Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


5-ТАРАУ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Loading...


Pdf көрінісі
бет58/189
Дата01.03.2021
өлшемі1.08 Mb.
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   189
127
5-ТАРАУ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
5.1 Ақпараттық технологиялар ұғымы, 
ерекшеліктері мен түрлері
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жəне онымен байланысты 
білім беруді ақпараттандыру ақпараттық жəне телекомуникациялық 
технологияның кеңінен таралуы, жетілуімен сипатталады. Олар 
ақпаратты алу жəне қазіргі білім беру жүйесіндегі оқытушы 
мен оқушының қарым-қатынасын қамтамасыз ету үшін кеңінен 
қолданылады. Сонымен қатар, бүгінгі күні оқытушы ақпараттық 
жəне телекомуникациялық технология аясындағы білімді меңгеріп 
қана қоймай, өзінің кəсіби іс-əрекетінде оларды қолдана алатын ма-
ман болуы тиістігін түсінуі қажет.  
«Технология» гректің сөзі жəне аудармасында өнімді, материал-
ды, жартылай өнімді затқа түрлендіру, өңдеу немесе қайта өңдеу 
əдістері мен тəсілдерінің жиынтығы деп түсіндіріледі. Бұл сөздің 
қазіргі түсінігі ғылыми жəне инженерлік білімді практикалық тап-
сырмаларды шешуге қолдануды қамтиды. Бұл жағдайда ақпараттық 
жəне телекомуникациялық технология деп ақпаратты өңдеу мен 
түрлендіруге бағытталған технологияларды есептеуге болады.
Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар – бұл 
ақпаратты алу жəне тасымалдау, өңдеу, сақтау, жинау алгоритмі мен 
əртүрлі тəсілдері, əдістерін сипаттайтын жалпылама ұғым. 
Бұл анықтамаға «қолдану» сөзі енгізілмеген. Өйткені, ақпараттық 
жəне телекомуникациялық технологияларды қолдану, тағы бір тех-
нологиясын – ақпараттандыру технологиясының бір бөлігі болып та-
былатын, білім берудегі ақпараттық жəне телекомуникациялық тех-
нологияларды медицинада, əскери істе жəне адам əрекетінің басқа 
да аясында қолдану технологиясы туралы айтуға мүмкіндік береді. 
Осы қолдану аясында ақпараттандыру технологиясының өзінің 
ерекшеліктері бар. Мысалы, ақпараттық жəне телекомуникациялық 
технология ретінде қарастырылатын Интернет технологиясын 
айтуға болады. Мұнда, білім беруде Интернетті қолдану технология-
сын ақпараттық жəне телекомуникациялық технология ретінде емес
білім беруді ақпараттандыру технологиясы ретінде есептеу орынды.
Білім беруді ақпараттандыру технологиясы ұғымының 
мағынасы білім беру аясында ақпараттық жəне телекомуникациялық 


128
технологияны қолдану технологиясы деп есептеуден гөрі, кеңірек 
екендігін түсіну қажет. Бұл ұғым білім беруді ақпараттандыру 
мақсатына жетуге мүмкіндік беретін барлық əдістер, тəсілдер 
жиынтығын қамтиды. Мысалы, білім беруді ақпараттандыру тех-
нологиясына білім беруге арналған ақпараттық ресурстарды жасау 
тəсілдері мен сапасын бағалау, педагогтардың ақпараттық жəне 
телекомуникациялық технологияны өзінің кəсіби іс-əрекетінде 
тиімді пайдаланудағы оқыту əдістері жатады. 
Білім беру аясында қолданылатын ақпараттық жəне 
телекомуникациялық технология құралдарының негізінде қосымша 
құрылғыларымен жабдықталған дербес компьютер жатады. 
Компьютердің мүмкіндіктері оған орнатылған программалық 
қамтамасыз етілумен анықталады. Программалық құралдардың 
негізгі категориялары жүйелік программалар, қолданбалы про-
граммалар жəне аспаптық құралдар болып табылады. Жүйелік 
программаларға компьютер мен жабдықтардың жəне дер-
бес компьютерді пайдаланушының арасындағы өзара əрекетті 
қамтамасыз ететін операциялық жүйелер, сонымен қатар əртүрлі 
қызметтік немесе сервистік программалар жатады. Қолданбалы 
программаларға ақпараттық технологияның құрал-сайманы бо-
лып табылатын – мəтін, графика, кестелік мəліметтермен жəне т.б. 
жұмыс жасау технологиясы, программалық қамтамасыз ету жатады. 
Құрал-саймандық программаларға программалық қамтамасыз 
етуді сипаттауға арналған программалар жатады. 
Білім берудің қазіргі жүйесінде əмбебап офистік қолданбалы 
программалар жəне ақпараттық жəне телекомуникациялық техно-
логия құралдары: мəтіндік үрдіссорлар, электрондық кестелер, пре-
зентация дайындауға арналған программалар, мəліметтер қорын 
басқару жүйесі, органайзерлер, графикалық пакеттер жəне т.б. кең 
қолданыс табуда. 
Компьютерлік желілердің пайда болуына байланысты педагог-
тар мен оқушылар жер шарының кез келген жерінен ақпаратты алуға 
жаңа мүмкіндік алды. Интернет ауқымды телекомуникациялық 
желісі əлемдік ақпараттық ресурсқа (электрондық кітапханаға, 
мəліметтер қорына, файлдар қоймасына жəне т.б.) кіруге мүмкіндік 
берді. Ең атақты Интернет ресурсы – WWW əлемдік торда бірнеше 
миллиард мультимедиалық құжаттар жарияланған. 
Телеқатынастық желіде Интернетке жəне адамдарға қажетті 
ақпараттармен алмасуға жəне қарым-қатынас жасауға мүмкіндік 


129
беретін электрондық пошта,  ICQ, жаңалықтар тобы, чаттар 
тəрізді көптеген басқа да сервистерге кіруге болады.  Нақты уақыт 
режимінде қарым-қатынас жасауға арналған, сондай-ақ байланыс-
ты орнатқаннан кейінгі мəтінді, дыбысты жəне суретті беруге 
мүмкіндік беретін арнайы программалар жасалған. Бұл программа-
лар қолданушы мен жеке компьютерде орнатылған программаның 
арасындағы біріккен жұмысты ұйымдастыруға жағдай жасайды. 
 Компьютерлік желіде жаңа мəліметтерді сығымдау алгоритмінің 
пайда болуымен дыбыстың сапасы артып, сапасы жағынан 
телефондық желідегі дыбыстың сапасына жақындай баста-
ды. Мұның нəтижесінде, жаңа технология – Интернет-телефо-
ния белсенді дами бастады. Арнайы құрылғының жəне Интернет 
желісіндегі программалық қамтамасыз етудің көмегімен аудио жəне 
бейнеконференцияны өткізуге болады. 
Компьютерлік желіде ақпаратты тиімді іздеуді қамтамасыз ету 
үшін ақпаратты іздеу технологиясы қолданылады, олардың мақсаты 
– ауқымды компьютерлік желідегі ақпараттық ресурстар тура-
лы мəліметтерді жинақтау жəне қолданушыға ақпаратты жылдам 
іздеуге мүмкіндік беру. 
Іздеу жүйесінің көмегімен бүкілəлемдік өрмектегі құжаттарды, 
мультимедиалық файлдарды жəне программалық қамтамасыз 
етілуді, мекемелер мен адамдар туралы мекен-жайлық ақпаратты 
іздеуге болады. 
Желідегі ақпараттандыру құралдарының көмегімен оқу-
əдістемелік жəне ғылыми ақпараттарды алуға мүмкіндік ашылып, 
кеңестік көмекті ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу іс-əрекетін үлгілеу, 
виртуалды оқу сабақтарын (семинарлар, дəрістер) нақты уақыт 
аралығында жүргізуге болады.
Маңызды ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияның 
қатарына бейнежазба жəне телехабар (теледидар) жатады.
Бейнепленка жəне оған сəйкесінше ақпараттандыру құралдары 
көптеген оқушылардың алдыңғы қатарлы оқытушылардың дəрістерін 
тыңдауға мүмкіндік береді. Мұнда дəрісі бар бейнетаспаларды ар-
найы жабдықталған аудиторияларда, сонымен қатар үй жағдайында 
қолдануға болады. Негізгі оқу материалы баспа оқулығында жəне 
бейнетаспаларда беріледі. Мысал ретінде шетел тілін дəстүрлі 
оқытуды алуға болады, мұнда оқушы баспа  оқулығымен қатар маг-
нитофон немесе арнайы оқытушы программамен жабдықталған 
компьютерді қолданады. 


130
Бұл жағдайда əртүрлі ақпараттық жəне телекомуникациялық 
технологияны қолданудың мақсатқа сайлылығымен  жəне қажет-
тілігі туралы сұрақ туады. Мəселен, оқыту барысында визуалды 
ақпарат қажет болса жəне оны оқушыларға баспа түрінде көрсету 
мүмкін болмаса, онда бейнематериалдың қажеттілігі белгілі. Егер 
компьютердің көмегімен ұйымдастырылған бейнепленка немесе 
бейнедемонстрация – арнайы қосымша иллюстрациясыз тек қана 
дəрістің жазбасы болса, онда ақпараттық технологияны қолдануға 
болады, бірақ міндетті түрде қажетті емес. 
Телехабар, ақпараттық технологияның кең таралған түрі, 
адамдардың өмірінде үлкен рөл атқарады: əрбір жанұяда бір теле-
дидардан бар. Оқытушы телебағдарламалар бүкіл əлем бойын-
ша кеңінен қолданылады жəне білім беруді ақпараттандырудың 
практика жүзіндегі мысалы болып табылады. Телехабардың 
көмегімен тыңдаушылардың даму деңгейін арттыру мақсатында 
үлкен аудиторияға дəрісті беруге, сонымен қатар арнайы тест жəне 
емтиханның көмегімен білімді тексеруге мүмкіндік береді.
Өкінішке орай, аталған технология тек қана үлкен аудиторияға 
ғана, мəселен, шетел тілін немесе кез келген ғылымның негізін 
үйренушілерге пайдаланылады. Ұлттық немесе қалалық телеха-
барды қандай да бір бағыттағы курстар үшін пайдалану қиындық 
келтіреді.
Көптеген оқытушы теле- жəне радиобағдарламалар спутниктік 
телехабар арқылы беріледі. Мəселен, 1971 жылы құрылған 
INTELSAT халықаралық ұйымы өзінің барлық 15 спутнигін пайда-
лана отырып, оқытушы программаларды практика жүзінде барлық 
əлемге трансляциялауға мүмкіндік береді. Спутниктік каналдар 
бейнені, дыбысты, мəтінді жəне құжаттың көшірмесін цифрлық 
түрде тасымалдауға жағдай жасайтын ISDN қатынастық желіні 
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Оқытылатын материалдың негізгі көлемін сақтауға жəне 
тасымалдауға мүмкіндік беретін қуатты технология, компьютерлік 
желіде кеңінен таралған, CD-ROM, DVD жəне т.б. арнайы ақпаратты 
тасымалдаушыларда жазылған білім берудегі электрондық басы-
лымдар болып табылады. Олармен дербес жəне ұжымдық жұмыс 
жүргізу материалды терең меңгеруге жəне түсінуге жағдай жасай-
ды. Бұл технология оқу материалдары мен оқыту құралдарын дер-
бес пайдалануға үйретеді, өздігімен оқуға жəне алынған білімді 
өздігімен тексеруге мүмкіндік береді. 


131
Қазіргі ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар-
дың көмегімен, соның ішінде электрондық пошта, телеконферен-
ция немесе ICQ білім беру үдерісіне қатысушылардың арасындағы 
қарым-қатынасты уақыт бойынша үнемдеп кеңейте таратуға жағдай 
жасайды. Мəселен, педагогтар мен оқушылар əртүрлі елде өмір 
сүріп, кез келген өзіне тиімді уақытта өзара қарым-қатынас жасай 
алады. Мұндай сұхбат уақыт бойынша созылуы яғни – сұрақ бүгін 
берілсе, оған жауап бірнеше күннен кейін алынуы мүмкін. Мұндай 
мүмкіндіктің көмегімен ақпаратпен (сұрақтар, нұсқаулар, қосымша 
материалдар, бақылау тапсырмалары) алмасуға болады, сондай-
ақ оқушы мен оқытушы алынған мəліметті талдап жəне оған өзіне 
тиімді уақытта жауап беруіне болады.
Білім беру аясында қолданылатын ақпараттық жəне теле-
комуникациялық технологияларды, əртүрлі көрсеткіштері бойын-
ша жіктеуге болады. Мəселен, білім беруді ақпараттандыруға бай-
ланысты, көрсеткіш ретінде, ақпаратқа əсер ету алгоритмін немесе 
қолданылу əдісі мен тəсілін қарастыру ыңғайлы.   Бұл жағдайда 
ақпаратты сақтау, көрсету, енгізу, тұжырымдау, өңдеу жəне тасымал-
дау технологиясын ерекшелеуге болады.
Көптеген ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар 
белгілі. Əрбір жыл сайын білім беруді ақпараттандыру тұрғысынан 
маңызды жаңа құралдар жəне технологиялар пайда болуда. Олардың 
барлығын атау жəне олардың барлығын меңгеру мүмкін емес. Тек 
қана, қандай да бір жағдайда бұл технологиялардың бірқатары ма-
мандарды дайындау сапасын арттыруға əсер ететіндігін түсіну 
маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   189
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
бағалауға арналған
Әдістемелік кешені
Сабақ жоспары
тоқсанға арналған
туралы хабарландыру
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
Қазақстан тарихы
біліктілік талаптары
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
мерзімді жоспар
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
Қазақ әдебиеті
мемлекеттік әкімшілік
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
оқыту әдістемесі
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік кешені
болып табылады
мамандығы бойынша
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан

Loading...