Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді

Loading...


Pdf көрінісі
бет70/189
Дата01.03.2021
өлшемі1.08 Mb.
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   189
ды оқу сыныптарын» ұйымдастыруға болады. Құрылған оқу тобын-
дағы оқушылар жазылудың ережесі жəне тəсілдері түсіндіріледі жəне 
содан кейін жұмыс жасауға кіріседі. Топтың кез келген мүшесіне 
адрестелген əрбір мəлімет, топтың барлық мүшелеріне авто-
матты түрде таратылады. Осындай топтың бір мүшесі мұғалім бола 
алады.  
Жіберу тізімін қолданудың негізгі дидактикалық мүмкіндіктері 
оқу-əдістемелік материалдарды автоматты түре жіберу жəне вир-
туалды оқу сыныптарын  ұйымдастыру болып табылады. 
Қазіргі телекомуникациялық желілердің жəне жалпы 
қызығушылығы бойынша біріктірілген адамдар арасындағы 
ақпаратпен алмасуды жүзеге асырушы басқа танымал сервис теле-
конференциялар болып табылады. 
Телеконференция арнайы тақырып бойынша пікірталастарды 
жəне жаңалықтармен алмасуды ұйымдастыруға арналған желілік 
форумды білдіреді. 
 Телеконференция желідегі арнайы компьютерлердегі 
қызығушылықтары жөніндегі мəліметтерді жариялауға мүмкіндік 
береді. Пікірталасқа арналған тақырыпты таңдап жəне компью-
терге қосылу арқылы мəліметті оқуға болады. Бұдан əрі, таңдауы 
бойынша, мақаланың авторына жауап беру немесе өзінің мəліметін 
жіберуге жағдай жасалынған. Осылайша, жаңалық сипатындағы 
желілік пікірталас ұйымдастырылады, ондағы мəлімет біршама 
уақыт кезеңінде сақталады. 
 Компьютерге қосылған аудио жəне бейнеқұрылғылардың (ми-
крофон, цифрлық бейнекамера жəне т.б.) болуы жалпы орта білім 


161
беру жүйесінде кеңінен таралған компьютерлік аудио жəне бейне-
конференциялар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Электрондық поштаны қолдануға негізделген жіберу тізімінен 
ерекшелігі, кейбір конференциялар жəне жаңалықтар тобы нақты 
уақыт режимінде жұмыс істейді. Оның айырмашылығы, жіберу 
тізімі жағдайында ақпаратпен алмасу off-line режимінде автомат-
ты түрде электрондық жазбаны жіберу жолымен орындалады. Оқу 
сабақтарын ұйымдастыруда оқытушы көрсеткен жаңалықтар тобын 
қолдану мақсатқа лайық болуы тиіс.
Компьютерлік желілердегі техникалық құралдардың дамуы-
мен мəліметтерді беру жылдамдығы артуда. Бұл желіге қосылған 
қолданушыға мəтіндік мəліметтермен ғана емес, сонымен қатар 
дыбыс мен бейнесуреттермен алмасуға мүмкіндік береді. Желі 
арқылы қарым-қатынасты жүзеге асыратын программалардың түрі 
Internet Explorer құрамына кіретін NetMeeting программасы болып 
табылады. MS NetMeeting Интернет желісі арқылы жүзеге асыры-
латын ақпараттандыру құралы болып табылады. Дыбыстық бай-
ланысты жүзеге асыру үшін, сəйкесінше техникалық құрылғылар: 
дыбыстық карта, микрофон жəне акустикалық жүйелер қажеттігін 
айта кету керек. Бейне суреттерді жіберу үшін бейнеплата жəне ка-
мера немесе Video for Windows  стандартын көтеретін тек қана ка-
мера қажет. 
Оқыту үдерісінде MS NetMeeting-ді қолданудың негізгі 
бағыттары болып табылады:
- нақты уақыт аралығында дыбыстық қарым-қатынаспен 
қолданушылардың бейнесуреттерін жіберу негізінде виртуал-
ды оқу жəне қосымша сабақтарды ұйымдастыру;
-  ақпаратпен мəтіндік жəне графикалық режимде алмасу;

on-line режимінде оқу ақпаратымен жұмыс жасауды 
ұйымдастыру;
- нақты уақыт аралығанда файл түріндегі оқу-əдістемелік 
ақпаратпен алмасу.
Маңызды телекомуникациялық технологиялардың бірі бөлінген 
мəліметтерді өңдеу болып табылады. Бұл жағдайда дербес ком-
пьютерлер ақпараттың пайда болу жəне қолдану орындарында 
қолданылады. Егер олар байланыс каналдарымен жалғанған болса, 
онда олардың ресурстарын іс-əрекеттік жеке қызметтік аясы бойын-
ша бөліп тастауға жəне децентрализация бағытында мəліметтерді 
өңдеу технологиясын өзгертуге болады. 


162
Өте күрделі жүйедегі бөлінген өңдеу мəліметтері əртүрлі 
ақпараттық қызметтер жəне жалпы жүйеге (жаңалықтар қызметі, 
ұлттық жəне басты ақпараттық-ізденуші жүйеге, мəліметтер қорына 
жəне білім қорына жəне т.б.) қосылу арқылы орындалады. 
Жалпы орта білім беру үшін компьютерлік желідегі жүзеге асы-
рылатын маңызды сервис ақпаратты автоматты іздеу болып 
табылады. Арнайы құралдарды ақпараттық-іздеу жүйесін қолдана 
отырып, қысқа уақыт аралығында əлемдік ақпарат көздерінен 
қызықтыратын мəліметтерді табуға болады. 
Оқытушыларды оқытуда телекомуникациялық каналдар арқылы 
алынатын мұндай ресурстарды қолданудың негізгі дидактикалық 
мақсаттары мəліметтерді хабарлау, білімді қалыптастыру жəне 
бекіту, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру жəне жетілдіру, 
меңгеруді жəне жалпылауды бақылау. 
Бүгінгі күні Интернет желісінде жарияланған  білім беру 
ақпараттық ресурстарын қолдану, келесідей мүмкіндіктер береді:
-  оқушылардың білімді өздігінен меңгеруі мен көрсете білуіндегі  
əртүрлі іс-əрекетінің формаларын ұйымдастыру;
- түрлі оқу əрекетінде орындауда қазіргі ақпараттық жəне 
телекомуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін 
кеңінен қолдану, соның ішінде, ақпаратты тіркеу, жинау, сақтау, 
өңдеу; интербелсендік сұқбат, нысандарды, құбылыстарды
үдерістерді зертхананың қызметін модельдеу жəне т.б.;

оқыту үдерісінде мультимедиа технологиясының, 
гипермəтіндік жəне гипермедиа жүйесінің мүмкіндіктерін 
қолдану;
- оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін, сонымен 
қатар олардың білім, іскерлік, дағды деңгейін, нақты сабаққа 
дайындық деңгейін диагностикалау;
- оқытуды басқару, оқыту əрекетінің нəтижелерін бақылау 
үдерісін автоматтандыру, жаттықтыру, тестілеу, нақты 
оқушының интеллектуалдық деңгейіне жəне білім, білік, 
дағды, мотивациялық ерекшеліктеріне тəуелді тапсырмаларды 
генерациялау;
-  оқушылардың өзіндік оқу əрекетін орындау, өзіндік оқуын, 
өзіндік дамуын, өзіндік жетілуін, өзіндік білім алуын, өзін 
жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
-  қазіргі телекомуникациялық ортада жұмыс жасау, ақпараттар 
легін басқаруды қамтамасыз ету. 


163
Осылайша, компьютерлік телеқатынастар – бұл ақпаратпен 
жұмыс жасауға үйрететін тек қана қуатты оқыту құралы ғана емес
сонымен қатар, компьютерлік телеқатынастар – бұл адамдардың 
бір-бірімен қатынасатын ерекше орта, сондай-ақ ол мекен ету ор-
тасына тəуелсіз əртүрлі ұлттық, жас ерекшелік, кəсіби жəне басқа 
қолданушылар тобының өзара интербелсендік əрекет ету ортасы.
Өкінішке орай, оқушыларды оқыту үдерісінде көптеген 
телекомуникациялық технологияларды тиімді қолдану əдістемесін 
осы күнге дейін оқытушылар толығымен қолдана алмауда. Қазіргі 
мұғалім жаңа компьютерлік технологиялармен жұмыс жасау 
іскерлігінен басқа олардың оқыту үдерісінде қолданылуының 
мүмкін болатын тəсілдерін білуі қажет. Оқытушылардың оқыту 
үдерісінде телекомуникациялық технологияларды қолдану 
əдістемесін теориялық жəне практикалық меңгеру тəжірибесі 
 
оқытудың тиімділігі мен сапасын арттырудың, өзінің кəсіби 
шеберлігін жетілдіруі мен қалыптастыруының негізі болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   189
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...