Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді

Loading...


Pdf көрінісі
бет185/189
Дата01.03.2021
өлшемі1.08 Mb.
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189
LMS-дің мүмкіндіктері
-  Электрондық оқытуды қолдау. LMS оқу сыныптарында 
дəстүрлі (аудиториялық) сабақтар мен желілік оқу курстарының 
негізіндегі виртуалды оқытуды қарапайым жолмен біріктіру 
мүмкіндігін беруі тиіс. Бұл мүмкіндіктер біріккен кезде 
қарапайым сабақты да, жекелеген (жеке тұлғаға арналған) 
сабақтарды белсендендіреді. 
-  Оқу мекемелерінде қолданылатындай, LMS оқу мекемесінің 
бірегей ақпараттық жүйесімен үйлесуі қажет, бұл оқушыларды, 
профессорлық-оқытушылық құрамды (қашықтықтан білімді 
жетілдіру), т.с.с. қосқанда үйренушілердің барлық катего-
риясын электрондық оқыту жүйесіне қосуды жеңілдетуге 
мүмкіндік береді. 
-  Басқару құралдары. LMS басқарушыларға қолдану-
шыларды тіркеу мен профильдерді басқаруға, рөлдерді 
анықтауға, тьюторларды, курс авторларын тағайындауға
контентті басқаруға, ішкі бюджетті, қолданушылардың 
төлемдері мен шығындарды басқаруға мүмкіндік беруі 
тиіс. Басқарушылар оқыту мəліметтер қорына еркін кіре 
алуы, жеке жəне топтық көрсеткіштер бойынша есеп құру 
мүмкіндігі керек. Жүйе үйренушілерге, нұсқаушыларға 
жəне оқу сыныптарына сабақ кестесін құруға мүмкіндік беруі 
тіис. 
-  Контент интеграциясы. LMS-ға сыртқы өндірушілерден 
курстың кең ауқымды белсенділігін қамтамасыз ету өте 
маңызды. Кейбір LMS-лар өз өнімдерін дайындау құралдарымен 
ғана сəйкес келеді, ал басқалары оқу контентінің стандар-
тымен өте шектеулі түрде сəйкес келеді. LMS жеткізушісі 
үшінші фирмалардың өнім контентін сертификациялауы жəне 
курстарға кіру сырғымалы менюді пайдаланған сияқты оңай 
болуы қажет. 
-  Стандарттарды орындау. LMS-тің SCORM жəне AICC 
сияқты стандарттарды қолдауы қажет. Стандарттарды қолдау 
дегеніміз LMS-тің пайдаланылған дайындау құралдарына бай-


333
ланыссыз стандартқа сəйкес біріктірілген контент пен курстар-
ды импорттауына жəне басқаруына болады деген сөз. Егер 
жеткізуші контентті сертификацияламаса, онда оны қосымша 
сертификаттауға шығындаласыз. 
-  Тестілеу мүмкіндігі. Бағалау жəне тестілеу модульдерінің 
міндетті бар болуы, сонымен қатар, анағұрлым сервистік 
қадам: а) курстың (жүйелік сабақтың) əр бөлімінің бөлігі 
ретінде тестті (бағалау модулін) қосу мүмкіндігі пайда болады; 
б) тестілеудің (бағалау модулінің) өздік модулі бар, мысалға, 
жеке бөлімді немесе толық курсты оқу нəтижесі бойынша.
-  Білімдерді басқару. Білімдерді басқару модулі ұйымға арнайы 
аумақта жұмыс коллективінің компетенциясына оқытуда күш 
салу аймағын инденцификациялау қажеттілігін анықтауға 
мүмкіндік береді. Білімдерді бағалау пікір алмасу мен 360 градус 
əдісін қоса алғанда əртүрлі қайнар көздерден алынуы мүмкін. 
Менеджерлер келесілерді анықтайды: деңгейлестіру, орта-
шаландыру немесе білім деңгейін анықтау үшін нəтижелерді 
салыстыру. Бизнес сондай-ақ бұл қызметті білім бойынша 
спецификалық талаптарға жауап беретін жұмысшылар іздеу 
үшін пайдалана алады.
LMS e-learning желілік ортасына қажетті қорғау механизмімен 
де қамтамасыз ете алады, сондай-ақ, үлкен көлемді оқу жобала-
рында мекеме ресурстарын жоспарлау жəне қызметшілерді басқару 
жүйелерімен біріктіруді қолдайды. 
LMS платформалар əртүрлі дайын курстарды ұсына алуы үшін 
интероперабелділік стандарттары құрылған. Airline Industry CBT 
Committee компьютерлік треннингтердің басқару жүйелерімен бай-
ланысын сипаттайды жəне Web-курстарға сəйкес интероперабелділік 
стандарттардың дамуына негіз болып табылады. ISM стандарты 
оқыту платформаларына кеңінен таныс, сондай-ақ Sharable Content 
Object Reference Model (SCORM) – АҚШ қорғаныс министрлігі, 
Advanced Distributed Learning программасы аясында дайындалған 
оқыту Web-контентін құруға арналған техникалық спецификациялар 
үйлесімділігі. 
Оқыту контентін басқару жүйесі (LCMS).
Соңғы жылдары оқу контентінің (Learning Content Management 
System, LCMS) басқарылуымен жүзеге асатын жүйенің жаңа кла-


334
сы дамып келе жатыр. LMS-дан айырмашылығы, мұндай жүйелер 
оқыту үдерісін емес, оқу бағдарламаларын басқару тапсырмасын ше-
шуге негізделеді жəне назар менеджерлер мен үйренушілерге емес, 
контентті дайындаушыларға, курстың əдістемелік жинақтаушы 
мамандарына жəне оқыту жобасының жетекшілеріне аударылады. 
LCMS-дің негізінде өз тыңдарманы жəне арнайы қолдану контенті 
бар көп ретті қолданылатын оқу объектілерінің жинақтамасы сияқты 
оқыту мазмұнын жеткізу концепциясы жатыр. Талдаушылардың 
байқағанындай, аты соншалықты ұқсас екі класс арасындағы ше-
караны айыру өте қиын: LCMS жүйесінің көптеген өндірушілері 
оларға оқытуды ортақ басқару қызметін қосады, ал LMS-дің жетекші 
шешімдері қазіргі уақытта оқу контентін басқару мүмкіндіктерін де 
қосады. 
LCMS-дің көптеген мүмкіндіктеріне қарамастан, ол өзіне келесі 
компонеттерді қоса алуы қажет.
Оқыту объектілерінің репозиториы. Бұл оқыту контентін 
басқаратын жəне сақтайтын орталық мəліметтер қоры. Осы ор-
тадан оқушының жекелей оқу талаптарына сай оқыту объектілері 
қолданушыларға толық курс бөлімінің құрамы болатын немесе 
жеке элемент ретінде немесе үлкен оқыту моделінің бөлімі ретінде 
қолжетімді болады. Түпкі өнім Web, CD-ROM немесе қағаз бетінде 
ұсынылады. Əрбір объект қойылған талаптарға байланысты  түрлі 
мақсатта жəне бірнеше рет қолданылуы мүмкін. Контенттiң 
үйлесiмдiлiгi жеткiзудiң əдiсiнен тəуелсіз қамтамасыз етiледi. Жеке 
элементтер үшін XML-ң логикалық программаның кілттік сөзімен 
қамтылады. 
Автоматтандырылған ауторингтің программалық қамсыздан-
дырылуы. Бұл  ПҚ репозиторий қолжетімділігі үшін  көптеген 
оқыту объектілерін құруда қолданылады. Оқу контентінің негізгі 
əрлеу принциптеріннен тұратын, архивті нұсқада жəне шаблон ав-
торын ұсына отырып, қосымша өңдеуді автоматтандырады. Бұл ша-
блондарды қолдану арқылы автор репозиторидегі бар объектілерді 
жəне жаңа немесе ескі объектілер комбинациясын қолданып, жаңа 
курстар өңдеп шығарады. Бұл тақырыптардың зерттеушілері, оқыту 
курстарын көркемдеушілер, медиа-жабдықтарды құраушылар, 
тəжірибелік құрамның көшбасшылары жəне тағы басқалар ав-
торлары болып есептеледі. Бұл құрылғы сонымен қатар, оқыту 
контентінің кітапханасы ұйымындағы аудиовизуалды материалдар, 
арнайы интерфейстер жəне оқыту əдістемесі секілді жылдам кон-


335
вертациялауда қолданылуы мүмкін. Автор ұйыммен жұмыс жасай 
отырып, аутсорсингтік өңдеулерді іске асыра алады.
Бейненің интерфейсі (контенттің ұтылуы). Оқыту объектілерін 
кешендік оқытумен сəйкестендіріп ұсынуда, алдын ала тестілеуде 
жəне / немесе қолданушылар сауалдарын қанағаттандыру мақсатында 
материалдардың бейнесінің интерфейсі қажет. Бұл контент нəтижелер 
трекингін қамтамасыз етеді, сəйкес ақпарат көзіне сілтеме жасайды 
жəне бағалаудың түрлі нұсқалары мен қолданушылармен кері бай-
ланыс жасайды. Бұл интерфейс LCMS қолданатын нақты белгілі бір 
ұйымға арналып құрылады. Мысалы, ұйымның қабылдауы бойынша 
шешілген стильді көрсету мақсатында контент ұйымның эмблемасы 
мен  веб-беттерінде, көркемдеу элементтерінде көрсетілуі мүмкін. 
Сонымен қатар, бұл басқару элементтері жəне көркем құралдары та-
лап қойылған аймақ бойынша тіркеуге алынады.
Əкімшілік ету құрылғылары. Бұл қосымша оқушылардың 
есептік жазбаларын басқаруда, каталогтағы курсқа өтуде, нəтижені 
зерттеуде, оқыту кезеңі жайлы есеп берулерде жəне басқа да 
қарапайым əкімшілік басқару қызметтерінде қолданылады. Бұл 
ақпарат ілгерірек əкімшілік қызметті жүзеге асыруға арналған LMS-
ке  жіберіледі.
LCMS нарығы əзірге жеткіліксіз шикі, алайда ол жылдам даму-
да; бұл сыныптас жүйелер уақыт өткен сайын көп қолданысқа ие 
жəне тек қана e-leaming қажетті инфрақұрылым ретінде ғана емес, 
сонымен қатар, ИТ инфрақұрылым бөлігі ретінде жалпы батыстық 
корпоративтік компанияларды қолданылаы. Оған дəлел, SAP (SAP 
Learning Solution), Oracle (iLeaming), PeopleSoft (Enterprise Learning 
Management) компаниялары мен жалпы білім беруді басқаратын 
өндірушілердің қызығушылығы.
 Электрондық оқытуды ұйымдастыру  жүйесін талдау
Виртуалды оқыту ортасында платформа таңдау мəселесі кілттік 
жəне келесідей факторларды таңдаудан туындайды: ортада қандай 
талаптар қойылады, қандай функционалдық сипаттамалары бо-
луы керек, қандай орта қолданушыларына бағытталған жəне талап 
етілген платформалардың құрамында қандай қасиеттері болуы.
Қазіргі уақытта электрондық оқытуды ұйымдастыру жүйесінің 
негізгі екі тармағы бар: коммерциялық жəне еркін таратылатын 
 
LMS\LCMS.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
бойынша жиынтық
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалау
Жалпы ережелер
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
Жұмыс бағдарламасы
бағалау тапсырмалары
біліктілік талаптары
арналған тапсырмалар
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
арналған әдістемелік
Конкурс туралы
Қазақстан тарихы
мемлекеттік әкімшілік
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
пәнінен тоқсанға
жалпы конкурс
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...