ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИЕТІ
Педагогика және психология инситуты
Жалпы және әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасы
2-ші аралық бақылау
Орындаған: Абдраим Ж.Г. 124-топ
Қабылдаған: Токтагулова Г. Б
Алматы, 2022
Тапырма:
1.Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде оқудан тыс іс-әрекеттің түрлеріне сипаттама.
2.Өзін-өзі тану аспектілері.
3.Өзін-өзі тану мен басқа оқу пәндерінің интеграциялау жолдары.
1.Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде оқудан тыс іс-әрекеттің түрлеріне сипаттама. Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі- мейірімділікке, қайырымдылыққа ,өзара көмек көрсетуге бағытталған адамдағы ізгіліктік құндылықтарды ашуды көздейтін мектептің ең маңызды міндеті, оқу-тәрбие үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан мектептегі тәрбиелік үдеріс оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен оқу қызметтерін біріктіретін жаңа дүниетанымды ашу керек. Әр оқушыны жалпыадамзаттық құндылықтармен таныстырып, оның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған, мақсатқа бағытталған, кешенді, жүйелі, басқарылатын тәрбие үдерісін жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі мектептегі адамгершілік тәрбиесі деп қарастырамыз. Білім беру жүйесіндегі рухани-адамгершілік тәрбиенің жаңа сапалы сатысы –бұл мектептің бірыңғай білім беру кеңістігіне, оның іс- әрекетінің барлық түрлеріне және мектептегі білім берудің дәстүрлі әдістемелері кеңістігіне «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының интеграциялануы.
Оқудан тыс жұмыс – бұл мектептегі оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың формасы болып талылатын оқу-тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі. Мектептегі тәрбие үдерісі мен оқудан тыс жұмыс рухани және зияткерлік бағыттарының байланысында жоспарланып, құрылуы керек және оқудан тыс іс-әрекет оқушыларда жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау бойынша басталған жұмыстың логикалық жалғасы болуы тиіс. Рухани – адамгершілік тәрбие беру осы жұмыстың жетекші бағыты болып табылады. Сонымен бірге тәрбие жұмысы мазмұнының бағдарламаларын, жоспарларын әзірлеуде мектептің тәрбиелік кеңістігіне «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік бағдарламасын интеграциялау жолдары ескеріледі және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде бала тұлғасын дамытуда бірізділік сақталынады. Оқудан тыс жұмыс жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде оқушылардың рухани-адамгершілік дамуы үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Мектептерде оқудан тыс жұмыстардың сан алуан түрлері пайдаланылады, олар оқушылар үшін маңызды емес, өткені оқушылардың ерікті таңдауына байланысты және олар оқушылардың түрлі танымдық, шығармашылық сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған. Оқудан тыс жұмысқа оқушылардың қатысуымен өтілетін түрлі тәрбиелік білім беру сабақтары жатады. Мазмұны жағынан оқудан тыс сабақтар түрлі болады: білім беру, қоғамдық – пайдалы, дене шынықтыру, спорттық, экологиялық , эстетикалық, музыкалық, өнердің түрлерімен байланысты сабақтар. Оқу- тәрбие жұмысы мен оқудан тыс сабақтардың арасында тығыз байланыс бар. Оқу сабақтары оқушылардың білімге қызығушылықтарын дамытып, оқудан тыс жұмыстың ұйымдастырылуына ықпал етеді, сонымен қатар оқудан тыс жұмыстар оқушыларға игерген білімді кеңейтіп, тереңдетеді, яғни оқушылардың рухани-адамгершілік дамуына ықпал етеді. Оқушыларды оқыту мен рухани-адамгершілік тәрбиелеуде оқудан тыс жұмыстың тәжірибелік,тәрбиелік,жалпы білім беру және дамытушылық маңызын ескере отырып, әр мұғалім оқудан тыс жұмыстың пайдасын және оның тәрбиелік әлеуетінің кеңдігін түсінеді.
Оқудан тыс жұмыстарға төмендегідей талаптар қойылады:
– мектептің тәрбиелік және білім беру іс-әрекеттері арасындағы тікелей байланыстың болуы, мектептің тәрбиелік кеңістігіне «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялану;
– жалпыадамзаттық құндылықтар, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және тәрбиелік жұмыстың тиімділігі мен сапасын бақылау негізінде рухани-адамгершілік білім берудің әдістерін үйлесімді пайдалану;
– отбасы мен қауымдастықтың арасындағы қатынастарды , мектептің тәрбиелік және білім беру жұмыстарының әрекеттерін үйлесімді ету;
– оқушыларды ерікті түрде үйірмелер мен секцияларға жаппай қатыстыру;
-шығармашылық жұмыстың сипатын оқушылардың ерікті түрде таңдауы;
– тәрбиелік жұмыстың жаппай, топтық және жеке түрлерін үйлесімді қолдану;
Білім беру ұйымдарында оқудан тыс жұмысты ұйымдастыру үшін келесі шарттардың сақталуы маңызды:
– білім беру ұйымындағы моральдық психологиялық ахуал: сүйіспеншілік, сенім, шабыттанған шығармашылық ахуалын, өзін-өзі зерттеуге жағдайлар жасау, өзін-өзі тануда интуицияны дамыту;
– рухани-адамгершілік білім берудің мектептің тұтас педагогикалық үдерісіне интеграциялануы;
– рухани-адамгершілік білім беру мен тәрбие үдерісінде оң және ізгі әдістерді қолдану;
Осы мақсатта өз тәжірибемде жүргізілген жұмыстарға тоқтап өтсем деймін.