Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


Ғылыми-əдістемелік іс-əрекеттерді

Loading...


Pdf көрінісі
бет124/189
Дата01.03.2021
өлшемі1.08 Mb.
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   189
7.4 Ғылыми-əдістемелік іс-əрекеттерді 
ақпараттандыру
Жалпы орта білім беру жүйесіндегі əрекет түрлерінің ажырамас 
бір түрі – ереже бойынша оқу мекемелеріндегі оқытушылар мен 
қызметкерлерге жүктелген ғылыми жəне əдістемелік зерттеу. Ереже 
бойынша мұндай зерттеулер оқушыларды оқытудың жаңа əдістері 
мен құралдарын жасауға, жастармен бірге тəрбиелік жұмысты 
ұйымдастырудың жаңа жолдарын іздеуге бағытталған. 
Оқытушылар қазіргі заманғы жетістіктерге педагогикалық 
үдерісті өздерінің танымдарын жүйелі түрде кеңейткенде, жекелен-
ген айғақтарды жүйеге келтіргенде, өз мамандығының əлеуметтік 
əдебиетімен танысқанда, ғылыми-зерттеу жəне ғылыми-əдістемелік 
жұмысқа белсенді түрде ат салысқанда ғана барынша жақындата 
алады. Зерттеу жұмысын қажетті деңгейде жүргізбейтін қазіргі 
заманғы оқытушы ғылыммен жəне ғылыми-негізделген тəжірибелік 
əрекетпен айналысуға мүмкіндігі бар мамандарды дайындай алмай-
тыны жалпыға мəлім. 
Оқытушылардың ақпараттық ғылыми-зерттеу əрекеттері жай-
лы айтатын болсақ, олар жасаған жүйелі баяндамалар, реферат-
тар мен есептер, олардың ғылыми жəне əдістемелік əрекетінің 
нəтижелерін бақылау мен жүйелеумен тоқтап қалмау керек. Осындай 
жобалардың орындалуы барысында ғылыми жетістіктердің белсенді 
бекітілу үдерісі жүргізіледі, ғылыми əдебиеттер мен анықтамалық 
құралдарды оқу кезінде алынған білім жүйеленеді, оқушылардың 


237
оқуы мен тəрбиеленуіне бағытталған кəсіби əрекет бағытын түзету 
қажеттілігіне қорытынды жасалады. 
Оқу орындарының ғылыми-зерттеу əрекеті ортасын 
құрастырудың аталған аспекттері ақпараттық жəне қатынастық тех-
нология құралдарының жалпы орта білім беру құрылымына енгізілу 
толық бағытын туғызады. 
Сонымен қатар, ғылыми жəне əдістемелік зерттеуді 
ақпараттандыру ерекшелігі ғылыми-зерттеудің ақпараттық жаса-
луды автоматтандыруда іске асырылған мектептегі оқу əрекетін 
ақпараттандыруда қолданылатын əдістер мен жолдардағы 
ақпараттық ресурстарды жасауға жəне пайдалануға рұқсат бермейді
Ақпараттандыру көзқарасында анықталған оқытушылардың 
ғылыми-зерттеу жəне ғылыми-əдістемелік əрекеттерінің негізгі 
құрауыштарын қарастырайық.
Ғылыми жəне педагогикалық зерттеудің жүргізілуі 
оқытушыларды қолжазбалық, баспалық жəне электрондық мате-
риалдарды жинау, оларды жұмыс істету, сыни бағалау аннотация-
сын құрастыру, зерттеу мен əдістемелік проблемаларға қатысты 
ағымдағы əдебиетті бақылау, ғылым саласында отандық жəне 
шетелдік жаңалықтардың ашылуын қадағалауды құрастыруда 
маңызды рөл атқаруы тиіс. Бұдан бөлек оқытушылар зерттеу про-
блемасына қатысы бар білім көздеріне сілтемелер жасалған түрлі 
библиографиялық баспаларды қолданулары керек. Ереже бойынша 
мұндай жұмыстың нəтижесінде өзінің ғылыми еңбектері басылады, 
əдістемелік жұмыстары жəне оқушыларға арналған оқу материалда-
ры жарияланады, диссертациялар қорғалады. 
Осыған байланысты қолданылатын ақпараттық-қатынастық 
технологиялардың құралдары ғылыми жəне əдістемелік көз-
қараста анықталған əлемдік ақпараттық ресурстарға жол ашып 
қана қоймай, кітап қорын реттеу, жасау, өткізілетін зерттеу жұмыс-
тарының маңыздылығы жағынан ақпараттық бөліктерді сақтау 
мен есептеуді көрсетуі қажет. Сонымен қатар мұндай ақпарат-
тық ресурстар мен жүйелер ғылыми жəне əдістемелік зерттеудің 
аралық жəне қорытынды бақылауларынан тұратын барлық іс-
қағаздарды тізімделмеген түрде сақтау мүмкіндігіне ие болулары 
керек.
Ғылыми жəне əдістемелік зерттеулердің көбісі ақпаратты жасау 
мен көрсетудің арнайы құралдарын колданбаса іске асуы мүмкін 
емес. Бірінші кезекте мұндай құралдар қатарына көптеген экс-


238
перементальды зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік беретін жəне 
шығармашылық гипотезаларды анықтауға мүмкіндік беретін 
жойылған жəне ұқсатылған модельдеудің компьютерлік жүйелерін 
жатқызуға болады. 
Жалпы орта білім беру аясында ғылыми жəне əдістемелік 
зерттеулерді өткізу аумағында əрқашан жаңаланып отыратын кең 
көлемдегі ақпараттар бекітілген маңызды проблема тұр. Ол адам-
да соңғы уақытта пайда болады жəне онымен оқытушылар мен 
оқушылардың танысуына əкеліп соғады. Ақпаратты тарату мен 
алмасудың жаңа құралдарының пайда болуының арқасында, мыса-
лы, Интернет жүйесі, ақпараттар күн өткен сайын арта түсуде. Со-
нымен қатар ақпараттың сапасы мен мазмұны жалпы орта білім беру 
жүйесіндегі зерттеу жəне əдістемелік əрекетке əсер ететін негізгі 
фактор болып табылады.
Телеқатынастық құралдар мен жүйелер оқытушылардың тех-
нологиялар жəне ғылыми жəне əдістемелік зерттеулер аясында 
жойылған қашықтан қарым-қатынасын ұйымдастыру кезінде пай-
далы болуы мүмкін. Электрондық пошта, ғылыми теле жəне бей-
неконференциялар, жаңалық таспалары, хабарламалар тақтасы 
оқытушылардың ғылыми-əдістемелік зерттеу əрекеттерінің ажыра-
мас құралдары болуы тиіс. 
Бірақ сəйкес ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын 
қолдану ғылыми жəне əдістемелік ақпаратты қабылдау жолында 
көптеген маңызды кедергілер кездесуі мүмкін:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   189
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...