Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді

Loading...


Pdf көрінісі
бет39/189
Дата01.03.2021
өлшемі1.08 Mb.
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   189
Баспа серверлер, желі адаптерлері көмегімен мəлімет та-
сымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы болып та-
былады. Мұндай желілік баспа құрылғысы басқа желі 
құрылғыларына тəуелсіз күйге өзі жеке жұмыс жасайды.
Баспа сервері желідегі барлық серверлерден жəне жұмыс станция-
ларынан тапсырма ала отырып, жергілікті желі ауқымды желіден 
өте көп мəлімет алмасатын болған жағдайда, пошталық сервер 
пайдаланылады. Бұл мүмкіндік компьютерлерді компьютерлік 
желілерге байланыстырды, аппараттық жəне ақпараттық ресурстар-
ды кез келген компьютерде жұмыс істеп отырғандар қолдана ала-
ды. Бұл желідегі қолданушылар файлдармен алмасу жəне хатпен 


65
алмасу, ортақ принтерді қолдануға жəне басқа да периферийлік 
құрылғыларды қолдануға мүмкіндік береді. Бір-бірімен байланысқан 
компьютерлерді əр түрлі көзқараспен қарауға болады. Бір жағынан 
компьютерлердің байланысуы бұл – компьютерлік желі. Екінші 
жағынан, бұл құрал кеңістікте ақпарат алмасу, қарым-қатынас 
құралы. Дəл осы қасиет негізінде компьютерлік желілерді жиі 
телекомуникациялық желілер деп атайды. 
Телеқатынастық желілер локалдық жəне глобалдық деп екіге 
бөлінеді. Локалдық желі деп бір ғимаратта, бір организацияда, 
район, қала, ел ішіндегі жалғанған компьютерлерді айтады. Басқа 
сөзбен кеңістікте шектелген желіні айтады. Локалдық желілер білім 
саласында көп қолданылады. Көптеген мектеп, жоғары оқу орын-
дары жəне басқада оқытатын мекемелердегі компьютерді локалдық 
желімен жалғанған қазіргі технологияның мүмкіндігі əр түрлі 
бөлмеде немесе ғимаратта немесе əр түрлі компьютерлерді бай-
ланыстыра алады. Оқу орындарында басқа мемлекеттегі филиал-
дарын компьютердің локалдық желісі арқасында байланыстыруға 
мүмкіндік туды. Локалдық жəне глобалдық желінің айырмашылығы 
кеңістіктегі шектеуі глобалды желіге кез келген компьютерді қосуға 
болады. Бұл желіге енгізілген ақпаратты кез келген адам ала ала-
ды. Глобалдық желіге мысал ретінде атақты интернетті (internet) 
айтуға болады, бұл желіге оқу орындарының кіруге мүмкіндігі 
бар. Интернет жалғыз глобалдық желі емес. Оның басқа да түрлері 
бар, мысалға, FIDO немесе SPRINT. Бұл əдіспен мектептермен оқу 
орындар локалдық желіден глобалдық желіге кіруге мүмкіндігі бар. 
Телеқатынастық желі білім саласында бір жағынан локалдық, ком-
пьютерлер қорғаныс, өнер жəне мəдениет органдарын қамтып отыр, 
əр түрлі аймақтағы компьютерді байланыстыратын желіні глобалдық 
деп айтуға болады. Локалдық желінің артықшылығы бір салада шек-
телген ақпаратты сол саладағы адамдар қолдана алады. Сол уақытта 
локалдық желінің шектеуі, ақпарат алуға шектеу қояды. 
Ақпараттық ресурстарды кез келген адамның алуы басқа да 
мəселелерді тудырады. Бұл мəселелерге ақпараттың қауіпсіздігі 
сапасын т.б. жатқызуға болады. Ақпараттандыру білім саласында 
локалдық, глобалдық телекоммуникациондық желілердің болуы. 
Қазіргі замандық педогог телекоммукациялық желілердің барлық 
түрін  қолдана білуі керек. Қандай да телекомуникациялық желінің 
барлығының негізгі міндеті ақпарат алмасу моделі, ақпарат көзінен 
берілуі жəне қабылдауышқа қабылдануы. Ақпарат қабылдағыш 


66
ретінде компьютер де адамдар да болуы мүмкін. Бұл əдіспен 
телекомуникациялық желі арқылы адам адаммен, адам компью-
термен, компьютер компьютермен ақпарат алмаса алады. Айта 
кету керек, бұл ақпарат алмасудың түрлері білім саласында көп 
қолдыналады. Ақпарат көзінен қабылдағышқа байланыс каналы 
арқылы беріледі. Ақпарат көздерімен немесе қабылдағыштардың 
саны бірден асып кетсе, оларды бір-бірімен жалғастырады. 
Бұл жағдайда коммутация байланыс каналы қолданылады деп 
айтылған. Каналдары коммутациясына қарама-қарсылығы комму-
тация пакеттері бар. Пакеттер коммутациясы берілетін ақпаратты 
үзінділерге бөледі. Ақпарат пакеттері байланыс каналдары арқылы 
берілген ақпараттар арнаулы құрылғыға келіп түседі. Оларды 
маршрутизатор деп атайды. Қазіргі замандық телекомуникациялық 
желілер, негізгі коммутация пакеттері байланыс каналдарын ақпарат 
алмасу үшін тиімді қолданады. Ақпаратқа кез келген қабылдағышта 
ақпаратты ашуға мүмкіндігі бар. Телеқатынастық желілердің ашы-
луы осындай ақпараттарды қолдануға байланысты болады. Ақпарат 
қабылдағыш ретінде компьютерлік желілерді алуға болады, олардың 
бір-біріне қарым-қатынасы бар жəне оларды екі топқа бөлуге бола-
ды, орталықтандырылған жəне біррангтік.
Орталықтандырылған локалдық жəне глобалдық желілер негізгі 
«клиент – сервер», желідегі серверлер мен клиенттердің белгіленуі. 
Клиенттерге жұмыс станциясына тиісті компьютерлерді айтады. 
Олардың бір-біріне байланысы жоқ. Бірінші жұмыс станциясы 
екінші жұмыс станциясымен серверді қолданусыз ақпарат алма-
са алмайды. Сервер ретінде кез келген компьютер соның ішінде 
жұмыс станциясынан айырмашылығы жоқ компьютерлер болуы 
мүмкін. Сервер ерекше рөл атқарады – ол ақпарат алмасу үрдісін 
басқарады. 
«Клиент-сервер» желісі пайдаланушыларға тез арада жоғары 
дəрежеде жəне жеңіл жұмыс станциясында ақпаратты қарауға 
болады, телекомуникациялық желідегі сервердегі кез келген 
компьютердегі ақпаратты алуға мүмкіндігі бар. Біррангтік локалдық 
желілер (біррангтік тек локалдық желілер бола алады) компьютердің 
тепе-теңдігі негізінде іске асады. Бұл телекомуникациялық желідегі 
əр компьютер жұмыс станциясы жəне сервер ретінде бола алады. 
Біррангтік желілер жұмыс станцияларында ақпарат алмасу тікелей 
іске асады. Қазіргі замандық оқу орындарыда орталықтандырылған 
жəне біррангтік локалдық желілерді кездестіруге болады, бұлар 


67
глобалдық телекоммуникациялық желілерге шығуға мүмкіндік 
береді. Сонымен қатар сервер ретінде арнайы компьютер немесе 
қарапайым компьютер педогог қолданатын компьютерлер де бо-
луы мүмкін. Ақпарат алмасу ақпарат көзімен жəне қабылдағышпен 
арнайы ережелдермен жүзеге асады, оны – протокол деп атайды. 
Атақты протокол TCP/IP глобалдық желілерде кеңінен қолданылады. 
Бірнеше протокол түрлері бар, олардың əрқайсысының өзінің 
ерекшелігі бар.
Протоколдардың көп болуы телекоммуникациялық желідегі 
жұмысын қиындатады, ақпаратқа рұқсатты азайтады.
Глобалдық компьютер желісі Интернет пайда болғаннан кейін 
телекомуникациялық желілер адам өміріне, соның ішінде білім са-
ласына кеңінен енгізілді. Интернет желісінің əр түрлі мемлекеттерде 
телекомуникациялық желілер таралуы, əр түрлі салаларда, білім са-
ласында қолданылуына əкелді.
Білім саласында телекомуникациялық желілердің қолданылуы 
жаңа мүмкіндіктерге жол ашты, олар:
-  оқу-əдістемелік ақпаратқа кеңінен рұқсат алу;
-  ақпаратты іздеу, мəдени сөйлеу;
-  жүйелі өзіндік оқудың дамытылуы;
-  виртуальдық оқулық дəірістердің өткізілуі (семинарлар, 
дəрістер)
-  арақашықтықтан оқытуды ұйымдастыру; 
-  бірлескен зерттеу жобаларын ұйымдастыру;
-  ғылыми-зерттеу модельдеу қызметі;
-   қауіпті объектілер жəне құбылыстар, үрдістер немесе күрделі 
модельдеу;
-  желідегі педагогтар ұйымы;
-  желідегі оқушылардың ұйымы.
Телеқатынастық құралдар, білім саласында қолданылатын 
ақпарат алмасуға қатысты кез келген құралды түсіне білу керек.
Білім саласында компьютерлер жəне программалық қамтамасыз 
етуге телефон, теледидар жəне басқа да телекоммуникациялық 
құралдар жатады. 
Телеқатынастық желілердің əмбебап мүмкіндіктері оны алдыңғы 
ақпараттандыру құралдарымен қатар білім саласында енгізеді. 
Олар белсенділігін жоғалтады. Қосымша мүмкіндікке ие бола оты-
рып, телекомуникациялық желілер басқа телекомуникациялық 
құралдардың орнын басады.


68
Білім саласында қолданылатын телекоммуникациялық құралдар – 
білімді ақпараттандыру құралы ретінде жəне телекоммуникациондық 
желілерде ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін құрал ретінде. Білім 
саласында қолданылатын телекоммуникациялық құралдар деп 
отырғанымыз, серверлер, жұмыстық станциялар, желілер немесе 
маршрутизаторлар жəне де арнаулы программалы қамсыздандыру 
жəне ақпараттық толықтыруларсыз толық мүмкіндікті білім сала-
сында ақпарат алмасу мүмкін болмас еді. 
Телекоммуникация құралдар қолдану арқасында білім саласы-
на электрондық пошта, телеконференциялар, ақпаратқа жойылған 
рұқсат алу жəне басқалар сияқты əйгілі телекоммуникациялық сер-
вистер өтіп кеткен, олардың рөлі мен мүмкіндіктері келесі бөлімде 
баяндалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   189
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...