3. Ерлік туралы. Махамбет ерлік Сабақтың тақырыбы:н қай ақыннан да асыра, жеріне жеткізе жырлаған. Оның ұғымынша, ерлік – ел үшін туып, өмір сүрген адал перзенттің қасиеті. Ол туралы «Ереулі атқа ер салмай» деген өлеңінде айтылған.
Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Құбыланы оңға алмай...
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық шөл көрмей,
Арып-ашып жол көрмей,
Өлеңті төсеп ет жемей...
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
Өлең, негізінен, 21 жолдан тұратын көп бағыныңқылы бір-ақ сөйлемнен тұрады. Бір деммен оқылады. Ондағы бірыңғай етістіктен жасалған баяндауыштар жіті қимылды, іс-әрекетті бейнелеп, туындыға қызу қарқын, серпінділік дарытқан. Өлеңнің ырғақ, екпін, ұйқасында мін жоқ, бірде-бір басы артық элемент жоқ. Өлеңде өте көп іс-қимыл атаулары, теңеу, салыстыру, эпитет, т.б. көркемдеу құралдары өзінің орнында бір-бірімен үйлесімді, жарасымды қолданылған.
Махамбет – ерлік пен ездік жайында көп ойлаған ақын. «Ұл туса» деген өлеңінде шын ер қандай мінезімен ерекшеленеді дей келіп, нақты мысалдар арқылы намысты ұрпаққа үлкен ой тастайды. Сонымен бірге сын сағатта шегініп, бұғып қаламайтын қайсарлықты, намыскерлікті насихаттайды.
...Асылдан болат ұл туса,
Екі жақ болып тұрғанда,
Егескен жерде шарт кетер,
Жауырынынан өтін алса да,
Жамандарға жалынбас...
Азаматтың халық сенімін ақтауы – асыл қасиет. Ол, әсіресе халық тағдыры, көптің мүддесі таразыға салынған сын сағатта білінеді. Халық сертінде тұрған азаматты шын ер деп есептейді. Ақын өлеңдерінде оны нарға теңейді.
4. Исатай бейнесі. Махамбеттің ерекше қадірлеп, халықтың көсемі санаған адамы – Исатай.
Көтеріліс басшысы Исатай бейнесі Махамбет өлеңдерінде өр қырынан ашылады. Ақынның «Есіл ер» деген өлеңінде:
Арыстан еді-ау Исатай,
Не етесің, тақсыр, табалап.
Құрттайымда өсіп ем,
Бауырына паналап... – деп, Исатайдың ордадан шеттетілуіне қатты өкінеді. Өлеңдегі «Арыстан еді-ау Исатай» дегенінен-ақ Исатайдың ерекше кесек тұлға екені көрінеді. Махамбет халық ұғымында батырға айтылатын «арыстан» деген метафораны Исатайды сипаттауда жиі қолданады.
Тасобадағы ұрыстың шынайы көрінісін көркем бейнелеген «Соғыс» деген өлеңінде Исатайдың ұрыс кезіндегі ерлігі мен адамгершілік қасиеті әсерлі суреттеледі. Соғыста екі батыр – Қалдыбай мен Ерсары мерт болғанда, Ақтабанмен аңырата шапқан Исатайдың батырлығы, адамгершілігі, серіктері үшін қатерден тайынбайтын адалдығы сүйінтеді. Екі жақтың тағдыры шешілер сәттегі мына бір көріністі ақын осы өлеңінде былай бейнелейді:
...Исатайдың сол күнде
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында,
Зығырданы қайнайды.
Астына мінген Ақтабан
Ақбөкендей ойнайды.
Қасына ерген көп әскер
Маңыраған қойдай шулайды.
Ақын өлеңнің 8 жолына әсерлі суреттерді сыйғыза алған. Басында – дулыға, астында – «ақбөкендей ойнаған» Ақтабан, қасында – «маңыраған қойдай шулаған» қалың әскер. Бұл суреттен енді басталғалы тұрған қанды ұрыстың сұсты, жанды суретін көреміз. Өлеңнің соңында: «...Қызғыштай болған есіл ер, Қайран да жұрттан не көрді?!» – деген мұңды сұрақ тастайды ақын. Біз бұл жолдардан тәуелсіздік, бостандық жолында арыстандай алысып, арманда кеткен Исатайдай ерлерімізді ардақтап, оның ерлігін келер ұрпаққа үлгі ету парыз екенін түсінеміз.
Ақынның «Әй, Махамбет, жолдасым» өлеңі Исатайдың атынан шығарылған. Онда Исатайдың қалың әскерімен хан ордасын шабуға барған кезі былай суреттеледі:
...Қорлықта жүрген халқыма, Арыстандай ақырған
Бостандық алып берем деп, Айбатына шыдамай,
Қырық бір жасқа келгенде, Хан баласы жылады-ай,
Ауыр әскер қол ертіп, «Жанымды қи!» деп сұрады-ай.
Жасқұсқа барып кіргенде,
Бұл айтылғандар тарихи шындыққа да толық сәйкес келеді. Өйтсе де, Исатай ханның «қандай талаптарыңды болса да орындаймын, тек ойлануға он күн срок бер» дегеніне алданып, жеңісті қолдан шығарып алады. Бұл аралықта үкімет әскерлері ордаға көмекке келіп үлгереді. Сарбаздарының көбін ауылдарына таратып жібергендіктен, бұл кезде Исатайдың қасында 500-дей ғана адамы қалады. Екі жақ бетпе-бет кездескенде, көтерілісшілер жау әскеріне бірнеше рет қауіп төндіргенімен, ақыры жеңіліс тапты.
Қаншалық ауыр болғанымен, Исатай өзіндік қатесін, оған себепші болған мінезіндегі кемшіліктерін батырлықпен мойындайды. Серігі Махамбетке ол туралы:
...Қырық бір жасқа келгенде, Бұрала біткен емендей
Өз дегенім болмаса, Қисық туған сорлы ағаң.
Өзгенің тілін алмаған, Хан сөзіне сенгенім,
Кісі ақылы қонбаған... Он күн мұрсат бергенім, – дейді күйіне. «Ел үшін еткен еңбегінің еш болғанына» өзегі өртене өкінеді.
Десек те Махамбет Исатайдың биік тұлғасын асқақтатып, еліне жасаған жақсылығын дәріптеп көрсетеді.
Көтерілістің тағдыры мен келешегі қатты ойландырған ақын бұл өлеңі арқылы жеңілістің себептерін кейінгілерге сабақ ретінде көрсетуді мақсат еткен.
Исатай қазасы Махамбетті қатты қайғыртты. Өлім мен өмір шайқасына сан кіріп, сан шыққан қайсар ақынға Исатай өлімі қатты әсер етіп, ақын Исатай қазасына көп өлеңдер арнады. Көркемдік қуатының ең күштісі – «Мұнар күн». Бұл – ақынның Исатайды жоқтауы, аза жыры. «Біздің ер Исатай өлген күн» дегені – 1846 жыл, 20 қараша. Осы күні Қиыл бойындағы ұрыста Исатай мерт болады. Бірақ Махамбет соғысты суреттемейді. Ақын үшін Исатай өлімімен бірге соғыс та мәнінен, маңызынан айырылғандай. Өлеңде бастан-аяқ Исатай өлімінің әсері ғана баяндалған. Өлең «Мұнар да мұнар, мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн...» деп басталды. «Мұнар» сөзінің үш рет қайталауынан дүние бұлыңғыр, суық кеңістікке айналып кеткендей көрінеді. Сол бұлыңғырдан шұбар күннің шығуы жаман құбылыс, жаманшылық нышанындай. Исатай қазасына қатты қайғырған ақын:
...Хас бәйтерек жығылып,
Жығылғаны естіліп,
Алыстағы дұшпанның
Жақындағы «достының»
Қуанып көңілі тынған күн, – делініп, өлеңнің соңы салмақты ыза-өкінішпен аяқталады. Өлеңдегі алып бәйтеректің (Исатайдың) гүрс етіп құлауы, оған алыстағы дұшпан – хан ордасының «қуанып, көңілі тынуы» Исатайдың ел өміріндегі ерекше орнын танытады. Тұтастай алғанда, Махамбет халық жоқшысы, арыстан жүректі батыр, кемел тұлға ретіндегі Исатайдың асқақ та заңғар образ-ескерткішін жасап қалдырған.
Достарыңызбен бөлісу: |