Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді

Loading...


Pdf көрінісі
бет179/189
Дата01.03.2021
өлшемі1.08 Mb.
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   189
Оқыту үдерісінің басқару жүйесі (Learning Management 


315
System – LMS, орыс  тілі терминологиясында аббревиату-
ра – «қашықтықтан оқыту жүйесі (ҚОЖ)» қолданылады) – бұл 
программалық жабдық оқу үдерісіндегі барлық қатысушыларға 
(мектеп басқармасына, мұғалімдерге, оқушы жəне ата-аналарға) 
on- жəне off-line режимінде оқыту мазмұнының қолжетімділігін 
қамтамасыз етеді.
Бұл білім беру мекемесіне қызмет ететін серверде орналасады 
жəне мектепті басқару жүйесімен жəне СБР (сандық білім беру 
ресурстары) орталық қоймасымен өте тығыз байланыста бола-
ды: бірыңғай ену, қолданушылардың бірыңғай мəліметтер қоры, 
бірыңғай интерфейс жəне басқару құрылғысы. Оның негізгі 
қолданушыларының белгілі бір рөлі бар: мұғалім, оқушы, қонақ; 
LMS басқармасы білім; беру үдерісіндегі қатысушылар мен 
басқармасы болып табылады. 
LMS басқармасы қолданушылардың оқу контенті мен жүйеге 
енуі барысында тіркелу, қадағалау қызметтерін атқарады. Ол 
оқушыларды сынып бойынша топтайды жəне əрбір оқушының 
жұмысы жайлы еркін ақпарат алуға мүмкіншілігі бар. 
Мұғалім жүйе ресурсын құруға жəне басқаруға жəне ре-
сурс мүмкіншілігін анықтауға құқылы: сыныпты қадағалайды, 
оқушылардың тапсырмаларды орындауы мен оқу жетістігін 
тексереді; оқушыларға жекелей жəне топпен тапсырмалар береді, 
хабарламалар енгізеді. Ол жүйеге түрлі форматты (графикалық, 
дыбыстық, бейне, мəтіндік) жүктей алады. Бұл құраған немесе 
жүктелген оқу контенті жүйенің бір бөлімі болып сабақ өту бары-
сында немесе оқушының өзіндік жұмысы барысында бірнеше рет 
қолданылуы мүмкін.
Оқу контенті дидактикалық қағидалардан құрылуы тиіс, 
олар:
-  Ғылыми қағида – оқу материалының ғылыми нақтылығы; тер-
минологияда қолданылған заманауи ғылыми түсіндірмелермен 
сəйкестілігі;
-  Қол жетімділік қағидасы – оқушылардың жас ерекшеліктеріне 
байланысты нақты оқу материалдарының ұсынылуы; 
оқушыларда интеллектуалдық, моральдық, физикалық 
жүктемелердің болмауы;
-  Көрнекілік қағидасы – оқыту материалдарын қабылдауға жəне 
сезiм мүшелерiнiң орынды тартуы; оқу материалын жоғары 
дəрежеге дейін нақтыландыру;


316
-  Жүйелілік қағидасы – оқыту үдерісінің компонентімен СБР 
белгілі бір нақты құрылымымен сəйкестілігі: құқықтық- 
уəждік; мазмұндық; қызметтік – операциялық немесе бағалық 
– нəтижелік;
-  Зерделік жəне интербелсенділік қағидасы – қолданушыларға 
арналған нақты оқу тапсырмаларының қойылуы; оқушы 
қызығушылығының тірегі жəне оқудың себептерiн 
қалыптастыру; оқушылардың қарқынды зерделi белсендiлiк 
ұйымы; нақты уакыт режимінде өзара қарым-қатынас жəне 
кері байланыс ұйымы; 
-  Тəжірибе мен теория арасындағы байланыс қағидасы – оқу 
контентінің тəжірибелік бағытталуы; заманауи қоғам мен 
экономикаға контенттің бағытталу үдерісі.
Оқу контентін тек мұғалімдер ғана құрады, ал оқушылар мұғалім 
құрған оқу ресурстарымен жұмыс жасайды жəне on- жəне off-line 
режимінде тапсырмалар орындайды. 
Тестілеу жүйесі (Test Management System - TSM) берілген тапсыр-
маларды орындауды қадағалау кезеңіндегі ең нəтижелі электрондық 
оқытудың жүйелік компоненті болып табылады. 
Бұл проргаммалық жабдық материалды меңгеру деңгейін 
бақылауда жəне өзін-өзі бақылауға мүмкіндік береді. 
Білім деңгейін қадағалау – оқыту үдерісінің негізгі құрамдас 
бөлігінің бірі. Ол «білім алушы – мұғалім» жүйесіндегі кері 
байланыстың болуын қамтамасыз етеді. Білім беру үдерісінің 
түрлі этаптарында оқыту барысын басқару үшін мұғалім алдымен 
оқушының оқу материалын қаншалықты меңгергенін анықтауы 
қажет. 
Бұл жүйеге келесідей модульдер кіреді: тестілеу; тест құры-
лымы, тест нəтижесі сыныптың, оқушының білім деңгейі жай-
лы есеп беруді қалыптастыруға мүмкіндік береді; статисти-
калық көрсеткіш бойынша мектептің, сыныптың орта деңгейін 
анықтауға мүмкіншілік береді жəне т.б.; бірнеше жылдар бойы 
жеке оқушы жайлы, сынып немесе мектеп жайлы білім 
мониторингінде ақпарат береді. Барлық көрсеткіштерді кестелік 
редакторға шығаруға немесе есеп беру формасы ретінде баспадан 
шығаруға болады.
Электрондық əдістемелік жүйе (Method Management System 
- MMS) – бұл заманауи дамыған мобилдік, ашық, пəн аралық 
ақпараттың ұйымдастырылған жəне құрылымды технологиялық 


317
мəліметтер қоры, ол педагогикалық жаңа интербелсенді технология-
ларды пайдалануға қабілетті жəне мамандандырылған қағидаларын 
дағдыға айналдыруға, əдістемелік жəне ғылыми- əдістемелік 
жетекшілікке бағытталған мұғалімдердің өзіндік жұмысы. Мұнда 
келесідей модульдер енеді: құжаттандыру; əдістемелік ресур-
стар; педагогикалық технологиялар; тəжірибелік мектеп; мұғалім 
портфолиосы; мониторинг жəне диагностика; коммуникация. 
Мұның қолданушылары білім беру ұйымындағы барлық педагог 
жұмыскерлер бола алады. 
Мұның нəтижесі білім беруді толықтай сапаландыруда
сабақтың сапасын арттыруда, педагогикалық шеберлікті жетілдіруде 
көрінеді.
Мамандыққа бағытталған менеджменттік жүйе (PrOS) 
түрлі мамандықты оқытушы жаңа ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды интербелсенді инфоркомуникациялық ортада 
қарым-қатынас құруға бағытталған. Ол əлеуметтік əрбір оқушының 
мүмкіншілігін анықтайтын тест мəліметтерінен жəне сауал-
намасынан ғана емес, сонымен қатар,  мамандықтар, квалификация-
лардан тұратын тұтынушыға толық ақпараттың мəліметтер қорын 
ұсынады. 
Бұл жүйе жалпы орта білім беретін мектептердің жоғары сы-
нып оқушыларына, мамандандырылған лицейлер жəне колледж 
студенттеріне бағытталған, ол мамандық классификаторларымен 
жəне техникалық, жоғары жəне ЖОО-нан кейінгі мамандандырылған 
білім берумен сандық формат түрінде танысуы тиіс.
  Ақпараттық-анықтама жүйесі (Information Management 
System - IMS) мектептің қызметі жайлы қысқа ақпарат (сабақ кестесі, 
сыныптан тыс өткізілетін шаралар кестесі, асхана мəзірі жəне т.б.) 
ҚР Бж/еҒМ білім беру ортасының мемлекеттік саясатына сəйкес 
қадағаланатын LCD дисплей жəне/немесе мекеме жайлы ақпарат 
беретін ғимараты болуы тиіс.
Қазіргі таңда ҚР-да электрондық оқыту –  нақты заңдылық. 
Ұлттық білім беру жүйесін дамытудағы республиканың алға қойған 
негізгі тапсырмаларының шешімінің бірі, Қазақстанда білімді 
жетілдіру мен e-learning жүйесін қолдану. Осы арқылы білімінің 
сапалылығына қолжеткізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   189
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
Қазақстан республикасы
бағалауға арналған
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
білім беретін
республикасы білім
әкімінің аппараты
Қазақстан республикасының
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
мерзімді жоспар
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...