Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі түркістан облыстық білім басқармасы



бет7/117
Дата19.05.2023
өлшемі3.84 Mb.
#577265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   117
Байланысты:
Казак адебиети оку куралыІ
no2 Opredelenie pokazatelya prelomleniya zhidkosti i koncentracii rastvorennogo veshchestva s pomoshchyu refraktometra (2), Реферат, Дако, Экономикалық әсері, гносеология, 1, WKQAYZFIBHEN19122022111804, Î?óøûëàðäû? î?ó æåò³ñò³êòåð³í êðèòåðèàëäû áà?àëàó æ?éåñ³í åíã³çó, психология, силлабус мед. биохимия 2022-2023 о.ж. (2) (3) (2), 2-курс силлабус ЖМ Бекитилген, туристик кызмет психологиясы 3 дәріс, 9 сыны казак тили БЖБ 4 токсан, Саба та ырыбы С. Бал абаев «Тойдан айт ан аза тар»
Бақылау сұрақтары
1. «Айтқызбасымды айтқыздың» өлеңінің үзіндісіне қарап, Дулат қандай
ақын болған деуге болады?
2. «Сөз – жібек, жыр – кесте» дегенді қалай түсінесіңдер?
3. «Сүлейменге» өлеңінің басқа төрелерге арнауынан айырмасы қандай?
4. Ақын халық қамын ойламайтын әкімдерді қалай сынайды?
5. «Еспенбет» поэмасының негізгі идеясы не? Оның Дулат өмір сүрген
кездегі өмір шындығымен қандай байланысы бар?
6. Дулат Еспенбеттің батырлығына қоса басқа қандай қасиеттерін ерекшелеп
көрсетеді?
7. Дулат поэзиясының басты ерекшеліктері неде?


Қолданылған әдебиеттер
1. Дулат Бабатайұлы. Өсиетнама (Құрастырып, алғы сөзін жазған Қ. Раев).
Алматы: Ғылым, 2001.
2. Б.Омарұлы Зар заман поэзиясы. Алматы, 1999.
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы. «Ереуіл атқа ер салмай».


Жоспары
1. Өмірбаяны.
2. Ел мен жер туралы.
3. Ерлік туралы.
4. Исатай бейнесі.
5. Махамбеттің өз образы.


1. Өмірбаяны. Махамбет Өтемісұлы – қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ірі ақын. Оның барлық өлеңдерін Исатай батыр екеуі бастаған отаршылдыққа қарсы көтерілістің поэтикалық шежіресі деуге болады.
Махамбеттің азаматтық, ақындық, батырлық асқақ тұлғасы – ежелден бостандық пен еркіндік сүйген халық рухының ерекше көрінісі. Сондықтан Махамбет поэзиясы қазақ халқының ұлт ретінде өзін – өзі тануына, тәуелсіз ел болуына дем беріп отырды.
Батыр – ақынның туғанына 200 жыл толған мерейтойы 2003 жылы ЮНЕСКО ауқымында аталып өтті.
Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында дүниеге келген. Әкесі Өтеміс старшын, би болған, өжет те қайсар кісі екен. Махамбеттің өлеңдерінен әке ықпалының ерекше болғаны байқалады. Әкесі туралы Махамбет:
Менің атам Өтеміс
Елдің қамын жеді ғой, –
дейді «Менің атым – Махамбет» өлеңінде.
Өтемістің үйін 1816 жылы Сүйінішқали сұлтан шауып, дүние-малын алып кетеді. Оның «үйінде қашқындарды ұстайды» деген сөзі бойынша әкімдер Өтемісті қаматып, ол сонда қайтыс болады (1817 ж.). Бұл қайғылы оқиға 13 жасар Махамбеттің жан дүниесінде өшпес із қалдырады. Әйтсе де ол 9 бауырының ортасында, қайратты шешенің бауырында көп таршылық көрмей өседі. Оның үстіне, Исатай батыр да Махамбетке әкедей қамқор болған.
Ерекше сезімтал Махамбетке ұлы жыраулар мен даңқты батырлардың да әсері мол болды. Жайықтағы Сырым батыр бастаған ұлт-азаттық көтеріліс те (1783—1797) әлі ұмытылмаған. Осындай ұлы оқиғалардың жарқын іздері Махамбет шығармаларынан айқын танылады.
Махамбет түркі тілдеріне қоса орыс тілін де меңгеріп, жаза білген. Ақын, күйші, шешен, келбеті де келісті Махамбетке хан Жәңгірдің назары ауған. Жәңгір ұлы Зұлхарнайынды Орынборға оқуға жібермек болып қасына Махамбетті қосады.
Махамбет Орынборда болған кезде Шекаралық комиссияның шенеунігі, қазақ өмірінен роман жазған В.И.Дальмен танысады. Мұның бәрі ақынның ой-өрісін кеңейтіп, таным-түсінігін тереңдетеді. Ол осы кезде елінің қорғаны болуға берік бел байлаған тәрізді. Ақын бұл ойын «Махамбеттің ордадан кетерде ханға айтқаны» атты өлеңінде:
...Хан ұлына қас болу,
Қара ұлына бас болу –
Мендей ерге жөн екен! –
деп, батыл әрі көркем бейнелейді.
Махамбет 1834 жылы елге оралады, Жәңгір оны сол жылы старшина етіп тағайындайды. Исатайға жаңа қоныс береді. Бұл – ханның халық наразылығының алдын алу үшін жасаған айласы болатын.
Отаршыл билікке арқа сүйеген помещиктер қазақ шаруаларының құнарлы жерлерін тартып алады. Халык шекаралық өңірдегі қысқы қоныс, жазғы мал жайылымдарынан ығыстырылады. 1830 жылдан бастап Жәңгір жердің тәуірін төре-сұлтандарға, байларға бөліл бере бастайды. Сөйтіп олар пайдалануға жарамды жердің көп бөлігін иемденеді. Оның үстіне, халық онға жуық салық төлейтін болды.
Махамбеттің ақындығы мен батырлығын танытқан тарихи оқиға 1836 жылдың көктемінен басталды. Исатай, Махамбет бастаған көтерілісшілер халыққа көп озбырлық жасаған Балқы би мен Қарауылқожа жасақтарын талқандап, олардың елді тонап жинаған мал-мүліктерін иелеріне қайтарады. Махамбет жалынды жырларымен халықты күреске үндеп, шайқастарда ерен ерлік көрсетеді.
1837 жылдың күзінде Исатай мен Махамбет 3 мыңдай қарулы жасағымен хан ордасын қамайды. Көтерілісшілерден Жәңгір он күн уақыт сұрайды. Талаптарын бейбіт келісіммен қабылдатудан үміттенген Исатай Жәңгірдің сұраған он күнін береді. Осы аралықта ордаға патша әскерлері көмекке келеді. Екі жақ қарашаның 15-інде Тасоба деген жерде шайқасады. Көтерілісшілер жеңіліс табады. Бұл өкінішті ақын өз өлеңінде былай бейнелейді:
...Амал барда хан шаппай,
Тәңірім қылды, не амал бар?!
Жеңілістен кейін батырлар ең ауыр күндерді бастан кешіреді. Жеңілген көтерілісшілер амалын тауып, қырық шақты адаммен желтоқсан айының 13-інде Жайықтың шығысына өтеді. Қайта қол жасақтауға кіріседі.
1839 жылдың қарашасында Бұқараға бара жатқан экспедиция жетекшісі Е.П.Ковалевскийге Жайық сыртында жасырынып жүрген Махамбет жолығады. Орысша еркін сөйлеп, жағдайын жасырмай айтады. Оларға еріп ел ішіне кетпекші де болады. Бірақ кейін белгісіз себеппен қалып қояды. Ковалевский осы кездесу туралы: «Біз Борсық құмында болған кезімізде өз халқының арасында даңқты бір қазақты кездестірдік... Азғана уақыттың ішінде ол өзінің ақылдылығын да, шешендігін де танытты», – деп жазды.
(Е.П.Ковалевский XIX ғасырдың 60-жылдары Ресей Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің бастығы болған. Ол – үлкен лауазымды шенеуік қана емес, Азия мен Африканы, Карпат пен Балқанды зерттеген ғалым-саяхатшы, талантты жазушы. Жалғыз рет кездескен Махамбет Ковалевскийге ірі тұлға ретінде әсер еткен).
1841 жылы наурызда Махамбет ұсталып, Орынборға жеткізіледі. Басына өлім қаупі төнеді. Бірақ ол бұл жолы шекаралық күзет отрядын қатерден құтқарғанын алға тартып, жазадан аман қалады. Кіші жүздің Арыслан Жантөрин сұлтанға қарайтын бөлігіне жер аударылады. Сөйтіп 1841 жылы шілде айында түрмеден босап шығады.
1846 жылы күзде Махамбет Қарой деген жерде жалғыз үй отырады. Баймағамбет сұлтанның жұмсауымен қанішер ЬІқылас бір топ адаммен келіп, қарусыз отырған батырды қылыштап өлтіреді. Халқына теңдік, азаттық әпермек болған ақын әрі айбынды батыр отаршылдар мен олардың қолшоқпарының қолынан мерт болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   117




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі