Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


-  бас əріптер үшін: өркеш (тісті), академиялық, стандартты,  өнеркəсіптік, сəулетшілік, архитектуралық, романдық; -

Loading...


Pdf көрінісі
бет46/189
Дата01.03.2021
өлшемі1.08 Mb.
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   189
-  бас əріптер үшін: өркеш (тісті), академиялық, стандартты
өнеркəсіптік, сəулетшілік, архитектуралық, романдық;
-  кіші əріптер үшін: академиялық, стандартты, романдық, 
архитектуралық, сəулетшілік.
8. Неғұрлым жақсы қабылданатын қаріп пен фон түстерінің 
тіркесі: қара көкте ақ түс, қарақошқылда сары түс, ақта қара 
түс, көкте сары түс.
9. Ақ кеңістік айқындылықтың күшті құралының бірі ретінде 
мақұлданады, қолданылған қаріптердің аздығы – стилдің 
белгісі.
10. Таңбалардың формасын зерттеу барысында пішіндерінің қатты 
құламалары бар таңбалар ерекше жылдам жəне анық таныла-
ды; мысалы, үшбұрыш пен тікбұрышты тану көпбұрыш пен 
овальды фигураларға қарағанда едəуір оңай; қарапайым фи-
гуралар оларды танудың нақтылығы жағынан келесі тəртіппен 
орналастырылады: үшбұрыш, ромб, тікбұрыш, щеңбер, ква-
драт.
11. 
Кез келген фондық сурет оқушы көзінің шаршағыштығын 
жоғарылатады жəне материалды қабылдаудың тиімділігін 
төмендетеді.
12. 
Адамның сана-сезіміне мультипликация ерекше əсер етеді. 
Оның əсері қарапайым бейнеға қарағанда күштірек. Анық, 
ашық, жылдам ауысатын суреттер сана-сезімдегі белгіні жеңіл 
ысырып тастайды. Əсер ету қысқа болған сайын ол күштірек 
болады.
13. 
 
Кез келген анимацияланған объект материалды қабылдауды 
төмендетеді, көңіл аударарлық күшті əсер етеді, назардың 


85
динамикасын бұзады. Анимацияны қолдану ерекше назарды 
жəне керектікті талап етеді.
14. Оқытуға қатысы жоқ фондық сүйемелдеуге қосылған дыбыс-
тар (əндер, əуендер) білім алушылардың тез жалығуларына, 
көңілдерін бөлуге жəне оқытудың өнімділігін төмендетуге 
алып келеді. Жəне де тиімділіктің көрсеткіші дыбыстың 
қарқындылығына тəуелді емес (егер ол 40 пен 75 дб арасында 
тербеліп тұрса).
15. 
Мультимедиа ресурстардың визуальдық жəне дыбыстық 
сигналдардың қарқындылығы адамның сезімталдық анализа-
торы диапазонының орташа мəніне сəйкес болу керек.
Мультимедиалық құралдың жұмыс істеуінің ғаламдық сценариін 
жобалау барысында оқу жұмысының басында білім алушылардың 
мотивациясын құруды жоспарлау, оқу материалының жалпы 
құрылымымен танысу (алгоритмдеудің психологиялық теориясы 
немесе зерделі əрекеттерді кезең бойынша қалыптастыру), бұрын 
өткен материалды егер қажет болса, еске түсіру ұсынылады. 
Жергілікті сценарийді құру (жеке оқыту элементтерін оқу 
барысында тапсырмаларды орындаудың бірізділігі) кезінде тап-
сырмаларды схемалар, сызықтар жəне басқа да графикалық 
иллюстрациялар түрінде, одан кейін аса абстрактілік орындауды 
алдын ала жоспарлау ұсынылады. Оқытудың бөлшектік, үлестік 
қасиетін еске ала отырып, мультимедиалық құралдың ғаламдық 
сценариінде ағымдық жəне аяқтаушы жалпылама кезеңдерін 
қарастыру қажет.
Психологияның жетістіктері компьютер экранында ақпаратты 
визуалдау тəсілін жасауда есепке алатын жалпы ұсыныстар қатарын 
сипаттауға мүмкіндік береді:
-  экрандағы ақпарат құрылымды болу керек;
-  визуальды ақпарат мерзімімен аудиоақпаратқа ауысып отыру 
керек ;
-  жұмыс екпіні өзгеру керек;
-  мерзімімен түстің ашықтығы жəне/немесе дыбыс қаттылығы 
өзгеру керек; 
-  визуалданған оқыту материалының мазмұны тым оңай немесе 
тым күрделі болмау керек.
Экрандағы кадрдың үлгісін жəне оның құрылуын жасауда көру 
өрісін ұйымдастыруды анықтайтын объектілер арасында мағына 
мен қатынас бар екенін есепке алу ұсынылады.


86
Объектілерді тұтастыруда (құрастыруда) ұсынылады:
-  бір-біріне жақын, көру өрісіндегі объектілер бір-біріне жақын 
болған сайын, жоғары ықтималдықпен олар бірыңғай, біртұтас 
бейнеге ұйымдасады;
-  үдеріс ұқсастығымен, бейнелер ұқсас, біртұтас болған сайын, 
жоғары ықтималдықпен олар ұйымдасады;
- жалғасу қасиетін есепке алу, көру өрісіндегі элементтер 
заңдық бірізділікті сəйкес жалғастырушы орында көп болған 
сайын, жоғары ықтималдықпен бірыңғай, біртұтас бейнеге 
ұйымдасады;
-  осындай ретпен, олар тұйықталған тізбек құрау, көру өрісіндегі 
элементтер көп тұйықталған тізбек құраған сайын, олар үлкен 
дайындықпен жеке бейнелерге ұйымдасады;
-  объектілердің үлгісін, əріптер мен сандардың көлемін, түстің 
қанықтығын, мəтіннің орналасуын жəне т.б. таңдауда зат пен 
фонның бөліну ерекшелігі;
-  визуальды ақпаратты бөлшектермен, ашық жəне қарама-қарсы 
түстермен жүктемеу;
-  еске сақтау үшін арналған оқу материалын түспен, астын сызу, 
қаріптің өлшемімен жəне т.б.
Мультимедиалық ресурстарды жасау барысында əр түрлі фон-
да əр түрлі түстермен бейнеленген объектілерді адам əрқалай 
қабылдайтынын есепке алу керек. Егер объектілердің түстерінің 
ашықтығы мен фонның ашықтығы сай келмесе, онда кескінді беттік 
көру барысында визуальды таңба əсері пайда болуы мүмкін. Бейнені 
ерекше зейінмен қараған кезде бұл объектілерді қабылдау қосымша 
көру күшін талап етеді. 
Көрермендік ақпаратты ұйымдастыруда заттардың фонға деген 
қарама-қарсылығы маңызды рөл атқарады. Қарама-қарсылықтың 
екі түрі бар: тура жəне кері. Тура қарама-қарсылықта заттар мен 
олардың бейнелері қошқыл, ал кері қарама-қарсылықта фоннан 
ашықтау. Əдетте мультимедиалық ресурста қарама-қарсылықтың 
екі түрі де қолданылады, жеке-жеке əр түрлі кадрларда, бірге бір 
суреттің рамкасында.
Тура қарама-қарсылықта жасалған жұмыс артықшылыққа ие. 
Бұндай жағдайларда жарықтың өсуі көрудің жоғарылауына, ал 
керіде төмендеуге əкеледі, бірақ кері қарама-қарсылықта ұсынылған 
сандар, əріптер мен таңбалар кіші көлемде тура қарама-қарсылықта 
болса да анық жəне тез танылады. Бейне бөліктерінің салыстырма-


87
лы көлемі қаншалықты үлкен жəне ашықтығы жоғары болған сайын, 
қарама-қарсылық соншалықты кіші болу керек, сонда көру жоғары 
болады. 
Білім беруші мультимедиалық ресустың түстер палитрасындағы 
түстердің сəйкестігі осындай оқу құралында анықталған 
психологиялық жұмыс күйін қалыптастырады. Қара түстердің 
басымдылығы жабырқаулы күйге, енжарлыққа, ал ашық түстердің 
басымдылығы, керісінше, аса қоздыруға алып келеді.
Түстердің маңызы тұрақты жəне тиянақты көрермендік 
ассоциацияға, нақты заттар мен объектілерге сəйкес болу керек. 
Сондай-ақ, түстердің маңызын адамның психологиялық əсеріне 
сəйкес (мысалы, қызыл түс – тоқтату, шұғыл ақпарат, қауіптілік, 
сары түс – назар мен аңду, жасыл – рұхсат беруші жəне т.б.) таңдау 
керек. Объектілерді маңызды қарама-қарсы қою барысында қарама-
қарсы түстерді (қызыл-жасыл, көк-сары, ақ-қара) пайдалану 
ұсынылады.
Білім беруші мультимедиалық ресурстардың интерфейсін 
құруда компьютер экранында ақпаратты оқуды оңтайландыру үшін 
логикалық екпінді пайдалану ұсынылады. Логикалық екпіндер 
деп белгілі бір объектіге тұтынушының назарын аударуға арнаған 
психологиялық-аппараттық тəсілдерді айтамыз. Логикалық 
екпіндердің психологиялық əсері көрермендік іздеуде уақытты азай-
тумен жəне негізгі объектінің центріне көру өсін тіркеумен байла-
нысты.
Логикалық екпіндерді құруда көп қолданылатын тəсілдер: 
негізгі объектіні ашық түстермен бейнелеу, көлемін, ашықтығының 
өзгеруі, жарқылдармен сəуле таратуының орналасу немесе бөлінуі. 
Логикалық екпіннің сандық бағасы қарқындылық болып табылады. 
Қарқындылық фонға байланысты түс пен объектінің ашықтығына 
тəуелді. Ең жақсы бөліп көрсету тым ашық немесе қарама-қарсы 
түстерді пайдалану, ал ең нашары – жарқылдаған сəулелер, көлемнің 
немесе түстің өзгеруі. Объектінің жылтылдау режимін пайдаланғанда 
жылтылдау жиілігін 3-8 Гц аралығында белгілеу ұсынылады. 
Объектіге назар аударту үшін бірнеше логикалық екпіндерді бір 
уақытта пайдалануға болады. Сонда объектінің логикалық екпінінің 
қарқындылығы осы екпіндердің сомасына тең болады. Мысалы, 
объект бір уақытта фон ашықтығының төмендеуімен, оның жыл-
тылдау режимінің қосылуымен немесе жарқылдаған сəулелер мен 
дыбыстық сигналдармен ажыратылуы мүмкін.


88
Білім беру мультимедиа ресурстарында бірнеше объектіні 
біруақытта ерекшелеу ойдың шашырауына, одан əрі қарай 
оқушылардың тез шаршауына əкеліп соғуы мүмкін.
Көру ақпаратын қабылдаудың оңтайлығы басты объекті 
өрісінің назардан тыс ерекшеленуі əсер етеді. Басты объект өрісіне 
4-6 қосымша объектілерден көп емес орналастыру қажеттілігі 
ұсынылады. Қосымша объектілер санын арттыру зейіннің 
шашырауына əкелуі мүмкін, оның салдарынан басты объект зейін 
аясынан тысқары қалып, қосымша объектілер фонмен бірлесіп кетуі 
ықтимал.
Объектілер пішіндері мен суреттің фон эементтері тұрақты 
көру ассоциациясына сəйкес келуі шарт, нақты заттар, объек-
тілердің пішініне ұқсас болуы қажет. Бұл талапқа сəйкес келмеуі 
керек емес сұрақтарға, оқу уақытын жоғалтуға əкеліп соғуы 
мүмкін.
Білім беру мультимедиа-ресурстарын дайындаушылардың басты 
назары иллюстрацияны пайдалануға негізделген жəне жүйеленген 
тəсілге бөлінуі тиіс. Иллюстрацияның бір немесе бірнешеуін қолдану 
қиын жəне күрделі оқу мəтінін түсіндіру барысында, қосымша 
көрнекілік түсіндіруді қажет еткенде; тақырыптық мағыналық блок-
тарды жалпылау мен жүйелеу үшін; барлық оқу материалын жал-
пылай жандандыру үшін жəне мəтінді барлық өріс бойынша баспа 
жəне электронды түрде (гипермедиа) орталықтандыру қолдану 
ұсынылады. 
Жеке экран беттері немесе барлық білім беру мультимедиа-
ресурстары үшін нақты иллюстрацияның саны арнайы бекітілме-
ген. Бұл білім беру мультимедиа-ресурстарының параметрі əрбір 
жағдайда келесілерді ескере отырып анықтау ұсынылады:
-  оқу материалының мазмұны мен сипаты;
-  оқушыларды оқытудың таңдалған əдістемесіне;
-  жалпы орта білім беру жəне нақты мектептердің мүмкіндіктері 
мен ерекшеліктеріне қарай. 
Білім беру мультимедиа-ресурстарымен берілетін жақсы 
безендірілген, түсінікті, көп иллютрацияланған оқу материалы, 
оқушылардың жағымды эмоциясын қалыптастырады, оқу пəндерін 
оқып-үйренуге қызығушылығын арттырады, оқушылардың жалпы 
жағдайына əсерін тигізеді. 
Білім беру мультимедиа-ресурстарында оқу материалының көр-
некілігін арттыру үшін кесте мен схемаларды қолдану ұсынылады. 


89
Кестелер қызметіне қарай түсіндірмелі, салыстырмалы жəне 
жалпылама болып бөлінеді. 
Түсіндірмелі кестелер сығымдалған түрде меңгерілетін 
теориялық материалды түсінуді жеңілдетеді, оны саналы түрде 
меңгеру мен есте сақтауға көмектеседі.
Салыстырмалы кестелер материалды салыстыру жəне қарама-
қарсы қоюды жүзеге асырады жəне оның топтастарының бір түрі 
болып табылады. Кез келген элементтер салыстырылады: тарихи, 
əлеуметтік, экономикалық жəне саяси объектілердің, шаруашылық 
түрлері, адам темпераментінің түрлері жəне т.б. айрықша белгілері. 
Жалпылама немесе тақырыптық кестелер оқып-үйренген 
теориялық материал бойынша қорытынды жасайды, түсініктің 
қалыптасуына жағдай жасайды. Бір затты логикалық тізбек түрінде 
жалпылай келе, оның негізгі ерекшеліктерін құбылысын, жағдайын, 
үрдісін жəне т.б білдіреді. 
Білім беру мультимедиа-ресурстарын дайындауда кестелерді 
қажеттілігіне қарай қолдану ұсынылады:
-  көріну көрнекілігін арттыру жəне мəтіннің мағыналық 
фрагментін қабылдауды жеңілдету; 
-  екі немесе бірнеше объектілерді арнайы салыстыруды жүзеге 
асыру (мəтіннің келесідей мазмұнды элементтерін: оқиға, 
фактілер, құбылыстар, заттар, мəтіннің үзінділері жəне т.б.);
-  көптеген объектілерді топтастыруды жүзеге асыру;
-  объектілерді жүйелеуді орындау.
Білім беру мультимедиа-ресурстарында кестелерді дайындауда 
келесідей негізгі ережелерді сақтау ұсынылады:
-   кестеде берілетін сөздердің саны аз болуы тиіс;
- кестенің жоғарғы, төменгі жəне жан-жағындағы жиектер 
шегініспен болуы қажет;
-   кестенің түстік палитрасы əртүрлі болмауы керек;
- кестенің ерекшеленген ұяшықтарының саны ерекшеленген 
мəтін фрагментінің мазмұны мен сипатына сəйкес келуі қажет 
жəне т.б. 
Жалпы орта білім беру жүйесінде қолдануға арналып дайындалған 
мультимедиа-ресурстар тек кесте түріндегі көрнекілікпен қатар, 
мұндай ресустарға графиктерді, диаграммаларды, апликацияларды, 
схемалық суреттерді енгізумен көрнекілік талаптарын арттыруы 
мүмкін. Мұндай интерфейстік құралдар арнайы белгілер, байла-
ныстар жəне құбылыстар, оқиғалар, үрдістерді жəне т.б. ерекшелеу 


90
үшін қолданылады, сонымен қатар мəтіннің фрагментін жергілікті 
бейнелік көрсету үшін пайдаланылады. Схемалық бейненің 
көмегімен білім беру мультимедиа-ресурсының авторы құбылысты 
логикалық тізбектілікпен ашып көрсетеді, екі немесе бірнеше 
объектілерді көрнекі салыстыруды қамтамасыз етеді, сонымен қатар 
оқушылардың білімін жалпылайды жəне жүйелейді. 
Мультимедиа-құралдарына схемалар мен блок-схеманы дайын-
дау үшін келесідей ұсыныстарды есепке алу мақсатқа лайық:
-  схемада немесе блок-схемада түсіндірілетін материал саны аз 
болуы тиіс;
- схеманың жоғарғы, төменгі жəне оң жақ жəне сол жақ 
жиектерінде шегініс болуы тиіс; 
-  схеманың немесе блок-схеманың түстік палитрасы əртүрлі 
болмауы керек;
-  схеманың немесе блок-схеманың құрылымды бөліктері жəне 
олардың байланысты ерекшеленген мəтін фрагментінің 
мазмұны мен сипатына сəйкес келуі қажет жəне т.б. 
Білім беру мультимедиа-ресурстарды дайындауда қуатты ком-
пьютерлік графикалық құралдарды қолдана отырып, схемаларды 
жəне блок-схемаларды қосымша безендіру ұсынылады: 
-  түстердің түрлі палитрасымен;
-  суреттермен (мұнда, сурет схемаларды немесе блок-схемаларды 
безендіру элементі ретінде);
-  шрифтің əртүрлі жиыны;
-  схеманы қоршаудың əртүрлі құралдары;
-  схеманың құрамды бөліктері мен байланыстары санын орнату;
-  схема қозғалысы эффектісін жүзеге асыру (анимация).
Оқушыларда реалистік көзқарас қалыптастыру мақсатында білім 
беру мультмедиа-ресурстарын дайындауда басқа иллюстрациямен 
схемалық суретті салыстыру мақсатқа лайық.
Схема нақты тілдік материалмен толықтырылуы тиіс, бірақ оның 
көлемін шектеу керек, сонымен қатар схеманың шамадан тыс толты-
ру қаупі бар, материалды көруді қабылдауды күрделенеді, схеманың 
құндылығын түсіндіреді. 
Материалды компактілі орналастыру, шартты белгілеу схема-
ны немесе блок-схеманы бейнелеуге, оны гигиеналық нормаларға 
сəйкес келтіруге мүмкіндік береді. 
Иллюстрация, кестелер жəне схемалары бар түспен безен-
дірілген мультимедиа-ресурс анимация элементтерімен, дыбыс-


91
пен сүйемелденеді, оқу материалын қабылдауды оңайлатады, оны 
түсінуге жəне есте сақтауға көмектеседі, оқушылардың танымдық 
белсенділігін ынталандырып, заттар, құбылыстар, оқиғалар туралы 
анық жəне ашық түсінік береді. 
Білім беру мультимедиа-ресурстар интерфейсін қалыптастыруда 
анимация эффектісін жүзеге асырудың бірнеше тəсілі ұсынылады.
«Бөлшектеу» тəсілі. Бұл тəсілдің маңыздылығы иллюстрация-
ны таңдап, автор оны бірнеше бөліктерге бөледі, содан соң осы 
бөліктердің бір-біріне тізбектілігін сипаттайды. Динамикалық су-
рет эффектісі жəне суреттер осылай жүзеге асырылады. Мұнда 
объект өзгере отырып, кеңістікте орнын ауыстырмайды. Осындай 
принцип бойынша алынған динамикалық иллюстрацияларды білім 
беру мультимедиа-ресурстарының сценарий орындарында қолдану 
орынды.
«Каширование» тəсілі. Бұл тəсілдің маңызы мəтінмен 
толтырылған мультимедиа-ресурс кестесі алдымен жабық, содан 
соң оның ашылуы бірте-бірте орындалады. Кестені бөлік бойынша 
ашып көрсететін кесте бойынша түрлі-түсті қағазды қозғалту ил-
люзиясы құрылады. Мұндай анимация объектілері схемалар, блок-
схемалар немесе сызықтық мəтіннің бөліктері болуы мүмкін.
«Кеңістіктегі қозғалыс» типі тəсілі. Оның «жинау» тəсілінен 
ерекшелігі, білім беру мультимедиа-ресурсы жағдайында экранда 
таңдалған объект арнайы берілген траектория бойынша қозғалатын 
иллюстрация үшін əрекет тізбектілігі сипатталады (мультипликация 
эффектісі). Көру қатарының негізін суреттер, картиналар, оқу карти-
налары жəне бейнеүзінділер құрайды. Суреттер мен бейнеүзінділер 
түстер мен анимация үйлесімділігінде ерекше эффектіні қамтамасыз 
етеді.
Аталған ұсыныстар білім беру мультимедиа-ресурстарында 
эффективті элементтерді безендіруді қалыптастыруға бағытталған. 
Олардың санына нақты безендіру элементтерімен байланысты 
ұсыныстарды жатқызуға болады, сондай-ақ оларды жалпы орта білім 
беру жүйесіндегі білім беру мультимедиа-ресурстары интерфейсін 
қалыптастыру үшін қолдану мақсатқа лайық.
Табиғи жəне адам жасаған объектілер оның санасында ерекше 
эмоциямен сүйемелденетін тұрақты бейнелерді тудыратындығын 
түсіну маңызды. Бұл геометриялық фигуралардың, сызықтардың 
символдық ассоциативтік мəні визуалды формаларды дайындаумен 
байланысты барлық іс-əрекетте есепке алынады:


92

 жолды безендіру оқушылардың зейінін тұрақтандырады, 
өзінің ашықтығы, қайталанбайтындығы арқылы жол адам-
ды қызықтырады; мұндай жолдар көбінесе оригиналды, 
динамикалық өрнекті бейнелейді;
-   безендіру элементтерінің көзге түсуі тек қана зейінді аударып 
қана қоймай, сонымен қатар оны ұйымдастырады; 
-   вертикаль өлшенбейтін, шексіз, жеңіл ретінде қабылданады;
-  егер вертикаль төменгі бөлікті толықтырса немесе горизон-
таль негізінде тұрса, онда мүмкіндігінше тұрақты ретінде 
қабылданады;
-   горизонталь сенімділікпен, тұрақтылықпен ерекшеленеді;
-   диагональ динамиканы, қозғалысты, дамуды белгілейді;
-   нақты горизонтал мен вертикальда құрастырылған композиция 
тұрақтылыққа, статистикалық, мерекеге ұмтылдырады;
-  диагоналға негізделетін композиция, қозғалысты, өзгерісті, 
тұрақсыздықты бейнелейді;
-  горизонталь вертикальға қарағанда композиция негізделген
ауыр салмақты болып көрінеді.
Компьютерлік шрифтер каталогына енгізілген арнайы белгі-
символдар безендіру арсеналын кеңейтеді: шартты белгілер, 
бағыттауыштар, телефондар, крест жəне жарты ай, ойын картала-
рын, өрнек фрагментін белгілеу. Білім беру мультимедиа-ресурс-
тары дизайнында екі қарама-қарсы тенденцияны ерекшелеуге бо-
лады: безендіруді қолданудан толықтай бас тарту жəне оларды 
артық қолдану. Біріншісі жəне екіншісі оқушылардың материалды 
қабылдауын қиындатады. Мұндай безендіру түрінің ерекшелігі, 
арнайы мағыналық ауыртпалыққа ие, мұның бəрі композициядағы 
мағыналық байланыстың бұзылуына əкеліп тірейді. 
Графикалық дизайнның белгілік табиғаты əмбебап. Бірақ ол 
қолданылу саласына тəуелді модифацяланады. Оның қызметінің 
принциптерін оқып-үйрену, сонымен қатар элементтер, олардың 
заңдылықтарын кешенге біріктіру арасындағы байланысты тал-
дау жəне аяқталған шығарма білім беру мультимедиа-ресурсында 
дайындаушылардың кəсіби қалыптасуы үшін қажет.
Білім беру мультимедиа-ресурстары интерфейсін жоспарлау мен 
құруда жүйелік тəсілді қолдану жалпы орта білім беру жүйесінде 
оқу үрдісінің өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді, оқушыларға 
психологиялық жағдай құру. Мұның барлығы оқыту жəне тəрбиелеу 
үрдісінің тиімділігін арттыруға жағдай жасайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   189
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
Қазақстан республикасы
бағалауға арналған
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
білім беретін
республикасы білім
әкімінің аппараты
Қазақстан республикасының
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
мерзімді жоспар
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...