Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі


«Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры»



бет4/5
Дата20.11.2021
өлшемі50.43 Kb.
1   2   3   4   5
«Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры»
Қазақстан Республикасындағы  шағын кəсіпкерлік субъектілерінің  қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру жəне шағын бизнесті қолдауға бағытталатын мемлекеттің қаржы қаражатының тиімді  пайдаланылуын жақсарту мақсатында, 1997 жылы «Даму» кəсіпкерлікті    дамыту қоры» АҚ құрылды. «Даму» Қоры 1997 жылдан бастап отандық тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар бағдарламасы бойынша, сондай-ақ Еуропалық қайта құру жəне даму банкінің (ЕҚДБ) жəне Азия даму банкінің (АДБ) несие желілері бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын есепке алу жəне бақылау жөніндегі агент функциясын орындап келеді[7].

2002 жылдан бастап «Даму»  Қоры шағын бизнесті тікелей  өзінің меншік қаражатынан несиелендіре  бастады. Қор «Шағын кəсіпкерлік  субъектілерін республикалық бюджет  қаражатынан несиелендіру бағдарламасын»  жəне «Шағын қалаларды дамытудың  2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын»  іске асырды.

«Даму» Қоры 2005 жылғы мамыр  айында Қазақстан Республикасында  шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту бойынша жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасына сəйкес, шағын кəсіпкерлікті төмендегі бағдарламаларды іске асыру жолымен қолдауды жүзеге асырды:

l жобалық қаржыландыру жəне лизинг;

l Қазақстанда шағын несие беру жүйесін дамыту бағдарламасы;

l шағын жəне орта бизнестің екінші деңгейдегі банктерден алатын  несиелеріне кепілдік беру.

2006 жылғы қыркүйектен  бастап «Даму» Қоры «Қазына»  орнықты дамыту Қоры» акционерлік  холдинг құрамында, ал 2008 жылғы  қазан айынан бастап, «Самұрық-Қазына»  Ұлттық əл-ауқат қоры» АҚ ұлттық  басқарушы холдингінің құрамында  жұмыс істейді.

«Даму» Қоры өзі жұмыс  істей бастағаннан бастап 2008 жылға  дейін шағын кəсіпкерлік жобасын  жалпы сомасы 33,3 млрд. теңгеге қаржыландырды. 2007 жылдың аяғынан бастап, қазіргі  уақытта «Даму» Қоры Қаражатты кейіннен шағын жəне орта бизнес субъектілерін  несиелендіру үшін екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру  бағдарламасын іске асыруды жүзеге асырып отыр:

1) Қаражатты екінші деңгейдегі  банктер арқылы келісіп орналастыру  бағдарламасының 1-ші траншы (Тұрақтандыру  бағдарламасының 1-ші траншы);

2) Қаражатты екінші деңгейдегі  банктер арқылы келісіп орналастыру  бағдарламасының 2-ші траншы (Тұрақтандыру  бағдарламасының 2-ші траншы);

3) Аймақтық бизнес жобаларды  жергілікті атқару органдарымен  бірлесіп қаржыландыру бағдарламасы («Даму-Аймақтар» Бағдарламасы);

4) Қаражатты екінші деңгейдегі  банктер арқылы келісіп орналастыру  бағдарламасының 3-ші траншы (Тұрақтандыру  бағдарламасының 3-ші траншы).

Шағын жəне орта бизнес субъектілерінің  жеңілдетілген несие ресурстарына қол жеткізуін ұлғайту үшін, «Даму» Қоры төмендегідей шағын

жəне орта бизнесті қаржылай қолдау құралдарын іске асырып отыр:

l ҚР микрокредиттік ұйымдарды дамыту жөніндегі 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламалар шаралары. Бағдарламаның  мақсаты – еліміздің несие жүйесінің үшінші деңгейі ретіндегі микро қаржы секторының сапалы дамуына микрокредиттік ұйымдарға (одан əрі – МКҰ) қаржылай жəне қаржылай емес қолдау көрсету арқылы жəрдемдесу. МКҰ іріктеу жөніндегі конкурс нəтижесінде   21 МКҰ- мен  1 078,4 млн.теңге сомаға қаржыландыру

шарттары жасалынды. 2009 ж, желтоқсаннан бастап «Даму» Қоры  МКҰ - ды Қор қаражатын ЕДБ арқылы келісіп орналастыру арқылы  қаржыландыруға кірісті. 

     Келісіп орналастыру  бағдарламасына 4 əріптес-банк: «Банк  ЦентрКредит»  АҚ,   «Цесна Банк» АҚ,   «Еуразиялық банк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ тартылды.            

01.09.2010 жылғы жағдай бойынша  келісіп орналастыру арқылы 1123 млн.  теңге сомаға нақты 9  МКҰ  қаржыландырылды. Аталмыш кредит  бойынша орташа есеппен алынған  мөлшерлеме жылдығы 13,0% құрады. Бөлінетін  қаражаттың аумаққа теңдей етіп бөлінуін сақтап қалу жəне ауылдық жерлерде микроқаржыландыру қызметін қамтамасыз ету үшін,  «Даму» Қоры бөлінетін қаражаттан кемінде 30% МКҰ-ға тікелей қаржыландыру арқылы жеткізуді де жоспарлап отыр.

l Шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілері  мен ауылшаруашылық  өнімдерін өңдейтін жəне тағам өнімдерін өндіретін ұйымдарды тікелей несиелендіру жөніндегі 2009 – 2012 жылдарға арналған «Даму - Қолдау» бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – шағын жəне орта бизнестің сапалы дамуына жəрдемдесу жəне Қазақстан  Республикасының экономикасын əртараптандыру үдерісіндегі оның рөлін күшейту. 01.09.2010 жылғы жағдай бойынша «Даму-Қолдау» бағдарламасы аясында жал_   қаржыландыру сомасы 3 039 млн. теңгеге 10 қарыз шарты кредит желісін беру туралы келісім жасалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік