Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі


Кəсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау  бағдарламалары



бет3/5
Дата20.11.2021
өлшемі50.43 Kb.
1   2   3   4   5
Кəсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау  бағдарламалары.

Қазақстанның тəуелсіздік  алған кезінен бастап кəсіпкерлікті  қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралар  тарихын мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

1. Бірінші кезең – 1992-1994 жылдар аралығы;

2. Екінші кезең – 1994-1996 жылдар аралығы;

3. Үшінші кезең – 1997-2000 жылдар аралығы;

4. Төртінші кезең –  2001-2003 жылдар аралығы;

5. Бесінші кезең – 2004-2007 жылдар аралығы;

6. Алтыншы кезең – 2008 жылдан бастап,    қазіргі  уақытқа дейін.

Мемлекеттің 1992-1994 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы  кəсіпкерлікті қолдау жəне дамыту бағдарламасын  қабылдауы осы саладағы бастапқы шаралардың бірден бірі болып табылады, ол жеке кəсіпкерліктің қалыптасуы мен  дамуының, оны ауқымына қарай бөлместен, тұтастай алғанда негізін қалады. Сол кезде кəсіпкерліктің дамуына  басты кедергі болғандар тұтас  жəне тұрақты заңнаманың, тиісті салық  саясатының болмауы, инвестиция жəне несие, өндіріс ғимараттарын, шикізат ресурстарын, ақпарат алудың қиындықтары, яғни құрылуы Бағдарламада болжанған кəсіпкерлікті мемлекет тарапынан нақты қолдау механизмінің  болмауы.

Кəсіпкерлік топтарын белсенді қалыптастыру үшін қажетті жағдай туғызу мақсатында, сонымен қатар республикада экономикалық реформаның сенімді əлеуметтік базасын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасындағы кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жəне дамыту жөніндегі 1994-1996 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама əзірленіп,  қабылданды. Сол кезеңнің басты мақсаты салық ауыртпашылығын бұрын қолданылған салық жəне төлемдерді қысқарту арқылы төмендету, сонымен қатар елдің барлық аумағында салық ережелерінің бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету болып табылған салық реформасын жүзеге асыруымен есте қалды. Ел экономикасын реформалау үдерісінде шағын бизнес басты рөль атқарды. Шағын кəсіпкерлікті өнеркəсіп секторын əртараптандырумен бірге дамыту «Қазақстан – 2030» Стратегиясының бірден-бір негізі болып табылды.

Шағын кəсіпкерліктің дамуына  кедергі болатын алдыңғы кезеңдегі  проблемаларды болдырмау, жəне мемлекеттің қол жеткізген оң беталыс-тарын бекіту мақсатында, 1997- 2000 жылдар аралығында мынадай шаралар жүзеге асырылды:

1. «Шағын кəсіпкерлікті  дамытуға мемлекеттік қолдауды жəне жандандыруды күшейту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығы қабылданып, ол шағын кəсіпкерлікті қолдау жəне дамыту шараларының мəртебесін мемлекеттік экономикалық саясаттың басым саласымен ресми түрде бекітті жəне жүзеге асырылатын шараларды, бірінші кезекте, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, олардың əлеуметтік проблемаларын шешуге жəне еңбек белсенділіктерін арттыруға, тұтыну нарығын көптеген тауарлар мен қызметтердің түр-түрімен толтыруға жолдады.

2. Қазақстан Республикасының  Үкіметі 1997 жылғы 26 сəуірде Шағын кəсіпкерлікті дамыту қорын құрды («Шағын кəсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сəуірдегі № 665 қаулысы).

3. Шағын кəсіпкерлікті  дамыту жəне қолдау жөніндегі  1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік   бағдарлама  қабылданды,   ол  мемлекеттік  қолдаудың,  атап айтқанда, нарықтық экономикадағы оның ерекше рөліне байланысты, шағын бизнесті қолдаудың басты бағыттарын белгілеп берді.

2001 жылы Қазақстан   Республикасындағы   шағын   кəсіпкерлікті дамыту  жəне    қолдау  жөніндегі 2001-2002 жылдарға арналған кезекті Мемлекеттік бағдарлама қабылданды, ол шағын   кəсіпкерліктің құрылып жатқан   қолдау жəне қорғау  инфрақұрылымын пайдаланудың тиімділігін арттыруды, шағын кəсіпкерлік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруді, шағын кəсіпкерлікті қолдаудың қаржы-несие механизмдері мен инвестициялық саясатын жетілдіруді, шағын    кəсіпкерлікті кадрмен,    ғылыми-əдістемемлік жəне ақпарат жағынан қамтамасыз етуді, шағын  кəсіпкерлікті аймақтық дамытуды топшылайды.

Шағын    кəсіпкерлікті  одан   əрі дамыту мақсатында   мемлекет 2004 - 2007 жылдар аралығында шағын бизнестің жақын арадағы перспективасының басты бағыттарын, оның ішінде кəсіпкерлік ахуалды, бəсекелі ортаны, қосымша құны жоғары өндірісті құру үшін жеке секторды ынталандыратын   қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыруды белгіледі. Қазақстан Республикасындағы Шағын кəсіпкерлікті дамыту жəне қолдау    жөнінде 2004 - 2006 жылдарға арналған мемлекеттік жаңа бағдарлама қабылданды. Бағдарламаның іс-шараларын орындау аясында, шағын кəсіпкерліктің əртараптандырылуы үшін институционалдық жағдайды қамтамасыз ету, профильдігін ұлғайту, инвестициялық ағымдарды жаңа салаларға аудару, шағын кəсіпкерлік кəсіпорындарының активтерін көбейту, шетке шығаруға бағдарланған ғылымды көп қажетсінетін өндірістер құру жəне шағын кəсіпкерлік өнімдерін (жұмыс, қызмет) сыртқы нарыққа шығару жөніндегі міндеттер тұрды.

Үкімет Шағын кəсіпкерлікті  қолдау жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған бағдарлама бойынша шаралардың іске асырылуының аяқталғанын күтпестен  тағы бір бағдарламаны – «Қазақстан экономикалық, əлеуметтік жəне саяси  жедел жаңару жолында» атты Қазақстан  Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына  Жолдауына сəйкес əзірленген «Қазақстан Республикасындағы шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту бойынша жеделдетілген  шаралардың

2005-2007 жылдарға арналған  бағдарламасын» қабылдады. Бағдарлама  ШОБ- ті қолдау жəне дамыту  бойынша мемлекет тарапынан өткізіліп  отырған макроэкономикалық саясат  аясына қисынды үйлесіп кететін  Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған  индустриалды-инновациялық даму  Стратегиясына жəне Қазақстан  Республикасының 2030 жылға дейінгі  кезеңге даму Стратегиясына негізделген  аса пəрменді шараларды қарастырады. 

2007 жылдың соңынан бастап  мемлекет ШОБ үшін əлемдік  қаржы дағдарысының салдарынан туындаған кредит қаражатының тапшылығын қысқарту мақсатында, қаражатты кейіннен ШОБ-ті жеңілдік шарттарымен несиелендіру үшін, «Даму» Қоры оператор болып табылатын, екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасын іске асыруға кірісті.

Мемлекет Басшысы Н.Ə. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу –Қазақстанның  жаңа мүмкіндіктері» атты 29.01.2010ж. Қазақстан  халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын  орындау үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметі 13.04.2010 ж. «Бизнестің жол картасы 2020»  

атты Кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасын əзірлеп, бекітті. Бағдарламаның  мақсаты экономиканың шикізат емес секторларындағы аймақтық кəсіпкерліктің тұрақты жəне теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған    жұмыс     орындарын сақтап қалу  жаңа    жұмыс  орындарын      ашу

болып табылады.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасын іске асыру  кəсіпкерлікті қолдаудың үш бағыты бойынша жүзеге асырылады. Біріншіден, бизнестің жаңа бастамаларына қаржылай қолдау, яғни аймақтарда жаңа заманауи кəсіпорындар құрылатын болады. Екіншіден, кəсіпкерлік секторды сауықтыру, яғни дағдарыс кезінде қаржылық қиыншылықты  басынан өткізген, қазір жұмыс  істеп тұрған бизнес-ке қолдау көрсету. Үшіншіден, экспортқа бағдарланған өнді рістерге қолдау көрсету, яғни өнімдерін  сыртқы нарыққа шығаратын кəсіпкерлерді қолдау.

Аталған бағыттардың іске асырылуына 2010 жылы республикалық бюджеттен 30 млрд. теңге бөлінді. Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жəне жаңа өндірісті  іске асыру үшін кредитке кепілдік беру бірінші бағыт бойынша басты  қолдау механизмі болып табылады.

Екінші бағыт бойынша  мемлекеттің кəсіпорындардың берешектерін құрылымдауға қатысуы бұрынырақ  берілген проблемалы кредит бойынша  пайыздық мөлшерлемені субсидиялау  жəне төлемақы өсімі есептелместен    бюджетке  салық   берешегін  өтеу    мерзімін кейінге қалдыру  есебінен жүзеге асырылады.  

Үшінші бағыт бойынша    мемлекеттік қолдау банктердің бұрынғы  кредиттерінің пайыздық мөлшерлемесін  субсидиялау арқылы көрсетілетін болады. «Даму Қоры несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау жəне несие бойынша жартылай кепілдеме  беру бағдарламаларының қаржы агенті ретінде осы үш бағыттың барлығына  қатысады





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде