Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді

Loading...


Pdf көрінісі
бет61/189
Дата01.03.2021
өлшемі1.08 Mb.
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   189
2-кесте. Гипермəтіндегі гиперсілтеме тізімін безендіру
Гипермəтін тізімін безендіру нұсқалары
I нұсқа
II нұсқа
III нұсқа
Туыстас мақалалардың 
тақырыбы 
қарастырылып 
отырған мақаланың 
тақырыбынан кейін 
орналастырылады.
Туыстас тақырыптарға 
сілтемелер олардың 
мəтіндегі орналасуына 
орай жасалады.
Сілтемені безендірудің 
аралас тəсілі: 
сілтеменің бөлігі 
ақпараттық мақаланың 
тақырыбынан 
кейін, екінші бөлігі 
– оның мəтінінде 
орналастырылады.
Ақпараттық мақалалар оқырманға жеткізілуі тиіс гипермəтіннің 
негізгі тақырыбын анықтайды. Осыған байланысты, негізгі 
тақырыптың тізімі кез келген гипермəтіннің міндетті компоненті 
болып табылады. Мұндай тізімге мағынасы жөнінен туыстас 
сипаттағы сілтемелері, «жалпы-жеке» қатынасында сілтемелері 
жоқ барлық ақпараттық мақаланың тақырыптары енгізіледі. Прак-
тика көрсеткендей, басты тақырыптардың тізімінің оңтайлы 
өлшемі бір беттен артпауы тиіс. Басқаша жағдайда 5-7 оңай есте 
сақталатын бөлімдерді құрауы қажет. Гипермəтінде кіріспені, қағазға 
басылған дəстүрлі кітапқа ұқсас кіріспе тəрізді қарау керек. Кіріспе 
гипермəтінді құрайтын барлық ақпараттық мақалалар арасындағы 
логикалық байланысты бейнелейді. 


137
Кіріспемен қатар гипермəтіндік жүйеге глоссарий енгізілуі 
тиіс. Глоссарий гипермəтінінде алфавит бойынша реттелген барлық 
ақпараттық мақаланың тізімі.
Кіріспе жəне глоссарийдің болуы, егер оқырман оның толық 
аталуын білсе, оқырманға бұл ақпараттық мақаланың орны белгілі 
болса, онда оқырманға қажетті ақпараттық мақаланы тез табуға 
мүмкіндік береді. Гипермəтінді мəтін мен олардың арасындағы бай-
ланысты сүйемелдейтін сөз-терминдер жиынтығы ретінде түсіну 
қажет. Мұндай жүйені (ұғым-байланыс) ғылымда тезаурус деген 
атқа ие болды. Сондықтан кез келген гипермəтінде ақпаратты іздеу 
мен жүйелеудің негізі болатын тезаурусты ерекшелеуге болады. 
Гипермəтіндегі тезаурус ретінде ақпараттық мақалалар жиынтығы 
жəне олардың арасындағы байланыс алынады. 
Ғылымдағы белгілі тезаурустардың көпшілігі жеке сөзді 
түсіндіретін ұғым-терминдер жиынтығына негізделеді. Гипермəтінді 
қолдану ақпараттық мақалалар жəне сілтемелердің құрама атаула-
рын пайдалануға тыйым салмайды. Бұдан басқа, мақаланың неме-
се сілтеменің атауы ретінде мағынасы жөнінен аяқталған сөйлем 
алынады. Осылайша, дəстүрлі тезаурустардан гипермəтіннің 
тезаурусының ерекшелігі тек қарапайым емес, сонымен қатар 
нысандардың құрама аттарын қамтуында. 
Ақпаратты гипермəтіндік түрде көрсетудің енуі мен дамуы 
 
уақытының аралығының аздығына қарамастан, гипермəтіндік 
құжаттарды безендіру теориясы қалыптасты. Жекеше алғанда, 
гипермəтін құру принциптері анықталған. Олар үш түрлі – 
жалпымəнділік принципі, объектография принципі жəне өміршең 
ахуал приципі. Оларды толығырақ қарастырайық.
  Жалпымəнділік принципі – негізгі принцип, оның негізінде 
гипермəтіннің ақпараттық мақалалары қалыптасады. Осы принцип-
пен келісе отырып ақпараттық мақалаға мақаланың тақырыбына 
сəйкес, барлық нысандарға қарағанда, ақиқат ерекше пікірлерді 
енгізу қажет. Аталған тақырып үшін ерекше емес жалпы пікірлер 
мақалада кең түрдегі тақырып бойынша енгізілу керек. 
Аталған принцип адамның ойлау əрекетінің психологиялық 
ерекшеліктері тұрғысынан негізделуі мүмкін. Ойлау логикасы 
мынандай, ағымдағы тақырыптан алған ақпаратпен салыстырғанда 
оған туыстас тақырыпты меңгеруге көшуде адам жалпы 
ақпаратты ала алады.  Ағымдағы тақырыптан түрлік, мағынасы 
бойынша жеке тақырыпқа көшуде адам жалпы мағлұматтарды 


138
қайталамай-ақ арнайы ақпарат алуды күтеді.  Бұл, шығу тегі 
бойынша байланысты бірнеше тақырыпқа қатысты ақпарат 
гипермəтінде жалпы мəнділік принципін есепке ала отырып ор-
наластырылуы тиіс. Жалпымəнділік принципті сақтау гипер-
мəтінде ақпаратты оның жалпы қасиеттеріне сəйкес орналастыруды 
білдіреді. 
Объектография принципінің мəні гипермəтінде ақпаратты 
сипаттау жəне сақтау бірлігі туралы құжат болып табылатын 
библиографиялық принциптерге сəйкес жүйеленбейді, тақарыпты 
белгілеу жəне тақырыптық нысандарды сипаттау жолымен 
жүйеленеді. Бұл жағдайда ақпараттық мақаланың мазмұны əртүрлі 
құжаттан алынған жəне нақты тақырыпқа қатысты ақпараттан 
қалыптасады. 
Өміршең ахуал принципі кез келген нысан үшін үдерістер 
жиынтығы тəн екендігін түсіндіреді, онда нысан өзінің пайда болуы-
нан бастап жойылуына дейін қатысады. Дəстүрлі əдебиетте өміршең 
ахуал туралы мəлімет барлық мəтін бойынша орталықтандырылады, 
əртүрлі  тарау жəне параграфтарға түседі. Сондықтан,  нысанның 
өмір сүру кезеңі, пайда болу динамикасы туралы толық жəне 
анық түсінік алу үшін мағынасы бойынша үлкен көлемді 
орталықтандырылған ақпаратты қарау жəне байланыстыру қажет. 
Өміршең ахуалдың кейбір фазалары басылымда мүлдем болмайды, 
жəне онда нысанның болуының жалпы сипаты толық емес немесе 
нақты емес болады.  
Гипермəтінде ақпаратты жүйелеу нысандардың өміршең ахуа-
лына сəйкес гиперсілтеме жүйесін құру есебінен автоматтанған 
болуы тиіс. Бұдан басқа, өміршең ахуалдың əрбір кезеңі туралы 
ақпарат нысан туралы мақалаға сілтемесі бар жеке мақала түрінде 
бейнеленеді. Гипермəтінді оқу, сонымен қатар кəсіби іс-əрекетте 
кеңінен қолдану ақпаратты беруге үлкен мүмкіндік жасауымен бай-
ланысты. Олардың қатарында:
-    ақпараттық элементтердің үлкен тобын меңгеру мүмкіндіктерін, 
бірақ осы элементтер арасындағы білім беру механизмінің 
ассоциативтік байланысын қамту;
-   үлкен  мəліметтер  қорындағы  навигациялар  мүмкіндігін 
көрсете білу. 
Көлеміне қарамастан гипермəтіндік жүйе қажетті ақпаратқа кіру 
мүмкіндігін, педагог пен оқушылардың қызығушылықтарын есепке 
ала отырып:


139
- интеллектуалдық іс-əрекетін қамту. Гипермəтін əрбір ұғымның 
байланысы, қасиеті немесе үдерісін ақпараттандырып 
ақпараттық массивке жеңіл қолжетімділікті қамтиды;
- əмбебаптығы, гипермəтіндік жүйені қолдану аймағындағы 
шектеудің жоқтығымен анықталады;
- əртүрлі педагогикалық міндеттерді шешу үшін ақпаратты беру 
мүмкіндіктерін ұсынуы, соның ішінде, жаңа оқу материалымен 
таныстыру, оқыту нəтижесін өлшеу жəне бақылау, практикалық 
сабақтарды ұйымдастыру жəне өткізуге мүмкіндік беру сияқты 
құрылған іздеу старатегиясын ұсынуы мүмкін.
Аталған қасиеттер гипермəтінді əмбебап құрал ретінде көрсетеді, 
оны қолдану білім беру аясының ерекшелігінен тəуелді емес. Бірақ 
та ұқсас ақпараттық жүйелерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен 
жүзеге асыруға қатысты ерекшеліктер бар. Гипермəтінді қолданудың 
педагогикалық ерекшеліктерін баса көрсету қажет:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   189
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...