Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


-  электрондық білім беру басылымдарда немесе ресурстарда  достық арақатынасты ұйымдастыруды; -

Loading...


Pdf көрінісі
бет91/189
Дата01.03.2021
өлшемі1.08 Mb.
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   189
-  электрондық білім беру басылымдарда немесе ресурстарда 
достық арақатынасты ұйымдастыруды;
-  білім алушыға қажетті анықтамаларды, сілтемелерді жəне 
əдістемелік нұсқауларды пайдалануға мүмкіндік беруді;
-  жұмыстың бірізділігін жəне қарқынын таңдауға мүмкіндік 
беруді білдіреді. 
Жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтау арқылы қолданылып 
отырған электрондық білім беру басылымдары мен ресурстардың 
білім алушының санасына кері əсер етуден аулақ боламыз. Осылай-
ша, электрондық білім беру басылымдары  қолданылуымен өтетін 
сабақтарда жағымды орта пайда болады. 
Денсаулық сақтау сипатындағы талап электрондық білім 
беру басылымдарын жəне ресурстарды əзірлеуге жəне пайдалануға 
қойылады жəне компьютерлік техникамен жұмыс жасаудағы тазалық 
талаптарына, санитарлық нормалар мен ережелерге сай жасалған. 
Электрондық білім беру басылымдарын жəне ресурстарды сараптау 
үшін оқушылардың дербес компьютермен жұмыс жасаған кезінде 
еңбек ету жəне демалу режіміне қатысты талаптар өте маңызды 
мəнге ие болады: қолданылатын оқудың ақпараттандыру құралдары 
мына түрде əзірленуі тиіс, яғни, олардың жұмыс жасау мерзімі 
компьютерлік техникамен жұмыс жасау уақытының санитарлық 
нормаларынан асып кетпеуі тиіс. 
Электрондық білім беру басылымдары мен ресурстардың білім 
алушылардың жас ерекшелігіне жəне компьютерлік техникамен 
жұмыс істеудің санитарлық нормаларына сай болуы оқу үрдісін 
ақпараттандырудың тиімді жағдай жасаудың бірі екендігін айтқан 
жөн. Бұл талаптарға сəйкес келмеушілік білім алушылардың 
ақпаратты түсіне алмауына немесе олардың денсаулықтарының на-
шарлауына əкеліп соқтырады. 
Эргономикалық талаптармен эстетикалық талаптар тығыз 
байланысты. Олар электрондық білім беру басылымдары мен 


200
ресурстардағы эстетикалық безендірудің сəйкес болуын, оқу 
ортасының графикалық жəне бейнелеу элементтерінің бірізділігін 
жəне айқындығын жəне ақпараттық-қатынастық технологиялар 
құралдарына арналған түстер мен бояулардың үйлесімділігін орна-
тады. 
Электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарға 
қойылатын эстетикалық талаптарды сақтау жəне есепке алу 
əрдайым міндетті емес. Олар білім берудің ақпараттық құралдарын 
əзірлеу бойынша ұсынылымдық сипатқа ие болады. Сонымен қатар, 
ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын дайындау 
кезінде бір ғана «эстетикалық» тұғырды сақтаудың маңыздылығын 
атап өткен жөн болар. 
Сапаның басты талаптарын ақпараттық құралдармен ілесетін 
мазмұндық материалдар да қанағаттандыру керек. Мұндай 
материалдардың қатарына, бірінші кезекте, техникалық жəне 
əдістемелік ілеспе құжаттарды жатқызу қажет. 
Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар электрондық 
білім беру басылымдары мен ресурстардағы əдістемелік нұсқаулар 
мен қызмет көрсететін персоналға, оқытушыға жəне оқушыларға 
арналған нұсқаулықты сауатты жəне тиянақты ресімдеу керектігіне 
негізделеді. 
1. Білім беретін ақпараттық құралдарды əзірлеу жəне олар-
ды қолдану барысында сəйкесті ілеспе құжаттар түгел бо-
луы қажет. Бұл əзірлеуші, тапсырыс беруші жəне тұтынушы 
арасындағы интерфейсті қамтамасыз етуге жол ашады. Сонымен 
қатар, ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары компо-
ненттерінің функцияларын меңгеруге жəне жетілдіруге мүмкіндік 
туғызады.
2. Электрондық білім беру басылымдарынан талап етілетін 
құжаттама толық болу керек жəне шынайы электрондық басылым-
дар мен ресурстарға сəйкес келуі тиіс. 
3. Құжаттама электрондық білім беру басылымдары мен ресурс-
тарды пайдалану барысында мұғалімнің тиімділігін төмендетпеуі 
тиіс.  
Екінші топтағы электрондық білім беру басылымдарына 
қойылатын талаптардың (оқу үрдісінің түрінен жəне деңгейінен 
тəуелді болатын арнайы талаптар) жалпы бірдей əсері болмайды 
жəне ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының кейбір 
түрлеріне қатысты ғана таралады. 


201
Ары қарай, оқыту сабақтарының кейбір түріне ғана қолданы-
латын электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарына 
қойылатын арнайы талаптар баяндалады. 
Жаңа оқу материалдары баяндалатын сабақтардың 
ақпараттандыру құралдары материалды бейнебейнелеу-
мен, анимациялық көріністермен, дыбыстық сүйемелденуі бар 
ілеспелермен баяндауға мүмкіндік жасау қажет жəне мұғалімге 
күрделі құбылыстарды жəне үрдістерді паш ету үшін, сабақта 
жасалған мəтінді, графикті, дыбысты визуалдаушы құралдарды беру 
керек. 
Зертханалық сабақтарды ақпараттандыру құралдарының 
құрамына оқушыларды есеп жұмысына дайындау, жұмысқа рұқсат 
беру, тəжірибе жасап көру (соның ішінде, қашықтықтан рұқсат алу-
ды қоса алғанда), тəжірибелік мəліметтерді өңдеуге, зертханалық 
жұмыстың нəтижелерін рəсімдеуге арналған автоматтандырылған 
құралдар кіреді. Мұндай электрондық білім беру басылымдары 
мен ресурстары білім алушының өзіндік жұмыс жасау қарқынын 
реттеуіне мүмкіндік беруі қажет. Яғни, жылдамдатылған неме-
се баяулатылған уақыт режімінде əртүрлі құбылыстарды неме-
се үдерістерді зерттеп тану үшін виртуалды зертханада жасалған 
моделдеуші компоненттер болуы тиіс. Зертханалық сабақтарды 
ақпараттандыру құралының қатарына, сонымен бірге, оқушылардың 
білімін, іскерлігін жəне дағдыларын қадағалауға арналған икемдік 
автоматтандыру құралдары кіруі тиіс. 
Тəжірибелік сабақтарды ақпараттандыру құралдары оқушыға 
сабақтың тақырыбы, мақсаты жəне сабақты өткізу тəртібі туралы 
ақпаратты беруі қажет, əрбір білім алушының білімін қадағалау 
керек, білім алушыға жауабының дұрыстығы жөнінде ақпарат 
ұсынуы тиіс, қажетті теориялық материалды немесе есепті шығару 
жолының əдістемесін көрсету керек, білім алушылардың білімін 
бағалау қажет, оқытушының, ақпараттық-қатынастық технология-
лар құралдарының жəне оқушының арасында кері байланысты 
жүзеге асыру тиіс. 
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттандыру құрал-
дары оқытатын пəннің оқу бағдарламасына сай жасалуы қажет 
жəне теорияны терең меңгеруге бағытталу керек. Мұндай 
электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарының мəтін-
дік-тəуелді анықтамалары, түсініктемелері жəне сыбыр сөздері ба-
рынша егжей-тегжейлі баяндалатын жүйесі болуы тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   189
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
Қазақстан республикасы
бағалауға арналған
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
білім беретін
республикасы білім
әкімінің аппараты
Қазақстан республикасының
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
мерзімді жоспар
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...