Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы

Loading...


Дата25.03.2020
өлшемі92.44 Kb.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы

Түркістан индустриалды – педагогикалық колледжі
Студенттердің VI ғылыми конференциясы

Аты-жөні: Абылай Әуелбек

Туған жері: Сарыағаш қаласы

Тобы:ТЖҚ1-971

Мамандығы:

Өмірлік ұстанымы: Адалдық пен адамгершілікті қатар алып жүру

Мақсаты: ҚР-ның жастарына ақпараттық технологияны дамыта үйрету және өз тарихымызды ұмытпай насихаттау

Қызығатын пәндері: Тарих,математика

Қатысатын пән аты:Қазақстан тарихы, Мәдениеттану

Тақырыбы: Қарт Қаратау басындағы Жылаған ата үңгірі

Ғылыми жобаның жетекшісі:Айдарова Көркем Бекахметовна

Түркістан 2018

Жоспары

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім

2.1 Жылаған ата үңгірі жайлы аңыз бен ақиқат



III. Қорытынды

Кіріспе

Президентіміз айтқандай, қазақтың жерінің қай тұсы болмасын, терең тарихтан сыршертетін тұнып тұрған байлық, сол мекендегі әрбір жер атаулының өзіндік тарихы мен ол туралы аңыз-әңгімелер бары да рас.

Киелі де, қасиетті Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен күллі әлемге танымал. Сонау батысы мен шығысын, оңтүстігі мен солтүстігін байланыстырып жатқан тоғыз жолдың торабындағы Қазақ елінің рухани астанасы десек қателеспейміз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Түркістан -күллі түркі әлемінің рухани астанасы»,- деп  айтқанын мақтан тұтуымызға болады. Егемендік алған күннен бастап,  рухани астанамызға тәу етіп күллі мұсылман жұрты лек-легімен ағылғанына куә болдық. 70 жыл кеңестік жүйенің құрсауында келген Қазақ елінің күні оңынан туып, қаншама рухани  орындарымыз қайта түледі.

Қазіргі таңда елбасымыздың бастамасымен Болаашаққа бағдар Рухани жаңғыру мақаласының алтыншы тармағындағы Туған жер бөлімі бойынша көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Солардың қатарында археолог, тарихшыларымыздың қатысуымен республика бойынша «100киелі нысан» тізімі жасалынды. Сол тізімнің қатарына  «Қазақстанның жалпыұлттық қасиеттіорындары» ретінде ерекше қастерленетін табиғи, мәдени мұраның, дүнияуи және діни сәулеттің айрықша қастерлі ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ, Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар ұсынылған»  Қасиетті нысандар мен орындарға тағзым тәжірибелері маңызды болып саналады. Мұнда тарихи-мәдени мұрада және ұлттық бірлік пен жаңғыру символы ретінде көрінетін мемлекеттің әлеуметтік-саяси өмірінде маңызды орын алатын нысандар кірді.Жоба тізімі  өңірлік комиссияның ұсынысы бойынша сарапшылар кеңесінің ғалымдары мен өлкетанушылардың пікірін ескере отырып құрастырылған. Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері қатарында Жылаған ата үңгірі, діни және ғибадат орындары болып табылатын орындар қатарына Үкаша ата кесенесін кіргізген.

Мен осы ғылыми жобамда құпиясы бір аллаға аян Жылаған ата үңгірі жайлы деректерге тоқталмақпын.

Жылаған ата үңгірі жайлы аңыз бен ақиқат

«Мәдинада Мұхамед, Түркістанда Қожа Ахмет Маңғыстауда Пір Бекет»- деп айтылуы әсте тегін емес. Қаламыз арқылы 8  бағытта  зияратшы-туристерге мақтана көрсетер, қойнауы тарихқа толы қаймағы бұзылмаған, көпшілік көріп- білмеген орындар қаншама? Сондай аңыз бен ақиқатқа толы жердің бірі Жылаған ата үңгірі. Түркістан қаласынан 80 шақырымдай жерде орналасқан. Қаратау жотасының Жылаған ата шатқалында, Абай елді мекенінен солтүстікке қарай Жылаған ата өзені бойындағы үңгір. «Бабалар сөзінде» Жылаған ата үңгірі туралы аңыз бар. Жылаған Ата шамамен VI-VII ғасырларда өмір сүрген, аңыз бойынша бай-қуатты егде жасқа келген ерлі-зайыптылар бір перзентке зар болып, Алладан бала сұраған, араға жыл салып дүниеге ерекше бала келеді, дәл сол сәттен бастап осы жердің аңыз бен ақиқатқа толы тарихы басталады. Бұл жердің аңызы ерекше баланың дүниеге келуі, ақиқаты аңызға айналған жер көп адамның ауруына шипа болуымен қатар, тілек-дұғасы орындалатын жер. Бірақ, үңгір сарқырамасының құпиясын ешкім білмейді 



Аңыз бойынша Тым ертеде Қаратаудың қойнауында бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Қара лашықты мекендеп, алдындығы он шақты қараның бірін жоғалтып, бірін түгендеп, бұл тірліктің басқа рахатын көрмеген екеуі бір перзентке зарығады. «Бір перзентке зар бопты» дегеннен бір ертегі бастағандай боламыз. Бірақ бұл ізі, дәлелі қалған, дәл өмірде болған оқиға. Көнеден естіген, көңілге түйген сол оқиғаны біз де баяндап бермекшіміз. Бәлкім, біреулерге ғибраты болар.

Әдетте адам  Жаратқан иемнен  тілегенде «Шексіз мейірімді, ұлық Алла, саналы, ақылды бала нәсіп ет!» деп тілеуші еді. Әлгі шал болса: «Е, құдай, не берсең де, бірдеңе берші» деген сөзді күн сайын қайталай береді екен. Күндердің күнінде Алла шалдың тілегін қабыл етіп, кемпірдің құрсағына бала бітеді.  Тағатсыз күткен тоғыз ай да өтеді. Ақырында шалдың құдайдан сұрағанындай аузы-мұрны, аяқ-қолы жоқ бірдеңе туылады. Әйтеуір жаны бар секілді, доп-домалақ бірдеңе. Қорқып кеткен олар іштен шыққанды далаға тастай алмай, мұның құпиясын білмек болып молда шақыртады. Сонда молда: «Бұл бала тілемей, бірдеңе бер дегеніңнен болған. Бірақ тегін емес, Алланың сынағы болса керек. Жұбайың мына месті етегіне салып, қырық бір күнге дейін  түсірмей жүруі керек» деп өз жөнімен кете береді. Әлгі әйел байғұс та шыдамсыз біреу екен,  қырық күн болғанда тағаты таусылып шалына:  «Қашанғы қу месті көтеріп жүрем, әлгі қар молда не айтарын білмей бізді  қатырып кетті» деп етегін жазып жібереді. Ал, мес  доптай домалап барып,  ортасынан қақ айырылады. Местен қолында аса таяғы бар кішкентай бала ыршып шығып, «Ата-анам-ау, қырқына шыдап, қырық біріне шыдамадыңдар ма?» деп тауға қарай қаша жөнеледі.  

Сөйтіп, бала қашады, артынан ата-анасы қуа жөнеледі.  Желаяқ бала жеткізбей таудың етегіне барып бір-ақ тоқтап,  артына қараса, жүгіруге шамалары қалмаған ата-анасын көреді. Шөлдеген болар деп, бір қойтасты аса таяғымен түртіп қалғанда Алланың құдіретімен тастың  ортасы үгіліп түсіп,  бір қауға шелек сиятын ғана құдық пайда болады. Ішінен мөлдіреп су шығады. Бала жалаң аяқ құдықты айналшықтап, аса таяғымен айналасын түрткіштеп, әудем жерде қалған ата-анасын күтіп тұрады. Олар  тақап келгенде   қайтадан тұра қашады. Таудың биік шыңына өрмелеген қол басындай бала, биік тұстағы  бір үңгірге  еніп, жоқ болып кетеді. Шал мен кемпір қанша тыраштанса да биікке өрмелей алмайды. Көрген түстей болған жұмбақ перзенттен үміт үзген ата-анасы ағыл-тегіл жылап қалады.

Ықылым заманнан  бері Қаратаудағы осы оқиға болған жер халық аузында  «Жылаған ата» деп аталып кеткен. «Жылаған» сөзінің тек шалға қатысты айтылуы оның Алладан бала емес, бірдеңе бер деп сұрауымен байланысты сияқты.

Өзі барып көргендердің айтуынша, сол үңгір айна тастың үстімен, бір аяқ жолмен жүріп өтетін таудың биік беткейінде орналасқан. Ол биіктен төмен қарай қалсаң, басың айналады-мыс. Е-е, енді ондай биікке жазған шал мен кемпір қайдан шықсын.Үңгірдің аузы аттылы өтетіндей кең болса, орта тұсы жіңішкеріп барып кішкентай бала ғана сиятындай қалыпқа түседі. Осыдан бірнеше жыл бұрын бір кісі Жылаған атаның басына барған екен. Оның айтуынша, үңгір сылдырма тастың үстімен, бір аяқ жолмен жүріп өтетін таудың биік беткейінде орналасқан. Ол жерден төмен қарасаң жер құдды теңіздей терең болып көрінеді. Үңгірдің бергі жағы жеңіл көлік өтетіндей кең болса, арғы беті кішкентай бүлдіршін ғана сиятындай көлемде. Сағат сайын үңгірден ақ көбіктей мөлдір су атқылап тұрады. Бұл көбік - ата-ананың көз жасы деседі. Бір қызығы, ниеті қисық, таза емес адам жақындаса су тоқтап қалады... Судың дәмін бір татып көрген адам қайта-қайта ішкісі келіп тұрады екен. Бірақ, суды ыдысқа құйып қайнатып ішуге болмайды. Ондай кезде су бірден көзден ғайып болады. Кезінде геолгтар ұзынқұлақтан осы үңгірдің құдіреті туралы естіп, «жәй ғана теңіздің толқыны болса керек» деп Жылаған атаның басына келіп, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Үңгірден атқылаған судың қайдан пайда болғанын анықтау үшін екі ай уақыт жүреді. Бірақ, осы аралықта бірде-бір рет үңгірден су шықпайды. Сонда басын шайқап таңқалған зерттеушілер «Бұл шынында да Құдіреттің күші!» деген екен. 

Бір күні бір жігіт ағасы ниет етіп үңгірдің басына түнейді. Ертесіне бір молданың намазға жығылғанын көріп, қасына отыра кетіп, ішінен дұғасын оқиды. Кенет артқы жағынан нәрестенің шиқылықтаған даусы естіледі. Жалт етіп бұрылып қараса, кішкентай бала құммен үйшік жасап, соны қызықтап отыр екен. Орнынан атып тұрған жігіт балаға жақындай бергенде, ол бірден үңгірге кіріп кетеді. Содан соңынан ілесуге тырысқан жігіт үңгірден аттай бере, ортада қысылып, шыға алмай қалады. Сөйтіп молдалар шақыртып, құран оқытып, әзер дегенде шығарып алған....

Аңызға айналған үңгір маңынан уілдеп, былдырлаған бала даусын естідік дегендер де бар дейді. Бірде сол үңгірге басын сұғып қараған біреу тасқа кептеліп қалып, молдалар құран оқыған соң ғана зорға шығыпты.

Үңгірге барған адамдар тау етегіндегі мөлдір сулы құдық басынан тасқа өрнектеліп қалған баланың ізі мен таяқтың сызықтарын анық көре алады дейді айтушылар.

Қазақтың «қырқына шыдап, қырық біріне шыдамадың ба?» деген сөзі осы оқиғадан қалған деседі.


Қорытынды

Қорыта келе «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» . Біз қашан да «жеріміздің асты қазбалы байлыққа, үсті құнарлы астыққа толы» деп мақтанышпен айтамыз. Әрине, бабадан қалған мұрамыз – туған жердің құндылығын, қайсар бабаларымыздың қаны мен аналарымыздың жасы тамған қанша ғасырдың куәсі – қасиетті де қадірлі атамекеннің тарихын жете түсінбей тұрып оны қадірлей алуымыз мүмкін екендігі бесенеден белгілі. Сол себепті де, әркім өз туған мекенінің әрбір тауы мен тасына дейін қастерлеуі керек. Ал оның қасиетін бүгінгі ұрпаққа дәріптеуіміз керек. Президентіміз айтқандай, қазақтың жерінің қай тұсы болмасын, терең тарихтан сыршертетін тұнып тұрған байлық, сол мекендегі әрбір жер атаулының өзіндік тарихы мен ол туралы аңыз-әңгімелер бары да рас. Мәселен, біздің Түркістан…

Өткені мен бүгініне көз жүгіртсек, байтақ еліміздің мақтанышпен айтарлықтай көрікті мекендері көп қой. Тек қана соның қадіріне жетіп, сол қасиеті мен құнын келер ұрпаққа ұғындыра білсек, ата-бабамыздың асыл мұрасын көзінің қарашығындай қорғайтыны анық.

Әдебиеттер тізімі

1.«Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Облыстық «Сыр бойы» газеті редакциясы



2.Толығырақ: http://alashainasy.kz/gazhaip/jyilagan-ata-ungrndeg-kupiyanyin-syiryi-nede-65742/

3.О. Дастанов. Әулиелі жерлер туралы шындық. Алматы 1967. 41-44 бб

4. Бабалар сөзі. Көптомдық шығармалар жинағы. 11 том. Алматы 71-88, 272-275

5. Үкаша ата әулие. Қысқаша тарихы. Шымкент. 2007. 12-27 бб



6. Ә. Қалмырзаұлы. Теберік дүние. Шымкент. 1997.33-35 бб

7. Қожа М. Оңтүстік Қазақстанның әулие жерлері. Шымкент, 2013. 48 бет

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
мелетке толма
разрядты спортшы
ызметтер стандарттарын
дістемелік кешен
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...