналымға ұласуда. Нәтижесінде, жер шарындағы барлық судың 94% мұхиттар мен теңіздердің, ал қалған 6% өзен, көлдер, жер асты сулары, мұздықтардың үлесіне тиіп, оның сарқылмайтын табиғат қор екені адамзаттың болашағына деген сенімін мәңгілік етуде.

Соңғы жылдары жүниежүзілік мұхиттар мен барлық сулардың ластануы, оның сапасын нашарлата түсуде. Олар – мұхиттарда соғыс корабльдерінің көбеюі, мұнайды тасымалдау, атом қаруларын сынау, өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің тасталуы, радиактивті қалдықтардың лақтырылуы, тағы басқа зиянды заттардың қоймасына айналуы экологиялық жағдайын тіршілік ырғағына зиянды деңгейде көтеруде. Оның үстіне дүниежүзілік ауыз су проблемасы планета тұрғындарының Африка, Орта және Кіші Азия, Австралия, Орталық Азия бөлігін қамтып, әлемдік экологиялық проблемалар шеңберін ұлғайта түсуде.

Жер қабығы (литосфера) – бүкіл тіршіліктің қолайлы ортасы және тірегі ретінде биосфера шегінде үлкен роль атқарады. Оның түп негізін әр түрлі минералдар жиынтығы, тау жыныстары, органикалық қалдықтар мен метаморфтық тау жыныстары құрайды.

Литосфера терминін алғаш ғылымға енгізген Э.Зюсс. Оның денін мантия қабатының жоғарғы бетінен бастап жер қабығы құрайды. Яғни, жер қабатының Махорович (Мохо) шекарасынан бастап құрлық бетіне дейінгі 70 км, ал мұхит бетіне дейінгі 10 км қалыңдықты қамтиды.

Жер қабатының континентальды және мұхиттық қабатын ажыратуға болады. Олар бір-бірінен құрамындағы тау жыныстарының сипатына қарай жіктеледі. Мәселен, мұхиттық қабат – базальт, ал континентальды қабат – гранит жыныстарынан тұрады.

Литосфераның химиялық құрылымы негізінен оттегі, кремний, алюминий, темір, кальций, магний, натрий және калий элементтерінен тұрады. Оның ішінде оттегінің үлес салмағы 47,3% және 92% көлем алуы ерекше жағдай. Оттегі басқа химиялық элементтерден тығыз қосылыс күйінде минералды жыныстардың негізін құрайды. Жалпы алғанда жер қабығының 9,2% - тау жыныстары, 20% - метаморфтық, ал 70,8% - магматикалық жыныстар алып жатыр.

Академик В.И.Вернандский биосферадағы тіршілік процестерін зерттей келе химиялық элементтердің бір тобын «тірі заттар» - деп атады. Олар биофильді заттар деп аталатын сутегі, көміртегі, оттегі, азот, фосфор және күкірт элементтері еді. Биофильді элементтердің атомы тірі организмдердің денесінде күрделі органикалық қосылыстар түзе отырып, көмірсулары, липидтер, белоктар және нуклеин қышқылдарын құрайды. Ал, бұл органикалық заттар тіршілік тірегі екені мәлім.

В.И.Вернандский биосфералық қалыптасу және даму эволюциясындағы «тірі заттардың» ролін өте жоғары бағалады. Әсіресе, тірі организмдер оған қоса адам баласының іс-әрекеттерінің биосфера шегіндегі биогеохимиялық фактор ретіндегі рөлін бағалай келіп билсфера өзін-өзі реттеп отыратын табиғи жүйе екндігін дәлелдеді. Яғни, планетадағы ең жоғарғы сатыдағы дамыған тіршіліктің ұйытқысы түрлі организммен байланысты екенін баса айтты. Шын мәнінде тірі организмдер ғарыштық энергияны жердегі химиялық энергияға айналдыра отырып планетадағы тіршіліктің көп түрлілігіне әкеледі. Осының бәрі биосферадағы химиялық элементтердің миграциясы болып табылады. Бұл процестер табиғаттағы зат және энергия айналымдарымен шектеліп, биосфера шегіндегі ғаламдық зат алмасулардың үздіксіз қорғаушы күшіне айналады.

Ең басты мәселе биосферадағы айналымдардың қалдықсыз жүруі. Нәтижесінде, биосфера деп аталатын үйімізде ешбір басы артық зиянды қосылыстар түзілмейді, бәрі де қайтадан айналымға түсіп табиғаттың өзін-өзі тазартуы жүріп жатады. Ол процестердің ең басты қозғаушы күші – Күн екенін есте шығармауымыз керек.

В.Н.Вернандский табиғаттагы зат айналымдарының тұрақты даму процесіндегі адамның роліне ерекше мән берді. Тіптен, оның дәлелдеуінше адам баласы теңдесі жоқ биосферадағы ең қуатты геологиялық ретінде бағалады. Яғни, болашақтағы биосфераның тағдыры адамзаттың ақыл-ойының сапасында немесе деңгейінде екенін болжай келе өзінің өте маңызды теорияларының бірін тұжырымдады. Ол – биосфераның жаңа тұрғыдағы ұғымы мен сипаты – ноосфера туралы болжамдар жасады. Ал «ноосфера» деген терминді ғылымға енгізген француз математигі Леруа еді.

Академик В.Н.Вернандский өзінің 1944 жылы жазған еңбегінде: “..Болашақ планетаның ұсқыны мен тыныс тіршілігі адам баласының ақыл-ойы мен парасатына байланысты дамиды және тәуелді болады. Ең бастысы адамзаттың санасыз ақыл-ойының нәтижесіне байланысты биосфера тағдыры шешіледі”, - деген тамаша болжамын айтқан болатын. Шын мәнінде, қазіргі биосфераның тұрақтылығы тек адам баласының қолында екенін әрбір көзі ашық, көңілі сергек мүшесі түсініп отыр.



Өзін-өзі тексеруге тапсырмалар:

1.Биосфера дгеніміз не? .

       2.Популяция дегеніміз не?

        3. Биосфера құрымы қандай нені оқытады?

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 23, 19

 

2- Бөлім Экология ғылымының салалары

 

6– тақырып    Қолданбалы экология негіздері (2 с)

Мақсаты: Студенттерді қоршаған ортаға антропогенідік әсер ету түрлерімен таныстыру .

Жоспар:

1.Биосфераға антропогендік әсер ету.

2.Биосфера компоненттеріне адам қоғамының әсер ету ерекшелігі.

2.Адамның биосфераға әсер етуінің түрлері.

3.Жер биосферасына әсер етудің экстремалдық түрлері.

Лекцияның қысқаша мазмұны . Биосфераға антропогендік әсер ету. Биосфера компоненттеріне адам қоғамының әсер ету ерекшелігі. Адамның биосфераға әсер етуінің ерекше түрлері. Жер биосферасына әсер етудің экстремалдық түрлері. Гидросфераға антропогендік әсер ету. Литосфераға антропогендік әсер ету.. Техногендік апаттар

Адамның табиғатқа әсерінің түрлері

Қоғам мен табиғат арасында қарым- қатынас басталғаннан бері күні бүгінге дейін  адамның табиғатқа жасайтын ықпалы біркелкі емес. Адам баласы тіршілігін сақтау үшін өмір бойы табиғи құбылыстармен күресуде. Қақаған аяз бен аптап ыстық кездерде өлмеу үшін ішер тамақ, киер киім табуы қажет болды.  Адам баласының санасының ең бір жетілген кезеңі отты пайдалануды үйренген кезі. Алайда сол от арқылы адам баласы айналаны  түтінмен ластап, орманды өртеп, биосфераға  зиянын тигізе бастағанын білген жоқ. Дегенмен сол көне заманда адамның табиғатқа ықпалы өте аз мөлшерде болды. Адам табиғатқа  түгелдей тәуелді болғандықтан қоршаған орта жағдайына бейімделуге мәжбүр еді. Адамның ол кездегі табиғатқа ықпалы көлемінің аздығы сондай, оны қазіргі кездегі табиғатқа  жасалып жатқан өзгерістермен салыстыру мүлдем мүмкін емес.

Адамның табиғатқа әсерін тікелей әсер, жанама әсер және құрама әсер деп үш топқа бөлуге болады. Бұл әсер түрлері шамамен алынып отыр, олардың арасында шекара жоқ десе де болады. Дегенмен бұлай бөлудің адамның табиғатқа  ықпалы күрделі құбылысты түсінуге көмегі тиеді. Адамның табиғаттың қорына бірден барып жасаған әсерін тікелей әсер дейді. Мысалы адамның жер жыртуы, ағашты кесуі, аңдарды, құстарды, балықтарды аулауы, көмірді, мұнайды, газды қазып алуы тікелей әсерге жатады. Мұндай әсер ақырында сол табиғи қорлардың   азаюына немесе құрып кетуіне әкеледі.

Табиғатқа жасалатын жанама әсер тікелей әсердің салдарынан туады. Олай дейтініміз ағаштарды кесу табиғатқа қосымша жанама әсерді туғызады. Мысалы, ағашы кесілген жер енді ашық қалғандықтан топырақ, желдің әсерінен үгітіледі де, ұсақ өзендердің көзін басып қалады, өзен тартылады. Бұл әлгі өзен құятын көлдің кеуіп қалуына әкеледі. Су қоймаларының жағасындағы ағаш кесілсе жарқабақтар құлайды, судың булануы артады, су жануарлары мен өсімдіктерінің тіршілігіне қолайсыз жағдай туады. Кесілген орманның орны  ондағы кейбір хайуандардың, құстардың, өсімдік тіршілігіне қызмет етуден қалады. Сөйтіп хайуанаттар мен құстар қоныс ауыстыруға мәжбүр болып, ол жерлердегі кейбір өсімдік түрлері жойылады. Жер астындағы қазба-байлықты алу кезінде алдын ала сақтық жасалмастан, жүйесіз жүргізілетін болса, жердің құнарлы қабатының бүлінуіне, өсімдіктер мен жануарлардың жойылуына әкеледі.

Табиғатқа жасалатын жанама әсердің салдары тікелей әсерден әлдеқайда қауіпті. Олай дейтініміз жанама әсердің жақын арадағы немесе көп уақыттан кейін білінетін зиянды салдарының көлемін анықтау қиын. Адамның табиғатқа жасайтын жанама әсерінен болатын зиянның экономикалық көлемі тікелей әсердің зиянынан әлдеқайда артып кетуі мүмкін.

Табиғатқа жасалатын тікелей әсер мен жанама әсердің басы қосылып құрама әсерді туғызады. Адамның табиғатқа әсері арнайы түрде және арнайы емес жүруі мүмкін. Табиғатқа адамның әсері алдын ала шешіліп, белгілі мақсатты орындау үшін жүретін болса, арнайы әсер болып шығады. Бұл табиғат байлығын белгілі бір мақсатқа пайдалану кезінде жүреді және бұл әсерді жұмыс деңгейіне және табиғи байлықтың мөлшеріне байланысты жоспарлы жүргізуге болады. Табиғатқа адамның арнайы емес әсері сенбі- жексенбі күндері адамдар көп жиналатын демалыс орындарында болады. Адамдар орманды ластап, шөптерді таптап, гүлдерді жұлып, бұтақтарды сындырып, аңдар мен құстарды қорқытып орманның табиғи ырғағын бұзады.  Мұның салдарынан бұталарда тұратын топ- тоғайлар жойылып, ағаштардың жоғарғы жағы кеуіп, ақырында өледі, шөптесін, гүлді өсімдіктер жойылады.

Өзін-өзі тексеруге тапсырмалар:

1.Қолданбалы экология нені оқытады? .

       2.Табиғаитқа тікелей әсер ету дегенімз не?

        3Қоршаған ортаға  антрпогендік әсер етудің нәтижелері қандай

Негізгі әдебиеттер: 3,4, 23, ,19,11,9

7- тақырып. Экологиялық жобалау және инженерлік экология

Мақсаты: Студенттерді Экологиялық жобалау және инженерлік экология негіздерімен таныстыру .

Жоспар:

1.Экологиялық жобалау туралы түсінік.

2.Табиғи  орта жүйелерін жобалау.

3.Қоршаған ортаны инженерлік қорғау.

4.Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және  қоршаған орта.

Экологиялық жобалау және инженерлік экология

Экологиялық жобалау туралы түсінік. Табиғи  орта жүйелерін жобалау. Қоршаған ортаны инженерлік қорғау. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және  қоршаған орта.Ерекше қорғалатын табиғи территориялар.



Өзін-өзі тексеруге тапсырмалар:

1.Экологиянықжобалаудың маңызы қандай? .

       2.Инженерлік экология нені оқытады?

        3. Жобалау алғышарттары қандай ?

Негізгі  әдебиеттер: 2,3,4,23, 18, 19, 17

8– тақырып. Экологиялық бақылау және экологиялық процесстерді басқару

Мақсаты: Студенттерге экологиялық бақылау және экологиялық басқару негіздерін түсіндіру .

Жоспар:

1.«Экологиялық бақылау» және «Экологиялық басқару» ұғымы.

2.Экологиялық бақылаудың түрлерінің ерекшелігі.

3.Қоршаған орта  процесстерін экологиялық басқару.



Экологиялық бақылау және экологиялық процесстерді басқару

«Экологиялық бақылау» және «Экологиялық басқару» ұғымы. Экологиялық бақылаудың түрлерінің ерекшелігі. Қоршаған орта  процесстерін экологиялық басқару. Экологиялық қор. Экологиялық  стандарттау. Экологиялық  сараптама

Экологиялық сақтандыру.

Экологиялық процестерді басқару.БҰҰ 1972 жылы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Стокгольм Конференциясынан көптеген кейін елдерде келісілген экологиялық саясат, оның ішінде басқару саласында да жүргізіле бастады. Табиғат қорғау жөнінде арнайы мемлекет басқару органдары құрылды. Соған сәйкес табиғатты қорғау міндеттері жекелеген министрліктер мен ведомстволарға жүктелді. Атмосфераны қорғау мен бақылау Мемлекеттік гидрометеорология комитетіне су ресурстарын қорғау мен пайдалануды бақылау- Милиорация және су шаруашылығы министрлігіне жер ресурстарын қорғау мен пайдалануын бақылау-Ауыл шарушылық министрлігіне, балық қорын қорғау мен пайдалану-Балық шаруашылығы министрлігіне тапсырылды.

Табиғатты қорғау заңдарын жүзеге асыруды басқарушы, қадағалаушы органдар маңызды роль атқарады. Табиғатты қорғауды басқарушы құрылымдарды екі қатарға бөлуге болады: арнайы және жалпы міндетті.

Табиғатты қорғау жөніндегі құзыреттер өкілетті және атқарушы органдар арасында да бөлінеді. Табиғатты қорғау заңдарына сәйкес жоғары өкілетті органның құзыретіне, негізінен, бес мәселе жатады;

-          экологиялық саясаттың басты бағыттарын анықтау;

-          мемлекеттік экологиялық бағдарламаны бекіту;

-          табиғатты қорғау қатынастарының құқықтық негіздерін анықтау;

-          табиғатты қорғау саласындағы құзыретті және осы саладағы басқару органдарының әрекеті мен ұйымдастыру тәртбін анықтау;

-          экологиялық апат және экологиялық төтенше жағдайлар аймақтарындағы тәртіпті белгілеу.

Табиғатты қорғау жөніндегі құзыреттер ауылдық өкілетті органдарға да беріледі:

-          өз территорияларында муниципалдық меншікке жатпайтын кәсіпорындарды орналастыру жағдайы мен тәртібін белгілеу;

-          экологиялық және санитарлық нормалар бұзылғаны анықталған жағдайда құрылысты немесе нысандарды пайдалануды тоқтату;

-          өз қарауындағы территорияларда қолайсыз экологиялық салдарға соқтыратын шараларға тыйым салу. Бұл санэпидемстанцияның немесе табиғат қорғау комитетін қорытындысына сәйкес жүзеге асырылады.

Өкіметке экологиялық саясатты жүзеге асыру, бағдарламаларды орындау, табиғат қорғауды басқарушы барлық органдардың жұмыстарын үйлестіру, бюджеттен тыс экологиялық қорларды құру және жұмсау, табиғатты пайдалану төлемдерінің тәртібін белгілеу, халықты экологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету және т.с.с. міндеттер жүктелген:

1.       Экологиялық  саясаттың негізгі бағыттарын анықтау, экологиялық бағдарламаларды бекіту, табиғат қорғауды басқарудың құқықтық және экономикалық негіздерін белгілеу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 

2.       Экологиялық бағдарламаларды жоспарлау, қаржыландыру және материалдық – техникалық жабдықтау, табиғатты қорғау әрекеттерін үйлестіру.

3.       Табиғат ресурстарын бағалау және есептеу, табиғи ортаның жағдайын болжау, табиғат ресурстары кадастрларын жүргізу және табиғи ортаның сапасын бақылау.

4.       Зиянды әсерлердің табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерінің, зиянды заттардың шығарғаны және қатты қалдықтарды орналастырғаны үшін өлшемдердің нормативтерін бекту.

5.       Мемлекетік экологиялық бақылау, мемлекеттік эколгиялық сараптама, экологиялық зиянды өндірістерді, қызметтерді тоқтату, шектеу шешім қабылдау. Экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық және әкімшілік жаза қолдану. Экологиялық құқық бұзушылардың үстінен сотта, арбитраждық сотта қозғау.

6.       Қорықтар жұмысын ұйымдастыру, табиғат ескерткіштерін қорғау, қызыл кітапты жүргізу, экологиялық тәрбие мен білім беру.

7.       Халықаралық бірлестік қарым-қатынас.

Аталған мәселелер мен міндеттерді барлық басқарушы құрылымдар орындайды. Олардың әрекеттері бөлектеу: кеңістік және ресурстық бағытта жүреді.

Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және пайдалану жөніндегі экологиялық саясаты БҰҰ 1992 жылы Рио де-Жанейро Конференциясында қабылданған құжаттарға «Қазақстан-2030» Бағдарламасына сәйкес дамиды және оның негізгі бағыттары:

-          Қазақстан халқының игілігі үшін экологиялық дамудың нақты территориялардың экологиялық табиғи - географиялық жағдайы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету;

-          Нақты территорияларда санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес өмір сүруге қолайлы жағдаймен қатар халықтың ұрпағының денсаулығын жақсартуға жету;

-          Биосфералық тепе-теңдікті жануарлар мен өсімдіктерді генетикалық тұқым қорларын сақтау және қалпына келтіру;

-          Қазақстанның барлық табиғи ресурстар потенциалын тиімді пайдалану.



Өзін-өзі тексеруге тапсырмалар:

1.Экологиянық бақылау дегініміз не? .

       2.Экологиялық басқару дегеніміз не?

        3. Экологиялық басқару түрлері ?

 

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 23, 1 1 .



9 –тақырып .  Экологиялық білім беру, тәрбиелеу және  экологиялық көзқарас .

Мақсаты: Студенттерде экологиялық білім  тәрбие, экологиялық көзқарас қалыптастыру .

Жоспар:

1.«Экологиялық білім», «Экологиялық тәрбие», «Экологиялық көзқарас» ұғымдары.

2.Қазақстан Республикасындаға  экологиялық білім беру және тәрбиелеу  принціптерінің ерекшеліктері.

3.Экологиялық ағарту мен экологиялық  мәдениеттің байланысы.

4. Экологиялық  қызметтің психологиясы.

Лекцияның қысқаша мазмұны.Экологиялық  білім беруге деген қажеттілік адасмның өміріне қжет қолайлы ортаны қамтамасыз ету мен баиланысты.Қоршаған ортаның санасы адамның негізгі құқықтарының бірі –денсаулықты  және дамуының негізгі мақсатын анықтайды. Экалогиялық білім  беру табиғатқа адамгершілік  қатынасты қалыптастыру, табиғатты өзгертудің шекті мөлшерін  анықтау  үшін ,адамның  одан әрі өмір сүрруін мен дамуына  мүмкіндік беретін мінез-құлықтың арнаиы -әлументтік табиғи заңдылықтарын меңгеру үшін қажет.

Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты- табиғаттқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы  экалогиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға  бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру даму процестерін түсінеміз.

Экологиялық жауапкершілік  адамның мына қасиеттерімен баилатнысмты. өз іс-әрекетін бақылау,табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетініңжақын кездегі және болашақты нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен  қарай білу және т.б.

Жоғарғы айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді  жалпы білім беру жүиесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептеледі.

Экологиялық білім беру дегеніміз- әр түрлі  днңгеидегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар  қоршаған ортаны қорғау дың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғатпен антропагенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары тұралы арнайы білім беру .Ал білім беру жүйесін экологизатциялау- экологиялық ойлардың ,принциптер мен көзқарастың  басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын даиындау.                     

Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты- табиғаттқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы  экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға  бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру даму процестерін түсінеміз.

Экологиялық жауапкершілік  адамның мына қасиеттерімен байланысты:  өз іс-әрекетін бақылау,табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кездегі және болашақты нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен  қарай білу және т.б.

Жоғарғы айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді  жалпы білім беру жүиесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептеледі.

Экологиялық білім беру дегеніміз- әр түрлі  деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар  қоршаған ортаны қорғау дың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғатпен антропагенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары тұралы арнайы білім беру .Ал білім беру жүйесін экологизатциялау- экологиялық ойлардың ,принциптер мен көзқарастың  басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын даиындау.                     

Экологиялық қызметтің психологиясы

Қызығу психологиялық жағынан алып қарағанда- үш ерекшелікпен сипатталатыны байқалады.

1. Әрекетке қатысы  бойынша жағымды жоғарғы деңгейдегі эмоция

2.  Эмоцияның қуанышқа ұласуы

3 . Өзін тудыратын тікелей мотивінің болуы.

Психологияға және педогогикаға қызығудың төрт құрамдас бөлігі болатыны туралы тұжырым жасадық. Оларды алып  айтсақ мына төмендегілер  болып шыңғады – ынтықтылық ,алғырлық ,білуге құмарлық және тұрақтылық.

Қызығу дегеніміз- ынтықтылық ,алғырлық ,тұрақтылық  және білуге құмарлық  тәрізді бірнеше мәні зор бөліктерден тұратыны сөзсіз. Белгілі бір бмосфераны көрінісіне зейін қою арқылы эмоция тудырып, іс әрекеттерді жүзеге асатын  жеке тұлғаға тән ерекшелік.

 Қызығуды топтастыру әр түрлі ғылыми негіздерге сүйеніп жүзеге асыруға болады. Олардат  қызығудың биохимиялылық мазмұны, тұрақтылығы ,күші, ұзақтылығы, зеріттелетін объектісі ескеріледі.

Психологтардың пікірінше қызығу дегеніміз-адамзат баласының  белгілі бір объектіні ұнатып, білуге ұмытылған іс әрекетің  қуаттандыратын психологиялық ерекшелігі , адамды білім алу мен дербес шығармашылық –ұмытылдыратын ынтасы бір нәрсеге жеке бас ниетінің шоғырлануы немесе жеке тұлғаның  күрделі қасиеті, бейімділігі, білуге ұмытылуы.

Танымдық қызығу дегеніміз- жалпы  қызығудың бір түрі деген ойдамыз

Оларды мынадай бағыттарға жіктеуге болады.

Қызығу-танымдық қөызығу- биосфераның бір құбылысын білуге қызығу.

Осыған сәикес  кейбір биолог, химик, эколог ғылымдар қызығуды студентті өзіндік дербес іс-әрекетке  жұмылдыратын мотиві ретінде санайды

 

Танымдық қызығу сатысының моделі



 

Стимул----------------------әлсіз----- орта ----күшті.

1Бағалаү әрекеті

2.Білуге құмарлық

3.Әуестену.

 

Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты- табиғаттқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы  экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға  бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру даму процестерін түсінеміз.



Экологиялық жауапкершілік  адамның мына қасиеттерімен байланысты:  өз іс-әрекетін бақылау,табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кездегі және болашақты нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен  қарай білу және т.б.

Жоғарғы айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді  жалпы білім беру жүиесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептеледі.

Экологиялық білім беру дегеніміз- әр түрлі  деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар  қоршаған ортаны қорғау дың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғатпен антропагенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары тұралы арнайы білім беру .Ал білім беру жүйесін экологизатциялау- экологиялық ойлардың ,принциптер мен көзқарастың  басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын дайындау.                     


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы