Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


Ақпараттық білім кеңістігі оқу орындарының

Loading...


Pdf көрінісі
бет161/189
Дата01.03.2021
өлшемі1.08 Mb.
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   189
9.4 Ақпараттық білім кеңістігі оқу орындарының 
ақпараттық білім орталарын бірлестігі ретінде
Нақты оқу мекемесіндегі ақпараттық білім ортасын 
құрудың алғышарты жалпы орта білім беру оқу мекемелерінің 
барлық іс-əрекет түрлеріндегі ақпараттандыру үдерісінің қалып-
тасуы мен дамуының үлкен жəне күрделі жолының басын бас-
тайды. Қазір болашақ оқу мекемелерінің ақпараттық ортасын 
жалпы мемлекеттік масштабтағы бірыңғай ақпараттық-білім 
кеңістігіне кіріктірудің мүмкін болатын алғышарттарын қарастыру 
мақсатқа лайық. Шынында, мұндай мүмкіндіктер білім берудің 
мемлекеттік жүйесін кешенді ақпараттандыру қарқынына ықпалын 
тигізеді.
Ақпараттық-білім беру ортасының негізін құрайтын оқу 
мекемелерінің барлық іс-əрекеті саласындағы ақпараттандыру ре-
сурстары мен технологияларын бір кешенге біріктіру қажет. Жал-
пы орта білім беру жүйесіне таралған мұндай кешен жалпы біртипті 
əдістемелік талаптар мен ұсыныстармен толықтырылуы тиіс. 
Сəйкесінше жобалық, техникалық, педагогикалық жəне əдіснамалық 
тəсілдер кезеңмен жеке оқу мекемелерінің бірыңғай ақпараттық-
білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді жəне оларды біріктіріп, 
бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігін қалыптастыруға жағдай жа-
сайды.
Ақпараттық-білім кеңістігін адамдардың қазіргі ақпараттық 
жəне телекомуникациялық технологияларды қолдану негізін-
дегі білім беру мақсатын жүзеге асыру ретінде анықтауға бо-
лады, білім беру іс-əрекетін ұйымдастырудағы басты рөлді 
бүтіндей алғанда елдің, ауданның, қаланың ақпараттық білім беру 
кеңістігін құрастыру мен құрылымдаудың міндеттерінің өзектілігі 
анықтайды. 
Оқу мекемелерінің көпөлшемді ақпараттық-білім беру 
кеңістігін қалыптастыру жағдайында дəстүрлі педагогикалық тех-
нологиялар педагогикалық ақпараттық технологиялар – ақпаратты 
өңдеу, тасымалдау жəне таратуға жəне оны көрсету тəсілдерін 


288
түрлендіруге арналған білім беру іс-əрекетінің барлық фор-
маларында қолданылатын материалдық, технологиялық жəне 
ақпараттық-мазмұндық құралдар мен ресурстар ретінде түрленеді. 
Педагогикалық ақпараттық технологияларды құру жəне дамы-
ту мемлекеттің ақпараттық-білім беру кеңістігінің қызметі үшін 
қажетті шарт болып табылады, сонымен қатар бұл технологиялар, 
педагогика, психология, информатика, басқару теорияларының 
негіздеріне сүйенеді, екіншіден қазіргі ақпараттық жəне 
телекомуникациялық техниканың кең мүмкіндіктерін пайдала-
нады. 
Мемлекет масштабында Қазақстанның білім беру жүйесінің 
ақпараттық-білім беру кеңістігі бүтіндей өзіне барлық аудандар мен 
ел облыстарының ақпараттық-білім беру кеңістігін біріктіруі тиіс. 
Аймақтық сегменттерді біріктіру өзара теңқұқылы келісімдер мен 
келісулер негізінде құрылады. 
Облыстық немесе аймақтық деңгейдегі ақпараттық-білім беру 
кеңістігі өз еркімен жəне алдын ала дайындалған жəне бекітілген 
ғылыми негізделген педагогикалық моделдерге, талаптар, тех-
нологиялар жүйесіне, сəйкесінше құрылған əртүрлі білім беру 
мекемелеріндегі ақпараттық-білім беру орталарын біріктіруді 
білдіреді.
Еліміздегі бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігін құрудың 
нақты практикалық тəсілі оның қазіргі компьютерлік құралдарда 
телекомуникациялық алмасуына, интернет желісіне негізделуі бо-
лып табылады. Осыған орай, аймақтық жəне басты ақпараттық 
желілердің артықшылықтарын максималды пайдалануға негіз-
делген ақпараттық білім беру интернет-порталдары түріндегі 
оқу мекемелерінің ақпараттық білім беру ортасын құру талап-
тарының өзектілігі артады. Барлық ұқсас облыстық жəне аймақтық 
порталдарды біріктіретін жəне елдің ақпараттық-білім беру 
кеңістігінің дамуының жүйеқұраушы негізі болып табылатын жал-
пы мемлекеттік ғылыми-білім беру порталын дайындау жүзеге асы-
рылады.
Осылай құрастырылған кеңістік пайдаланушылардың барлық 
категориясына бірыңғай жылдам жəне қарапайым құралдар арқылы 
іздеп табуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда:
-  оқу мекемесін, оқушыларды дайындау бағытынан жəне орны-
нан тəуелсіз іздеуге;


289
-  оқу мекемесінің құрылымы мен қызметінің ерекшелігі туралы 
толық ақпаратты іздеуге;
-  нақты мамандық бойынша білім алуды қамтамасыз ететін оқу 
мекемелерінің тізімін, оларды ақпараттық-білім беру ортасы-
нан алуға мүмкіндік береді;
- ақпараттық-білім беру кеңістігінде тіркелген кез келген 
ақпараттық ресурс, оның физикалық орналасуынан жəне 
нақты оқу мекемесінің ақпараттық-білім беру ортасына 
тəуелсіз.
Бұдан басқа, жалпы орта білім берудегі оқу мекеме-
лерінің компьютерлік жəне телекомуникациялық техника-
мен жеткіліксіз жабдықталғанын ескере отырып, ақпараттық-
білім беру кеңістігінің құрылымының принциптері мен 
технологиялары, олардың техникалық тұрғыдан жабдықта-
луына тəуелсіз барлық оқу мекемелерінің ақпараттық-білім беру 
қызметі мен өзара əрекетінің толықтай мүмкіндіктерін қамтамасыз 
етуі тиіс.
Жалпы орта білім беру жүйесінің ақпараттық-білім беру 
кеңістігін қалыптастырудың артықшылықтары туралы айта оты-
рып, оның қазіргі таңдағы əлемдік ақпараттық кеңістікпен кірік-
тірілуінің қажеттілігін белгілемеу мүмкін емес. Мұндай кеңістік 
əлемде нақты қалыптасуда. Бұған ұйым қабырғасында, соны-
мен қатар ұйымнан тыс мекемелерде пайдалануға арналған 
ақпараттық білім беру ресурстарының санының артуы мысал бола 
алады. Сонымен қатар басты компьютерлік телекоммуникациялар 
құралдарында олардың орналасуына байланысты барлық əлемге 
қолжетімді еркін таратылған ақпараттық білім беру жүйелерін атауға 
болады. 
Бір ақпараттық білім беру кеңістігіне біріктірілген ақпа-
раттық жүйелер мен ресурстардың артықшылығы жоғары 
жылдамдықты, білім беру ақпараттарымен оперативті жəне 
жеткілікті алмасуды қамтамасыз ететін сапалы байланыс каналда-
рына негізделеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   189
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...