Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс



бет2/41
Дата20.09.2021
өлшемі491.65 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс

Жалпы сағат саны

Академиялық сағат саны

Дәріс

Практикалық/ семинар

Зертханалық сабақ

БОӨЖ

БӨЖ

150

15

30

-

30

75

Курстың жоспары

Апта

Тақырыптың атауы

Дәстүрлі, онлайн, гибридті

Оқытуды ұйымдастыру формалары бойынша сағат саны


Дәріс

Практ.

СОӨЖ

СӨЖ

1.

Гидробиология пәнінің мақсаты, әдістері.

Дәстүрлі

1

2

2

5

2.

Гидробионттардың тіршілік етуінің физико-химиялық жағдайлары..

Дәстүрлі

1

2

2

5

3.

Су қоймалары және оны мекендеушілер.

Дәстүрлі

1

2

2

5

4.

Гидробионттардың тіршілік формалары.


Дәстүрлі

1

2

2

5

5.

Гидробионтардың қоректенуі, азығын табу жолдары.

Дәстүрлі

1

2

2

5

6.

Гидробионтардың су-тұз алмасуы.


Дәстүрлі

1

2

2

5

7.

Гидробионтардың тыныс алуы.


Дәстүрлі

1

2

2

5

8.

Гидробионтардың дамуы өсуі және энергетикасы.

Дәстүрлі

1

2

2

5

9.

Гидробионтардың көбейтудің құрылымдық және функционалдық ерекшелігі.

Дәстүрлі

1

2

2

5

10.

Гидробионтарды көбейту өндірісі мен динамикасы.

Дәстүрлі

1

2

2

5

11.

Гидробиоценоздар структурасы.


Дәстүрлі

1

2

2

5

12.

Теңіз және су қоймаларындағы негізгі биоценоздар.

Дәстүрлі

1

2

2

5

13.

Су-экожүйесі. Құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері.

Дәстүрлі

1

2

2

5

14.

Экологиялық жүйе, энергобалланс және органикалық заттың жаңа түрінің қалыптасуы.

Дәстүрлі

1

2

2

5

15.

Су экожүйесінің биологиялық өнімділігі және оны арттыру жолдары.

Дәстүрлі

1

2

2

5

Барлығы




15

30

30

75

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3

2. Бәйімбетов Ә.А. –Ихтиология негіздері 1-бөлім. Алматы, 2005ж.

3. Минсаринова Б., Есжанов Б. –Жалпы гидробиология КазҰУ, 2017ж.

4. В.В. Травникова Биологические экскурси, СПб.: «Паритет», 2002. – 256 б.

5. Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Есполов Экология және табиғатты тиімді пайдалану: оқулық. – Алматы: Ғылым, 2004 – 328 б.

6. Биология Қазақстан мектебінде./ Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. 2005 жылдан бастап

Қосымша әдебиеттер:

1. Қайым Қабділрашид. Биология. Анықтамалық көмекші құрал. –Алматы. «Ол – Жас баспасы» ЖШС. 2006 ж. 104 бет.

2. Оспанова Г. Экология: оқулық. –Алматы Экономика, 2002. – 408 б.

3. Бейсенова Ә.С., Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева.Экология негіздері –Алматы: Ғылым, 2001. – 238 б.

4. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері: оқулық. – Алматы: Зият, 2003. – 212 б.

5. Шілдебаева Ж. Қызықты экология: оқу құралы. –Алматы: Ы.Алтынсарин, 2000. – 172 б.



1-АПТА

1-дәріс Гидробиология пәнінің мақсаты, әдістері

1. Гидробиология ғылымының міндеті, оқытудың маңызы.

2. Гидробиология ғылымының зерттеу тарихы.

Дәріс бойынша тапсырмалар



Лекцияның мәтіні :

1. Гидробиология грек тілінен алғанда – суда тіршілік ететін организмдер, олардың тіршілік ортасымен қарым – қатынасы, маңызы және өзен, көл, теңіз, мұхиттан алынатын өнім туралы ғылым.

Гидробиология – экологиялық ғылым саласы болып табылады. Қазіргі экологиялық жолдардың көбі, мұхит , теңіз және өзендермен байланысты. Каспий теңізіндегі мұнайды бұрғылайтын скважиналардағы авариялар, мұнай таситын танкерлердің – мұнайды суға жіберіп алуы, судағы өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіне әсер етеді.

Мысалы: 2004 жылы Каспий тенізінде 1000 аса теңіз мысықтарының – яғни тюлендердің өлі денелері табылған. Бұл теңіздің экологиялық жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырады.

Көлдердің, теңіздердің, өзендердің маңындағы өндіріс орындары суды пайдаланып қайта өзенге құяды. Балхаш көлінің маңындағы қағаз шығаратын фабрика, Аралдың экологиялық жағдайлары, Сырдария, Амудария өзеннің суларын ретсіз пайдалануымыз нәтижесінде – бұл гидроресурстар жағдайын ондағы өсімдіктермен жануарлардың тіршілігіне өте үлкен әсерін тигізуде.

Гидробиология тікелей – ботаника, зоология, физиология және зоогеография пәндерімен тікелей байланыста болады. Әсіресе экология ғылымының орны ерекше. Экологтар өз тәжірибелерін және жүргізетін зерттеулерін осы мұхиттар мен теңіз, өзен , көлдердің суларындағы өсімдіктер мен жануарлардың өмір тіршілігіне жүргізуде.

2. Гидробиологиялық зерттеулерде – көміртек, спектрофотометриялық әдістер, су бактерияларының маңызын анықтайтын әдістер көп қолданылады.

Теңізде кейбір тұщы суларда аквалангистер көмегімен терең жерлерге телевизияны пайдалану, суретке түсіру әдістері экологтар пайдаланатын жүйелер.

Атақты ғалым зертеуші Ж. Кусто ұзақ жылдар бойы теңіздер мен мұхиттарда зерттеулер жүргізді. Мыңдаған өсімдіктер мен жануарлар мекен орталарын, тіршілігін анықтап берді.

Су түбінде өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі табиғаттың ең керемет құбылыстарының бірі. өсімдіктердің О2 бөліп жан – жануарлар дүниесін тіршілікпен қамтамассыз етуі өз ара байланыстарын көрсетеді.

Су түбінде керемет тіршіліктің өсімдіктер мен жануарлардың көп және алуан түрлілігіне – адамзаттың әрекеттерінен бұзылуда. Мұхит жағалауындағы елдерде өндіріс қалдықтарын мұхит ортасына тастауы, мұнай таситын танкерлердің соқтығыстарға ұшырауы және мұнай дақтарының пайда болуы нәтижесінде мұхиттар мен теңіздердегі тіршілік бұзылып жатыр. Соның ішінде балықтар мен теңіз мысықтарының қырылу дәрежесі көбейіп жатыр.

Гидробиологиялық деректердің балық өсіруде , аулауда өнімін көбейтуде маңызы үлкен. Мысалы: бекіреге жем ретінде теңіздерге құрт – нерейс жіберіледі. Көптеген су қоймаларына , көлдерге шаян тәрізділер жерсіндіріледі. Алматы облысының ұсақ көлдерінде фаррель балықтары өсіріліп, жан – жақты таратылуды.

Гидробиологиялық зерттеулер нәтижесінде тоған суда балық өсіруде минералды тыңайтқыштар пайдалану кеңінен қолданылып келеді.

Гидробиология көптеген салаларға бөлінеді. Соның бірі санитарлық гидробиология . Өндірістік лас су, улы заттардың судағы организмдерге зиянды әсерін анықтайды. Суды биологиялық тазарту мәселелерімен шұғылданады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар