Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі түркістан облыстық білім басқармасы



бет4/117
Дата19.05.2023
өлшемі3.84 Mb.
#577265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
Байланысты:
Казак адебиети оку куралыІ
no2 Opredelenie pokazatelya prelomleniya zhidkosti i koncentracii rastvorennogo veshchestva s pomoshchyu refraktometra (2), Реферат, Дако, Экономикалық әсері, гносеология, 1, WKQAYZFIBHEN19122022111804, Î?óøûëàðäû? î?ó æåò³ñò³êòåð³í êðèòåðèàëäû áà?àëàó æ?éåñ³í åíã³çó, психология, силлабус мед. биохимия 2022-2023 о.ж. (2) (3) (2), 2-курс силлабус ЖМ Бекитилген, туристик кызмет психологиясы 3 дәріс, 9 сыны казак тили БЖБ 4 токсан, Саба та ырыбы С. Бал абаев «Тойдан айт ан аза тар»
Бақылау сұрақтары
1. XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстандағы тарихи-әлеуметтік
жағдай қандай болды?
2. Бұл дәуірдегі ақындар шығармашылығының басты ерекшеліктері қандай?
3. Қобылан ақын шығармаларында нені айтты?
4. Жанкісі ақын өз шығармасында нені суреттеді?
5. Жәңгір хан Махамбетті неге сарайына жақын ұстауға тырысты?
6. Махамбет Өтемісұлы артына қандай мұра қалдырды?
7. Баймағамбет сұлтанның Шернияз ақынды қудалау себебі неде?


Қолданылған әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994.
2. М.О.Әуезов Әдебиет тарихы. Алматы, 1994.
3. XIX ғасырдағы қазақ поэзияы. Алматы, 1985.


Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы. «Аягөз», «Еспенбет» дастаны.


Жоспары
1. Өмірбаяны.
2. «Зар заман» көріністері.
3. Туған жер тақсіреті.
4. «Еспенбет» поэмасы.
1. Өмірбаяны. Дулат Бабатайұлы XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады. Оның поэзиясында өз кезеңінің өмір шындығы, көкейкесті мәселелері зор ақындық қуатпен бейнеленді. Ақын, әсіресе отаршылдық өктемдікке ұшыраған өз халқының ауыр тұрмыс жағдайын күйзеле суреттеді. Елді ұмытып, өз бастарының пайдасын ойлап кеткен атқамінерлердің опасыздығына күйініп, оларды аяусыз шенеді.
Дулат өлеңдеріне бейнелеу тәсілдерінің жаңалығы, сөз өрнектерінің
айқындығы мен әсемдігі тән. Бұл тұрғыдан ол суырып-салмалық, (импровизация) поэзияны реалистік жазба поэзияға жалғастырушы көпір іспетті болды.
Дулат Бабатайұлы 1802 жылы казіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сандықтас деген жерде туып, 1871 жылы дүние салған.
Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды.
Акынның өмірбаянына қатысты біздің кезімізге ауызша жеткен әңгімелер болмаса, жазбаша дереккөздер (источники) аз. Әйтсе де ақынның ой-өрісі мен адами болмысы, ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп сенімді тұжырымдар жасауға болады.
Дулат «Айтқызбасымды айтқыздың» өлеңінде:
Менің атым – Байғыз қарт...
Орынсыз күлер күлкім жоқ,
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.
Көзге қораш бойым бар,
Теңізден терең ойым бар.
Шынардан биік санам бар,
Атан, өгіз ағызған
Ақылдан алпыс салам бар.
Қорған құрыш сөзім бар,
Бұлттан өтіп, мұнарды
Болжайтұғын көзім бар...
Қайратымнан атым зор,
Белгілі атым әлемге, – дейді. Мұны ақынның автопортреті десе де болады.
Шынында да, ол өз заманында дана, ел тарихы, өмірі туралы білімі мол, түсінігі терең кісі болған. Ақындық атағы да қатты шыққан. Бұған оның өлең, толғауларынан дәлел боларлық мысалдар табылады.
Өксігіңді ойласам,
Ұйқы беріп, қайғы алам...
Ел құлағы саңырау,
Кімге айтамын сөзімді?..
Дулат сынды сорлыда
Ұйқы, тыныштық бола ма?
Әртүрлі өлеңдерінен алынған бұл үзінділерде де Дулаттың адамдық, ақындық сипаттары көрініс тапқан. Дулат шыншыл, турашыл, айтарын кімнен болса да тайсалмай, бетке айтатын батыл ақын болған. Әйгілі Барақ төреге: «...Жегенге тоқ, ішсең мас, жақсы болса ұлығы, елін жаудай таламас» деуі – соның айқын дәлелі.
Дулат жасынан ақындық жолын қуып, талмай ізденген. Ақындықты Жаратушының сыйы, елдің сөзін сөйлеп, мұң-шерін толғайтын өнер деп түсінген. Оның:
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам, – деген сөзді айтуы сондай түсініктен туғаны аян.
Дулаттың өмір сүрген уақыты қазақ халқы үшін ең қиын заман болды. Сондықтан ол шаттық өлең емес, «зар заман» (прискровное время) жырын тудырды. «Тегімді менің сұрасаң» деген тамаша толғауында өзінің ақындық мұратын – ел бүлдірушіні «улы тілмен улату», «қайғылы қалың елін уату» деп көрсетеді.
Дулат өлең жайында: «Сөз – жібек жіп, жыр – кесте», – десе, ал ақындық туралы толғауында былай дейді:
Шашудай болып шашылар
Меруерттей асыл сөз деген.
Жыршылардың шайыры
Асыл сөзді езбеген.
Нысананы дел басып,
Қалаған жерден көздеген.
Ақын өзінің шығармашылығын аталған талаптарға қатаң бағындырып отырған. Абайдың өзіне дейінгі қазақ ақындарының ең таланттыларының бірі ретінде Дулатты ауызға алуы тегін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі