Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


·   жаңаны құрастыру немесе ескі нысандарды модернизациялау; ·

Loading...


Pdf көрінісі
бет64/189
Дата01.03.2021
өлшемі1.08 Mb.
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   189
·   жаңаны құрастыру немесе ескі нысандарды модернизациялау;
·   негізделген жəне ойластырылған шешімдерді қабылдау;
·  өз іс-əрекетінің салдарын көре білу;
·   үлгінің негізінде нысан туралы жаңа ақпаратты алу;
·   нысан туралы ақпаратты кіріктіру жəне жүйелеу;
·  үлгілеу нысаны туралы ақпаратты сақтау жəне тасымалдау 
үшін қажет.
Үлгілеудің теориясы мен практикасының дамуына əртүрлі фи-
лософия, философиялық жəне математикалық логика, психология, 
педагогика, математика, семиотика жəне информатика аясындағы 


141
ғылыми зерттеулер негізделген. Осы ғылымдардың көмегімен 
пəндік саладағы есептерді шешу жəне білімді беру үшін адамдар 
қолданатын келесі үлгілер,  ақпараттық сипаттағы есепті шешуді 
автоматтандыруға қатыстырылатын электрондық компьютерлік 
құралдарды құру үшін ақпаратты берудің арнайы əдістері құрылуда 
жəне зерттелуде.
Үлгілеу  қоршаған əлемді, табиғат пен қоғам ағымындағы 
ақпараттық үдерістерді тану əдісін білдіреді. Арнайы пəндік 
аймақтағы адам білімін үлгілеу үдерісінде үлгі құрылады, ол 
меңгерілетін заттың эмпирикалық жəне абстрактылы үлгісі ретінде 
қарастырылады. Бұдан басқа, психология бойынша, адамның 
 
меңгерілетін зат туралы алған білімі адамның санасында осы 
заттың əртүрлі үлгісін қалыптастыру болып табылады. Үлгілеу 
нақты бар жəне идеалды заттар жəне құбылыстардың үлгісін 
меңгеру мен құруды ұсынады. Бүгінгі күні үлгілеу жалпы ғылыми 
сипатта жəне тірі мен өлі табиғатты зерттеуде, адам жəне қоғам 
туралы ғылымда, жаңа педагогикалық жүйе жəне білім беруді 
ақпараттандыру технологияларын құру тұрғысынан қалыптастыруда 
қолданылады.  
Бастапқы нұсқасы зерттеуге неліктен қолданылмайды деген 
 
сауал туындайды? Оның үлгісін құру не үшін қажет? Бірақ бұл 
уақытта, зерттеу жүргізуде нысан, үдеріс немесе құбылыс болмауы 
мүмкін. 
Уақытты үлгілеу артық емес. Танымал фактінің негізінде 
гипотез жəне аналогия əдістерін, ақпараттандыру құралдарын 
қолдану арқылы бұрынғы кездегі табиғи катаклизмала 
жəне жағдайлардың үлгісін құруға жəне оларды тарих немесе 
биологияны оқытуда пайдалануға болады. Мəселен, ежелгі 
Египетте пирамида құрылысының барысын немесе Жердегі 
өмірдің пайда болу үдерісін көрсететін компьютерлік ақпараттық 
үлгілерді қолдану мүмкін болар еді. Үлгілеудің көмегімен 
келешекке көз тастауға жəне жылыну уақытын демонстрациялауға 
жағдай жасалады. 
Үлгіленетін нысан өте үлкен (мəселен, Жердің үлгісі) немесе 
өте кіші (атомдағы электрондардың қозғалысы) немесе абстрактілі 
(қоғамда болып жатқан үдерістерді үлгілеу) болуы мүмкін.
 Түпнұсқа көптеген қасиеттерге жəне өзара байланысты болуы 
шарт. Бір нақты қасиетті меңгеру үшін, кейде бар қасиеттерден бас 
тарту жəне оларды ескермеу пайдалы. Оның мысалы ұшақтың ұшу 


142
траекториясының компьютерлік үлгісінде ұшақтың түрі, түсі, пішіні 
ескерілмейді.
Үлгілеу егер зерттелуші үдеріс тез (мысалы, ішкі жылыну 
двигателінің қызметінің үлгісін атауға болады) немесе өте жай (мы-
сал ретінде, өсімдіктің даму үлгісін келтіруге болады) жүретін кезде 
ыңғайлы. 
Көптеген жағдайда үлгілеу нысандарды сақтауға көмектеседі, 
оларды нақты зерттеу бұл нысандардың бұзылуына көмектеседі (ав-
томобиль аварияларының салдарын зерттеу).
Ақпараттық үлгі – бұл ақпараттық технология құралдарының 
көмегімен жүзеге асырылатын қандай да бір нысанды, үдерісті не-
месе құбылысты, меңгеру мақсаты тұрғысынан жуық түрде сипаттау 
жəне демонастрациялау. 
Білім беруді ақпараттандыруда білім беру əрекетінің барлық 
аясына ақпараттық үлгілерді енгізуге үлкен көңіл бөлінуі тиіс. 
Компьютерлерді, ақпараттық технологияларды жəне ақпараттық 
үлгілерді білім беру аясында қолдану үздіксіз болып отыр. 
Ақпараттық үлгіні қолдануды бейнелеуде ақпараттық үлгілеу 
ұғымын енгізу қажет. 
Ақпараттық үлгілеу – бұл ақпараттық үлгідегі нысандар, 
құбылыстар немесе үдерістерді зерттеу. 
Қазіргі уақытта жеткілікті деңгейде қалыптасқан негізгі міндеті 
білім беруді ақпараттандыру үдерісін зерттеуді көздейтін ақпараттық 
үлгіні құру теориясы бар. 
Ақпараттық үлгілеу теориясынан ақпараттық үлгі белгілік 
жүйені қолданудың негізінде пəн туралы өзара байланысты 
ұғымдардың сипаттамасының жиынтығы ретінде көрінеді. 
Ақпараттық үлгіде затты құрайтын нысандардың сандық 
жəне сапалық қасиеттері, сонымен қатар олардың арасындағы 
логикалық, қызметтік, кеңістіктік жəне уақыттық қатынастар 
бейнеленеді. 
Ақпараттық үлгінің үлгіленетін аясының немесе нысанның 
жағдайына бара-барлығы түпнұсқаның статикалық қасиеттерінің, 
динамикалық қасиеттерінің сипаттамасының құрылымы 
есебінен арттырылуы мүмкін. Бұдан басқа, таңдалған үлгінің 
негізінде зерттеу нысанының адекватты сипаттамасын жүзеге асы-
руда оның қарама-қайшылықсыз қасиеті маңызды рөл атқарады. Бұл 
қасиетті орындау үшін оның сипаттамасында артықшылық болмау 
қажет.


143
 Ақпараттық үлгілеу технологиялары əртүрлі болып келеді. 
Мəселен, химияны оқыту барысында химиялық реакциялардың 
жүруінің ақпараттық үлгісін жүзеге асыратын компьютерлік про-
граммаларды қолдануға болады. Мұнда үлгінің жартысы оқушыларға 
нақты химиялық үдерістерді демонстрацияламай, сабақта нақты зат-
тармен химиялық тəжірибе жүргізілгенде формула түрінде қызмет 
етеді.
Ақпараттық үлгінің басқаша класы ақпараттандырудың қазіргі 
құралдарының  мүмкіндіктерін жəне дербес алғанда мульти-
медиа жəне виртуалды нақтылық технологиясын қолдана оты-
рып, оқушыларды көрнекі түрде химиялық тəжірибенің нақты 
ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ақпараттық үлгінің екі 
түрі де бірдей дəрежеде педагог жəне оқушылардың қатысуымен 
орындалады. 
Математика пəнінен сабақта геометриялық денелерді жəне пе-
дагог немесе оқушылардың өзгеретін параметрлерінің қиылысуын 
көрнекілік түрде меңгеруде компьютерлердің көмегімен жүзеге 
асырылатын ақпараттық үлгілердің рөлі зор. Физика сабағында 
қолданылатын осы технологиялар линзалардың оптикалық 
қасиеттерін зерттеуге, тарихты оқытуда – компьютерлік «оқу 
уақытын» құруға мүмкіндік береді. 
Білім беруді ақпараттандыру барысында техникалық 
нысандардың бүтіндей класының жалпылама мультимедиалық 
ақпараттық үлгілерін құруға, мүмкін болатын имитациялық 
зертханалық орнатылымды, жаттықтырушыларды жəне виртуалды 
үлгілерді құруға  мəн беру қажет.  
Ақпараттық үлгілеу технологиялары эксперименталдық жəне 
теориялық зерттеулерді кеңейтуге, физикалық экспериментті 
есептеуіш экспериментпен толықтыруға мүмкіндік береді. Бір 
жағдайларда зерттеу нысандары, басқа жағдайда өлшеуші ор-
натылымдар үлгіленеді. Мұндай технологиялар жəне оған 
сəйкесінше ақпараттандыру құралдары қымбат зертханалық 
құрылғыларды алу шығындарын азайтуға мүмкіндік беріп, оқу 
зертханаларындағы қауіпті жұмыс жасау деңгейін төмендетеді, ны-
сандарды, оқу мекемелерінде əртүрлі себептерге байланысты мүмкін 
болмайтын үдерістер немесе құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік 
береді.
Ақпараттық үлгілер, əмбебап болып табылмайды. Олардың 
əрбіреуі жеткілікті деңгейдегі нысандарды, құбыластарды немесе 


144
үдерістерді үлгілеуге арналған. Математикалық үлгілеу техноло-
гиясына негізделген ақпараттық үлгілер оқу жағдайындағы қиын 
меңгерілетін құбылысты демонстрациялау үшін ғана қолданылып 
қоймайды, сонымен қатар үлгіленетін жағдайдың параметрлерін 
жəне оның əсер ету дəрежесін интербелсендік түрде түсіндіру үшін 
қолданылады. Бұл қасиет зертханалық орнатылымдар имитаторла-
ры түрінде, сонымен қатар ұшақтар немесе космос кораблдерімен 
ұшуды үйретуде қалай жүретіндігі үлгіленетін үдерістерді басқару 
дағдысын өңдеу үшін ақпараттық үлгілерді қолдануға мүмкіндік 
береді.
Ақпараттандырудың қазіргі құралдары нысандардың
құбылыстардың немесе үдерістердің дайын ақпараттық үлгісімен 
жұмыс жасаумен қатар, жеке эелементтерден жəне үлгілерден 
тұратын үлгілерді құрастыруға жағдай жасайды. Мысал 
ретінде, компьютер құрамына кіретін құрылғылардың қызметін 
компьютер жұмысының бірыңғай ақпараттық үлгісіне 
ақпараттық үлгілеуді біріктіруді келтіруге болады. Мұндай 
үлгіні қолдану информатиканы оқыту тиімділігін арттыруға 
мүмкіндік берер еді. 
Білім беру жүйесі үшін ақпараттық үлгілеу құралдарын жəне 
технологияларды құру кəсіби сипаттағы оқыту жұмысын авто-
маттандыру меңгерілетін нысандар мен үдерістер қасиеттерін, 
геометриялық параметрлік зерттеулерді жəне оңтайландыруды терең 
тану үшін алғышарттарды құру қажеттігін түсіну маңызды. Соны-
мен қатар, үлгілеу жəне автоматтандыру жүйесін қолдану, оқушылар 
бұрын меңгермеген жеткілікті деңгейдегі жоғарғы кəсіби біліктілікті 
қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   189
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...